3. Бағдарлама мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу, жастардың рухани, мәдени, білімдік, кәсіби жағынан қалыптасуына және дене дамуына, бүкіл қоғам мүддесіне олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жастарды әлеуметтендіруге және республикадағы жастар ұйымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті көмектер жасауға арналған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу және қабылдау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттердің шешілуі көзделеді:
салауатты өмір салтын қалыптастыру және сәйкесінше жастар арасында денсаулық сақтау мен нығайтудың дағдыларын игеру;
жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау, жанұя институтының дамуы, оның өмірлік проблемаларын шешуге ықпал ету;
жастарға экономикалық дамуы мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау;
жастар саясатын ақпараттық қаматамасыз ету;
жас дарындарды қолдау және шыңдау;
жастарды азаматтық белсенділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу және жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдай жасау;
даму мен әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау.
4. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
Жастар арасында салауатты өмір салтын және денсаулықты нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру
Осы бағдарламаның жүзеге асуы шеңберінде жас азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету мақсатында денсаулық, дене тәрбиесі және спорт саласында мынадай іс-шаралар көзделген:
жас азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулығын сақтауға байланысты шараларды жүзеге асыру және жастар арасында салуатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауды ұйымдастыру;
«ЖҚТБ – XXІ ғасырдың дерті», «Денсаулық жәрмеңкесі», «Жастар есірткіге қарсы» тақырыптарында жастар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен акциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізу;
жастар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту, бұқаралық спортты қалыптастыруды насихаттайтын шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
кәмелетке толмаған жастардың мінез-құлқы мен тәртібінің өзгермелік және жастар арасында нашақорлардың таралуын ескертетін орталықтың қызметін ұйымдастыру;
Жыныс жолдарымен жұғатын аурулар, ЖҚТБ, маскүнемдік, нашақорлық мәселелері туралы әлеуметтік сауалнама, «дөңгелек үстелдер» өткізу;
әлеуметтік дәрігерлік-кеңес қызметін ұйымдастыру;
аула клубтарының қызметін ұйымдастыру.
Жоғарыда көрсетілген шаралардың жүзеге асырылу нәтижесінде жастар бұзақылығы мен бақылаусыздығы сияқты әлеуметтік жат тәртіптің әр түрлі формаларына қарсы күресте алдын-алу шаралары ретінде жастар мен балалардың тұтастай әлеуметтік жұмыс жүйесі құрылуы мүмкін.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір жас қызылордалықтың шыңдалып өсуіне және қалыптасуына өз септігін тигізеді, өзінің өмірлік жолын таңдап, анықтауда оң әсер етеді. «Қазақстандық социумның тәрбиелік потенциалын, оның жас мүшелеріне кешенді әлеуметтік көмекті дамыту мен оны өзектілікке айналдыру мақсатындағы, сонымен бірге, адамзаттық ресурстарды қайта қалыптастыруға бағытталған қаржылай салымдар нағыз сенімді де нәтижелі салым болып табылады. (Н.Назарбаев).
Жас азаматтардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы
Жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырмай тұрақты және жүйелі құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту мүмкін емес. Әрбір тұлғаның дамуы үшін өзінің құқығы мен міндеттерін білуі міндетті шарт болып табылады. Ал заң нормаларының орындалуы жазалаудан қорыққандықтан емес, азаматтық-құқықтық принциптің белсенділігімен анықталады. Әзірге әлеуметтендіру мен тәртіптендіруде негізгі күш жағымсыз салдарды болдырмау мақсатында жастар арасында қалыптасқан келеңсіз жағдайдың алдын алып, түбегейлі өзгертуге бағытталған.
Жастардың қызығушылығы мен құқығын қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениеттің көтерілуін, жас адамдардың Конституцияны, заңдарды, Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізгі идеяларын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, кәсіби дайындау және білім, еңбекпен қамту саласында олардың құқықтарының жүзеге асыру мүмкіндіктерін жастар арасында құқықтық ақпарат тарату мен насихаттауды қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында және де жас отбасылар үшін қолайсыз жағдайлар туғызатын проблемалардың пайда болуын алдын алу үшін келесідей іс-шаралар қарастырылады:
1) жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуі бойынша қызметтің жұмысын ұйымдастыру (жастарды консультациямен қамтамасыз ету);
2) жастар қоғамдық қабылдау қызметін ұйымдастыру.
Жастардың экономикалық дамуы мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы өңірлік жастар саясаты іс-шаралары мен қызметін ұйымдастыру мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
жастар қатысуымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету;
«Жасыл ел» еңбек және студенттік құрылыс жасақтары қызметін ұйымдастыру және құру;
жастардың жұмыспен қамтылуы мен кәсіптік бағыт алуына көмектесетін ақпараттық қызметті ұйымдастыру.
Осыған орай, Бағдарлама аясында жастарды жұмыспен қамтуға байланысты проблемаларды шешуге мемлекеттік құрылым тарапынан әр түрлі қолдау көрсету және нақты іс-шаралар жолдары қарастырылуда:
жастарды жұмыспен қамту және кәсіптік бағыт беруге ықпал ететін ақпараттық қызмет жұмысын ұйымдастыру;
студенттік құрылыс еңбек жасақтары қызметін ұйымдастыру проблемалары бойынша «дөңгелек үстелдер» өткізу;
мемлекеттік тапсырыс аясында тұрғын үй құрылысы және құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру кезінде басты шарттарының бірі ретінде онда студенттік және жастар құрылыс отрядтары қатысуын қарастыру;
“Жасыл ел” және СҚЖ жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру
жазғы кезеңдерде «Жасыл ел» студенттік еңбек жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтары үшін жұмыс көлеміне мониторинг жүргізу;
жастар үшін экономикалық сараптамалық-бағалау қызметті көрсетуді қамтамасыз ету;
жастар үшін қоғамдық және уақытша жұмыс тізімін анықтау;
жастар арасынан кәсіпкерлерге кеңес беру бойынша қызметтің жұмысын ұйымдастыру;
мемлекеттік қызметке үздік бітірген түлектерді тарту іс-шараларын ұйымдастыру;
жастар үшін бос лауазымды орын туралы ақпараттық база құру;
оқушылар үшін жазғы еңбек және демалыс лагерлерін ұйымдастыру;
жоғары және орта оқу орындарында түлектерді мақсатты дайындап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жобаларды әзірлеу.
Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету
Бағдарламаның дайындалуы мен оның тиімді жүзеге асуы жастар тобының қызығушылығы туралы расталған ақпараттың болуын пайымдайды және қазіргі таңда облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін құру қажеттілігі туды. Бір жағынан алып қарағанда, жастар өміріне қатысты әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуі, мазмұнды диалогтың болуы жастарға қатысты жастар саясатының тиімді жүргізілуіне септігін тигізеді. Басқа жағынан алып қарасақ, өмірдің әр түрлі салаларында жастарға көмек көрсететін ұйымдардың қызмет түрлерін, қызмет аясын білмеуінен жастардың осындай ақпаратқа қажеттілігі ұлғаяды. Қоғамның жастарға қойып отырған жаңа талаптарына сәйкес керекті ақпаратты иемденсе олар өздерінің мәселелерін шешуге белсенділік танытады.
Бағдарлама аясында жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-сараптамалық қызметтің дәстүрлі формалары қолданылады:
жастарды ақпараттық-сараптамалық қызметпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру (жастарға арналған бюллетендік брошюра, Интернет ақпараттық жүйесі, әлеуметтік сауалнама жүргізу, шығармашылық акция, фестиваль және т.б.);
өңірлік мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында жастар тақырыбындағы тұрақты айдарлар мен телебағдарламаларды қолдау мен дамыту.
Жас дарындарды қолдау мен шыңдау
Елбасының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауында жоғары білімді тұлғалардың қалыптасуының стратегиялық бағытын анықтады. Жастардың тұлғалық жеке ерекшеліктерін дамыту мен айқындау, техника мен өнер ғылымының әр түрлі салаларында өзін-өзі таныту қабілетін және шығармашылық белсенділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Сонымен қатар, жастардың интеллектуалдық дамуы үшін шығармашыл жастарды қолдау қажет. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру шеңберінде жас таланттарға көмек көрсетумен бірге, жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу жұмыстарын күшейту керек.
Бағдарламада келесідей қарастырылады:
«Студенттік көктем» өз өнерін көрсететін студенттік жастар жыл сайын облыстық шығармашылық фестивалін өткізу;
Қызылорда облысы әкімінің Кубогы үшін облыстық КТК турнирін жыл сайын өткізу;
«Дарын» республикалық конкурсына дарынды жастардың қатысуын ұйымдастыру.
Жастар қоғамдық бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен азаматтық белсенділігін арттыру
Қазіргі қоғамдық жүйе құрылымының күрделенуіне байланысты осыдан сәйкес қалыптасатын міндеттері мен құқықарымен, жас ұрпақтың азаматтың әлеуметтік ролін аса белсенді игеру қажеттілігі туды. Сондықтан қазіргі қоғам әрбір жас адамға осы ролді игеруге және игеру үшін жағдай жасауға белгілі уақыт беру қажет.
Сонымен бірге, позитивті қоғамдық жастар бастамасын қолдау, лидер сапасына, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге, демократиялық мәдениет деңгейінің көтерілуіне, жастардың әлеуметтену процесіне оңтайлы әсер етеді.
Қоғамдық ұйымдардың осы жүйесінде жастардың шығармашылық, инновациялық және экономикалық белсенділігінің жүзеге асуына қолайлы жағдай қалыптасады.
Демократиялық, азаматтық қоғамның қалыптасуында қоғамдық-саяси процестерде жастардың деңгейін көтеру үшін облыстағы үкіметтік емес жастар ұйымдарына көмек көрсетуді жалғастыру керек.
Осыған байланысты үкіметтік емес жастар ұйымдарының олардың қызметіне қатысты шешімдерді қабылдауға қатысу үлесін жоғарлату керек. Ол үшін жастар саясатын бағыттайтын жергілікті атқарушы органдар жанындағы кеңес беру органының құрылымын жетілдіруді қамтамасыз ету керек.
Сонымен қатар, жастардың азаматтық көзқарасы мен отансүйгіштігін дамыту үшін жастар ортасында БАҚ-ы мен білім жүйесі арқылы жастар арасында ағартушылық және насихаттық, жүйелі, мақсатты бағытталған жұмыстарын жүргізу қажет. Білім мекемелеріндегі әскери-отансүйгіштік тәрбие қызметін балалар мен жасөспірімдер клубтары аясына дейін кеңейтіп, олардың қызметін құруды қамтамасыз ету керек.
Жас адамдарды оқыту процесінде алған спецификалық дайындықтарын бекіту мақсатында әскери-спорттық ойындар, оқу-жаттығу тәжірибелерін қайта қолға алып, аталған спорт түрін насихаттау қажет.
Жас ұрпаққа мемлекеттік тілді меңгеруге, ұлттық, мәдени құндылықтарды игеруге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары мен тарихын зерттеуге барлық жағдай жасау керек.
Осы жұмысқа мүдделі үкіметтік емес жастар ұйымдары мен мемлекетік органдардың кешенді қатысуы мен жүйелі байланысын қамтамасыз ету қажет.
Сондықтан, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеуді қамтамасыз ету жүзеге асыру және жастар қоғамдық бірлестіктері қызметіне жағдай жасау мақсатында құқық қорғау органдары мен білім мекемелерінің, жастар ұйымдарының кең қоғамдық мүмкіндіктері мен ұйымдастырушылық әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстары мынадай жолдармен жалғасады:
жастар қоғамдық бірлестігі қызметтеріне мониторинг жүргізу;
жастардың азаматтық белсенділігін дамыту бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру;
жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру (әскери- спорт ойындарын өткізу, оқу-жаттығу, әскери міндеттілік және жастар арасында азаматтық борыш туралы насихаттайтын кездесулер ұйымдастыру);
әскерге дейінгі және әскерден кейінгі жастардың облыстық спартакиадасын ұйымдастыру;
жастар арасында азаматтық борыш, әскери міндеттілікті насихаттайтын кездесулер, «дөңгелек үстелдер» өткізу;
«полиция қызметіне көмектесетін еріктілер жасағы» қызметін ұйымдастыру және құру.
Жастардың дамуына және әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау
Жастардың тәжірибелік бейімделуіне қолдауды қамтамасыз ету жүйесі өзіне дағдарыстық, шиеліністік жағдайға кезіккен жастардың әлеуметтік - маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруды, олардың әлеуметтік бейімделуін және толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауды қосады.
Жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделуіне және өзін-өзі іске асыруға жағдай жасау үшін бағдарлама асында ауыл жастарын бейімдеушілік, тәжірибелік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету қажеттілігі туады. Бұл ұйымдастыру арқылы көптеген әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге өз септігін тигізеді:
ауыл жастарын әлеуметтік бейімдеу бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру;
2) облыс жастарының форумын өткізу;
9 – 11 сынып бітірушілері үшін білім қызметі жәрмеңкелерін ұйымдастыру.
Қазіргі қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік салалардағы өзгерістер жас адамдардың ішкі дүниесінің қалыптасуына күшті әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да, жас адамдарды күнделікті өмір сүрудің өзгеруіне байланысты, кездейсоқ жағдайларды болдырмаудың алдын-алуға бейімдеп, әлеуметтендіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру керек.
5. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаның басты қаржыландыру көзі - бағдарлама әкімшілігі қарастырып отырған облыстық бюджет қаржысы және басқа да заңдылықпен алынатын қаржы көздері болып табылады.
Бағдарламаның жүзеге асуына облыстық бюджет қаржысынан 2006 жылы – 8 млн. 500 мың теңге, 2007 жылы – 8 млн. 925 мың теңге, 2008 жылы – 9 млн. 371 мың 250 теңге қарастырылып отыр.
Ескерту: Бағдарламаның іс-шара жоспарының 3, 9, 10, 17, 24, 25, 29, 34 тармақтарындағы іс-шаралар бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылады.
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Әрбір жас қызылордалықтың әлеуметтік құқықтарын қорғауда шаралар кешенін әзірлеуге септігін тигізеді. Бағдарламаны мүлтіксіз орындау мемлекеттік құрылымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің арасында сапалы жаңа және қызмет ететін қарым-қатынас тетігін әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол өз алдына облыста нәтижелі мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Бағдарламадағы іс-шаралар жобасын нақты іске айналдыру шеңберінде жастар дамуының өзекті мәселелері туралы ғылыми-тәжірибелік конференциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізу қарастырылуда. Аталған іс-шаралар жастар ұйымының қызметін үйлестіріп, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуында жаңа тетіктердің әзірленуіне өз септігін тигізеді.
Бағдарламаның қоғамдағы қозғаушы күшке айналуы ең алдымен жастардың әлеуметтік-экономикалық даму жүйесін қалыптастыру саласында оң нәтиже береді. Қазіргі таңдағы жастарға қатысты басты мәселелерді шешуде кең ауқымды проблемалар түйсігін тартатын және бәсеңдетуде, қалыптасқан экономикалық, қоғамдық және әлеуметтік қатынастар жүйесінде жас азаматтардың заман талабына сай жан-жақты дамуына өз әсерін тигізеді. Сөйтіп Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын жүргізуде белсенді қызмет ететін ерекше құралға айналады.
Қызылорда облыстықжастар саясатының 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары
|
|
№ п/п
|
Іс-шара атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Орындауға жауаптылар
|
Жүзеге асыру мерзімі
|
Болжанып отырған шығындар, мың тг.
|
Қаржыландыру көздері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.Салауатты өмір салтын және жастар арасында денсаулықты сақтау мен нығайтуға сәйкесінше дағдыларды қалыптастыру
|
1
|
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды, бұқаралық спортты дамытуды насихаттауды ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыру жоспарында қаралған сома шегінде
|
Облыстық бюджет
|
2
|
Жастар қоғамдық бірлестіктері мен жастардың қатысуымен “ЖҚТБ-ХХІ ғасыр дерті”, “Денсаулық жәрмеңкесі”, “Жастар нашақорлыққа қарсы” тақырыбында акциялар өткізу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, жоғары оқу орындары басшылары (келісім бойынша)
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
3
|
Кәмелетке толмағандарды теріс қылықтардан алыстату және жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын-алу орталығының қызметін ұйымдастыру мәселесін қарастыру.
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда облысының білім беру департаменті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылуды көздейді
|
Облыстық бюджет
|
4
|
Нашақорлық, маскүнемдік, жыныстық жолмен таралатын аурулар және ЖҚТБ проблемалары бойынша әлеуметтік зерттеулер, кездесулер, семинар-тренингтер, “дөңгелек үстелдер” өткізу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыру жоспарында қаралған сома шегінде
|
Облыстық бюджет
|
5
|
Жастардың әлеуметтік іс-әрекетке ептілігі бойынша мониторинг жүргізу (жастар және жасөспірімдердің іс-әрекеттік аурулары, жас отбасы проблемалары)
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
6
|
Дәрігерлік кеңес беру жөніндегі әлеуметтік қызметтің жұмысын ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыру жоспарында қаралған сома шегінде
|
Облыстық бюджет
|
7
|
Аула клубтарының қызметін ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
2006 ж. – 2500,
2007 ж. – 2625, 2008 ж. – 2756,25
|
Облыстық бюджет
|
2. Жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау
|
8
|
Жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру (жастарға кеңес беруді қамтамасыз ету)
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
2006 ж. – 400,
2007 ж. – 420,
2008 ж. – 441
|
Облыстық бюджет
|
9
|
Жастар қоғамдық қабылдаулар қызметін ұйымдастыру мәселесін қарастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылуды көздейді
|
Облыстық бюджет
|
3. Жастардың экономикалық дамуы және жұмыспен қамту мен еңбек саласында жағдай жасау
|
10
|
Жастарды еңбекпен қамту мен кәсіби бағдарлануына ықпал ететін ақпараттық қызмет жұмысын ұйымдастыру мәселесін қарастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті,
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылуды көздейді
|
Облыстық бюджет
|
11
|
Студенттік құрылыс еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру проблемалары бойынша “дөңгелек үстелдер” өткізу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті, Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
12
|
Тұрғын үй құрылысы мен құрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті органдар тендер жариялағанда, онда студенттік және жастар құрылыс жасақтарының келісім шартпен қатысуын талап ретінде қою
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
13
|
“Жасыл ел” және СҚЖ жастар еңбек жасақтарының қызметін ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының басшылары (келісім бойынша)
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыру жоспарында қаралған сома шегінде
|
Облыстық бюджет
|
14
|
Жазғы демалыс кезінде “Жасыл ел” студенттік еңбек жасақтары үшін жұмыс көлемінің мониторингін жүргізу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыру жоспарында қаралған сома шегінде
|
Облыстық бюджет
|
15
|
Жастар үшін экономикалық сараптамалық- бағалаушылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
Бизнес жоспарымен шағын және орта бизнеске несие беру мәселелері бойынша көмек көрсету
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
16
|
Жастар үшін қоғамдық және маусымдық жұмыстардың тізімін анықтау
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
17
|
Жас кәсіпкерлерге кеңес беру жөніндегі қызмет көрсететін қызмет жұмысын ұйымдастыру мәселесін қарастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылуды көздейді
|
Облыстық бюджет
|
18
|
Мемлекеттік қызметке үздік бітірген түлектерді тарту үшін іс-шаралар ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облыстық тәртіптік кеңесі (келісім бойынша), Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, жергілікті атқарушы органдар, жоғарғы оқу орындарының басшылары (келісім бойынша)
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
19
|
Жастар үшін бос жұмыс орындарының бар екендігі туралы ақпараттық мәліметтер жинағын әзірлеу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
20
|
Мектеп оқушылары үшін тынығу және еңбек лагерлерін ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының білім беру департаменті, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыру жоспарында қаралған сома шегінде
|
Облыстық бюджет
|
21
|
Жастарды жұмыспен қамтамасыз етіп, орналастыруға дайындау бағыты бойынша жобаларды әзірлеу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Жоғарғы және орта оқу орындарының басшылары (келісім бойынша), Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
4. Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету
|
22
|
Жастарды ақпараттық-сараптамалық қызметпен қамтамасыз ететін қызмет жұмысын ұйымдастыру (жастар бюллетенін, брошюраларын шығару, ақпараттық Интернет жүйесіне тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету, әлеуметтік зерттеулер, шығармашылық акциялар, фестивальдер және т.б. өткізу)
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
2006 ж.– 4600,
2007 ж.– 4830,
2008 ж. – 5071,5
|
Облыстық бюджет
|
23
|
Аймақтық мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу аясында бұқаралық ақпарат құралдарында жастар тақырыбы бойынша телерадио бағдарламалар мен тұрақты айдарларды қолдау мен дамыту
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Сәйкесінше бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспары аясында
|
Облыстық бюджет
|
5. Жас дарындарды қолдау мен шыңдау
|
24
|
Жыл сайын студент жастардың қолөнер, көркем шығармашылығы “Студенттік көктем” атты облыстық фестивалін өткізу бойынша мәселелерді қарастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда облысының мәдениет департаменті, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының басшылары (келісім бойынша), Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылуды көздейді
|
Облыстық бюджет
|
25
|
Жыл сайынғы Қызылорда облысы әкімі Кубогына облыстық КТК турнирін өткізу бойынша мәселелерді қарастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, жоғары және орта оқу орындарының басшылары (келісім бойынша)
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылуды көздейді
|
Облыстық бюджет
|
26
|
Дарынды жастар арасында өткізілетін республикалық “Дарын” конкурсына қатысуды ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының мәдениет департаменті, Қызылорда облысының білім беру депараменті, Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
6. Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және отансүйгіштікке
тәрбиелеу мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдай жасау
|
27
|
Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне мониторинг жүргізу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
28
|
Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
2006 ж.- 500,
2007 ж – 525,
2008 ж. – 551,25
|
Облыстық бюджет
|
29
|
Жастарды отансүйгіштікке тәрбилеу бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру (әскери спорттық ойындар, оқулар, жастар арасында азматтық борыш пен әскери міндеттер бойынша кездесулер өткізу) бойынша мәселелерді қарастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, Қызылорда облысының білім беру департаменті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша), Қызылорда қаласы және аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылуды көздейді
|
Облыстық бюджет
|
30
|
Әскерге шақырылатын және шақырылған жастар арасында облыстық спартакиада өткізуді ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қызылорда облысының білім беру департаменті, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша)
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыру жоспарында қаралған сома шегінде
|
Облыстық бюджет
|
31
|
Жастар арасында азаматтық борыш, әскери міндеттерін насихаттау бойынша кездесулер, “дөңгелек үстелдер” өткізу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент (келісім бойынша), Қызылорда облысының білім беру департаменті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
32
|
“Полицияға ерікті көмек көрсететін жасақтардың” қызметін ұйымдастыру және құру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының ішкі істер департаменті (келісім бойынша), жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының басшылары (келісім бойынша)
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
7. Жастардың дамуы мен әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау
|
33
|
Ауыл жастарын әлеуметтік бейімдеу бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
2006 ж. – 500,
2007 ж – 525,
2008 ж. – 551,25
|
Облыстық бюджет
|
34
|
Облыс жастарының форумын өткізу жөнінде мәселелерді қарастыру
|
Хаттама
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, қала мен аудан әкімдері
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылуды көздейді
|
Облыстық бюджет
|
35
|
9 және 11 сынып бітіруші түлектер үшін білім қызметтерінің жәрмеңкесін өткізу
|
Облыс әкіміне ақпарат
|
Қызылорда облысының білім беру департаменті
|
2006 – 2008 жылдар бойы
|
Қаржыландыруды қажет етпейді
|
-
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
2006 ж.– 8 500,
2007 ж. – 8925,
2008 ж. – 9371,25
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |