Ж. №1 басылым беттің


ЕТК-н ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар



жүктеу 0,82 Mb.
бет4/11
Дата11.02.2020
өлшемі0,82 Mb.
#28707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЕТК-н ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар

ЕТК-де ДЭЕМ мен жұмыс кезінде температура жоғарылап, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайып, ауаның құрамы өзгеретіні белгілі. Сондықтан кабинетте төмендегідей микроклиматтың үйлесімді параметрлерін ұстаған жөн.

ЕТК-гі шаңды азайту үшін:


  1. сырт аяқ киімін ЕТК-де алмастыру қажет;

  2. ЕТК-ның кіре берісінде портфель, сумкаларды сақтайтын полкалы шкафтар болғаны дұрыс;

  3. Бормен жазылатын класс тақтасы фламастермен жазылатын тақтамен алмастыру қажет. Немесе тақтаның орнына мұғалімнің столындағы ДЭЕМ-ға жалғастырылған демонстрациялық телевизорды пайдалануға болады.

ЕТК-нің жарықтылығын түстермен және жарықпен реттеуге болады.

Видеомонитор экранына қарсы қабырғаны қара, қоңырқай түстермен бояуға болмайды. Жұмыс столының бетінің түсі табиғи ағаш түсі немесе ашық жасыл, ашық көк болғаны дұрыс.

Сынып тақтасының түсі қара жасыл, қара қоңыр болуы керек. Терезенің жақтаулары міндетті түрде ақ майлы бояумен боялуы қажет. Терезеге ілінген шторлар табиғи жарықты жібермеуі керек. Қара түсті шторды терезеге құруға болмайды. ЕТК-гі ДЭЕМ-ға жеке қосымша шам арқылы жарық түсіруге рұқсат етілмейді.

Жұмыс столы мен класс тақтасының ең төменгі жарықталынуы 400-500 люкс болуы керек. Ауаның температурасы - 19-210С, салыстырмалы ылғалдылығы –

62-55%, ауаның қозғалыc жьлдамдығы - 0.1 м/с болуы тиic. Кабинеттегi микроклиматы - сақтау үшiн күн радиациясы тiкe түспейтiн жаққа (солтүстiк солтүстiк шығыс) орналастыру қажет. Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшiн қыздырғыш құралдардың тұсына үлкен көлемдi аквариумдарды орналастыруға болады.

ЕТК-і жоспарланбай салынған мектептерде жоғарыда аталған микроклиматты ұстап тұру үшін кабинеттің ауасын есік-терезе арқылы желдетіп тұру қажет. Желдету уақыты 10 минуттан кем болмауы тиіс. Ауаны тазартудың басқа жолы терезеге орналастырылған кондиционер арқылы ауа алмастыруға болады. ЕТК-гі ауа алмасу кабинеттің ауданы мен квадратурасына байланысты.

ЕТК-ның жұмысын ИЕТН оқытушыларының бірі басқарады, ол кабинеттің жабдықталуын, оқушылар мен мұғалімдердің ИЕТН пәні және басқа сабақтардағы қолдану жұмысын ұйымдастырады.

Оқушылардың ДЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі отыруына қойылатын талаптар.

ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде оқушы санитарлық гигиеналық талаптарға сай отыруы тиіс. Стол мен орындық оқушының бойының ұзындығына сай талдауы қажет. Орындық столдан 3-5 см ішке еніп тұруы, оқушының басы 5-7º бұрышқа иіліп тұруы тиіс.

Оқушы тік отырған жағдайдағы оқушының көзі экранның центрінің тұсында болуы қажет. Монитор экранындағы символдарды көру бұрышы 20 бұрыштық минуттан кем болмауы керек. ДЭЕМ – экранындағы символдарды көру қашықтығы – 0,6-0,7 м аралығында болуы тиіс.

Оқушылардың жұмыс орны дербес ЭЕМ-мен жабдықталған 1 үстелден және биіктігі өзгертілетін, айналмалы орындықтан тұрады. Дербес компьютер, оқулық орналасатын және оқулықпен жұмыс істеуге арналған үстел бетінің өлшемі 1300х700мм болуы керек. Оқушы үстелінде ДК барлық құрылғыларымен орнатылады. Пернетақтаның алдында 30см ендікте дәптер қоятын және жауырынның бұлшық еттеріне күш түспес үшін шынтақты тіреп отыратын орын болуы тиіс. Монитор қойылатын үстел беті жазық, ал пернетақта орналасатын үстел беті көлбеу (120-150 бұрышқа) болу керек. Үстел жиегінің және орындықтың биіктігі бейнемонитормен жұмыс істеп отырған оқушы бойына сәйкес қойылуы керек. Үстелдерге ток көзі мен жергілікті желі кабельдері жүргізіледі. Информатика кабинеті үшін ток көзінің жалпы электрлік кескіні есептеуіш техникасының құжаттарына сай қондырылады. Еден беті тегіс, ой-шұңқырсыз, сырғанамайтын және оңай тазаланатын антистатикалық қасиеттері болуы қажет.

Мұғалімнің жұмыс орны үстелмен және басу құрылғысы мен мультипроектор қоятын 2 тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700мм. Тумбаның магниттік тасымалдаушысы, күнделікті сабаққа қажетті транспаранттар салынатын 350х500х100мм өлшемдегі 1-2 жәшігі болуы керек. Компьютерлік үстелдің дәптер, сыныптық журнал және т.б. салынатын қалташасы болады. Сабақ барысында оқушылардың жұмыс орындарына электр желілерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізуі қажет.

Информатика кабинетіндегі компьютерлердің орналасуы сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың емін-еркін жүріп-тұруына ыңғайлы болуы қажет. Дербес компьютерлердің жұмыс орындарының орналасуы 3 вариантта болуы мүмкін:



    1. Жағалай (периметрлік);

    2. Қатарлық (1-3 қатар);

    3. Орталық.

Оқушылардың және мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электрмен жұмыс жасау қауіпсіздігі және тұрақты жарықтандыру деңгейі тұрғысынан алғанда ДК-де жұмыс істеу орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.

Жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы бойынша келесідей қашықтықтар белгіленген:



  • Информатика кабинетінің ені бойынша: терезе жақтаулары бар қабырғалардан үстелдер кем дегенде 0,8м қашықтықта орналасуы керек. Терезе жақтауларына қарсы қабырғалар мен оған жағалай орналасқан ДК үстелдері 10см қашықтықта орналасуы керек, ал кейбір жағдайларда бейнемониторларға байланысты үстелдер мен қабырғалардың қашықтықтары өзгеруі мүмкін.

  • Информатика кабинетінің ұзындығы бойынша: ДК-дің екі орындық үстелдері қатар қойылады. Бір орынды үстелдердің арасы ашылып қойылады, соған сәйкес үстелдердің арақашықтығы кабинет ауданы мен ондағы оқушылардың жұмыс орындарының санына байланысты болады.

ДК-мен жұмыс істеу үстелдері жағалай орналасқанда, сабақтарға, оқушылардың білімін тексеруге, жазба бақылау жұмыстарын орындауға, дәптерде программа құру және есептер шығаруға арналған қажетті орындар оқушылардың санына байланысты оқушы үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталуы тиіс. Екі орынды оқушы үстелдері біріктіріліп қойылмайды (олардың ара қашықтығы кем дегенде 0,5м).

Кабинетте оқыту құралдары мен жабдықтары бағдарлама бөлімдері бойынша орналастырылады. Демонстрациялық көрнекіліктер және өздік жұмыстарға арналған құралдар бөлек сақталады. Информатика кабинетіндегі оқыту көрнекілік құралдары мен жабдықтары шкафтарда сақталады, ол лаборант бөлмесінде сақталуы да мүмкін.

Информатика кабинетінде құрал-жабдықтар мен мұғалімнің жұмысын жеңілдететін әдістемелік картотека және сабақ өткізуге дайындық құралдарының тізімі болады.

Информатика кабинетіндегі жұмыстарды ұйымдастыру

Информатика кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстарын кабинеттегі құрал-жабдықтарға жауап беретін, информатика курсында компьтерлік технологияны оқу үрдісінде және жалпы білім беру пәндерінде оқушылардың қолдануын, ондағы мұғалімдер жұмысын ұйымдастыратын информатика мұғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.



Кабинет меңгерушісі:

  • Кабинеттегі жабдықтардың сақталуына;

  • Инвентаризациялық тіркеу журналын жүргізуге;

  • Құрылғылардың әрдайым дайын болуына, есептеуіш техниканың техникалық қызмет көрсетілуінің өз уақытында тыңғылықты орындалуына, машиналардың істен шығуын тіркеп отыру, оларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын реттеуге;

  • Апатты жағдайларда өрттен сақтану және алғашқы дәрігерлік көмек көрсету құралдарының дайын болуына;

  • Оқушыларға техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе және деңгейлі нұсқаулардың өтілуін қадағалауға;

  • Оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына;

  • Сабақ басталғанда және аяқталғанда журналдың дұрыс тіркелуін қадағалау, электр көзіне қосуға және ажыратуға жауапты.

Оқушылар информатика кабинетіне алғаш кірген күні мұғалім оларды бойына, есту және көру жағдайына байланысты жұмыс орынын бекітіп беру керек, сонымен қатар техника қауіпсіздігі мен онда жұмыс істеу ережесімен таныстыру керек. Оқушылар жұмыс орнының реттілігіне және ондағы орналасқан құрылғыларға жауап береді.

Оқушылар техника қауіпсіздігі және жұмыс жасау ережесі бойынша сынақтан өтіп, «Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша нұсқаудан өткізу мен оны тіркеу журналы» атаулы журналға белгілену керек. Онда нұсқаудан өткен күні және сынақтан өткені туралы белгі, нұсқауды өткізген мұғалімнің аты-жөні, сынақтан өткен оқушының аты-жөні, сынақтан өткен оқушының аты-жөні және нұсқаудың мазмұны берілген. Бұл мәліметтерді мұғалім бекітіп қол қояды.



Бақылау сұрақтары

  1. Информатика кабинетінде жүргiзiлетiн сабақтар;

  2. Информатика кабинетіндегi дербес компъютердiң (ДК) орналасуына және жабдықталуьна қандай талаптар қойылады?

  3. Информатика кабинетін ұйымдастыруға гигиеналық нұсқаулар қандай?


8 –ДӘРІС.

Тақырыбы: Мектепте информатиканы оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.
Сабақ –информатикадан оқыту жұмысына ұйымдастырудың негізгі түрі.

Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ класс-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:

1) оқу топтарының құрамы;

2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;

3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;

4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;

5) мұғалімнің жетекші ролі;

6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.

Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. Өзінің тарихында оқыту үрдісін ұйымдастыру түрлері әлемдік тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ ХІХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсiлдер жинақталды. Солардың ішінде белльланкастерлiк түpi, мангейм жүйесi, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлерi бар. Ал, информатика негiздерiн оқыту дидактиканың қалыптаскан бай тәжiрибелерiн пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшелiктерiмен толықтыра түседi.

Дидактикада сабақ типтерiн жүйелеуде әртүрлi айырым белгiлерi пайдаланылады. Сабақтың ең басты белrici – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат-оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Cоған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлерi бар:

l) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түciндipy сабағы);

2) оқушылардың шеберлiктерiн және дағдыларын дамыту, бекiту сабағы (жаттығу сабағы);

3) оқушылардың бiлiмiн шеберлiriн және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалiм осы аталған дидактикалық мақсаттардың бiреуiн ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бiрнешеуiне немесе барлығына тұтастай сүйенедi. Сол себептi тәжiрибе жүзiнде аралас сабақ түpi кеңiнен қолданылады. Аралас сабақтың құрамы әртүрлi болып келедi және оның бiрқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерiн араластыра қолдану жаңа бiлімді сапалы, әрi жылдам қабылдауды, кері байланысты және пeдагогикалық үрдістi басқаруды, бағаларды көбейтудi, (шығаруды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. Дегeнмен, информатикадан өтілетін сабaқтардың өздік дидактикалық ерекшелiктерi бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндеттi пән ретiнде енгiзiлгеннен бәрi қалыптасқан тәжiрибелерге тоқталатын болса М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтiлетiн сабақтарды ЭЕМ-дi қолдану мөлшерiне қарай үш түрге бөледi демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс және практикум: Осы уақытқа дейiнгi қалыптасқан тәжiрибелер информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға мүмкіндiк бередi.

Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.

Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері.

Компьютердегi оқу үрдісi төмендегiдей үш аспектiнi қамтиды:

1)оқушының оқу танымдық iс-әрекетiн басқару;

2)оқушының ақпараттық үрдістердi басқаруы;



  1. оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.

Аталған аспектілерге сәйкес:

  1. оқу танымдық үрдістi ұйымдастырудың түрлерi: класс-сабақ жүйесi және т.б.

  2. оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтiк топтық;

  3. тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі болып бөлiнедi.

Сабақ және оның құрылымы.

Сабақ жоспарын құрған кезде төмендегі элементтерді қамту керек:



  • Жаңа тақырыпты оқып білуге дайындық жатығуларының жүйесі;

  • Жаңа материалды, тарихи мәліметтерді немесе проблемалық жағдайларды қолдану арқылы түсіндіру;

  • Сабақтың кез-келген сатысындағы рөлдік оқу ойыны;

  • Үйге тапсырма және оған нұсқау беру;

  • Сабаққа дайындалғанда қолдануға болатын әдебиеттердің тізімін құру.

Сабақ жоспарын құруға негізгі нұсқаулар.

  1. Сабақ тақырыбы.

  2. Сабақтың мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық).

  3. Сабақты өтүге қолданылатын құрал жабдықтар (ОТҚ, көрнекі құралдар, ПЖ, ПҚ, гипертекст, мультимедия, оқу киносы).

  4. Сабақты жүргізу жоспары, сабақты жүргізуде қолданылатын формалар мен әдістердің қолданылу реті және сабақтың әр кезеңіне қажетті уақыт мөлшері.

  5. Сабақты жүргізудің толық жазбасы, оның мазмұнында мыналар қамтылу керек:

  1. Үй жұмысын тексеру ісі қалай жүргізіледі;

б) Кімге қандай сұрақ қойылады;

в) Сыныппен қандай жалпылама жұмыс өткізіледі;

г) Жаңа материал қандай әдіспен жеткізіледі:


  • қандай енгізу жасалынады;

  • оқытушының өзімен не мазмұндалады, оқушылар не орындау керек;

  • оқытушымен қойылатын сұрақтар және оған берілетін жауаптар;

  • қандай көрнекі оқу құралдары қолданылады, олар қашан және қалай көрсетіледі;

  • қандай қорытындылар шығарылады, жұмыстың нәтижесінде оқушыларға не білу керек.

д) Сабақтағы өткен материалды бекіту қалай өткізіледі, оқушылардың жаңа материялдарды түсіну қалай көрсетіледі және оның бұрын өткен материалмен байланысы;

ж) Егер өздік жұмыс өткізілсе, онда оның мазмұны қандай, оны өткізуге қандай талаптар қойылады, тексеру қалай өткізіледі;

з) Үй жұмысы қандай және ол қашан беріледі, оған қандай анықтамалар беріледі;

е) Сабақтың қорытындысын шығару.



  1. Егер курс машинасыз болса, онда конспектіге “тақта түрі” қосылады, яғни дәптерге тақтадағы барлық жазулардың мазмұны мен тұрған жері, қашан және қалай жазылу керек деген нұсқаумен сабақты өткізеді.

  2. Егер курс машиналық болса, онда тақтада не берілетінің және дисплей экранында не қарастырылатының көрсету.

Мұғалім басқа оқытушылардың тәрбие жұмыстарымен танысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырып, өзіне тиімді қортынды жасау үшін озат тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысады.

Информатика сабағына қатысудың өз алдына қойған мақсаты бар:

Білімділік: мұғалімнің іс-әрекеті зерттеу арқылы сабақ өткізудің педагогикалық технологиясының әмбебап элементтерін меңгеру. Оқушылармен, сыныптық дайындық деңгейімен танысу. Таратпа материалдарды, оқулықты, оқулықтың құрал-жабдықтары мен курстың бағдарламасын қолдана отырып, әрбір оқушыға информатика негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушылар осы білімді, мектепте оқылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге, информатиканы оқытудың ерекшеліктерін игерудегі сыныптың негізгі ерекшеліктерімен танысу.

Дамытушылық: мұғалімнің педагогикалық іскерлік пен дағдыны талдау жасай білуін қалыптастыру. Информатиканы оқытуда дидактикалық принциптерді қолдануды меңгеру. Басқа пәндердің оқыту әдістемелерін салыстыру және оны өз сабағында пайдалана білуге үйрету. Өз біліміңді бір пәнді оқыту әдістемесінен екіншісіне ауыстыра білу. Нақты бір мұғалімнің педагогикалық әдістері мен тәсілдерін шығармашылықпен қабылдай отырып, оны жете түсініп, бағалауға үйрену.



Тәрбиелік: информатиканы оқытуға және мұғалімнің жеке тұлғасының даралығына қызығу.

Информатикадан сынақ сабақтарын ұйымдастыру және өткізудің әдіс-тәсілдері.

Оқушылардың білімін бағалау – оқу үрдісінің негізгі элементі болып табылады. Информатика пәнінің мұғалімі сынақ сабағын жүргізу кезінде қандай проблемаларға кездеседі, мысалы Word текстік редакторын өту кезінде.

Біріншіден, теориялық білімді тексеру керек: терминдерді, анықтама беру және т.б., мысалы: абзац, редакциялау, форматтау. Сол уақытта текстік редакторда кейбір іс-әрекеттерді орындата отырып практикалық тұрғыдағы біліктілік деңгейін тексеру қажет. Қарап отырғанымыздай жазба жұмысын және практикалық жұмысты косарласа өткізуіміз керек. Бұлардың барлығын бір сабақтың ішінде қалай үлгеруге болады? Бұл проблемены шешу мақсатында бір теория немесе практика түрінде дейтін болсақ онда қателескеніміз.

Екіншіден білімді бағалаудың проблемасы: кеңес беру және көшірту. Сондықтан білім-біліктіліктің дәстүрлі жазбаша және практикалық түрлерін тексеруде ойлануға тура келеді.

Үшіншіден, практикалық жұмысты ұйымдастырудың проблемасы. Жасыратыны жоқ, оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдықтары әртүрлі, онымен қоса компьютерде үздіксіз жұмыс істеу санитарлық нормалармен шектеулі.

Бұл проблемаларды шешу үшін оқушыларды жеке-жеке теориялық та және практикалық та тапсырмаларды орындайтындай етіп ұйымдастыру керек. Оны қалай істеуге болады? Негізінен информатика кабинетінде компьютерлер кабинет периметріне қарай орналасады, ал ортаңғы бөлігінде парталар бар. Сондықтан негізгі жұмысты жүргізу кезінде оқушылар не партада, не компьютер алдында отырады. Әрине компьютерлер саны көп жағдайда жетіспейді. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Нәтижесінде әр топтан 6-7 оқушы аламыз, оларды бір-бірлеп партаға және компьютерге отырғыза бастаймыз. Сабақ уақытысын екі бөлікке, практикалық және теориялыққа бөлеміз. Осымен бірге түрлі типтегі тапсырмалармен қамтамасыз етеміз.

Нәтижесінде сабақтың бірінші бөлігінде бірінші топ теориялық тапсырманы орындайды, ал екінші топ практикалық тапсырманы орындайды. Сабақтың екінші бөлігінде топтар өзара орындарымен ауысады. Осы сияқты мұғалім оқушының жеке жұмыс істеуін ұйымдастырады, онымен қоса теорияны және практиканы тексереді.

Сабақтың құрылымына түсініктеме:


  • Ұйымдастыру кезеңі уақытысында нақты сұрақтарға ғана қысқа түрде жауап береміз.

  • Жұмысты бұрынырақ орындаған оқушылармен не істеуге болады? Біріншіден бұл оқушы компьютерде отырған оқушы болса жақсы, сондай-ақ оған екінші бөлімнің тапсырмасын беруге болады. Ол үшін бірінші топқа компьютерде жылдам жұмыс істеген оқушылар таңдалып алынады. Бұл жағдайда оқушылар іс-әрекеттерінің ауысуы тапсырмаларды орындауларына қарай болады. Сабақтың соңына дейін орындаған оқушыларға мүмкіндігінше қосымша тапсырмалар даярлау керек (тест, кроссворд және т.б.), жұмысты табысты аяқтағандарды көтермелеуге болады.

3. Жұмысты қалай тексеруге болады? Практикалық бөлім бір-бірлерімен байланысты бөлек тапсырмалардан тұруы мүмкін. Бірінші жағдайда оқушы бір тапсырманы орыдайды да бірден мұғалімге көрсетеді. Екінші жағдайда оқушы барлық практикалық тапсырмаларды орындап алып, онан соң нәтижені мұғалімге көрсетеді. Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріп, нәтижені жазып қояды. Егер уақыт болып жатса оқушы жіберілген қатені түзетіп, өзінің жұмысын тағы да мұғалімге көрсетуіне болады. Теориялық бөлімді сабақта тексермейміз.

Сабаққа дайындық.

Расында да, тапсырмалардың дайындалу жүйесі сабақтың жетістіктеріне байланысты үлкен рөл атқарады. Тапсырманы қалай таңдауға және оларды нұсқаларға бөлуге болады? Нақты тақырып өтілген болғаннан кейінгі тексерілетін теориялық сұрақтар мен практикалық кезеңдерді ерекшелеп аламыз. Мысалы текстік редактормен жұмыс істеу принциптері меңгерілгеннен кейін оқушылар мына нәрселерді білулері тиіс:



  1. файлдармен жұмыс істеуді (ашуды, әр түрлі форматтарда сақтауды);

  2. мәтінді түзетуді, редакциялауды (теруді, болкпен жұмыс жасауды, қателерді іздеу және ауыстыруды);

  3. мәтінді форматтауды (қаріп, абзац, бет);

  4. кестемен жұмыс жасауды;

  5. әр түрлі объектілерді кірістіруді.

Бес тақырып алынды. Бірінші нұсқа үшін әр тақырыптан нақты ептілікті тексеретін тапсырма дайындаймыз. Мысалы:

  1. екі файлды ашу керек: C:\DOC\1.doc және C:\DOC\2.doc;

  2. екінші файлдағы мәліметтің жартысын біріншісіне көшіру керек;

  3. ортасына қарай түзету керек, қаріп KZ Times New Roman;

  4. 3*2 кестесін қосу керек;

  5. фигуралық мәтінді қолдана отырып тақырыпты құру қажет.

Тексерілетін мұндай тақырыптар тапсырмалардың көптеген нұсқаларын құрастыруды керек етеді. Әр нұсқада алынған тақырыптар сақталады, ал тапсырмалардың өздері ауысып отырады. Нақты жеке бір ептілікті тексеру компьютерде жұмыс істеу жылдамдықтарына қарамай барлық оқушыларға теңдей мүмкіншілікті береді. Ең жақсы нұсқа бес тапсырмадан тұрады, бұл жағдайда жұмысты өте қарапайым түрде бағалауға болады: баға дұрыс жауаптар саны. Тексеруді көп қажет ететіндердің нәтижелерін топтастыруға болады.

Теориялық тапсырмаларды дайындау принциптері де дәл осынай болып келеді. Жазу жылдамдықтары төмен орта буынды сыныптарға тапсырманы оқушылар бір немесе бірнеше сөздермен жауап бере отырып орындайтындай етіп ұйымдастыруға болады.

14 оқушыдан тұратын сыныпқа (сынып тобына) ең жақсы нұсқалар саны – 7, ең төменгісі 4. Бұл жағдайда көршілес отырған оқушыларда әрдайым әртүрлі тапсырмалар болады. Бұл жағдайда практикалық және теориялық тапсырмаларды сынақ сабағына бөлінген сағаттың жартысында орындалатындай етіп құрастырамыз: 1 сабақ үшін 15-20 мин (бір тапсырмаға 3-4 мин), қосарласып өткізілетін 2 сабақ үшін 35-40 мин.

Педагогикалық оқу ic-әрекетiнде сабақты ұйымдастыру мен өткiзудің кандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтiлетiн материaлдың күрделiлiгi мен жаңалығына, сондай-ақ, оқушылардың жас ерекшелiгiне байланысты. Ал, оқыту түрін талдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабактың мақсаты оқытушының таңдаған әдiсіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдicтiң бес түрін атап көрсетуге болады:



  • түсiндiрмелi-иллюстрациялы;

  • программаланған;

  • модельдiқ;

  • эвристикалық;

  • проблемалық.

Информатика кypсында аталған әдiстердi қалай пайдаланyға болады?

Енді аталған әдiстердi пайдалануды мысалмен түсiндiрейiк.

Түсiндiрмелi - иллюстрациялы әдiстi оқушыларға талқыланатын тақырып белгiлi болған жағдайда, сабақты өтiлген материалды бекiту сабағы ретiнде жоспарлағанда пайдалануға болады. "Графикалық операторлар" тақьrрыбын: бекітyге төмендегiдей сабақ түpiн ұсынуға болады: сабактың алғашқы үштен бip бөлігінде тақьrpып бойынша барлық операторларды қайталау, қалған уақытта графикалық операторларды пайдаланып, компьютерде қарaпайым программа жазу.

Оқушыларға аралық нәтиже белгiciз болған жағдайда пpограммалaп оқыту әдiciн пайдалану ұсынылады. Мысалы, оқушылар графикалық операторлармен таныс, программаның орындалу нәтижесiнде қандай сурет алынатынын бiледi, бipақ суреттi салу - әр оқушыға жеке тапсырма.

Eгep аралық нәтиже белгiлi болса, бiрақ оны алу жолы белгiciз болса, ол оқытудың эвристикалық әдici болып табылады.

Бастапқы шарттан бастап, соңғы нәтижеге дейiн белгiciз болса, ол дидактиканың проблемалық әдici болып табылады. Мысалы үйретуді программа құру пpоблемалық оқыту болып табылады.

Модельдiк оқыту бойынша алғашқы шарттар белгiciз, бiрақ қалғандары белгiлi. Бұл жағдайда оқытушы сабақты oкyшылapмeн бiрiге отырып, шартты таңдап, модель құруға болатындай етіп ұйымдастырады. Одан кейiн соңғы нәтижеге дейiн қажеттi шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған нәтижедегi айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгерic енгiзiлiп, модель нақтыланып, алгоритм қайталaнады.

Аталған оқыту әдicтерi әртүрлi формада қолданылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткiзу түрін төмендегiдей құрылымда беруге болады:



  • ұйымдастыру;

  • қайталау;

  • жаңа материалды өту;

  • бекiту;

  • бақылау;

  • оқушылардың алған бiлiмiндегi олқылықтарын толтыру.

Информатикадан өтiлетiн сабақтың қарапайым құрылымын былай сипаттаyға болады:

Сыныптағы жұмыс мазмұны

Ұйымдастыру бөлiгi: сабақ тақырыбын хабарлау, дәптepгe алғашқы жазуларды түcipy - 1-3 минут

Өтiлген материалды ауызша" сұрақ түpiндe қайталау және тақтаға жазу -4 – 9 минут.

Жаңа материалды өту (лекция немесе әңгіме) - 10-25 минут

Компьютерде өтiлген материалды бекiту.

Мұғалiм әр оқушыға жеке көмек көрсетедi. - 26-42 минут

Үйге тапсырма және оған түсініктеме беру - 43-44 минут

Сабақты қорытындылау - 45 минут


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау