ҚАРМАҚШЫ
таңы
2
23 мамыр
, 2015 жыл
Жалғасы. Басы 1-бетте.
Деседе, аталған жұмыстар өз дәрежесінде
жүргізілмеген. Атап айтқанда, кенттің кейбір көшелерінде
жатқан күл-қоқыстар үйіндісі әлі алынбаған. Кент
тұрғындарына өз аулаларын таза ұстауды түсіндіру,
көше бойына төгілген құрылыс материалдарын құқық
қорғау органдарымен бірлесе рейд жасай отырып,
алғызу мәселесі әлі де өз шешімін таппаған. Төретам
кенті әкімдігі ғимаратының ауласына егілген ағаштар
күтімге алынбауынан көшеттер қураған, емхана
ғимаратының сыртқы фасады қайта қалыпқа келтіруді
қажет етеді. Жосалы кенті бойынша да, нақтырақ атап
айтар болсақ Сегізов көшесі мен Теміржол бойы маңы,
Мүсірбаев пен Томанов көшелерінің қиылыстары түрлі
тұрмыстық қалдықтарға толы екенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, тиісті мекеме қызметкерлерін
қатыстыра отырып, кент, ауылдық округтер
тұрғындарына көшеге күл-қоқыс тастамау қажеттігі,
өз аулаларын таза ұстау жөнінде және жеке тұрғындар
тарапынан тасталған қоқыс анықталған жағдайда
қолданыстағы заңдылықтарға түсіндірме бере отырып,
әр түрлі деңгейдегі шаралар көзделгенін ескерту,
мекеме қызметкерлерімен рейд ұйымдастыра отырып,
күл-қоқыс тастаған тұрғындарға қолданыстағы
заңдылықтарға сай шаралар қабылдау, уақ және ірі
қара малдардың көшелерде бей-берекет жүрмеуін
болдырмау мақсатында бақташылар арқылы бағылуын
ұйымдастыруды пысықтау қажеттігі сөз болды.
Және жеке тұрғындардың өрістен келген малды
күтіп алып, арнайы мал қораларына қамау мәселесін
кент, ауылдық округтердің көше комитеттері мен
ақсақалдарын қатыстыра отырып, тұрғындар арасында
түсіндірме жұмыстарын жүргізу, күл-қоқыс тастайтын
полигондарды заңдастырудан туындайтын шараларды
атқаруды жеделдету, күл-қоқыс алу жұмыстарын
ұйымдастыруды жыл бойы жүзеге асыру және мекеме,
кәсіпорын, жеке шаруашылық қожалықтары, жеке
кәсіпкерлер тарапынан өз ғимараттарының аулаларын
абаттандыру жұмыстарын жандандыру, егілген
ағаштарды күтімге алып, шығымын қадағалауды,
яғни санға емес сапаға жұмыс атқару туралы ұсыныс
білдірді.
Тұрақты кеңесте «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күлжауһар
Раева хабарлама жасап, онда Жосалы кентінің
санитарлық–тазалық жағдайын және кент аумағында
орналасқан
әлеуметтік
нысандардың
сәулеттік
келбеттерінің тиісті талаптарға сәйкестіктерін анықтау
мақсатында арнайы топ құрылып, Жосалы кенті
аумағын аралау жұмыстары жүргізілгені туралы,оның
ішінде кенттегі екі қабатты тұрғын үйлер маңындағы
күл-қоқыс жиналатын орындарын қалыпқа келтіріп,
тазалықта ұстау мәселесі осы уақытқа дейін шешімін
таппай келеді дей келе, күл-қоқыс тасталған орындар
үнемі тазартылғанымен аз уақыт ішінде сол орынға
қоқыс қайта жиналып қалатынын сөз етті. Демек
аталған аймақта көше комитеттері мен тұрғындардың
санитарлық тазалық мәдениетін арттыру бағытында
шаралар жүргізілмейтінін, «Туған ел келбеті» ЖШС
тарапынан күл-қоқыс шығару жұмыстарына кент
тұрғындары және мекемелермен қоқыс шығару жөнінде
келісім-шарттары осы уақытқа дейін жасалмағанын,
аталған мәселені шешу мақсатында арнайы серіктестік
тіркеліп, күл-қоқыс шығару жұмыстары қолға
алынғанымен, келісім-шарт жасау жұмыстары Жосалы
кенті әкімдігі тарапынан қадағаланбай осы жұмыстар
аяғына жетпей отыр,- деді хабарламашы. -Кент
тұрғындары мен күл-қоқыс шығаратын мекемелер
арасында келісім-шарттар жасалмайынша жоғарыда
көрсетілген мәселе түпкілікті шешілмейтіні анық.
Оған дәлел жұмысшы топтың кентті аралау барысында
тазаланған аумақтардың қайта ластануы. Нақтырақ
айтар болсақ, Сексенбаев көшесі, вокзал маңындағы
«Мағжан», «Аян», дүкендерінің арты, «Жанат» дүкенінің
айналасы. «Бибінұр» базары маңындағы «Ислам»
автобөлшек дүкенінің айналасы, Т.Ізтілеуов көшесіндегі
«Қазпошта» бөлімшесінің алды мен сол қатардағы
автобөлшектер дүкенінің айналасы, Сегізов көшесі
бойы, Сегізов пен Тоғанас батыр көшесінің қиылысы,
Тоғанас батыр көшесіндегі бұрыңғы «Бесаспап»
базары, Өміров көшесінің Тоғанас батыр көшесімен
қиылысындағы автобекет маңы, «Ақмаржан» кафесінің
айналасы, Б.Момышұлы көшесіндегі «Сүйінтай», «Алое
Вера» дүкендері айналасы, Аманкелді мен Б.Момышұлы
көшесінің қиылыстары, Шығыс көшесі мен Медешов
көшесінің қиылысы, Томанов пен Мүсірбаев көшесінің
қиылысының маңы, Мүсірбаев көшесі №30 мектеп
жанындағы көп қабатты үйлер маңы нағыз қоқыстар
алаңына айналғанын баса айтты.
Сонымен қатар, Жосалы кентінде орналасқан
әлеуметтік нысандардың сәулеттік келбеттерін тиісті
талаптарға сәйкестендіру қажеттілігі осы күнге дейін
көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі. Арнайы
құрылған топ мүшелерімен кент орталығындағы
нысандардың иелеріне ескертпе хаттар беріліп,
әкімшілік шаралары көрілді. Алайда, осы уақытқа
дейін аудан орталығының сәулеттік келбетіне кері
әсерін тигізіп келе жатқан нысандар бар. Кент аумағын
аралау барысында Қорқыт ата, Томанов, Мүсірбаев
көшесі бойында орналасқан дүкендер өз айналаларына
абаттандыру жұмыстарын жүргізбегені анықталды. Осы
мәселе бойынша аталған нысандардың иелеріне тиісті
талаптардың сақталуын қамтамасыз ету шаралары
атқарылмай келеді,- деді.
Тұрақты кеңесте онда қаралған үшінші мәселе
«25 мамыр «Соңғы қоңырау» күнін атап өту туралы»
аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша
атқарушы Бауыржан Дүйсенбаевтың, төртінші және
бесінші мәселелер, яғни «31 мамыр саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өту туралы»
және «2015 жылдың ІІ жартыжылдығына баспасөзге
жазылудың барысы туралы» аудан әкімінің орынбасары
Арман Қаржаубаевтың хабарламалары тыңдалды.
Тұрақты кеңесте аудан әкімі Н.Шамұратов сөз
сөйлеп, онда қаралған мәселелерді талдай келе бөлім,
мекеме басшыларына және кент, ауылдық округтер
әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, оны бақылауды
орынбасарларына жүктеді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
Елдің тұрақты дамуына нұқсан
кел тірер жемқорлық-ең қауіпті ін-
дет, ал оны болдырмау мен алдын
алу әрбір азамат үшін міндет. Ел
эко номикасы мен жалпы қоғамның
қалыпты дамуына орасан шығын
әкелетін жемқорлық індетімен күрес-
тің пәрмені уақыт өткен сайын кү-
шей месе, бәсеңсіген емес. Алай
да
қазына қаржысын мақсатсыз пай-
да лану, талан-таражға салу, ысы-
рап ету фактілері, сонымен қатар
шаруа ны оңтайлы шешу үшін пара
беру немесе алу әрекеттері түбегейлі
жойы
лай келеді. Адамзат баласының
қауіпті кеселіне айналған бұл жат
әдет дамыған және дамушы елдердің
барлығында кездеседі. Тәуелсіздікке
қол жеткізген Қазақстанды да жем-
қорлық кеселі айналып өткен жоқ.
Республика
Президенті
Н.Ә.Назарбаев тың “Қазақстан Рес-
пуб
ликасының 2015-2025 жылдарға
ар налған сыбайлас жемқорлыққа
қар сы стратегиясында” ұлттық қауіп-
сіздік пен қоғамдық тұрақ тылыққа
төнген қатер ретінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
жалпыұлттық ке шен ді бағдарламаны
дәйекті түр де жүзеге асырудың
қажеттігін айтып, жемқорлықпен
күрес жал
пы барша халықтың міндеті
екенін атап көрсетті. “Мемлекет
пен қоғам біртұтас майдан құрып
жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс.
Жемқорлық-жай құқық бұзушылық
емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне
деген сенімді сетінетеді және ұлттық
қауіпсіздікке төнген тікелей қатер
болып табылады” деген Мемлекет
басшысы жағымсыз құбылыспен
жұмыла күресу керектігін баса
айтты.
“Қазақстан-2050”
Стра тегия-
сын дағы ауқымды міндеттерді және
Қа зақ станды әлемдегі дамыған 30
елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге
асыру жағдайында елдегі сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың
тиімділігінің
сапасын
арттыру
қа жет. Осы бағытта, Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік
қыз
мет істері және сыбайлас жем-
қор лыққа қарсы іс-қимыл агент тігі-
нің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің Орталық аймағы
бойынша ауданаралық бөлімі сы-
байлас жемқорлыққа қарсы мә де-
ниет пен тәрбиені қалыптастыру
үшін профилактикалық іс-шара-
лар
ды ұйымдастыруды қолға ал-
ды. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”
де мекші, барша халықты, әрбір
отбасы мен азаматтардың құқықтық
сауаттылығын арттыруға, сыбайлас
жемқорлықтың алдын алуға, жем-
қорлыққа қарсы күресуге шақы-
рамын. Бұл тұрғыда аудан көле-
мін де сыбайлас жемқорлық сипа-
тын дағы көріністер, оқиғалар бел-
гі лі болған жағдайда Call center
1494 телефондарына, www.1494.kz
порталына немесе Орталық ай мағы
бойын ша 8(72436) 21-9-31 те ле
фо ны-
на қоңырау шалуды қапер лері ңіз ге
сала кеткенді жөн көрдім.
А.БИТАБАРОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің Орталық аймағы
бойынша ауданаралық бөлімінің
басшысы.
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
- ОРТАҚ ІС
«Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке
меншікке және жалдау құқықтарын сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға аукцион жариялайды.
Жеке меншікке және уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын табыстау үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі
№
Жер учаскесінің орналасқан
жері
Жер учаскесінің
көлемі,га
Жер учаскесінің
нысаналы мақсаты
Жер пайдалану
құқығы
Бастапқы баға,
теңге
1
«Мырзақара» өңірі
2000,0
Шаруа қожалығын
жүргізу үшін
10 (он) жыл
мерзімге уақытша
476000
2
«Ханқалы» өңірі
500,0
-//-
-//-
119000
3
«Байбақты» өңірі
150,0
-//-
-//-
37872
4
«Жалғыз құм» өңірі
300,0
-//-
-//-
71400
5
«Сатынтөбе» өңірі
200,0
-//-
-//-
50400
6
«Өтеміс» өңірі
100,0
-//-
-//-
28350
7
«Жосалы каналы» өңірі
60,0
-//-
-//-
17010
8
«Тағай» өңірі
2000,0
-//-
-//-
476000
9
«Жосалы» өңірі
50,0
-//-
-//-
14256
10
«Алтынасар» өңірі 1 учаске
500,0
-//-
-//-
112000
11
«Алтынасар» өңірі 2 учаске
500,0
-//-
-//-
112000
12
«Дәуек» өңірі
350,0
-//-
-//-
91440
13
«Балғабайшоқы» өңірі
100,0
-//-
-//-
25200
ХАБАРЛАНДЫРУ
1.Аукционға жеке және мемлекеттік емес заңды
тұлғалар қатыса алады.
2.Аукционға ұсынылып отырған жер учаскелерін тиімді
және жер заңнамаларының талаптарына сай пайдалану
міндеттеледі.
3.Аукцион ағылшындық тәсілмен жүргізіледі.
4.Аукционға қатысуға кепілдік жарна -6300 теңге.
5.Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін:
1) аукционға қатысуға арналған өтінімді;
2) жеке басын куәландыратын құжатты;
3) кепілдік жарна төлемі құжатының көшірмесін;
4) Қазақстан халық банкідегі 20 таңбалы шоты;
5) өкілдің өкілдігін растайтын құжатты;
6)Заңды тұлғалар жарғының және заңды тұлғаны
тіркеу туралы куәліктің нотариалды куаландырылған
көшірмелерін ұсыну қажет.
7.Қатысушылар кепілдік жарнаның кез-келген санын
енгізуге құқылы, бұл ретте бір кепілдік жарна бір жер
учаскесін, жер учаскесін жалдау құқығын сатып алуға
құқық береді.
8.Аукционға қатысу туралы өтінімдер аудандық жер
қатынастары бөлімінде хабарлама шыққан күннен бастап
2015 жылғы 9 маусым сағат 16.00-ге дейін жүргізіледі,
аукцион 2015 жылғы 9 маусым күнісағат 17.00-де Жосалы
кенті, Абай көшесі, №95 мекен-жайында өткізіледі.
9.Аукционға қатысты барлық сұрақтарға жауаптар мен
кеңесті Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімінен
алуға болады. Мекен-жайы: Жосалы кенті, Абай көшесі,
№95 үй, тел. 2-18-08, 2-13-78
«Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімі»
ММ.
Газетіміздің өткен сандарының бірінде “Көр-
дің бе ұлын ананың” атты мақала жарыққа
шық қан болатын. Осы мақалада кент тұрғыны
Нарша Алданазаровтың ағасы, яғни әкесінің
туған бауыры Ұлы Отан соғысы кезінде көзсіз
ер лік көрсетіп, жау қолынан қаза болған Сәпіл
Алданазарұлы туралы айтылған еді. Қан май-
данға 23 жасында аттанып, 24 жасында өмірден
озған жауынгердің қайда жерленгені беймәлім
болып келген-ді. Арада 73 жыл өткеннен соң
интернет-саит арқылы қимас бауырдың Қалмақ
Республикасы, Яшкуль ау да нына қарасты Хол-
хута селосында жерленгені белгілі болды.
Сүйінші хабарды алысымен Ұлы Отан со-
ғы сындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қар-
саңын да Холхута селосын бетке алған Нарша
Алданазаров қасына інісі Бауыржанды ертіп аға
рухына бас иіп, тағзым етуге жолға шықты.
-1941 жылдың 23 желтоқсанында аудандық
соғыс комиссариатынан Ұлы Отан соғысына
аттанған ағам Сәпіл Алданазарұлы №3-ші
атқыштар батальонының 152-ші атқыштар бри-
га дасы құрамында майданға түскен. Ағамның
ата-анасы кеуделерінен жандары шыққанша
қай сар ұлдарының жолына қараумен, оны са-
ғыну мен, күтумен өтті. Ағамның қайда жер лен-
ге нін білгеннен кейін қазақпыз ғой, басына барып
әке-шешесінің арман-аңсары болған аманатын
орындауды, басына тәу етіп қайтуды парызым
санадым. Інім Бауыржанмен бірге 8 мамыр
күні Астрахань қаласына атбасын тіредік. Одан
шығып, Астрахань-Гроздный бағытындағы
ав то бусқа отырып, Яшкуль селосына жеттік.
Сол жерде бізді Яшкуль аудандық әкімшілік
бас шысының орынбасары Галина Шининова
күтіп алып, әкімшілік аппаратына бастады.
Қонақ үйге орналастырды. Ас-суымызды
ішіп алғасын біздерге Яшкуль аудандық
әкім шілігінің басшысы Хаглышев Тельман
Кюк ено вич жеке қабылдау жасады. Әкім
қабылдауында тағылымды әңгімелер айтылды.
Мен де Қазақстанның, Қазақ елінің, аудан
жұртшылығының ақеден сәлемін жеткіздім. 73
жылдан соң ағамның осы жерде жерленгенін
тапқанымды, оған Шишинова Галина Лид-
жиев наның қосқан үлесі көп екенін айтып,
жауын гер ағамның рухына құран бағыштап
қайтуыма атсалысқан аудандық әкімшілікке
ризашылығымды білдірдім. Аудан басшысы
да өте қарапайым жан екен. Біздерге қошемет-
құрмет көрсетті. Әкім Холхута селосындағы
соғысқа көптеген ұлт өкілдерінің қатысқанын,
оның ішінде қазақ халқының қайсарлығын
ерек ше атап өтті. Қазақстаннан келген біздерге
арнайы дастархан жайылды. Осы күні кешкі
сағат 8-де Яшкуль селосындағы “Мәңгілік
алаңда” митинг өтіп, онда әкім сөз сөйледі. Аудан
басшысы біздерді яшкульдіктерге таныстырып,
ата-бабаларымыздың ерлік істерін әңгімеге өзек
етті. Біздер де шараны ұйымдастырушыларға
алғысымызды айтып, қармақшылықтардың ыс
-
тық ықыласын жеткіздік.
9 мамыр күні таңертең ертемен біздерді
аудандық әкімшіліктің ауылшаруашылығы
бөлімінің басшысы Муршаев Савр Гри горь-
евич Яшкульден 90 шақырым қашықтықта
жатқан Холхута селосына бастады. Ұлы Отан
соғысы жауынгерлеріне арналған ес керт кіш-
мемориалға алып барды. Сол жерде 152-ші
атқыштар бригадасының құрамында болған
бірнеше адамның аты-жөні жазылған жауын-
герлер зиратына көздері тірі кездерінде ба ла-
ла рын күтумен зарыққан әке-шешесі бейіті
басынан алып барған бір уыс топырақты сал-
дық. Бауырластар зиратынан алынған бір уыс
топырақты ауылдағы ата-анасының басына
әкеліп салдық. Аға буын алдындағы ама-
нат ты орындағасын аудан орталығында өт-
кі зілген 9 мамырға арналған мерекелік іс-
шараға қатысып, “Мәңгілік алауға” гүл
шоқтарын қою рәсіміне қатыстық. Мұнан соң
аудандық мәдениет үйінде мерекелік салтанат
ұйымдастырылды. Салтанатта біздерге арнайы
сөз берілді. Мінбеге шығып, елден алып барған
сый-сияпаттарымызды тапсырдық. Аудан әкімі
мен оның орынбасарына ұлттық шапан мен
қамзол-жаулығымызды иықтарына жаптық. Қа-
зақ халқының қонақжайлығын көрсеттік. Сал-
та нат бітісімен Қалмақ Республикасының ас-
танасы-Элиста қаласына, оның мәдени-тарихи
орындарына саяхат жасадық. Кешке мерекелік
отшашуға қатыстық. Жол сапарымызда қа сы-
мызда Яшкуль ауданының қазақ диас пора сы
жетекшісі Харип Берқалиев бірге болды. 15
мың халқы бар Яшкуль ауданында 1000-нан
ас там қазақ қандастарымыз тұрады екен. Сапар
барысында тарихи тағылымы мол әңгімелер
естідік. Соның бірі-“Санчик” деген құдық тура-
лы естігенімді айтсам. Немістер мен Кеңес
жауынгерлері аталған құдықтан су алатын кезде
екі жақта бір-бірін атпайтын болған. Екі жақ та
бір құдықтан су ішкен. Бұл құдық қазірге дейін
де сақталған екен,-дейді жауынгер ағасының ба-
сы на барып қайтқан Нарша ағамыз.
Сәпіл Алданазаров қатысқан кескілескен
ұрыс Холхута селосында болған. Холхутадан
58 шақырым жерде жатқан Утта селосында
немістердің әскери штабы орналасқан екен. Ха-
лық тар достығы, ұлттар арасындағы бірлік пен
татулықтың, ерлік пен ерен еңбектің арқасында
неміс басқыншылары Холхута селосындағы Ке-
ңестер Одағы жауынгерлерінің бекінісін бұ-
зып өте алмаған. Әрине, Жеңіс жолында қан-
шама қан мен тер төгілді. Олардың қатарында
қазақстандық жауынгер, біздің жерлесіміз Сәпіл
Алданазаровтың да ерлікті жолдары мәңгілік
өшпек емес. Жат жерден топырақ бұйырған
қазақтың батыр ұлының жатқан жері жайлы, то-
пы
рағы торқа болсын, дейміз.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
ТУҒАН ЖЕР ТОПЫРАҒЫ
73 ЖЫЛДАН КЕЙІН БҰЙЫРДЫ
Аудан әкімінің аудан аумағында көктемгі
көркейту, көгалдандыру және санитарлық
тазалық айлығын өткізу туралы өкімі аясында
бүгінде көптеген жұмыстар атқарылды.
Аудан орталығы Жосалы кенті мен барлық
елді мекендерде аталмыш игі іске мекеме
және кәсіпорындар қызметкерлерімен бірге
кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, сонымен
қатар жеке тұрғындар да белсене атсалысуда.
Оған айғақ, жуырда Күлжауһар Раева
басқаратын «Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалы, Қаршыға Есдәулетов және Жақсыбай
Жәкеевтер төрағалық ететін аудандық және
Жосалы кенті ардагерлер кеңестері, сонымен
қатар халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
аудандық филиалы мен аудандық сәулет
және қала құрылысы бөлімі (бөлім басшысы
Қуаныш Жалғасбаев) ұжымдары аудан
орталығындағы Энгельс, Шумилов көшелеріне
тазалық жұмыстарын жүргізді. Екі көшенің
қиылысына жиналған күл-қоқысты тазартып,
көшелер бойындағы арықтарды аршыды.
Ұйымшылдықпен өткізілген сенбілікке көше
комитетінің төрағасы Әлдебай Бөгетов пен
аталмыш көшелердің тұрғындары да қатысты.
Тіпті, сол көшелердің тұрғындарының
ұсыныстарымен бос жатқан жерлерге түрлі
тал көшеттерін егіп, аумақты көркейту туралы
ұсыныстар айтылды.
Міне, осындай игі істерімен көпке үлгі
көрсеткен азаматтарға көше тұрғындары
ризашылықтарын айтып, жылы лебіздерін
білдірді.
Сонымен қатар, сол күні Төлепберген
Әбдиев басқаратын «Туған ел келбеті» мекемесі
мен аудандық мәслихат депутаты Мырзаш
Бекбаев басшылық жасайтын аудандық электр
торабы мекемесі және Ғабидулла Шарапатов
басқаратын №30 орта мектеп ұжымы да
мектеп алдындағы қоқыстарды, сонымен қатар
Мүсірбаев пен Томанов және Қабылан батыр
көшелері қиылыстарындағы күл-қоқыстарды
тазартып, оларды арнайы орындарға шығарды.
Нұрбай БЕСЕНТЕГІ.
ҮЛГІ КӨРСЕТТІ
«Қызылорда облысының кәсіп кер лер палатасы мен
облыс әкімдігі ара сындағы ынтымақтастық тура лы
меморандумы» аясында об лыс тық білім басқармасының
об лыс көлеміндегі жалпы орта білім беретін мектептердің
оқу шы ларына кәсіби бағдар беру мақсатында бірлескен
іс-шара жос пары бекітілген болатын.
Соған сәйкес, облыстық білім басқармасының
ұйымдастыруымен жуырда кент орталығындағы №250
мектеп-лицейінде «Талапқа талғам таразы» атты іс-шара
болып өтті.
Аталған іс-шараны аудан әкі мі нің орынбасары Арман
Қар жау баев ашып, облыстық білім басқармасы кәсіптік-
техникалық білім бөлімінің басшысы Ержан Есенбаев
облыстағы техникалық колледж мамандықтары туралы,
оның қазіргі заманға қандай пай
дасы ның бар екенін
айтты.
Іс-шарада М.Мәметова атын дағы Қызылорда гумани-
тар
лық колледжі, И.Әбді кәрімов атындағы Қызылорда
аграрлы-техникалық колледжі, медицина, құрылыс және
бизнес, индустриялық-тех никалық, политехникалық және
Қар мақ шы аграрлы-тех ни калық кол ледж дері нен келген
ма ман дар мен сту денттер бола шақ студенттерге өз дерінің
колледждерінің тарихы мен мамандықтары туралы түсі-
нік темелер берді. Және 9-11 сынып оқушыларын қалаған
маман дық тары бойынша оқуға түсуге шақырды.
Сонымен қатар, шара бары сын да «Серпін»
бағдарламасы туралы айтылып, сол арқылы жеңілдікпен
оқуға түсуге түсініктемелер берілді.
Шарада әрбір колледжден кел ген белсенді жастар,
яғни студенттер өздері нің өнерлерін ортаға салып, әннен
шашу шашты.
Алтыншаш КЕТЕБАЙ.
ТАЛАПҚА ТАЛҒАМ
ТАРАЗЫ
Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айы
АЙТЫЛҒАН СЫННАН
ОРНЫҚТЫ НӘТИЖЕ
ШЫҒУЫ ТИІС