«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


«Шекпеген жапам, кӛрмеген қиындығым қалмады»



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет35/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   127
Шынайы адам

«Шекпеген жапам, кӛрмеген қиындығым қалмады» 
Істің адамы басына туындаған жағдайлардың алдында мойымай, талмай 
жұмысын жалғастырады. Бұл әрекеті оның ісіне деген құрметін, адалдығын кӛрсетеді. 
Ұлы ғалым Сейіт Кутубқа ӛлтірілместен бұрын сол дәуірдің басшысы Насырдан 
кешірім сұрау талап етілгені және осыны жасаса кешірілетіні туралы айтылғанда Сейіт 
Кутуб: 
«Егер бұл ӛлтіру шешімі ақиқат болса мен оған разымын. Ал, егер қателік болса 
мен қатеден кешірім сұрайтындай тӛмендемеймін» деп жауап беріп, ӛзінің нағыз істің 
адамы екенін кӛрсетеді.
Дін ұлылары қиындықтарды кӛре жүріп, істерін жалғастырды. Ахмет Бин 
Ханбел кӛзқарасына байланысты 28 жылға қамалған болатын. Ол «Аллаһ жолында мені 
қамшылағандарға Аллаһтан есендік тілеймін» деді. «Мүснед» атты керемет туындысын 
түрмеде жазды.
Ханефи мезхебінің ұлы имамы имам Серахси бір құдыққа қамалды. Құдықтың 
басына келген шәкірттеріне құдықтың түбінде жатып сабақ берді. Отыз томдық 
«Мебсут» деген еңбегін құдықта жатып жазды.
Бәдиуззаман хазретлері сарсылмас рухани жағдайы және дастанға айналған 
ӛмірі арқылы «Істің адамы қандай болу керек?» деген сұрақтың ең керемет үлгісі 
болды. Қараңыз, ол шеккен қиындығын ӛзі қалай баяндайды: 
«Шекпеген азабым, кӛрмеген қиындығым қалмады. Соғыс жиналыстарында 
маған қылмыскердей қарады, бір қаңғыбас секілді әр жерге сүргінге айдалдым. 
Мемлекет зындандарында айлар бойы кездесуіме тыйым салынды. Қаншама рет маған 
у да берілді. Түрлі балағаттарға душар болдым. Ӛмір сүргеннен ӛлімді қалаған сәттерім 
кӛп болды. Егер дінім ӛзіме қол салуыма тыйым салмағанда бәлкім қазір Саид 
топырақтың астында шіріген болар еді. 
Менің табиғатым қорлау мен балағатқа тӛзе алмайды. Ар-намыс пен Исламдық 
батылдық мені мұндай жағдайға түсуіме қатаң тыйым салады. Мұндай жағдайға душар 
болсам алдымда кім болса да ең залым біреу болсын, ең қанішер дұшпан болсын 
берілмеймін. Зұлымдығын, қанішерлігін оның бетіне ұрамын. Мені зынғанға тастар 
немесе ӛлтірер, мен үшін оның еш маңызы жоқ. Солай болды да. Бұлардың барлығын 
басымнан кешірдім. Тағы бірнеше минут сол қанішер қолбасшының жүрегі, ары 
зұлымдыққа шыдай алғанда Саид қазір асылған және күнәсіздер тобына қосылған 
болар еді.
Міне, менің бүкіл ӛмірім осындай қиындықпен, азаппен ӛтті. Қоғамның иманы, 
бақыты мен амандығы жолында ӛз нәпсімді, дүниемді пида еттім, халал болсын. 
Оларға қарғыс та айтпаймын. Ӛйткені, осының арқасында «Рисале-и нұр» бірнеше жүз 
мың немесе бірнеше миллион адамның иманын құтқаруға себепші болды.
Ӛлу арқылы мен тек ӛзімді құтқарар едім, бірақ тірі қалып, азап пен 
қиындықтармен осыншама иманның құтқарылуына қызмет еттім. Аллаһқа мың 
шүкіршілік»
67

67
Б
ә
диуззаман Саид Н
ұ
рси, Тарихче и хаят, 616-б. 


32 
Хадисте айтылғаны секілді «Мүмін кӛгерген егін сияқты. Оған әрдайым жел 
тиіп тұрады (Мүмінге қиындықтар тиеді). Ал, мұнафықтың жағдайы самырсын секілді. 
Кесілгенге дейін еш қозғалмайды»
68

Иман мен сабыр бәле мен қиындықтарды жеңілдетеді. Аллаһқа иман келтіріп, 
бағынғандар қиындықтарды Аллаһ жолының бір шарты етіп кӛреді.
Бір Рисале-и нұрдың шәкіртін полиция есінен танғанынша ұрыпты. Есін жиған 
кезінде «Иа, Раббым, бұлар білмейді. Сен бұларды кешір!» деп дұға етеді. Дәл Аллаһ 
расулының Ухудта ӛзіне қиындық келтірген қауымына айтқаны секілді: «Раббым! Олар 
білмейді, тура жолға сала гӛр!» 
Дүниеде басына туған бәле мен қиындықтарына ренжігендер жұмақта 
реніштерінің қайтарымы ретінде жұмақ жемістерінің берілгенін кӛрген кезде «Әттең, 
ренішім мен қайғыларым бұдан да кӛп болғанда ғой» дейтін болады.

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау