Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәнінен В060200-Информатика мамандығында сырттай оқитын курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар



жүктеу 16,73 Mb.
бет34/183
Дата14.12.2017
өлшемі16,73 Mb.
#4407
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   183



Емтихан сұрақтары

1. Кездейсоқ оқиға деп не аталады?

2. Қандай оқиға ақиқат, мүмкiн емес, қолайлы, қарама-қарсы деп аталады?

3. Қандай оқиғалар үйлесiмдi, үйлесiмсiз деп аталады?

4. Оқиғалардың толық тобы деп не аталады?

5. Оқиғаның салыстырмалы жиiлiгi дегенiмiз не?

6. Оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасын тұжырымда.

7. Алмастырулар, орналастырулар, терулер деп не аталады?

8. Оқиғалардың қосындысы мен көбейтiндiсiнiң анықтамасын бер.

9. Үйлесiмсіз оқиғалар үшiн ықтималдықтың қосу теоремасын тұжырымда.

10. Тәуелсiз оқиғалар үшiн ықтималдықтың көбейту теоремасын тұжырымда.

11. Үйлесiмдi оқиғалар үшiн ықтималдықтың қосу теоремасын тұжырымда.

12. Тәуелдi оқиғалар үшiн ықтималдықтың көбейту теоремасын тұжырымда.

13. Қарама-қарсы оқиғалардың ықтималдығы неге тең?

14. Ең болмағанда бiр оқиғаның пайда болу ықтималдығы қалай табылады?

15. Толық ықтималдық формуласын жаз.

16. Байес формуласын жаз.

17. Байес формуласы қай жағдайда қолданылады?

18. Тәуелсiз қайталамалы тәжiрибелердiң мағынасы неде?

19. Бернулли формуласын жаз. Ол қандай жағдайда қолданылады?

20. Лапластың локальдық формуласын жаз.



21. Пуассон формуласын жаз.

22. Лапластың интегралдық формуласын жаз.

23. Лаплас және Пуассон формулаларының Бернулли формуласынан айырмашылығы неде?

24. Лапластың локальдық және интегралдық формулаларының айырмашылығы неде?

25. Кездейсоқ шаманың анықтамасын бер.

26. Қандай кездейсоқ шамалар дискреттiк деп аталады?

27. Кездейсоқ шаманың үлестiрiм заңы деп не аталады?

28. Дискреттiк кездейсоқ шаманың негiзгi үлестiрiм заңдары қандай?

29. Дискреттiк кездейсоқ шаманың математикалық үмiтi деп не аталады?

30. Кездейсоқ шаманың дисперсиясы деп не аталады?

31. Кездейсоқ шаманың орта квадраттық ауытқуы деп не аталады?

32. Үзiлiссiз кездейсоқ шаманың анықтамасын бер.

33. Қандай кездейсоқ шамалар үзiлiссiз деп аталады?

34. Кездейсоқ шаманың үлестiрiм функциясы деп не аталады?

35. Кездейсоқ шаманың ықтималдықтарының үлестiрiм тығыздығы деп не аталады?

36. Кездейсоқ шаманың қандай үлестiрiмi бiрқалыпты деп аталады?

37. Кездейсоқ шаманың қандай үлестiрiмi көрсеткiштiк деп аталады?

38. Кездейсоқ шаманың қандай үлестiрiмi қалыпты деп аталады?

39. Үзiлiссiз кездейсоқ шаманың математикалық үмiтi қалай есептеледi?

40. Үзiлiссiз кездейсоқ шаманың дисперсиясы қалай есептеледi?

41. Чебышев теңсiздiгi және теоремасы не үшін қолданылады?

42. Бернулли теоремасы арқылы не табуға болады?

43. Пуассон және Хинчин теоремалары қандай жағдайда қолданылады?

44. Орталық шектік теоремасы дегеніміз не?

45. Кездейсоқ шамалардың жүйесі деп не аталады?

46. Кездейсоқ шамалар жүйесінің үлестірім заңы.

47. Екі кездейсоқ шамалар жүйесінің үлестірім функциясы және оның қасиеттері.

48. Екі кездейсоқ шамалар жүйесінің үлестірім тығыздығы және оның қасиеттері.

49. Екі кездейсоқ шамалар жүйесінің сандық сипаттамалары. Олар қалай анықталады?

50. Бас жиынтық деп не аталады?

51. Таңдамалық жиынтық деп не аталады?

52. Қандай таңдау тәсiлдерi болады және олар қалай iске асады?

53. Қандай таңдама репрезентативтi деп аталады?

54. Вариациялық қатар деп не аталады?

55. Таңдаманың статистикалық үлестiрiмi деп не аталады?

56. Жиiлiктер полигоны деп не аталады?

57. Жиiлiктер гистограммасы деп не аталады?

58. Үлестiрiмнiң эмпирикалық функциясы деп не аталады және оның қасиеттерi қандай?

59. Белгiсiз параметрдiң статистикалық бағасы деп не аталады?

60. Статистикалық бағаларға қандай талаптар қойылады?

61. Қандай баға жылжымаған деп аталады?

62. Қандай баға тиiмдi деп аталады?

63. Қандай баға орнықты деп аталады?

64. Бас және таңдамалық орташалардың анықтамасын бер. Олар қалай есептеледi?

65. Бас және таңдамалық дисперсиялар қалай есептеледi?

66. Жылжымаған таңдамалық дисперсия қалай анықталады?

67. Қандай бағалар нүктелiк деп аталады?

68. Қандай бағалар интервалдық деп аталады?

69. Сенiмдiлiк интервалы деп не аталады?



70.Қалыпты үлестiрiмнiң математикалық үмiтiнiң а сенiмдiлiк интервалы қалай анықталады?

71. Статистикалық болжам дегеніміз не?

72. Статистикалық болжамның қандай түрлері болады?

73. Статистикалық болжамды тексерудiң негiзгi принципi қандай?

74. Статистикалық критерий және кризистік аймақ дегеніміз не?



75. Үлестірім заңы туралы болжамды тексеруге критерийі қалай қолданылады?

76. Екi шама арасындағы қандай тәуелдiлiк статистикалық деп аталады?

77. Екi шама арасындағы қандай тәуелдiлiк корреляциялық деп аталады?

78. Регрессия функциясы деп не аталады?

79. Регрессия теңдеуi деп не аталады?

80. Түзу сызықты регрессия теңдеуiнiң параметрлерi қалай есептеледi?

81. Корреляциялық момент деп не аталады?

82. Корреляция коэффициентi деп не аталады?

83. Корреляция коэффициентi қандай мәндердi қабылдай алады?

84. Сызықты корреляция коэффициентi қалай есептеледi?



85. Таңдамалық сызықты регрессия теңдеуiн жаз.

Тест тапсырмалары

1. Кездейсоқ оқиға деп ... аталады.

А) нақты бір жағдайларда жүргізілген тәжірибе;

В)шарттар комплексі орындалғанда болуы да, болмауы да мүмкін оқиға;

С) болуы мүмкін оқиға;

Д) болмауы мүмкін оқиға;

Е) нәтижесінде оқиға болуы да, болмауы да мүмкін тәжірибе.

*************



2. Оқиға ақиқат деп аталады, егер тәжірибе нәтижесінде ол ...

А) пайда болса немесе пайда болмаса;

В) мүлдем пайда болмаса;

С) міндетті түрде пайда болса;

Д) қарама-қарсы оқиғаға айналса;

Е) кездейсоқ оқиғаға айналса.

*************

3. Мүмкін емес деп ... аталады.

А) тәжірибе нәтижелерінің жиыны;

В) тәжірибе нәтижесінде болатын оқиға;

С) болуы да, болмауы да мүмкін оқиға;



D) шарттар комплексі орындалғанда болуы да болмауы да мүмкін оқиға;

Е) тәжірибе нәтижесінде пайда бола алмайтын оқиға.

***********

4. Шарттар комплексі орындалғанда болуы да, болмауы да мүмкін оқиға ... деп аталады.

А) ақиқат;

В) мүмкін емес;

С) кездейсоқ;

Д) үйлесімсіз;

Е) үйлесімді.

************

5. Мына оқиғалардың қайсысы кездейсоқ болады?

А) екі рет атқанда нысанаға үш рет тию;

В) ұтылмайтын лоторея билетімен ұтыс;

С) топ студенттерінің барлығы ықтималдықтар теориясынан емтиханды «өте жақсы» тапсырды;

Д) ойын кубигін лақтырғанда 8 ұпай алу;

Е) ойын сүйегінің жоғары жағына 6-дан артық емес ұпай түсті.

***********

6. Мына оқиғалардың қайсысы ақиқат болады?

А) лотореяның бір билетінен ұтыстар;

В) тиын лақтырғанда елтаңба пайда болуы;

С) доминоның толық ойынынан «дубль» алу;

Д) клиент несиені уақытында қайтарды;

Е) ойын сүйегінің жоғары жағына 6-дан артық емес ұпай түсті.

***********

7. Мына оқиғалардың қайсысы мүмкін емес болады?

А) ойын сүйегінің жоғары жағына жай сан түсті;



В) 1-ден 20-ға дейін сандардан кездейсоқ алынған натурал сан бүтін болады;

С) ойын сүйегінің жоғары жағына жұп сан пайда болды;

Д) кездейсоқ алынған тақ жыл 366 күннен тұрады;

Е) кездейсоқ алынған жұп жыл 366 күннен тұрады.

***********

8. Нәтижелері бақыланатын белгілі бір шарттар комплексінің орындалуы ... деп аталады.

А) оқиға;

В) тәжірибе;

С) нәтиже;

Д) ықтималдық;

Е) жиілік.

*********

9. Төмендегі мысалдардан тәжірибені көрсет?

А) тиын лақтырғанда елтаңба пайда болу;

В) кәсіпорын конвейерінен ақау өнім шығу;

С) «Бинго» билетімен автомобиль ұту;

Д) Қостанай қаласында 2000 жылы 1000 мм-ден артық жауын-шашын болу;

Е) доминоның толық ойынынан кездейсоқ бір сүйек алынды.

*************



10. Оқиғалар үйлесімді деп аталады, егер ...

А) олардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығармаса;



В) тәжірибе нәтижесінде бұл оқиғалардың біреуінің де мүмкіншілігі артық болмаса;

С) тәжірибе нәтижесінде олардың ең болмағанда біреуі міндетті түрде пайда болса;

Д) олардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығарса;



Е) олардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болу ықтималдығын өзгертпесе.

***********

11. Егер оқиғалардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығарса, онда оқиғалар ... деп аталады.

А) үйлесімді;

В) тәуелсіз;

С) тәуелді;

Д) үйлесімсіз;

Е) қарама-қарсы.

***********

12. Егер екі оқиға бірге пайда бола алса, онда олар ... деп аталады.

А) үйлесімді;

В) тәуелсіз;

С) тәуелді;

Д) үйлесімсіз;

Е) қарама-қарсы.

*********



13. Оқиғалар үйлесімсіз деп аталады, егер ...

А) олардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болу ықтималдығын өзгертпесе;

В) тәжірибе нәтижесінде бұл оқиғалардың ешбіреуінің де мүмкіншілігі артық болмаса;

С) тәжірибе нәтижесінде олардың ең болмағанда біреуі міндетті түрде пайда болса;

Д) олардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығармаса;

Е) олардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығарса.

*********

14. Төменде берілген оқиғалар жұбының қайсысы үйлесімді болады?

А) ойын сүйегінің үстіңгі жағына жұп сан; тақ сан ұпай пайда болуы;

В) 1-ден 100-ге дейінгі сандардан кездейсоқ алынған натурал сан: 10–ға бөлінеді;

11-ге бөлінеді;

С) автомобиль двигателінің 1-ші цилиндрі; 3-ші цилиндрі жұмысында ақау болу;

Д) бір атқанда тию; тимеу;

Е) ойын сүйегінің үстіңгі жағына: жай сан; 4 саны пайда болды.

***********

15. Төменде берілген оқиғалар жұбының қайсысы үйлесімді болады?

А) ойын сүйегінің үстіңгі жағына жұп сан; тақ сан ұпай пайда болу;



В) 1-ден 100-ге дейінгі сандардан кездейсоқ алынған натурал сан:

10–ға бөлінеді; 11- ге бөлінеді;

С) нысанаға оқ тиді; нысанаға оқ тимеді;

Д) бірінші мерген нысанаға тиді; екінші мерген нысанаға тиді;

Е) ойын сүйегінің үстіңгі жағына: жай сан; 4 саны пайда болды.

*************

16. Егер оқиғалардың біреуінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығармаса, онда оқиғалар ... деп аталады.

А) үйлесімді;

В) тәуелсіз;

С) тәуелді;

Д) үйлесімсіз;

Е) қарама-қарсы.

************

17. Төменде берілген оқиғалар жұптарының қайсысы үйлесімсіз болады?

А) ойын сүйегінің үстіңгі жағына жай сан; тақ сан ұпай пайда болу;

В) 1-ден 100-ге дейінгі сандардан кездейсоқ алынған натурал сан:

10–ға бөлінеді; 5- ке бөлінеді;

С) автомобиль двигателінің 1-ші цилиндрі; 3-ші цилиндрі жұмысында ақау болу;

Д) екі атқанда тию; тимеу;

Е) ойын сүйегінің үстіңгі жағына: жай сан; 4 саны пайда болды.

***********

18. Төменде берілген оқиғалар жұбының қайсысы үйлесімсіз болады?

А) ойын сүйегінің үстіңгі жағына жай сан; тақ сан ұпай пайда болу;

В) тиын түсті: елтаңба жоғары жағында; елтаңба төмен жағында;

С) автомобиль двигателінің 1-ші цилиндрі; 3-ші цилиндрі жұмысында ақау болу;



Д) екі атқанда тию; тимеу;

Е) ойын сүйегінің үстіңгі жағына: жай сан; 3 саны пайда болды.

************

19. А оқиғасына қарама-қарсы оқиғаның мағынасы ...

А) А оқиғасы пайда болмады;

В) А оқиғасы пайда болды;

С) ол пайда бола алмайды;

Д) ол міндетті түрде пайда болады;

Е) ол пайда бола алады.

***********

20. Төменде берілген оқиғалар жұбының қайсысы қарама-қарсы болады?

А) студент емтиханды «өте жақсы» тапсырды;

студент емтиханды «жақсы» тапсырды;

В) студент емтиханды «қанағаттанарлық» тапсырды;

студент емтиханды тапсырмады;

С) кездейсоқ алынған алма 150 грамм тартады;

кездейсоқ алынған алма 170 грамм тартады;

Д) екі оқтың бірі нысанаға тиді;

екі оқтың бірі де нысанаға тимеді;

Е) ең болмағанда бір оқ нысанаға тиді;

бірде-бір оқ нысанаға тимеді.

************



21. Үш мерген нысанаға оқ атты. А оқиғасы– «ең болмағанда бір мерген нысанаға тиді». оқиғасын көрсет.

А) нысанаға тек бір мерген тиді;

В) нысанаға екі мерген тиді;

С) нысанаға үш мерген тиді;

Д) нысанаға бірде-бір мерген тимеді;

Е) нысанаға оқ тиді.

**********



22. Үш мерген нысанаға оқ атты. А оқиғасы– «нысанаға оқ тимеді». оқиғасын көрсет.

А) нысанаға тек бір мерген тиді;


жүктеу 16,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   183




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау