Жаңа бизнеске жаңа мүмкіндік



жүктеу 147,28 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.05.2018
өлшемі147,28 Kb.
#17892


ЖАҢА БИЗНЕСКЕ

ЖАҢА МҮМКІНДІК

ASTANA

BUSINESS


CAMPUS



«Назарбаев Университетінің айналасында жаңа 

технологияларды қалыптастыруға және тасымалдауға 

жағдай жасайтын зияткерлік-инновациялық кластер 

құрылу тиіс.»

Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 

27 қаңтар, 2012 жыл.




КІРІСПЕ 

04

ҒЫЛЫМИ ПАРК ДЕГЕНІМІЗ НЕ? 



06

ASTANA BUSINESS CAMPUS – ОЛ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ? 

08

ЖАҢА БИЗНЕСКЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК 



12

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ? 

14

ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ 



18

ASTANA BUSINESS CAMPUS ШЕБЕРЛІК ЖОСПАРЫ 

20

ЖОБАҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ? 



24

МАЗМҰНЫ



04

КІРІСПЕ


Қазақстан  туралы  сіз  не  білесіз?  Ұрпақтан  ұрпаққа 

мирас болатын мұнайы, ұшы-қиырына көз жетпейтін 

ұлан-ғайыр  жері  бар,  Кеңестер  Одағының  құрамын-

да болған республика ма, сіздіңше? Егер ойыңыз осы 

ұғыммен шектессе, Қазақстан туралы ештеңе білмейді 

екенсіз!


Бүгінгі Қазақстан – әлем бойынша жеке кәсіпкерлікті 

дамытуға  өте  қолайлы  жағдай  жасалған  мекен.  Бұл 

жетістік  тек  мұнай  саласымен  шектелмейді  –  қазіргі 

таңда халықаралық деңгейдегі технологиялық компа-

ниялар  Жер  шарының  түкпір-түкпірінен  Қазақстанға 

қарай ағылуда. Соңғы 20 жылда мемлекетіміз ерекше 

қарқынмен  қарыштап  дами  отырып,  КСРО  кезіндегі 

«шикізат  көзінен»  қазіргі  заманғы  экономикасы  қа-

лыптасқан әрі тұрақтылықты серік еткен елге айналды. 

Қазақстан  –  қаржылық  және  банк  жүйесі  дамыған 

мемлекет. ТМД елдері бойынша нарықтық реформалар 

алғаш рет Қазақстанда жасалды. Соңғы жылдары Дү-

ниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге талпынған 

Қазақстан инфрақұрылымдары мен өңдеу саласын да 

белсенді түрде дамытып келеді. Осы орайда, Мемле-

кет  басшысының  жетекшілік  етуімен,  инновациялық 

бағыттағы  бастамаларды  күшейту  және  жаңа  эко-

номика  –  «білім  экономикасын»  қалыптастыру  қолға 

алынды. 

Қазақстан халқы – орасан зор көлемдегі аумақ үшін ел 

тұрғындарының саны аса көп емес – небары 17 млн. 

төңірегінде. Бірақ халық қоғам өміріне белсене арала-

сады, жігерлі де тапқыр. Жастар жағы «инемен құдық 

қазғандай» тер төгуді талап ететін білімге құштар. Қа-

зақстан жастарының әлемдік деңгейдегі ең үздік жоға-

AST


ANA

ры оқу орындарында білім алуға талпынысы – соның 

айғағы.  Ал  2010  жылдан  бастап  халықаралық  білім 

тәжірибелеріне Қазақстанның да қолы жетті – Астана 

қаласында Орталық Азиядағы ең алғашқы зерттеу уни-

верситеті – Назарбаев Университеті ашылды. 




05

A SMART PLACE FOR BUSINESS

масына  сәйкес,  дәл  осы  Назарбаев  Университеті 

«білімдер  экономикасын»  қалыптастырудың  тұғыр-

намасына айналуы тиіс. 

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Университетте ин-

теллектуалдық-инновациялық  кластер  құрылуда. 

Кластердің  басты  міндеті  –  университеттік  ғылым 

мен өндіріс арасындағы байланысты дамыту, ғылы-

ми зерттеулер нәтижелерін нарыққа шығару.

Бүгінде  Назарбаев  Университетіндегі  зияткер-

лік-инновациялық  кластердің  құрамында  Назар-

баев  Университетінің  ғылыми  орталықтары  мен 

мектептері,  Ұлттық  медициналық  холдинг,  биз-

нес-инкубатор,  коммерциялау  кеңсесі,  технопарк 

пен  тәжірибелік-өндірістік  цехтар  жұмыс  істеуде. 

Ал  2014  жылы  университет  аумағында  Орталық 

Азиядағы  ең  алғашқы  әрі  әлемдік  деңгейдегі 

ғылыми парк – Astana Business Campus құрылысы 

басталады.

Бастаманың көздейтін мақсаты қарапайым – шетел-

дік  және  қазақстандық  компанияларды,  ғылымды 

қажет  ететін  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті,  тәуе- 

келшіл  қорлар  –  ғалымдарды,  кәсіпкерлер  мен 

студенттерді,  қаржыгерлер  мен  өнертапқыштарды, 

яғни,  уақыттан  бұрын  қарыштауға  жаны  құмарлар 

мен қиял-ғажайыпты түстен өңге айналдыруға тал-

пынатын қауымды бір арнаға тоғыстыру.

БІЗГЕ ҚОСЫЛЫҢЫЗДАР. БІРГЕ ӨРКЕНДЕП, 

БІРГЕ ҚАНАТ ЖАЯМЫЗ!

Университет жанынан ғылыми мектептер мен зерт-

теу  орталықтарының  іргетасы  қаланып,  жастарға 

тәлім беру мақсатында Жер шарының түкпір-түкпірі-

нен  ғалымдар  мен  зерттеушілер  тартылды.  Қа-

зақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр- 



06

«Ғылыми парк», «зерттеу паркі», «инновациялық 

орталық», «технополис». Бұлардың барлығы – ХХ 

ғасырдың  соңғы  ширегінде  қолданысқа  енген 

және  жаңа  технологиялардың  өндіріске  берілуі-

не  жағдай  жасалған  ерекше  аумақты  білдіретін 

ұғымдар.

ҒЫЛЫМИ ПАРК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жер  шарындағы  ең  алғашқы  ғылыми  парк  Стэнфорд 

университетінің  жанынан  ашылған.  Silicon  Valley,  яғни, 

«Кремний алқабы» деген атаумен бүкіл әлемге танылған 

Индустриалдық парк 1951 жылы іске қосылыпты. Универ-

ситет кеңселік алаңдарды жоғарытехнологиялық компа-

нияларға жалға беру арқылы пайда тапқан әрі осы Алқап-

тағы  компанияларға  университет  түлектерін  жұмысқа 

орналастырып  отырған.  Аталған  Индустриалдық  парктің 

ең бірінші резиденттері жартылай өткізгіштерді пайдала-

натын  өнімдерді  шығарумен  айналысатын  компаниялар 

болғандықтан, «Кремний алқабы» аталып кетті.

SILICON V

ALLEY

«АҚЫЛДЫ АДАМДАРДЫ ӨЗІҢЕ ТАРТЫП, ҚЫЗМЕТТЕ ТҰРАҚТАТУ ҮШІН ОЛАРҒА 



БАСҚА АҚЫЛДЫ АДАМДАРМЕН АРАЛАСУҒА МҮМКІНДІК БЕРУ КЕРЕК»

БИЛЛ ГЕЙТС

Ғылыми  (зерттеу)  парктері  ғылыми  сана  мен  өн-

дірістік инфрақұрылымның селбесуі іспетті техноло-

гиялық төңкерістер дәуірін басынан өткеріп жатқан 

адамзат үшін таптырмас шешімге айналды. Мұндай 

парктердің басты ерекшелігі – тың ғылыми зерттеу-

лерді жылдам әрі тез іске қосу. Бүгінгі таңда дүние 

жүзінде  400-ден  астам  ғылыми  парк  бар.  Бір  ғана 

АҚШ-тың өзінде олардың саны 170-ке жетсе, Батыс 

Еуропада – 218, Шығыс Еуропада – 20.

Ғылыми  парк  әрдайым  аса  қуатты  ғылыми  топтың 

маңында шоғырланады – әдетте ірі университет не-

месе ғылыми-зерттеу орталығында. Ғылыми тұрғы-

да өзекке айналған топтың міндеті – келешегі мол 

идеяларды  коммерциялық  мақсатта  қолдану  үшін 

іздестіру және өндірістің ғылымды қажет ететін са-

лаларына мамандар дайындау.

Ереже бойынша ғылыми паркте ғалымдар мен инже-

нерлерге, жұмысын енді бастаған кәсіпкерлерге жаңа 

бастамаларды сынға салуға және олардың келешекте 

қаншалықты  нәтижелі  болатынын  бағамдауға  кәсіби 

мамандар  тарапынан  кеңес  алуға  мүмкіндік  беретін 

бизнес-инкубатор  қалыптасады.  Бұл  әп  дегеннен-ақ 

шаш-етектен шығынға батудан сақтайды. Бизнес-ин-

кубаторлардың басты міндеті – стартаптарға көмектесу.

Ғылыми парктер үшін ең маңыздысы – болашағы бар 

кәсіпкерлік  жобаларды  қаржыландыруға  қаражат 

көздерінің  болуы.  Олардың  тізіміне  әртүрлі  бағытта 

бөлінетін  мемлекеттік  қаржы  мен  инвесторлар  та-




07

A SMART PLACE FOR BUSINESS

рапынан  салынатын  ақша  кіреді.  Ғылыми  парктерге 

тиесілі жобаларға көбінесе тәуекелшіл қорлар қара-

жат құяды. Олардың міндеті – тәуекелді қажет ететін 

инновациялық жобаларды қаржыландыру.

Ғылыми парктің өзегі – шағын және орта кәсіпкер-

ліктің,  ірі  өнеркәсіптік  компаниялардағы  зерттеу 

бөлімшелерінің табыстылығын қамтамасыз етуге қа-

жетті барлық экономикалық жағдайлардың болуы. 

Бұл дегеніңіз – жер телімдерін, ғимараттарды сатып 

алу немесе жалға алу, құрал-жабдықтар лизингінің 

мүмкіндігі,  университетпен  тығыз  қарым-қатынас 

орнату,  жергілікті  аймаққа  тән  салықтарға  немесе 

басқа да қаржылық ынталандыруларға қол жеткізу, 

логистикалық, кеңес беру, өндірістік сияқты өзге де 

қажетті қызметтерді ұсыну.

Ең бастысы, әрбір ғылыми парктің жетістігінің кепі- 

лі – орналасқан жері және жобаны жүзеге асыруға 

мемлекеттің мүдделілігі.

Аталған  мәселелердің  барлығы  Astana  Business 

Campus ғылыми паркінде толық жүзеге асырыл-

мақ. 

Еуропада  ғылыми  парктер  70-жылдары  қалыптаса  баста-



ды.  Ұлыбританиядағы  алғашқы  ғылыми  пактердің  бірі  – 

Cambridge  Science  Park.  Одан  кейін  француздардың  Sophia 

Antipolis  Science  Park  аталатын  паркі  мен  скандинавиялық 

Oulu Science Park және Ideon Science Park іске қосылады. Пе-

киндегі жетекші ғылыми орталық Чжунгуаньцунь Қытайдың 

мақтанышына айналса, Оңтүстік Кореядағы Daedeok Innopolis 

та әлемдік деңгейдегі нысанға айналған.

Голландиядағы  атақты  High  Tech  Campus  Eindhoven 

ғылыми паркі – Еуропадағы Эйндховен – Лёвен – Ахен 

инновациялық  үшбұрышына  тиесілі  орталықтардың 

бірі.  Аталған  парк  Philips  компаниясының  ғылыми 

орталығы  негізінде  құрылған.  Нысанның  ерекшелігі 

сол,  әртүрлі  жобалар  мен  ғылыми  пәндерді  зерттей-

тін топтарды бір жерге тоғыстырды. Осындай шығар-

машылық  әрекеттестіктің  арқасында  инновациялар 

саны артып, Philips компаниясы Эйндховенде ғылыми 

парктің  негізін  қалауға  шешім  шығарады.  High  Tech 

Campus  Eindhoven  паркінің  мамандандыру  саласы  – 

микроэлектроника,  тіршілік  туралы  ғылым,  ақпарат-

тық-ойын-сауық өнімдері.




08

ASTANA BUSINESS CAMPUS – 

ОЛ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Назарбаев  Университетіне  тиесілі  аумаққа  орна-

ласқан  Astana  Business  Campus  ғылыми  паркінің 

көлемі  50  гектарға  тең.  Кеңселер,  зертханалар 

мен  тәжірибелік-өнеркәсіптік  жайларға  арналған 

төңірек  250  мың  шаршы  метрге  созылған.  Мұн-

да  шамамен  8  мыңнан  астам  адам  еңбек  етпек. 

Business  Campus  аумағы  кластерлік  аймақтарға 

бөлінеді.  Салалық  кластерлер  жаңа  қазақстандық 

экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес қалыптасты-

рылып, бірінші кезеңінде Business Campus ғылыми 

паркінде  геологиялық,  ақпараттық-коммуникация- 

лық және инжинирингтік үш кластер құрылады. Ал 

жобаның екінші кезеңінде биотехнологиялық клас- 

тердің іргетасы қаланады.

Astana Business Campus маңайынан Қазақстан үшін 

бірегей инновациялық экожүйе қалыптастырылады. 

Нәтижесінде,  коммерциялық  тұрғыда  тиімді  және 

өмірге бейім әрбір технологиялық идея дайын өнім 

деңгейіне дейін жеткізілмек. Мұндай экожүйе идея 

кампустағы  барлық  адамдар  мен  мекемелер  бір-

бірімен өзара байланыста болуын көздейді. Осының 

нәтижесінде әр қатысушы серіктестік орнатуға мүд-

делілік танытады.

Инновациялық  экожүйеде  ең  бастысы  –  техноло-

гиялар  мен  ақпараттың  үздіксіз  ағыны,  процесс 

барысында  қатысушылар  –  адамдар  мен  мекеме-

лер арасында идея алмасу. Business Campus өзінің 

резиденттеріне өзара ықпалдастықтың ресми және 

бейресми түрлерін ұсынады. Бұл дегеніміз: біріккен 

тәртіпаралық  жобалар,  технологиялық  тұғырнама-

лар, кәсіпорындардың вертикальдық интеграциялар 

жүйесі т.б.

ASTANA BUSINESS CAMPUS 

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕСІ

ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ҮШІН 

ҚАЗІРГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР

ЖЕТЕКШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 

КОМПАНИЯЛАРМЕН КӨРШІЛЕСТІК 

ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 

СІЗДІҢ БИЗНЕСІНІҢ ҮШІН 

ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЗМЕТ

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТХАНАЛАРЫ МЕН 

ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК 

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ 

МЕН ТҮЛЕКТЕРІН ТАРТУ

ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ХОЛДИНГПЕН 

БІРГЕ ОРТАҚ ЖОБАЛАР 

КӨП ҰЛТЫ АҒЫЛШЫН ТІЛДІ ОРТА



09

A SMART PLACE FOR BUSINESS




10

Business Campus ғылыми паркіндегі Инновациялық 

экожүйе  ғылым  мен  экономиканың  нақты  секторы 

арасындағы  өзара  байланысты  күшейтуге,  ғылыми 

зерттеулерді  коммерциялауға,  бизнестің  ғылыми 

жұмыстарға  қатысуын  ынталандыруға,  «идеядан  – 

дайын өнімге дейін» жобасына жан-жақты қолдау 

көрсетуге бағытталады. Business Campus идеялар-

ды  тудыру,  инновациялық  кәсіпкерлік  пен  жоғары 

технологиялық өндірістің платформасына айналады.

Business  Campus  резиденттерінің  бейресми  қа-

рым-қатынасының өзегі IdeaPark болады – кешен-

нің  қақ  ортасындағы  жалпыға  ортақ  аймақ.  Бұл 

жерге әлеуметтік нысандар – кафе, мейрамханалар, 

спорттық және конференц-залдар, дәріханалар мен 

дүкендер орналастырылмақ. 

Шеңбер түрінде жобаланатын IdeaPark өз кезегінде 

Business Campus резиденттері мен қонақтарын біте 

қайнастырады. 

Astana  Business  Campus  бірегей  зияткерлік  муль-

тимәдениетті  ортаға  айналып,  мүддесі  мен  кәсібі 

алуан адамдардың, түрлі мәдениеттер мен ұлт өкіл-

дердің бірлестігі болады. 

Business  Campus  ғылыми  паркінің  мінсіз  жер-

ге  орналасқан  және  оның  сәулеті  әрі  қалалық,  әрі 

ауылдық  өмір  салтымен  тамаша  үйлеседі.  Қазіргі 

заманғы  кеңселер  мен  зертханалар,  мейрамхана-

лар, бақтар, фонтандар, кітапханалар мен концерттік 

залдар  –  Astana  Business  Campus  бір-екі  жылдан 

кейін дәл осындай жұмыс пен демалысқа ыңғайлы 

орынға айналады.

ASTANA BUSINESS CAMPUS 

ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

ЖОБАЛАР БАСТАМАСЫ 

ЗЕРТТЕУ 

ТӘЖІРИБЕЛІК ҮЛГІЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ 

НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕНІ САТУ 

ЖОБАНЫҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 

ASTANA BUSINESS CAMPUS – 

ОЛ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?




11

A SMART PLACE FOR BUSINESS




12

ЖАҢА БИЗНЕСКЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

нуға, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге мүм-

кіндік алады. Осының нәтижесінде, компаниялар 

арасындағы  бәсекелестік  күшейеді,  нарықтағы 

үлес  салмағы  артады,  бизнес  тұрақты  түрде  да-

муға көшеді. 

Қазақстандық 

компаниялар 

үшін 


Astana 

Business  Campus  –  ең  алдымен,  инновация- 

лық  кәсіпкерлікті  дамыта  отырып,  халықаралық 

сараптаулар  мен  жобаны  қаржыландырудың  өте 

тиімді  көздеріне,  сондай-ақ,  тәуекелді  қорларға 

қол  жеткізуге  деген  мүмкіндік.  Өз  аумағында 

серпінді  инновациялық  жобаларды  шоғырлан-

дырудың  арқасында  Business  Campus  әлемнің 

түкпір-түкпірінен тәуекелшіл инвесторларды тар-

татын жер болмақ. 

Шетелдік  компаниялар  үшін  Astana  Business 

Campus  –  Қазақстанда  бизнесті  тиімді  қалып-

тастырудың  мүмкіндігі.  Астанадағы  қазіргі  за-

манғы кеңселер, ағылшын тілді орта, достық қа-

рым-қатынас, жоғары санатты мамандар, ең жаңа 

құрал-жабдықтар мен Назарбаев Университетінің 

бренді – Business Campus резиденттерінің басты 

жетістіктерінің құрамдас бөлігі.

Astana  Business  Campus  –  Қазақстан  бойынша 

ғылымды  қажет  ететін  қазақстандық  және  ха-

лықаралық  бизнесті  дамытуға  таптырмас  мүм-

кіндік.  Мұнда  сіздің  бизнесіңізді  дамытуға  және 

мүлде  жаңа  деңгейге  көтеруге  барлық  мүмкін-

дік  қарастырылған:  ағылшын  тілді  орта,  кәсіби 

білікті  мамандар,  әлемдік  деңгейдегі  ғылыми 

зерттеулер,  қазіргі  заманғы  инфрақұрылымдар, 

ғаламдық  көшбасшылармен  бірге  ақпараттық 

технологиялар,  инжиниринг,  биотехнологиялар, 

геология т.б. салаларда ортақ жоба құруға, бірге 

әрекет етуге жағдай жасалады. 

Business  Campus  серіктестері  мен  резиденттері 

әлемдік экономикалық кеңістікпен интеграцияла-

Еліміздің  орталығындағы  жоғары  технологиялық  қа-

лашық  мыңдаған  жаңа  жұмыс  орындарының  ашылуы 

нәтижесінде Астананың дамуына серпін береді және жүз-

деген  қазақстандық  компанияның  бәсекелестікке  төтеп 

беруіне сеп. Astana Business Campus қазақстандық бизне-

стің инновациялық деңгейін көтеруді міндет етеді.




13

A SMART PLACE FOR BUSINESS

Astana  Business  Campus  ғылыми  паркінің  басты 

мақсаты  –  ғылыми-зерттеулік,  инжинирингтік 

және  тәжірибелік-өндірістік  (R&D)  орталықтарды 

дамыту.  Олардың  жұмысы  нақты  экономиканың 

өзекті  мәселелерін  шешуге  және  «болашақ  эко-

номиканың» шикізатқа деген тәуелділігінен азат, 

жоғары  технологиялық  негіздерді  қалыптасты-

руға ықпал етеді. 

Astana  Business  Campus  серіктестері  мен  рези-

денттері  қатарына  инновациялық  қызметпен, 

ғылымды қажет ететін және жоғары технология- 

лық өндіріспен айналысатын аса ірі халықаралық 

және  қазақстандық  компаниялар  кіреді.  Astana 

Business Campus алаңдарына корпоративтік R&D 

орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоға-

ры технологиялы шағын және орта кәсіпорындар, 

сондай-ақ,  бизнес-инкубаторлар  мен  Назарбаев 

Университетінің технопаркінде өсірілген, келеше-

гінен үміт күттіретін стартаптар орналасады.

Қазақстандық  шағын  және  орта  бизнес  –  Astana 

Business Campus паркінің әлеуетті серіктестерінің 

бірі. Олар университетте жасалған ғылыми зерт-

Назарбаев  Университеттің  түлектері,  оқытушылары  мен 

ғалымдары R&D орталықтарда қолданбалы зерттеулер-

мен айналыса жүріп, өз білімдерін кәдеге асыруға мүм-

кіндік алады. Ғылыми парк күні бүгінге дейін өздерінің 

ғылыми  жаңалықтарын  тәжірибе  жүзінде  орындай  ал-

маған аса маңызды академиялық орталардың ғалымда-

рын,  теоретиктерді  де  жоба  шеңберінде  жұмыс  істеуге 

тартуды көздейді.

теулердің  нәтижесін  жеке  өндірістегі  тиімділікті 

арттыру  мақсатында  пайдалана  алады.  Business 

Campus  аумағында  резиденттерге  логистикалық 

және  кеңес  беру  қызметтерімен  қатар  ғылымды 

қажет  ететін  өнімнің  тәжірибелік  нұсқалары  мен 

ұсақ сериялы өндірісі дайындалады. 

Astana  Business  Campus  –  ұлттық  маңызы  бар 

жоба.  Инновациялық  даму  –  еліміз  үшін  ерекше 

басымдық. Сондықтан Қазақстан үкіметі Business 

Campus-қа жан-жақты қолдау көрсетуді жоспар-

лап  отыр.  Мемлекеттік  қолдаудың  түрлері:  ин-

новациялық  өнімдерге  мемлекеттік  тапсырыс 

алудан  бастап  Business  Campus  резиденттеріне 

жеңілдіктер мен артықшылықтар беру.




14

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Astana  Business  Campus  аумағында  қызметтің  мы-

надай түрлерін дамыту көзделеді:

  ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ. Басымдық берілген бағыттар 

бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;

  ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ӨНЕРКӘСІП. 

Өнеркәсіптік нұсқалар, бағдарламалық қамтама-

сыз етулер, жаңа технологиялар сияқты жоспар-

лау мен өндірістің ең жаңа ғылыми нәтижелері 

мен  инновациялық  әдістемелеріне  негізделген 

жоғары  технологиялық  өнімдерді  дайындау 

және қалыптастыру; 

  БІЛІМ  БЕРУ.  Мамандарды  ғылыми-зерттеу  жұ-

мыстары  мен  жоғары  технологиялық  өндіріс 

үшін  дайындау  және  қайта  дайындау:  кәсіби 

білікті  жетілдіру,  әлемнің  жетекші  технология- 

лық  компанияларын  тарта  отырып,  тренингтер, 

мастер-кластар ұйымдастыру;

  ИНВЕСТИЦИЯЛАУ. Инвестиция тарту, тәуекелшіл 

инвестиция, гранттар беру, мемлекеттік бағдар-

ламалар мен жобаларға қол жеткізу т.б.;

  СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ. Транспорттық, логис- 

тикалық,  зертханалық  және  өндірістік  қызмет 

көрсетулер,  бухгалтерлік,  кеңес  беру  (бизнес 

жоспарлау, салықтық аудит, патенттеу, маркетинг 

т.б.),  банк  көрсететін  қызметтер,  қызмет  көрсету 

саласы. 


Astana  Business  Campus  паркін  дамытудың  бірінші 

кезеңінде үш салалық кластер қалыптастырылады:

ASTANA BUSINESS CAMPUS-ТЫҢ 

БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРДЫ БЕКІТУ 

РЕЗИДЕНТТЕРДІ ІРІКТЕУ ТУРАЛЫ 

КОМИССИЯ ҚҰРАМЫН БЕКІТУ  

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

ПАРКТІ БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕНІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ Т.Б.

РЕЗИДЕНТТЕРДІ ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ 

РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ ТАПСЫРЫСТАРЫН ҚАРАУ 

РЕЗИДЕНТТЕР БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ 

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА КЕҢЕСІ

ЖОСПАРЛАРДЫ БЕКІТУ 

БЮДЖЕТТІ БЕКІТУ 

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ БЕКІТУ

ӘКІМШІЛІК 

ПАРКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫН ДАЙЫНДАУ 

РЕЗИДЕНТТЕРДІ ІРІКТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

РЕЗИДЕНТТЕР ТАПСЫРЫСТАРЫНА ТӘУЕЛСІЗ 

САРАПТАМАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕНІ ДАМЫТУ 

ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН АЛАҢДАРДЫ ҰСЫНУ 

ПАРКТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫН 

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ 

РЕЗИДЕНТТЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК 




15

A SMART PLACE FOR BUSINESS

  Геологиялық кластер;

  Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар 

кластері;

  Инжинирингтік  кластер  (жаңғыртылатын  энер-

гетика,  ғарыштық  технологиялар,  машина  жа-

сау және басқа да салалар).

Биотехнологиялық кластер жобаның екінші кезеңін-

де  іске  асырылады.  Бұдан  былай,  Қазақстан  Рес- 

публикасынның  дамыту  басымдықтары  мен  жаңа 

ғылымды  қажет  ететін  технологияларына  деген 

сұраныстарын  ескере  отырып,  жаңа  кластерлерді 

дамыту жоспарланды. 

Бүгінннің  өзінде  геологиялық  және  ақпарат-

тық-коммуникациялық  кластерлерді  қалыптасты-

рудың  алғышарттары  түзіліп,  осы  бағытта  белсенді 

түрде жұмыстар атқарылуда. 

Геологиялық  кластер  шеңберінде  Colorado  School 

of Mines-пен бірге Тау-кен жұмыстары мектебі мен 

Жер  туралы  ғылымдар  институтын  құруға  келісім 

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТЕР

ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТЫ

ГЕОЛОГИЯ, ГИДРОГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ 

ГЕОФИЗИКА

ҚОРДЫ ТҮСІНДІРІП БЕРУ, ҮЛГІЛЕУ ЖӘНЕ 

ЕСЕПТЕУ 

КЕН ОРЫНДАРЫН ЗЕРТТЕУ 

ГЕОХИМИЯ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР 

ЖЕРДІ ДИСТАНЦИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУ

ТӘЖІРИБЕЛІК-ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ 

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТЕСТТЕР




16

жасалды.  «Қазгеология»  Ұлттық  геологиялық  бар-

лау компаниясы» АҚ-мен бірге Ұлттық Геологиялық 

зерттеулер  Орталығын  құру  туралы  келісім-шартқа 

қол қойылды. 

Геологиялық кластерді қалыптастыру қазақстандық 

геологияның «жаңа кезеңге» – анағұрлым иннова-

циялық және жоғары технологиялық кезеңге өтуіне 

жағдай  жасайды.  Геологиялық  кластердің  басым-

дық берілетін міндеті – қазақстандық геологияның 

деңгейін  көтеріп,  геолог-ғалымдардың  отандық 

буынын  қалыптастыру,  сондай-ақ,  қазақстандық 

геологиялық ғылымды ең жаңа талдамалық құрал-

дармен жабдықтау.

Геологиялық  кластер  шеңберінде  әлемдік  деңгейдегі 

инфрақұрылым  –  сертификатталған  және  аккреди-

тацияланған  зертханалар,  керн  сақтайтын  қоймалар, 

тәжірибелік-өнеркәсіптік цехтар салынады. Оларда ке-

шенді геологиялық, геохимиялық, минералдық, тәжіри-

белік-өнеркәсіптік және минералдық, көмірсутегі шикі-

заты, қатты пайдалы қазбалар, Қазақстан мен көршілес 

шет мемлекеттердің жерасты суларына эксперименттік 

зерттеулер жүргізілмек. 

Халықаралық  тәжірибелерге  сүйенсек,  мемлекет-

тер  ғылыми  парктерді  қаржыландыруға  мүдделі 

әрі басымдық береді. Мәселен, Ұлыбритания үкіметі 

ғылыми  парктерді  62  пайызға  дейін  қаржылан-

дырса,  Германияның  ғылыми  парктерге  салатын 

қаржысы  –  78%,  Францияныкі  –  74%,  ал  Бельгия 

100%-ға дейін ақша құяды. Қазақстан алдағы жыл-

дары ғылыми-инновация саласына бөлінетін қара-

жатты барынша көбейтуді көздеп отыр. 

Инновациялық  жүйелері  дамыған  елдерде  нова-

торлық  қызметті  қаржыландыру  ағыны  мемлекет-

тік  гранттар,  зерттеу  қорытындыларына  берілген 

патенттерді  пайдалануға  лицензия  сату,  тәуекелді 

қаражат,  корпоративтік  шығындар  мен  алғашқы 

капиталдар  қорлары  (seedgrants),  жекеменшік  ин-

вестициялардан түсетін ақшадан тұрады.

Astana Business Campus паркінде резидент гранттар 

беру, мемлекеттік жаңа жобалар, тәуекелді қаржы-

ландыруға деген қолжетімділік пен жекеменшік ин-

вестицияны тарту туралы ең соңғы жаңалықтардан 

дер кезінде хабардар етіледі.

HIGH TECH CAMPUS EINDHOVEN ҒЫЛЫМИ 

ПАРКІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒЫТЫ

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК-

ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРІ – КОММЕРЦИЯЛАУ 

КЕҢСЕСІ, ТЕХНОПАРК, БИЗНЕС-ИНКУБАТОР МЕН 

ASTANA BUSINESS CAMPUS ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ 

ЖЕТЕКШІЛІГІ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ҚАТЫСТЫ 

ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

ОРТАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ 

ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУ

КӘСІБИ БІЛІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУ, РЕСУРСТАР, 

АҚПАРАТ ПЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТКІЗУ

БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?




17

A SMART PLACE FOR BUSINESS

Business  Campus  төңірегінде  резиденттерге  ба-

рынша қолайлы жағдай жасау үшін салықтық, ке-

дендік және әкімшілік жеңілдіктер беру жоспар-

лануда.


Халықаралық  ынтымақтастық  –  Astana  Business 

Campus қызметінің маңызды өзегі әрі іргетасы. High 

Tech Campus Eindhoven ғылыми паркі жобаның стра-

тегиялық серіктесіне айналды. 

Astana  Business  Campus  паркін  дамыту  шеңберін-

де  Назарбаев  Университеті  Philips,  Microsoft,  Intel, 

Hewlett-Packard, Samsung Electronics, General Electric 

сияқты әлемдік деңгейдегі технологиялық көшбас-

шылармен  серіктестік  туралы  меморандумға  қол 

қойды.  Business  Campus  аумағына  Cisco,  Siemens, 

Huawei сынды беделді компаниялар тартуға қатыс- 

ты келіссөздер жүргізілуде. 

Ғарыштық  технологиялар  саласында  Astana 

Business  Campus  «Қазақстан  Ғарыш  сапары» 

ұлттық ғарыштық компаниясымен бірлесе әрекет 

етпек.  Business  Campus  серіктестері  арасында 

«Парасат»  Ұлттық  ғылыми-техникалық  холдин-

гі»,  «Зерде»  Ұлттық  ақпараттық-коммуникаци-

ялық холдингі», «Технологиялық даму жөніндегі 

Ұлттық  агенттік»  сияқты  даму  институттары  да 

бар. 

High  Tech  Campus  Eindhoven  және  басқа  да  ірі 



серіктес  компаниялардың  өкілдері  Astana  Business 

Campus жанындағы консультативтік кеңес құрамы-

на қабылданып, жобаны дамытуға тікелей атсалы-

сады.


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕ


18

ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ

7 000 М

2

5 000 М



2

2 000 М


2

10 000 М


3

8 000 М


2

8 000 М


2

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ НЫСАНДАР

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТЕР

ЕКІНШІ КЕЗЕКТЕГІ НЫСАНДАР

  Биотехнологиялық кластер

  Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 

кластерінің зертханалық және тәжірибелік-

өнеркәсіптік жайлары 

  Көп салалы инжинирингтік кластердің зертханалық 

және тәжірибелік-өнеркәсіптік жайлары

  Әлеуметтік мазмұндағы және көпшілік қолданатын 

нысандар: қонақүйлер, мейрамханалар, 

кафетарийлер, спорт орталықтары, банктер, 

конференц-залдар

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАР КЛАСТЕРІ

КӨП САЛАЛЫ ИНЖИНИРИНГТІК 

КЛАСТЕР


Кеңселік жайлар 

(А класты бизнес-орталық)

Кеңселік жайлар 

(А класты бизнес-орталық)

Кеңселік жайлар 

(А класты бизнес-орталық)

Керн сақтау қоймалары 

(ангар түріндегі жеңіл құрылыс)

Тәжірибелік-өнеркәсіптік 

жайлар


Зертханалар

ЕКІНШІ КЕЗЕҢ: 2017 – 2020 ЖЫЛДАР

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-

КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

КЛАСТЕРІНІҢ НЫСАНДАР, КӨП САЛАЛЫ 

ИНЖИНИРИНГТІК ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 

КЛАСТЕРЛЕР КІРЕТІН ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ 

КЕЗЕКТЕГІ НЫСАНДАРДЫ САЛУ.

ASTANA BUSINESS CAMPUS ҒЫЛЫМИ ПАРКІН ҚҰРУ 

ҮШ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ ТӨРТ 

КЕЗЕККЕ СОЗЫЛАДЫ.

БІРІНШІ КЕЗЕҢ: 2013 – 2016 ЖЫЛДАР 

БҰЛ КЕЗЕҢДЕ BUSINESS CAMPUS АУМАҒЫНДАҒЫ 

ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ МАСТЕР-ЖОСПАРЛАРЫ ЕНДІГІ 

ДАЙЫН ТҰР, ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

НЕГІЗДЕМЕЛЕР КЕЛІСІЛУДЕ. БІРІНШІ КЕЗЕҢ 

ШЕҢБЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕКТЕГІ КЛАСТЕРЛЕРДІ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ, 

РЕЗИДЕНТТЕРДІ ТАРТУ ЖӘНЕ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ 

НЫСАНДАРДЫ САЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР. 




19

A SMART PLACE FOR BUSINESS

ҮШІНШІ КЕЗЕКТЕГІ НЫСАНДАР

  Машина жасау кластері 

  Материалдарды зерттеу кластері 

  Химиялық-металлургиялық кластер 

  Жаңғыртылмалы энергетика кластері

ҮШІНШІ КЕЗЕҢ: 2021 ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ЖЫЛДАР 

BUSINESS CAMPUS ПАРКІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРЫН ҚҰРУДЫҢ ШЕШУШІ 

КЕЗЕҢІ – ТӨРТІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ҚҰРЫЛЫС, ҒЫЛЫМИ-

ЗЕРТТЕУЛІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТТІ, БҰҒАН 

ДЕЙІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛҒАН КЛАСТЕРЛЕР, 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕР, БАСҚАРУДЫҢ 

ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ДАМЫТУ.

КЛАСТЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ BUSINESS 

CAMPUS НЫСАНДАРЫН САЛУ РЕЗИДЕНТТЕРДІҢ 

НАҚТЫ СҰРАНЫСТАРЫ МЕН ОЛАРДЫҢ 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРҒА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫНА 

БАЙЛАНЫСТЫ. BUSINESS CAMPUS ӘКІМШІЛІГІ 

НЫСАНДАРДЫ САЛУ МЕН БАРЛЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚОСУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН 

ӨЗ МОЙНЫНА АЛАДЫ. АЛ РЕЗИДЕНТТЕР ӨЗ 

КЕЗЕГІНДЕ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖАЛҒА АЛЫП, ОЛАРДЫ 

ҚАЖЕТТІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ӨЗ БЕТТЕРІНШЕ 

ТОЛТЫРАДЫ.



20

ASTANA BUSINESS CAMPUS 

ШЕБЕРЛІК ЖОСПАРЫ

ASTANA BUSINESS CAMPUS ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 

БАС ЖОСПАРЫН ЖАПОН СӘУЛЕТШІСІ КИСЁ 

КУРОКАВАНЫҢ «KISHO KUROKAWA ARCHITECT 

AND ASSOCIATES» АТАЛАТЫН БЮРОСЫ 

ӘЗІРЛЕДІ.

Business  Campus-тың  негізгі  нысандары  парк  ай-

мағына  орналастырылады.  Сонымен  қатар  осы  ау-

мақ қазіргі заманғы инженерлік инфрақұрылымдар, 

көлік қоятын жерлер, жаяу жүргіншілер мен велоси-

педтерге арналған жолдар салынады.

Astana  Business  Campus  паркіне  тиесілі  ғима-

раттар  мен  құрылыстарды  жоспарлау  барысында 

жарықты үнемдеу мен жарықты тиімді пайдалану 

саласына қатысты ең жаңа технологиялар қолда-

нылды, жасыл желекті барынша көбейту арқылы 

қоршаған  орта  мен  урбанистика  арасындағы  те-

пе-теңдік сақталды, қатаң климаттық ерекшелік-

тер ескерілді. 

Astana  Business  Campus  резиденттері  мен  бизнес 

қауымдастық,  Назарбаев  Университетінің  ғылыми 

қызметкерлері,  оқытушылары  мен  студенттері  сәу-

летшілер мен жобалаушылардың жұмыс барысында 

қаншалықты  қамқорлықпен  тер  төккенін  бағамдай 

алады.  Өйткені  инновациялық  шешімдердің  арқа-

сында ғана ғимараттар сапасына, стилі мен өнімділі-

гіне сын келтірмейтін еркін де икемді жоспарлауды 

ұсынады. 

Сәулет  өнеріндегі  «симбиотикалық»  стильді  қа-

лыптастырушы Кисё Курокава шәкірттерінің ұсыны-




21

A SMART PLACE FOR BUSINESS




22

сымен, Astana Business Campus Ғылым мен Табиғат-

тың  тоғысқан  арнасына  айналады.  Архитектуралық 

тұғырнама негізіне тірі ағза үлгісі салынды.

«Осыған ұқсас» - жапон сәулетшілерінің айтуын-

ша,  «қан  айналымы  тірі  ағзаға  ауа  мен  құнар-

лы  заттарды  жеткізетіні  тәрізді  университеттік 

білімнің «дәндері мен жемістері» Astana Business 

Campus аумағындағы бір біріне жалғасқан нысан-

дарға негізгі өзек арқылы бойлап барады да, әр-

бір Ғылыми орталықтардың маңызды бөліктеріне 

қарай таратылады. 

Дәл  осындай  циркулярлық  жүйе  периметриялық 

жол  бойымен  ары  қарай  дамуды  қамтамасыз  ете 

отырып, өсуге ықпал етеді. Қосымша, учаскенің ор-

талығында  циркулярлық  жүйенің  қақ  ортасындағы 

секілді  IdeaPark  құрылысы  жоспарланған  –  дөңге-

лек, айналасы сумен қоршалған және серуен жол-

дары  бар.  Университеттің  бас  ғимаратына  қарай 

жылжытылған  бұл  нысан  парк  маңайына  асимме-

триялы  салынған  саналуан  үлгідегі  ғимараттармен 

жапсарлас орналастырылады. 

Асимметриялы  түрде  жобаланған  Шығыс  паркінің 

философиясы  Батыстағы  симметриямен  салыстыр- 

ғанда, Еуразия жүрегінде Батыс пен Шығыстың та-

маша үйлесімділігін көрсетеді.

Astana Business Campus паркінің аймағы Қазақстан 

табиғатына  тән  өте  бай  ландшафтты  –  алма-өрік 

бақтары  мен  раушан  көшеттерінен  бастап  жабайы 

өскен  гүлден  өрілген  кілемдерге  дейінгі  көріністі 

беру көзделеді.

ASTANA BUSINESS CAMPUS 

ШЕБЕРЛІК ЖОСПАРЫ



23

A SMART PLACE FOR BUSINESS




24

ЖОБАҒА ҚАЛАЙ 

ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

  геологиялық және тау-кен-металлургиялық сала; 

  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  индустриалдық технологиялар – ғарыштық 

технологиялар, жаңғырмалы энергетика т.б.;

  биотехнологиялар мен медицина.

Business Campus аумағына орналастырылатын ком-

панияларды  іріктеу  ісімен  резиденттер  құрамын 

анықтау жөніндегі комиссия шұғылданады. Тапсы-

рыстарды  қарау  барысында  келесі  талаптарға  сай 

келетін компанияларға басымдық беріледі:  

  компания қызметі Business Campus пен 

Назарбаев Университетінің даму бағытына 

сәйкес келуі тиіс; 

  қызметтің мазмұны ғылымды қажет ететін және 

жоғары технологиялық маңызы болуы керек;

  Назарбаев Университетімен ынтымақтастық.

Astana  Business  Campus  әкімшілігі  резиденттердің 

қызметіне қатысты жүйелі түрде мониторинг өткізіп 

тұрады  және  талаптарды  орындамаған  жағдайда 

олармен арадағы келісімді бұзуға құқылы. 

ASTANA BUSINESS CAMPUS 

ҒЫЛЫМИ ПАРКІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!

БІЗГЕ ҚОСЫЛЫҢЫЗДАР. БІРГЕ ӨРКЕНДЕП, БІРГЕ 

ҚАНАТ ЖАЯМЫЗ!

Егер сіз талантты, алғыр, қиялыңыз ұшқыр, жаһан-

дық проблемаларға немқұрайды қарамайтын және 

оларды  шешуге  атсалысатын  болсаңыз,  Astana 

Business Campus жобасына қатыса аласыз. 

Ғылыми  және  инновациялық  зерттеулермен,  сон-

дай-ақ,  жаңа  технологияларды  коммерциялаумен 

айналысатын  мекемелер  үшін  Парктің  есігі  ашық. 

Бірінші  кезекте  мына  салаға  маманданған  компа- 

нияларға басымдық беріледі:

 

AST


ANA BUSINESS CAMPUS


БАЙЛАНЫС

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, 010000 

АСТАНА, ҚАБАНБАЙ БАТЫР ДАҢҒЫЛЫ, 53

9-БЛОК, 9.402-КЕҢСЕ

«NAZARBAYEV UNIVERSITY RESEARCH 

AND INNOVATION SYSTEM» ЖМ

ТЕЛ.: +7 (7172) 70 58 23

ТЕЛ.: +7 (7172) 70 92 71

ТЕЛ.: +7 (7172) 70 64 56

ЭЛ.-ПОШТА: NURIS@NU.EDU.KZ,

SCIENCEPARK@NU.EDU.KZ 

ВЭБ-САЙТ: ABC-SCIPARK.KZ

© БРОШЮРАНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН МАТЕРИАЛДАРЫН ТЕК

«NAZARBAYEV UNIVERSITY RESEARCH AND INNOVATION SYSTEM» ЖМ-НІҢ



 ЖАЗБАША ТҮРДЕГІ КЕЛІСІМІМЕН ҒАНА ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ


жүктеу 147,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау