Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар


 Көппәтерлі тұрғын үйлерде газ жабдығын пайдалану



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет11/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46

 
 
27 
 
8 Көппәтерлі тұрғын үйлерде газ жабдығын пайдалану 
 
8.1.1  Тұрғын  ғимараттардың  газ  жабдығына  техникалық  қызмет  көрсету 
үш жылда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс.  
Шығарушының  тұрмыстық  газ  пайдаланғыш  жабдығына  сервистік 
қызмет  көрсету  кезінде  газ  желілік  ұйымның  қызметкерлері  оған  техникалық 
қызмет көрсетуді жүргізбейді.   
8.1.2  Газ  жабдығын  жөндеу  оған  техникалық  қызмет  көрсету  кезінде 
анықталған ақаулықтарды жою үшін, сондай-ақ абоненттердің жазбаша немесе 
ауызша өтінімдері (өтінім бойынша жөндеу) негізінде жүргізіледі.  
Техникалық  қызмет  көрсететін  және  (немесе)  өтінім  бойынша  жөндеуді 
жүзеге  асыратын  газ  желілік  ұйымы  жөндеу  жұмыстарын  ақаулықтар 
анықталғаннан  (өтінім  түскеннен  және  тіркелгеннен)  кейін  үш  күнтізбелік 
күннен кешіктірмей бастауы қажет.     
Газ ағындылары авариялық тәртіпте жойылады. 
8.1.3  Газ  құбырларына  және  ғимаратардың  газ  пайдаланғыш  жабдығына 
техникалық  қызмет  көрсетуді  және  оларды  жөндеуді  газ  желілік  ұйымы 
жүргізеді.  
8.1.4  Тұрмыстық  газ  пайдаланғыш  жабдық  орнатылған  ұйымдарда 
белгіленген  тәртіпте  оларды  қауіпсіз  пайдалануға  жауапты  адамдар 
тағайындалады.  
8.1.5 
Газдандырылған  ғимараттардың  иелері  (жалға  алушылар, 
жалдаушылар) және  кондоминиум  объектісінің  басқару  органының өкілі  және 
үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің басқа бірлестіктері мыналарды: 
-  Түтінді  және  желдеткіш  арналардың,  оның  ішінде  біріктіргіш  келте 
құбырларының    түтін  арналарының  шеттерінің  жағдайын  уақытылы  тексеруді 
және  нәтижелерін  журналда  тіркей  отырып,  көрсетілген  жұмыстардың 
орындалу сапасын тексеруді;   
-  түтінді  және  желдеткіш  арналардың  ақаулықтары  және  өз  еркімен 
орнатылған  газ  құралдары  мен  жабдығы  анықталған,  пәтерлерді  тұрғын  емес 
үй-жайларға қайта жабдықтау, иелер (жалға алушылар, жалдаушылар) ауысқан 
кезде  газ пайдаланғыш құрылығыны өшіру қажеттігі туралы газ шаруашылығы 
пайдаланушы ұйымын хабардар етуді қамтамасыз етеді. 
8.1.6 Газдандырылған үй-жайлардың газдалуын бақылау мыналарда: 
-  жатақханалар  мен  қоғамдық  ғимараттардың  газдандырылған  үй-
жайларында;  
- бірпәтерлі және блокталған тұрғын ғимараттардың цоколь және жертөле 
қабаттарындағы  газификацияланған  үй-жайларында  (жылыту  жабдығы 
орнатылған жағдайда); 
-  60  кВт  жоғары  сомалы  жылу  қуаттығында  тұрғын  ғимараттардың 
газдандырылған үй-жайларында; 


 
 
28 
-  оларда  газ  құбырлары  жүргізілген  жағдайда  техникалық  дәліздерде,  үй 
асты қоймаларында, жертөлелерде; 
- газдалуын тексеруге мүмкіндік болмаған жағдайда кірместен ғимараттар 
жертөлелерінде (дабылды сыртқа немесе адамдардың үнемі болуымен бірге үй-
жайларға шығарумен) орнатылатын сигнализаторлармен жүргізіледі. 
Газдалу  сигнализаторларына  қызмет  көрсетуді  және  оларды  тексеруді 
мамандандырылған ұйымның персоналы жүргізеді.  
8.1.7  Техникалық  қызмет  көрсету  кезінде  мынадай  жұмыс  түрлері 
жүргізіледі:  
-  газ  пайдаланғыш  жабдық  құрылғысының  және  үй-жайдағы  газ 
құбырлары  төселгішінің  нормативтік  талаптарға  сәйкестігін  тексеру 
(визуалды); 
-  газ  құбырларына  және  газ  пайдаланғыш  жабдыққа  еркін  жетуге 
рұқсаттың болуын тексеру (визуалды);  
-  газ  құбырының  боялу  және  бекітілу  жағдайын,  ғимараттардың  сыртқы 
және  ішкі  конструкциялары  арқылы  газ  құбырлары  төселгіштерінің  орнында 
футлярлардың болуы мен бүтіндігін тексеру;  
-  аспаптық  әдіспен  немесе  сабынды  эмульсиямен  газ  құбырлары  мен 
арматура бірігуінің тұмшалануын тексеру;  
- газ пайдаланғыш жабдықтың бүтіндігін және жинақталуын тексеру;  
-  газ  құбырларында  орнатылған  крандардың  (ысырмалардың)  жұмысқа 
қабілеттігін  және  майлануын  тексеру,  қажет  болғанда,  тығыздамалық 
қымтағышты қайта тығыздау;   
-  түтінді  және  желдеткіш  арналар  тартымының  болуын,  түтінді  арнамен 
бірге газ пайдаланғыш жабдықтың біріктіргіш құбырларының жағдайын, жану 
үшін ауаның келуін тексеру;   
-  тұрмыстық  газ пайдаланғыш  жабдықтың  барлық  крандарын  бөлшектеу 
және майлау;  
-  тұрмыстық  газ  пайдаланғыш  жабдықтың  қауіпсіздік  автоматикасының 
жұмысқа қабілеттігін тексеру, оны баптау және реттеу;  
-  жанарғыларды  ластанудан  тазарту,  жабдықтың  барлық  жұмыс 
режимдерінде газдың жағылу процесін реттеу;  
- тұрмыстық газ пайдаланғыш жабдықтың тұмшалануын тексеру;  
-  газ  пайдаланғыш  жабдықтың  жекелеген  буындарын  және  бөлшектерін 
ауыстыру немесе жөндеу (қалпына келтіру) қажеттігін анықтау;   
-  жағуға  дейін  және  одан  кейін  жабдық  тартымының  болуын  міндетті 
түрде  тексеру  туралы  ескертетін  газ  жанарғыларының,  жану  өнімдерін  түтін 
арнасына  шығаратын  құралдар  мен  аппараттардың  арнайы  кестешелерінің 
болуын тексеру;  
-  тұтынушыларға  тұрмыста  газды  қауіпсіз  пайдалану  ережесі  бойынша 
нұсқаулар беру.  
8.1.8 Қосымша тұрмыстық газды плиткасында мыналарды:  
- үстелдің плита қорабына бекітілуінің сенімділігін; 


 
 
29 
-  термокөрсеткіш  бекітілуінің  сенімділігін  және  оның  жұмысқа 
қабілеттігін; 
-  ыдыстың  тұрақсыз  жағдайын  жасайтын  үстел  торының  механикалық 
зақымдарының жоқтығын; 
-  духовка  шкафының  табақтары  мен  торларының  бекітілу  сенімділігін 
және еркін орын ауыстыруын;  
- духовка шкафының есігінің бекітілуін; 
-  жанарғының  автоматты  түрде  қосылуын,  істіктің  айналуын  және  аса 
қолайлы  плиталардағы  оттың  өшуі  кезінде  жанарғыға  газдың  берілуін 
тоқтататын қорғағыш құрылғының жұмысқа қабілеттігін тексеру қажет. 
Қосымша су жылытқыштарда мыналарды:   
-  отын  камерасының  қабырғаларына  иректүтіктің  қосылу  тығыздығын, 
жылу  жинағышта  су  тамшыларының  немесе  ағуының  жоқтығын,  негізгі 
жанарғының  отынды  үстін  орнатудың  көлденеңдігін,  сондай-ақ  негізгі  және 
қосымша  жанарғылардың  қозғалуының  жоқтығын,  біріктіру  келтек  құбыры 
бөлімшелерінің арасында саңылауларының жоқтығын;  
- кран блогының сулы бөлігінің (оның бөлшектенуімен бірге), жарғақтың, 
фильтрдің және мембран, сүзгінің және басқа да тораптардың жай-күйін; 
-  күйеден  және  отқабыршақтан  тазарта  отырып  жылу  алмасқыштардың 
жай-күйін (объектілерде немесе шеберхана жағдайларында); 
- суық су шұраларының жұмысқа қабілеттігін тексеру қажет. 
Қосымша тұрмыстық газды пештерде мыналарды:  
-  пеш  қалануының және онда  орналасқан  рамкаларға  жанарғының  қарсы 
алдындағы жайманың жалғанған жерлерінде саңылауларының жоқтығын; 
-  тоқтаусыз  әрекеттегі  газ-жанарғы  құрылғысымен  жабдықталған 
пештердің  тартым  тұрақтандырғышының  болуын  (оның  құрылымында  бар 
болуы кезінде);  
-  жол  мөлшерін  бағыттайтын  шибердің  еркін  жолын  және  шибердің 
диаметрі  15 мм аз емес қуысының болуын; 
- пеш жылытқышы тартымының болуын;  
-  газ-жанарғы  құрылғысының  қауіпсіздік  автоматикасының  болуын 
тексеру  қажет.  Ол  болмаған  жағдайда  газ-жанарғы  құрылғысын  ауыстыру 
қажет. 
Жеке  баллондық  қондырғыларға  техникалық  қызмет  көрсету  кезінде 
қосымша  барлық  жанарғылардың  жұмыс  істеуі  кезінде  газ  пайдаланғыш 
жабдығының  алдында  және  барлық  жанарғыларға  газды  беруді  тоқтатқаннан 
кейін газ қысымын тексеру қажет. 
Газ қысымы 2,0-ден 3,6 кПа-ға дейін шектерде болуы тиіс. 
8.1.9  Газ  пайдаланғыш  жабдыққа  техникалық  қызмет  көрсету  бойынша 
жұмыстар  құрамына  шығарушының  құжаттамасында  көзделген  жұмыстар 
міндетті түрде қосылуы тиіс.  
8.1.10  Газ  ағындылары  және  жарамсыз  қауіпсіздік  автоматикасы 
анықталған,  түтінді  және  желдеткіш  арналар  тартымының  бар  болуы  немесе 


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау