Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану


7.1. Зейнетақымен қамсыздандыру



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет15/19
Дата28.12.2019
өлшемі0,64 Mb.
#25257
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

33

7.1. Зейнетақымен қамсыздандыру

Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілді және тиісін-

ше  міндетті  төлемдер  қызметкерлердің  жинақтаушы  зейнетақы  қорындағы  жеке  шоты-

на  аударылады.  1997  жылғы  20  маусымда  қабылданған  №  136-І  «Қазақстан  Республи-

касында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңының  2-бабына  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар 

зейнетақымен  қамсыздандырылу  құқығына  ие.  Қазақстан  Республикасының  аумағында 

тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы 

азаматтығы  жоқ  адамның  куәлігінің,  шетелдіктің  Қазақстан  Республикасында  тұруға 

ықтиярхатының  негізінде  төленеді.  Жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  салымшыла-

ры  Қазақстан  Республикасынан  тыс  тұрақты  тұратын  жерлеріне  кеткен  кезде  зейнетақы 

жинақтарын алу құқығына ие

86



Ал  еңбекші-мигранттардың  Қазақстанда  тұрақты  мекендеушілер  ретінде  танылмауы-



на байланысты Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдалана алмай-

ды.  Сондықтан  жұмыс  берушілер  еңбекші-мигранттарды  зейнетақымен  қамсыздандыру 

жөнінде  төлемдерді  жүзеге  асырмайды.  Осы  мәселе  бойынша  Еңбек  және  халықты 

әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  2006  жылғы  10  қарашадағы  №  07-02-17/6  хатында  ар-

найы түсініктеме берілді. Осы хатқа сәйкес еңбекші-мигранттар қазақстандық жинақтаушы 

зейнетақы қорларының қызметін, тіпті мигранттардың өздері немесе олардың жұмыс бе-

рушілері ерікті зейнетақы төлемдерін жасаған жағдайда да пайдалана алмайды. 

7.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  аясында  Мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру  қоры 

төлемдерді мынадай жағдайда төлейді: 

еңбек ету қабілетінен айрылу;



асыраушыдан айрылу;

жұмыстан айрылу;



жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылу;

жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алуға байланысты табыстан айрылу; 



бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табыстан айрылу.

Азаматтығы бар немесе Қазақстанда тұрақты тұруға құқығы бар шетелдік қызметкерлер 

міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады және олар үшін төлемдерді жұмыс берушілері 

жасайды

87

.



Еңбекші-мигранттар Қазақстанда тұрақты тұрушылар ретінде танылмауына байланысты 

олардың міндетті әлеуметтік сақтандырылуға құқығы жоқ.  Осы мәселе бойынша Қаржы 

министрлігі  Салық  комитетінің  2006  жылғы  12  желтоқсандағы  №  НК-УМ-3-19/11663 

«Қазақстан Республикасының «Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді заңдастыруға бай-

ланысты  рақымшылық  жасау  туралы»  Заңының  нормаларын  қолдану  жөнінде»  хатында 

түсініктеме берілді. Онда жұмыс берушілер еңбекші-мигранттар үшін әлеуметтік аударым-

дарды төлеуге тиісті емес деп көрсетілген.

7.3. Жұмыстағы жазатайым оқиғалар

Еңбек кодексі

88

 қызметкердің еңбек міндеттерін атқарған кезде, соның ішінде өндірістегі 



жазатайым  оқиғалардың  салдарынан  өмірі  мен  денсаулығына  келтірілген  зиянды  өтеуге 

жұмыс  берушінің  жауапкершілігін  белгілейді.  Бұл  талап  еңбекші-мигранттарға  да 



86  Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 27-бабы, 1-тармағының 8) тармақшасы. 

     87  2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңның 8-бабы. 

     88 164-бап.


34

қолданылады. Зиянды өтеу үшін қажетті шарт өндірістегі жазатайым оқиғаға тексеру жүргізу 

және қорытындылары бойынша акт жасау болып табылады, соның негізінде қызметкер зи-

янды өтеп алу құқығын іске асыра алады. Еңбек заңнамасының

89

 қолданыстағы ережелерін-



де  қызметкердің  тиісті  құқығына  қатысты  азаматтығы  немесе  Қазақстан  Республикасы 

аумағында тұрақты тұруы тұрғысынан қандай да бір шектеулер жоқ. 

Қызметкердің еңбек міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына келтірілген 

зиянды  өтеу  жөніндегі  талаптардың  орындалуын  қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстанда 

жұмыс  берушінің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін  міндетті  сақтандыру  жүйесі 

қарастырылған. 2005 жылғы 7 ақпанда қабылданған № 30-ІІІ «Қызметкер еңбек (қызмет) 

мiндеттерiн  атқарған  кезде  оның  өмiрi  мен  денсаулығына  зиян  келтiргенi  үшiн  жұмыс 

берушiнiң  азаматтық-құқықтық  жауапкершiлiгiн  мiндеттi  сақтандыру  туралы»  ҚРЗ 

ережелері еңбекші-мигранттарды қоса, барлық қызметкерлерге қолданылады. Сақтандыру 

төлемдері болған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның 

нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті 

міндетті сақтандыру туралы шарт болмаған кезде жұмыс беруші қызметкерлердің өміріне 

және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды толық көлемінде өтейді. Жалпы, жұмыс 

беруші жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы шартты он екі ай мерзімге жасайды. 

Әдетте еңбек шартының ұзақтығы бір жылдан аз мерзімге жасалатын еңбекші-мигранттарға 

қолданылуы тұрғысынан алғанда, жұмыс берушіні міндетті сақтандыру шартын бұдан да аз 

мерзімге жасау мүмкіндігі қарастырылады

90

.



89  Еңбек кодексінің «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер 

денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру мен есепке алу» 37-тарауы, Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы № 326 «Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен 

қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiн бекіту туралы» 

қаулысы. 

    90  2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының № 30-ІІІ «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндет-

терiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-

құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Заңының 12-бабы.


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау