|
Ж ж. ұжымдық келісім шартқа №1 Қосымша
|
бет | 2/6 | Дата | 21.11.2017 | өлшемі | 0,5 Mb. | | #1261 |
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылықты жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (әрі қарай мәтінде – Кәсіпорын) Ішкі еңбек тәртібінің ережесі Кәсіпорындағы еңбек қатынастарын реттейтін базалық құжат болып табылады.
Осы ереже Қазақстан Республикасы медициналық жоғарғы оқу орындарының еңбек қатынастарын реттеуші Еңбек кодексі және басқа да құқықтық нормативтік актілер, Кәсіпорын Жарғысына сәйкес даярланған.
Осы ережені дайындау және енгізу мақсаты:
ғылыми, емдеу үдерістерінің рациональдығы және тиімділігі есебінен ұйымдастыру, білім беру сапасын көтеру;
еңбек тәртібін нығайту, еңбек қатынастарына адал ниетті ұжым мүшелерін тәрбиелеу.
Кәсіпорын аймағында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету.
Ереже кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының мәртебесіне ие және міндетті түрде сипаты бар.
Осы ереже бекіткен талаптарды бұзу еңбек тәртібін дөрекі бұзу ретінде қарастырылады және жұмысшының жіберген қатесіне тәртіп жазасын қолдану үшін негіз болып табылады.
Осы Ереженің орындалуын бақылау жүйесін кадрлық есеп және мониторинг бөлімінің басшысына жүктеледі.
Ережені толықтыру, кеңейту мақсатында Кәсіпорын жұмысшыларының еңбек қызметінің тиімділігін көтеру мақсатында ереже қалыптастыруға және түзетуге білдірген ұсыныстарын, кадрлық есеп және мониторинг бөлімінің басшысы жинастыруды жүзеге асырады.
ЕРЕЖЕНІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ АЯСЫ
Осы Ереже Кәсіпорынның филиалдарына, өкілеттіктеріне және өзге де барлық құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ, Кәсіпорынның барлық санаттағы жұмысшыларына толық таратылады.
Кәсіпорынның белгіленген жұмысының тәртібін ұстану, ғимарат, жабдықтар мен басқа да материалдық бағалы заттардың сақталуын қамтамасыз ету, еңбекті сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, өндірістік гигиена мен тазалықты сақтау, Осы Ереже Кәсіпорында жұмыс істейтін басқа ұйым өкілдері, кәсіпорын ұйым мен жұмысшылары, мекемені пайдаланушы және Кәсіпорын жабдықтарын жалға алу құқы бар немесе басқа да заңдық күші бар заңнамада қарастырылған сондай-ақ, Кәсіпорында оқып жүрген, келуші және талапкерлерге тартылады.
Профессор-оқытушылар санатына және оқу-қосымша қызметкерлер құрамына енетін жұмысшылар базалық кәсіпорында/клиникалық базада болған уақытта осы кәсіпорынның ішкі тәртіп ережесінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Осы Ереже өз кезегінде, оқытушылар мен кафедраның негізгі жұмысшылары және басқа да Кәсіпорында қосымша штат жағдайында және еңбектің сағаттық төлем арқылы жұмыс істейтін тұлғаларға толығымен таратылады.
Осы ережені қолдануға байланысты барлық мәселелер, қосымша немесе Кәсіпорын (Кәсіподақ) жұмышыларының өкілетті органдарының келісімімен заңдық күші бар заңнамада қарастырылған
жағдайда, Кәсіпорын әкімшілігіне берілген құқық шегінде шешіледі,
КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Негізгі пәні денсаулық сақтау саласында қызметтерді жүзеге асыру болып табылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
Қызмет көрсету мақсаты ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылымдық және тәжірибелік жетістіктерге қол жеткізу, дамуына, құрылуына және жеке тұлғаның кәсіптік қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдайлар құру болып табылады.
Университетті басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
Университеттің мүлкіне қатысты субъектінің мемлекеттік меншік құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 974 қаулысына сәйкес Кәсіпорында кәсіпорын органы – байқау кеңесі енгізілді.
Кәсіпорын өз қызметінде төмендегілерді басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі;
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (әрі қарай – Еңбек кодексі);
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;
Білім беру саласындағы өкілетті органдар бекіткен білім берудің типтік оқу бағдарламасы мен типтік оқу бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызмет мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілері мен басқа да заңдары;
Кәсіпорын жарғысы;
Кәсіпорын ғылыми, қаржылық-шаруашылық және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Кәсіпорын жарғысына және білім беру ұйымдарының типтік қызмет тәртібінің түрлеріне сәйкес қызмет шегінде кадрлық таңдау және орналыстыру, оқу және тәрбие үдерістерін өз еркімен жүзеге асырады.
Мемлекеттік басқару органдарынның алдында Кәсіпорын қызметі үшін жауапкершілікті жеке өз мойнына алған ректор Кәсіпорынды тікелей басқарады. Кәсіпорын қызметтеріне қатысты барлық мәселелерді Ректор Кәсіпорын жарғысымен анықталған өз құзіреттілігіне сәйкес, дара басшылық ұстанымдарымен және өз еркімен шешеді.
Кәсіпорынның профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды қажетті жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында ректордың бұйрығымен құрылған Ғылыми кеңес Кәсіпорынды басқарудың алқалық түрі болып табылады және білім беру саласындағы өкілетті органдар бекіткен Кәсіпорын Жарғысы, жоғары оқу орындарының Ғылыми кеңесінің типтік ережесі, Кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттары негізінде әрекет етеді.
Кәсіпорынның органы ректор және бақылау кеңесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес Кәсіпорын саяси қызметтерден бас тартады, Кәсіпорын қабырғасында саяси партиялардың құрылымдық ұйымдарының қызметтерін құруға және діни ұйымдар (біріккен), нәсілдік, этникалық, діни насихаттар, әлеуметтік қарадүрсіндік пен өзгеше милитарлық және басқа да жалпы қоғам мойындайтын адамгершілік пен халықаралық құқық ұстанымдарына қайшы идеялардың таралуына жол бермейді.
Кәсіпорындағы Қоғамдық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдық күші бар заңнамасына сәйкес қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|