Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет10/19
Дата28.12.2019
өлшемі0,64 Mb.
#25257
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

22

жұмыс берушімен еңбек қатынастарын рәсімдеудің шарттары мен нысандарына қатысты 

елеулі ерекшеліктерді айқындайды. Мәселен, жалпы, Еңбек кодексінің 29-бабының талап-

тарына сәйкес Қазақстанда еңбек шарты мына мерзімдерге жасалуы мүмкін:

еңбек  шартында  оның  қолданылу  мерзімі  ескертілмеген  немесе  ол  белгіленбеген 



мерзімге жасалғанда, белгіленбеген мерзімге

белгілі бір мерзімге, бұл ретте, оның ұзақтығы кемінде бір жылды құрауы тиіс;



белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына;

уақытша  орнында  жоқ  қызметкерді  алмастыру  уақытына,  мысалы  уақытша  ауырған 



кезде, бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне;

маусымдық  жұмыстың  орындалу  уақытына,  (мұндай  шарттар  көбінесе,  ауыл 



шаруашылығы жұмыстарын орындауға жалдаған жағдайда жасалады).

Сонымен  бірге,  ұлттық  еңбек  заңнамасы  мерзімдері  белгіленбеген  шарттарды 

қызметкердің құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан әлдеқайда қолайлы есебінде қарайды. 

Осы себепті, еңбек шарты белгісіз мерзімге жасалатын қызметкерлер үшін көзделген кепіл-

діктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатымен еңбек шартын белгілі бір мерзімге 

жасауға тыйым салынады (Еңбек кодексінің 29-бабының 1-тармағы). 

Алайда,  квоталар  мен  рұқсаттар  жүйесіне  жататын  еңбекші-мигранттар  жағдайында 

еңбек  шарттарын  белгіленбеген  мерзімге  жасау  мүмкіндігі  жоқ.  Бұған  қоса,  квоталарды 

таратып бөлу мерзімі мен рұқсатты ресімдеу және еңбекші-мигранттардың тізімін растау 

рәсімдерінің ұзақтығын ескергенде, іс жүзінде мигранттармен еңбек шарттары бір жылдан 

аспайтын мерзімге, атап айтқанда, белгілі бір жұмыстарды орындау мерзіміне ғана жаса-

луы мүмкін. Міне сондықтан да, еңбекші-мигрант пен жұмыс берушінің еңбек қатынастары 

қашан  да  қысқа  мерзімді  сипатта  болады  және  жұмыс  берушіге  берілген  рұқсат  мерзімі 

аяқталысымен, яғни күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін өздігінен тоқтауы тиіс.



4.2. Кәсіптік оқыту, тіл үйрету курстары мен кірігу курстары 

Қазіргі  заманғы  халықаралық  стандарттар  тұрақты  мәртебелері  реттелген  мигранттар 

мен ел азаматтарының кәсіптік оқыту мен қайта даярлауға қол жеткізуіне тең мүмкіндіктер 

қағидасын  көздейді.  Мәселен,  Барлық  еңбекші-мигранттардың  және  олардың  отбасы 

мүшелерінің  құқықтарын  қорғау  туралы  Халықаралық  конвенцияның  43-бабында  олар 

кәсіптік  бағдарлау  және  жұмысқа  орналастыру  қызметтеріне,  кәсіптік  даярлау  және 

қайта  даярлау  орындары  мен  мекемелеріне  қол  жеткізуге  қатысты  жал  бойынша  жұмыс 

мемлекетінің азаматтарымен теңдей тәртіпті пайдалануға тиіс деп көрсетілген. ХЕҰ 1975 

жылғы № 151 Конвенциясына сәйкес кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру қызметтерін 

көрсету саласындағы мүмкіндіктер мен өтініш білдіру теңдігін берумен қатар, еңбек миг-

ранттарын жал бойынша жұмыс мемлекетінің тілін үйретуге жағдай жасау қажет. 

7.  (1)  Еңбекші-мигранттарға  еңбек  және  жұмыспен  қамту  саласындағы  өздерінің 

құқықтары  мен  мүмкіндіктерін,  жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлердің  өкілдікті 

ұйымдарымен  консультациялар  негізінде  қаншалықты  қабылдануы  мүмкіндігін  толық 

көлемінде пайдалануға мүмкіндік беру үшін .... 

 (b) жал бойынша жұмыс мемлекетінің тілін немесе тілдерін білуін ақылы жұмыс күні 

уақытында мүмкіндігінше ілгерілету үшін; - ХЕҰ № 151 Ұйғарымының 7-тармағы. 

Қазақстанның аймақтық және екі жақты келісімдері шеңберінде бұл қағида еңбек көші-

қоны саласында Әзірбайжанмен жасалған үкіметаралық келісімде ғана көрініс тапты. ТМД 

елдерінің 1994 жылғы Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекші-миг-

ранттарды  әлеуметтік  қорғау  туралы  келісімі,  сондай-ақ  Беларусьпен,  Қырғызстанмен, 

Моңғолиямен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен жасалған еңбекші-мигранттар жөніндегі 




23

келісімдер  олардың  кәсіптік  оқыту  мүмкіндіктеріне  қол  жеткізуіне  қатысты  ережелерді 

қамтымайды.

Қазақстан  Республикасының  Еңбек  кодексі

48

  азаматтарға  жұмыссыз  мәртебесін  алған 



жағдайда, сондай-ақ жұмыс берушінің есебінен осындай жағдайлар туғызу арқылы кәсіптік 

даярлауға, қайта даярлауға, біліктілік арттыруға құқығына қатысты мемлекеттік кепілдіктер-

ді, сондай-ақ мұндай жағдайларды жұмыс берушінің есебінен жасауды айқындайды. Кәсіптік 

даярлауды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды мемлекет 

соңғы жылдары кәсіподақтармен және жұмыс берушілер бірлестіктерімен жасалатын үш 

жақты келісімдер, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жүйесі арқылы 

ілгерілетуде.  Жыл  сайынғы  рұқсаттарды  беру  кейіннен  шетелдік  азаматтарды  ауыстыру 

мақсатында

49

 қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру 



жөнінде ерекше шарттар жүктеуді көздейді. Бұл шарттарды орындау талаптары соңғы жыл-

дары күрделеніп, қатая түсуде. Сонымен, ұлттық заңнама азаматтар мен еңбекші-мигрант-

тар үшін кәсіптік оқыту мүмкіндіктерінің теңдігі қағидасын танымайды: керісінше, олар-

ды жұмыс берушінің есебінен қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы азаматтарының 

кәсіптік даярлаудағы артықшылығы қағидасы қолданылады. Жұмыссыздықтан мемлекет-

тік қорғау аясында іске асырылатын кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті артты-

руды ұйымдастыру жөніндегі арнайы шараларға келсек, мұндай шаралар Қазақстан азамат-

тары үшін де, Қазақстанда

50

 тұрақты тұру құқығын алған тұлғалар үшін де қарастырылған. 



Сонымен бірге, оралмандар жұмысқа орналасуда қиындық көретін және мемлекет тарапы-

нан әлеуметтік қорғау бойынша ерекше шаралар талап етілетін нысаналы топтардың біреуі 

ретінде бөлінген

51

.    



Мигранттардың тіл курстарынан және кіріктіру курстарынан өту мүмкіндігі Қазақстанда 

оралмандарға ғана қатысты қаралады, оларға қатысты ұлттық заңнама бейімдеу қызметтерін 

көрсетуді,  соның  ішінде  мемлекеттік  және  (қалауы  бойынша)  орыс  тілдерін  оқытуды 

көздейді


52

Мәртебелері  реттелген  еңбекші-мигранттар  мен  жергілікті  қызметкерлердің  теңдігі 



қағидасы  кәсіби  оқыту  мен  қайта  даярлаудан  өту  мүмкіндігіне  қолданылады.  Алайда 

еңбекші-мигранттарды әкімшіліктік алалау болатын екі сала бар: бұл кәсіби оқыту және тіл 

үйрету

53

.



4.3. Кәсіподақтардың құқықтары 

Қазақстан Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакті 

сияқты, ХЕҰ-ның № 87 Бірлестіктер бостандығы және кәсіподақтарға бірлесу құқықтарын 

қорғау  туралы  Конвенцияның  да  тарабы  болып  табылады.  Екі  Конвенция  да  еңбекші-

мигранттарға кәсіподақ құру және/немесе олардың қызметтеріне қатысу құқықтарын бе-

реді. Қазақстан ХЕҰ-ның № 98 Ұйымдастыру және ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығы 

туралы конвенциясын бекітті, осыған сәйкес қызметкерлер азаматтығына қарамастан тиісті 

құқықтарын пайдаланады, яғни бұл құқықтар еңбекші-мигранттарға да қолданылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

54

 бірлесу бостандығына құқық береді, ол қо-



ғамдық бірлестік түрлерінің біреуі болып табылатын кәсіптік одақтар құру және олардың 

48  145-бап. 

      49  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітіліген 

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге 

рұқсаттар берудің  шарттары мен тәртібін қараңыз. 

      50  Халықты жұмыспен қамту туралы Заңның  15-бабы. 

      51  Халықты жұмыспен қамту туралы Заңның 5-бабының 2-тармағы. 

      52  Халықтың көші-қоны туралы Заңның  1-бабының 1) тармақшасын қараңыз. 

      53  Шығу және бару елдеріндегі еңбек көші-қоны саласында тиімді саясат әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық. 

ЕҚЫҰ, ХКҚҰ, ХЕҰ 2006, 160-бет. 

      54  23-бап.


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау