Қызметтік нұСҚау орал, 017 Бет: беттің 2-сі А



жүктеу 0,67 Mb.
бет2/2
Дата29.12.2019
өлшемі0,67 Mb.
#25431
1   2

Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері


  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер


Бет: 5 беттің 4-сі

1 МАҚСАТЫ
Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер қызметтерірінің біліктілік анықтамалығына сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұдан әрі мәтін бойынша –БҚМУ) студент кеңсесінің әдіскерінің бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатымен дайындалған.



2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2.1 Осы нұсқау БҚМУ студент кеңсесінің (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері үшін жарамды.
3 ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
3.1 Осы нұсқауда қолданылған термин мен анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандартына сәйкес келеді.

3.2 Қолданылған қысқартулар БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.



4 ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІГІ

4.1 Студент кеңсесінің (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері жауапты:

4.1.1 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша хатшыларының/әдіскерлерінің оқып жатқан студенттердің жеке іс қағаздарымен жұмыс жасауын ұйымдастыру мен бақылауға;

4.1.2 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша хатшыларының/әдіскерлерінің мемлекеттік емтихандарға түлектердің жеке іс қағаздарын әзірлеуді ұйымдастыру мен бақылауға;

4.1.3 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша хатшыларымен/әдіскерлерімен бірге күндізгі және сырттай оқу түрлері түлектерінің жеке іс қағаздарын белгіленген тәртіпте университет мұрағатына әзірлеу мен тапсыруға;

4.1.4 білім алушылардың жеке іс қағаздарынан сұралған құжаттардың немесе олардан көшірмелердің шұғыл түрде берілуін ұйымдастыруға;

4.1.5 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша хатшыларымен/әдіскерлерімен және мұрағатшымен бірге оқудан шығарылған білім алушылардың мәліметтер базасын реттеуге, олардың жеке іс қағаздарын өңдеуге және бухгалтериямен юристке ұсынуға;

4.1.6 күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша хатшыларымен/әдіскерлерімен, мұрағатшымен бірге қайта қабылданған және ауысқан студенттердің жеке іс қағаздарымен жұмыс жасауға;

4.1.7 өндірістік қажеттіліктерге байланысты тапсырмаларды орындауға;

4.1.8 жасалған шаралардың СМЖ/СЭМ талаптарына сай болуын қамтамасыз етуге;

4.1.9 БҚМУ-нің сапа саласындағы Саясатын және экологиялық саясатын жүзеге асыруға.

4.2. Студент кеңсесінің (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері құқылы:




Бет: 5 беттің 5-сі
4.2.1 институт оқу бөлімдері хатшыларымен/әдіскерлерімен студенттердің (осы жылы оқып жатқандардың, қайта қабылданғандардың, ауысқандардың, шығарылғандар мен түлектердің) жеке іс қағаздарының уақтылы рәсімделуін бақылауға;

4.2.2 кәсіби қызметіндегі табысына марапатталуға;

4.2.3 кәсіптік қызметін тиісті деңгейде жүргізуді қамтамасыз етуге;

4.2.4 өзінің кәсіптік абыройын және ар-ожданын қорғауға;

4.2.5 ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған және жұмыс берушімен жасасқан, еңбек шартында анықталған құқығын сақтауға.
5 СИПАТТАУЛАР



5.1.Бағыныстылығы

5.1.1 Студент кеңсесінің (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша)әдіскерін БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады;

5.1.2 Студент кеңсесінің (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері тікелей оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректорына бағынады және өз жұмысында оның нұсқауларын, университет өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2 2 Студент кеңсесінің әдіскері болмаған кезінде оның орнына Студент кеңсесінің әдіскері жұмыс жасайды.

5.3 Студент кеңсесінің (білім алушылардың жеке іс қағаздары бойынша) әдіскері білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын; ҚР «Білім туралы» Заңын; жоғары білім саласын реттейтін заңнамалық құқықтық актілерін; университет Жарғысын, СМЖ/ЭСЖ әдістемелік нұсқауларын.

5.4 Біліктілік талаптары:

5.4.1 Студент кеңсесінің әдіскері қызметіне сәйкес жоғары немесе орта арнайы білімі және ЖОО-да 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек.

5.5 Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестация.

5.5.1 Студент кеңсесінің әдіскері БҚМУ қызметкерлеріне аттестация жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестациядан өтеді.


6 ЖАЗБАЛАР

-

7 ДӘЙЕКТЕМЕЛЕР


7.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестация Ережелері;

7.3 Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

7.4 Қызметшілер қызметтерінің Біліктілік анықтамалығы;



7.5 БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі.

жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау