«Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» Корпоративтік Қоры
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесі
А қ п а р а т т ы қ х а т
Республикамыздағы жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында
белсенді жəне дарындыларды анықтау жəне оларға қолдау көрсету, олардың ғылыми-зерттеу
жұмыстары мен инновациялық бағытын ынталандыру мақсатында «Үздік ғылыми жоба»
байқауын жариялаймыз.
Байқаудың негізгі мақсаты:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу жəне оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
2) ой еңбегінің беделін арттыру;
3) ең талантты жəне дарынды жас зерттеушілерді іріктеу жəне оларға қолдау көрсету;
4) оқушылардың интеллектуалдық жəне шығармашылық əлеуетін көтеру.
Байқау екі кезеңде өтеді: бірінші кезең – іріктеу кезеңі; екінші кезең – ақтық кезең.
Iріктеу кезеңінде комиссия сəйкес бағалау өлшемдері бойынша ғылыми жобаларды
қарап, əрбір жобаны рецензиялайды жəне ақтық кезеңге қатысушылардың тізімін анықтайды.
Ақтық кезең — жобаны қорғау жəне талаптарға сəйкес безендірілген стенд
материалдарын, слайдтарын ұсыну. Жобаны қорғау кезінде авторға баяндама үшін 10-
15 минут беріледі. Ақтық кезең қатысушыларына қосымша сұрақтар қойылып, олардың тиісті
пəн бойынша мектеп бағдарламасымен шектелген теориялық білімдері тексеріледі.
Жобаны алдын ала сараптауда алынған баллдарды есепке ала отырып байқаудың
қорытындылары шығарылады. Байқаудың екі кезеңінде де апелляция жүргізілмейді.
Əрбір жоба авторына арнайы сертификат беріледі. Ғылыми жетекшілеріне алғыс хат
тапсырылады.
Байқауға қатысушылар : іріктеу кезеңіне қатысу үшін - 2000 (екі мың ) теңге; ақтық
кезеңге қатысу үшін – 3000 (үш мың) теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасын төлейді.
Ұйымдастыру жарнасы жобаларды принтерден шығару, сертификаттар мен алғыс хаттарды
əзірлеу жəне ақтық кезеңді ұйымдастыру шығындарына жұмсалады. Бір автор тек бір жоба
тапсыра алады.
Байқау жеңімпаздары (əр секция бойынша) І, ІІ жəне ІІІ дəрежелі дипломдармен жəне
естелік сыйлықтармен, ал жетекшілері университет ректорының «Құрмет грамотасымен»
марапатталады.
Байқау мына бағыттар бойынша жобалар қабылдайды:
№
п/п
Секция e-mail
Жауапты тұлға
1. Математика жəне информатика
2. Филология
3. Тарих жəне география
zhasdarynzhoba1@mail.ru
Шилібек Кенжеғали
Қошқарбайұлы
4. Экономика жəне құқықтану
5. Мəдениеттану
6. Химия жəне биология
zhasdarynzhoba2@mail.ru
Жоламанов Нұржан
Жақанұлы
7. Физика жəне астрономия
8. Экология
9. Техника жəне технология
zhasdarynzhoba3@mail.ru
Манапбаев Бауыржан
Жарқынбекұлы
ЖОБА ТАЛАПТАРЫ
1. Ғылыми жобаларды ресімдеу. Оған қойылатын талаптар:
-жоба мəтіні компьютерде басылуы керек жəне мынандай құрылымнан тұрады:
-титул парағы;
-мазмұны;
-қазақ немесе орыс тілдерінде түйіндеме (аннотация);
-кіріспе;
-зерттеу бөлімі;
-қорытынды;
-пайдаланылған əдебиеттер тізімі;
-
жетекшінің пікірі.
Титул парағында мыналар көрсетіледі: жұмыс орындалған ұйымның толық атауы,
қаласы, мектебі; автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы; жұмыстың атауы; жұмыстың
дайындалған бағыты (секциясы); жетекшінің тегі, аты, əкесінің аты; қаласы (жарыстың өтетін
жері), жылы.
Түйіндеме (аннотация) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда, жобаның
қысқаша мазмұнын білдіреді: зерттеудің мақсатын; кезеңдерін, зерттеудің рəсімін;
эксперименттің əдістемесін; зерттеудің жаңалығын жəне дербестік дəрежесін; жұмыстың
нəтижесін жəне қорытындысын; нəтижелерді практикалық қолдану салаларын.
Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: зерттеу тақырыбының өзектілігін,
жұмыстың мақсаты (міндеті), алға қойылған міндеттерді шешу əдісі қысқаша көрсетіледі.
Жұмыстың зерттеу бөлімі (10 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан)
тұруы мүмкін жəне мына құрылымда: таңдап алынған жұмысты атқарудың қажеттілігіне көз
жеткізу жəне мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беру; таңдалған тақырып бойынша
нəтижелерге талдама шолу жасау; алға қойылған міндеттерді шешудің əдістерін сипаттау;
жұмыстың нəтижесі жəне оны талқылау; безендірілген материал (сызбалар, кестелер,
фотосуреттер жəне суреттер т.б.).
Пайдаланылған əдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [4].
Мəтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болуы керек.
Қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нəтижелері (1-5) жəне олардың
негізінде жасалған қорытындыларын (1-2), жұмыстың нəтижелерін ғылыми жəне практикалық
мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
Пайдаланылған əдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынандай тəртіпте беріледі:
автордың тегі жəне қысқартылған аты-жөні; мақаланың жəне журналдың аты (журналдық
мақалалар үшін); журналдың, кітаптың аты; басып шығарылған орны жəне баспа (кітаптар
үшін); басылған жылы, шығу нөмірі, беті.
Əрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке
еңбегі, жұмыстың кемшіліктері жəне нəтижелерін əрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар сөз
болған жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.
Беттердің нөмірленуі екінші беттен басталады.
Байқауға қатысатын жұмыстарды бағалаудың негізгі критерийлері
-жұмыстың өзектілігі.
-зерттеудің ғылыми жаңалығы.
-жұмыстың зерттеу сипаты.
-жұмыстың практикалық мəнділігі.
-жұмыстың теориялық мəнділігі.
-баяндау сауаттылығы мен логикалығы (ақтық кезеңде).
-зерттеуге автордың қосқан жеке үлесі.
2. Өтініш толтыру.
3. Қазақстан аумағындағы кез-келген банкте байқаудың ұйымдастыру жарнасын төлеу.
4. Төлем жүргізілгеннен кейін авторлар жобаның электронды нұсқасын, өтінішті жəне төлем
түбіртегінің сканерленген көшірмесін жеке-жеке файлмен байқау бағытына сəйкес жоғарыда
көрсетілген
электрондық поштаға жіберулері керек. Файлдар мына тəртіп бойынша аталуы
тиіс: (Мысалы: «Аманкелді жоба», «Аманкелді өтініш», «Аманкелді төлем»)
Ескерту! Талаптарға сай емес жобалар байқауға қатыстырылмайды.
Тіркелу үлгісі
«Үздік ғылыми жоба»
1. Автордың аты-жөні (толық)_
2. Ғылыми жетекшінің аты-жөні______________________________
3. Жұмыс орны (қызметі) _____________________________
4. Мекен-жайы (жұмыс орнының) _______________________________________
5. Байланыс телефондары____________________________________________
6. Е- mail (міндетті түрде) _____________________________________________
7. Жоба тақырыбы _______________________________________________
8. Бағыты _______________________________________________________
БАҚЫЛАУ КҮНДЕРІ
Жобаларды қабылдау – 2015 жылдың 10 ақпанына дейін
Іріктеу кезеңі
– 2015 жылдың 10-20 ақпаны
Сертификаттар мен алғыс хаттарды тарату – 20 ақпан
Ақтық кезеңге жолдама алған жоба авторларына шақырту жіберу – 15 наурыз
Ақтық кезең – 8-9 сəуір
Жүлдегерлерді марапаттау – 9 сəуір
Басқа қалаларда тұратын авторларға сертификаттар мен алғыс хаттар арнайы
бандероль арқылы өтініште көрсетілген мекен-жайға жіберіледі.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
080003, Тараз қаласы, Сəтбаев көшесі, 28
Тел.: 8(7262) 55-57-04
E-mail: kf.utbi@mail.ru
Есеп-шотымыз:
Счет KZ 40319E010004911387 (KZT)
Корпоративный фонд «Университетский технологический бизнес-инкубатор»
БИН 071240019072
РНН 211500234684
Кбе 18
Жамбылский филиал АО БТА БАНК
БИК ABKZKZKX
(с пометкой: «Конкурс»)