Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 18
3.4.2 Арнаулы қолдау инженериясы
Арнаулы қолдау инженериясы (АҚИ): сіз келіскен және Жұмысқа
тапсырысыңызда тізімі
берілген белгілі бір Microsoft өнімдері мен технологияларын қолдау үшін қалыпты жұмыс уақытында
алуға болатын мәселелердің алдын алу бойынша өзара әрекеттесуге негізделген көмек. АҚИ
қызметтері алдын ала сағаттар топтамасы ретінде сатып алынады және сағаттар пайдаланылғаннан
кейін тіркелгілеріңізден сағаттарды шегеріп отырамыз. АҚИ ресурстары бірлескен жұмыстарды
бастауға арналған жиналыс кезінде тараптардың келісуіне қарай бөлінеді, басымдықтары
анықталады және тағайындалады, сондай-ақ ол Қызметтерді көрсету жоспарыңыздың бөлігі ретінде
құжатталады.
АҚИ қызметтерінің басты бағыттары мынадай:
келешектегі оқиғалардың алдын алуға және қызметтер көрсетілетін Microsoft
технологияларының жүйе қолжетімділігін арттыруға арналған стратегиялар әзірлеуге
және қолданысқа енгізуге көмектесу.
қайталанатын оқиғалардың негізгі себебін анықтауға көмектесу және арнаулы Microsoft
технологияларының бұдан кейінгі жұмысындағы тұрақсыздықтардың алдын алу
бойынша ұсыныстар беру.
бизнесіңіздің ағымдағы және болашақ талаптары мен ақпараттық технология
ортаңыздың теңшелімі бойынша толық мәліметтер беру.
Premier Support–қызметтерімен байланысты жеткізілетін материалдарды (мыс., қолдау
көрсету мүмкіндігіне шолулар, жұмыс жағдайы тексерістері, жұмыс орындары,
семинарлар, қатерлерді бағалау бағдарламалары және т.б.) пайдалану бойынша
ұсыныстарды алдын ала құжатқа тіркеп отыру.
қолдану және жұмыс әрекеттеріңізді Microsoft технологияларының жоспарланған және
ағымдағы қолданысқа енгізілуімен бірізді етуге көмектесу.
қолдау қызметкерлеріңіздің техникалық және жұмыстық дағдыларын жақсарту.
тағайындалған Microsoft технологиялары үшін ортаңыздың теңшелімі, апатты жағдайда
қалпына келтіру, желі топологиясы және т.б. үшін қолдау көрсету мақсатында
тұтынушыға арналған құжаттаманы жасауда және жүргізуде қолдау және көмектесу.
3.4.3 Арнайы қолдау
Арнайы қолдау: арнайы қолдау Microsoft қолдау көрсету туралы саясатында,
http://support.microsoft.com/lifecycle
, анықталғандай қолдану мерзімі аяқталған таңдаулы өнімдер
мен қызмет бумаларына шектеулі, үздіксіз қолдау ұсынады. Арнайы қолдауы сатып алынған өнімдер
(мен нұсқалары) және/немесе қызмет бумалары Жұмысқа тапсырысыңызда көрсетіледі.
Арнайы қолдау бағдарламасына төленетін ақылар сіз Арнайы қолдау алғаш қолжетімді болған күні
тіркелгендей есептеледі (мыс., Windows Server 2003 SP2 үшін Арнайы қолдау 2015 жылғы 15 шілдеде
қолжетімді болған болса, бірақ 2015 жылғы 13 қазанға дейін тіркелмесеңіз, бағдарламаңыз үшін ақы
2015 жылғы 15 шілдеден бастап есептеледі). Арнайы қолдауға тіркелу ақылары қайтарылмайды
және оны Стандартты арнайы қолдау және Маңызды арнайы қолдау бағдарламалары арасында
тасымалдау мүмкін емес.
Қызметтердің сипаттамасы
Қолдау қызметтері
Page 19
Қызметтерге тән алғы шарттар мен шектеулер:
Сізде Арнайы қолдау қызметтеріне немесе жылдам түзетуге тапсырыстар бойынша
қолдау көрсету үшін жеткілікті Проблемаларды шешу бойынша қолдау сағаттары бар
қолданыстағы Premier санатты келісім болуы керек. Егер Premier Support санатты
келісіміңіздің мерзімі бітсе немесе күші тоқтатылса, Арнайы қолдау қызметінің күші де
сол күні тоқтатылады.
Арнайы қолдау алмас бұрын, Жұмысқа тапсырысыңыздағы тізімде берілген тіркелген
өнімдердің ең жаңа қызмет бумасын орнатып, пайдалануыңыз керек.
Тізімделген өнім(дер)ге арналған реттелетін қолдау көрсетуге қатысу және қауіпсіздік
бюллетеньдері мен жаңартуларына кіру мақсатында құрылғы/дана санынан, тоқсан
сайынғы орналастыру кезеңдерінен және көшіруді аяқтау күнінен тұратын толық көшіру
жоспарын қамтамасыз ету қажет. Осы көшіру жоспарын қамтамасыз етпеуі реттелетін
қолдау көрсету жеткізілімдеріне кіру мүмкінсіздігіне әкелуі мүмкін.
Арнайы қолдау мағынасының аясында, «құрылғы» дегеніміз — тұтынушы нақты бір
өнімнің қауіпсіздік жаңартуын қолданғысы келетін кез келген физикалық немесе виртуал
ды құрал-жабдық. Құрылғылар саны физикалық құрылғылар санына емес, қауіпсіздік
жаңартуы немесе жылдам түзету қолданылатын мәртелер санына тең болуға тиіс.
Жазбаша түрде басқаша келісілмесе, Арнайы қолдау тіркелген өнімдердің ағылшын
тіліндегі нұсқасын ғана қамтиды. Егер екі тарап та ағылшыншадан басқа тілдегі қолдауға
келіссе, қолдау көрсету мерзімдері аударуға мүмкіндік беру үшін ұзартылуы мүмкін (бұл
үшін локализация ақысы алынуы мүмкін).
Тіркелу ақысына кіретін қауіпсіздік жаңартулары сатып алынған Арнайы қолдау түріне
және тіркелген өнімге қарай төмендегідей анықталады:
o
Стандартты арнайы қолдау: Қолдау көрсету мерзімдері 2010 жылғы 1 қаңтарға
дейін бітетін өнімдерге қолдау көрсетеді,
Microsoft корпорациясының
қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы (MSRC) «Аса маңызды» немесе
«Маңызды» деп анықтаған қауіпсіздік тұрғысынан осал жерлер де қамтылады.
o
Стандартты арнайы қолдау: Қолдау мерзімдері 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін
бітетін өнімдерге қолдау көрсетеді, MSRC «Аса маңызды» деп анықтаған
қауіпсіздік тұрғысынан осал жерлер жаңартулары қамтылады. MSRC «Маңызды»
деп бағалаған осалдықтар үшін қауіпсіздік жаңартуларын қосымша ақыға сатып
алуға болады.
o
Маңызды арнайы қолдау: MSRC «Аса маңызды» деп бағалаған осалдықтар
үшін қауіпсіздік жаңартуларын әр жаңарту, әр құрылғы үшін қосымша ақыға
сатып алуға мүмкіндік береді. «Маңызды» деп бағаланған қауіпсіздік
жаңартулары қамтамасыз етілмейді.
Арнайы қолдаудың ең қысқа мерзімі — бір тоқсан. Тұтынушылар келесі есепшот
ұсынылатын күннен кемінде 14 күн бұрын хабарлай отырып әр тоқсан сайын Арнайы
қолдаудан бас тарта алады.
Қауіпсіздікпен байланысты емес жылдам түзетулер (мыс., уақыт белдеуі немесе жазғы
уақыт мәселелері бойынша) де қосымша ақы үшін ұсынылуы мүмкін.