Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»



жүктеу 24,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі24,5 Kb.
#24439



1

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

2

Қызметтің тұтынушылары

 Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан ары - мемлекеттік қызметтерді алушылар)

3

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы*

Автоматтандырылмаған

4

Қызметтің көрсетілетін орны

 Мемлекеттік қызмет  Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан ары - Орталық) арқылы ұсынылады

5

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

ХҚКО мемлекеттік қызмет күнсайын дүйсенбіден бастап сенбі күндеріне дейін қоса алғанда демалыс пен мереке күндерін есептемегенде ХҚКО бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00 бастап 20.00 дейін түскі асқа үзіліссіз ұсынылады.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша күту залымен, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандуспен жабдықталған ХҚКО ғимараттарында көрсетіледі. Залда анықтамалық бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкілердің үлгілері ілінген ақпараттық стендттері орналасқан.

ХҚКО құжаттарды қабылдау қызметкерлермен «тосқауылдарсыз қызмет көрсету» жолы арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметтерді алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға төмендегілерді көрсету арқылы тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сауалды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса ұсынылған құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты.



6

Қажетті құжаттар

 Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

1. халықаралық сертификатты алуға:

1.1 еркін нысандағы өтініш;

1.2 халықаралық сертификатты беру үшін мемлекеттік баж алымын төлеу жөніндегі түбіртек;

1.3 Салық кодексімен белгіленген тәртіпте ағымдағы күнтізбелік жыл үшін жеке тұлғалармен көлік құралдарына салық төлеуді растайтын немесе оны төлеуден босатылуға берілген құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері;

1.4 жылжымалы құрамның әрбір бірлігіне техникалық паспорттардың көшірмелері;

1.5  жылжымалы құрамның әрбір бірлігіне мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәліктердің көшірмелері;

2. халықаралық сертификаттың көшірмесін алуға:

2.1 халықаралық сертификаттың көшірмесін алуға өтініш;

2.2 халықаралық сертификаттың көшірмесін беру үшін мемлекеттік баж алымын төлеу жөніндегі түбіртек.

Мемлекеттік қызметті алушымен салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

Мемлекеттік қызметті ұсынуға ХҚКО еркін нысандағы өтініш ұсынылады.

 

 


7

Қызметтiң құны және төлеу тәртібі

     Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетiледi. Халықаралық сертификат пен халықаралық сертификаттың көшірмесін беру үшін мемлекеттік баж алымын төлеу жөніндегі түбіртек «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексімен (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж алымын төлеу күніне белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштен 50 пайызды құрайды. 

8

Қызметтің көрсетілетін мерзімі

 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) өтініш берілген сәттен бастап - бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат немесе паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;



   2) өтінішті тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

     3) паспортты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;      мына:

      1) ХҚКО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде:      паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілетін 2 күн және ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

      2) ХҚКО-ның облыстық бөліміне жүгінген кезде: паспортты немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

      3) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

     4) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

 

 



9

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

 Мемлекеттік қызмет көрсетілуінің нәтижесі халықаралық сертификатты, халықаралық сертификаттың көшірмесін беру не болмаса қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың көшірмесі болып табылады.

10

Нормативтiк құқықтық актілер**
        1.   Мемлекеттік қызмет:

        2. «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 19-1-бабының 7-1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес.


жүктеу 24,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау