Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет21/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

 
 
59 
 
Мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  дене  дамуы  саласында  өзіндік 
белгілі  мақсаттары  болуы  тиіс  (мектептің  дене  шынықтыру  мұғалімі  немесе 
басқа қызметкері бекіткен), олардың жеке ағарту бағдарламасына енгізілген. 
Осы  анықталған  мақсаттар  мен  міндеттер  мектептерге  жеке  ағарту 
бағдарламасына сай оларды орындауды бақылауға мүмкіндік береді (National 
Consortium for Physical Education and Recreation for Individuals with Disabilities 
et al, 2006).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
60 
 
Нұсқаулық 5. Сапалы медициналық қызмет көрсетуді ұсыну 
 
Білікті  мамандар,  медицина  мейірбикелері,  дәрігерлер,  тіс  дәрігерлері, 
медицина негізінің мұғалімдері және басқа медицина қызметкерлері  мектеп 
медицинасының  қызметін  көрсетеді.  Қосымша  медициналық  жәрдем  алу 
мақсатында  мектептер  оқушыларды  мектептен  тыс  медицина  мамандарына 
немесе мектеп аясындағы медициналық орталыққа бағыттайды. 
Мектеп  мейірбикелері  мектепте  көрсетілетін  қызметті  үйлестіруде 
маңызды роль атқарады. Қажет болса, олар дәрігерлермен бірге оқушыларға 
көмек  көрсетуді  үйлестіреді  (American  Academy  of  Pediatrics  Council  on 
School Health et al, 2008). 
 
 
 
 
Ауруларды бақылау және алдын алу бойынша Орталықтың сайтынан 
бейімделіп алынған көрініс  
(АҚШ)  https://www.cdc.gov/healthyschools/vhs/index.html 
 
 
Мектеп  мейірбикелерінің  бірқатар  мәселелерді  үйлестіру  үшін  білімі 
мен  тәжірибесі  бар,  оны  ішінде,  салауатты  тамақтануды,  дене  белсенділігін 
және  салмақты  бақылауды  насихаттау  мәселелері  бар.  Сонымен  қатар, 
мектептер  дәрігерлермен  байланысты  қолдауы  қажет:  ұдайы  кеңес  беру 


 
 
61 
 
мүмкіндігі  болуы  және  қызметкерлер  үшін  қосымша  оқуды  өткізу,  отбасы 
мүшелері  үшін  ұсыныстар  беру,  мектеп  медицинасының,  медицина 
қызметінің  рәсімдері  мен  саясатын  шолу,  басқа  медициналық  қызметтің 
жеткізушілеріне немесе дәрігерлерге бару үшін (Allensworth et al, 1997; Taras 
et  al,  2004;    American  Academy  of  Pediatrics  Council  on  School  Health  et  al, 
2008). 
Мектеп 
медицинасының, 
психикалық 
денсаулық, 
әлеуметтік 
қызметкерлер оқушылардың медициналық көмекке қол жетімділігін кеңейту, 
күтімді  үйлестіру,  дене  белсенділігі  мен  салауатты  тамақтанудың  дәлелді 
негізіне  септестік  ету  және  дамыту  үшін    дәрігерлермен  бірге  жұмыс  істеуі 
тиіс  (Taras  et  al,  2004).  Мектептер  сәйкес  дайындықты  қызметкерлермен 
жабдықталған  және  барлық  оқушылар  үшін  қолжетімді  жергілікті 
медициналық қоғамдастықтармен оқушылардың байланысын реттеуге ықпал 
етуі тиіс (Taras et al, 2004). Сонымен қатар, мектептер дене белсенділігі мен 
салауатты 
тамақтануды 
насихаттайтын, 
денсаулықты 
нығайту 
бағдарламаларды анықтап, оларға оқушылар мен отбасыларын бекітуі қажет.   
5.1.  Оқушылардың  тағамдық  дағдылары  мен  дене  белсенділігін 
бағалау.  Мектеп  медицина  мамандары  денсаулық  сақтаудың  басқа 
қызметкерлерімен  бірге  әдеттегі  тілдесу  кезінде  оқушылардың  дене 
белсенділігінің  деңгейі  мен  тағамдық  дағдыларын  бағалауды  өткізе  алады. 
Салауатты    тамақтану,  дене  белсенділігін  және  салмақты  бақылаудың 
ұсыныстарын  орындайтын  оқушылардың  саны  жөніндегі  ақпарат 
бағдарламаларды  және  насихаттау  саясатын  жоспарлауға  бағыт  алу  үшін 
қолданылады.  Бағалау  қызмектерлерге  кеңестік  және  анықтама  қызметіне 
мұқтаж  оқушылардың  топтарын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Оқушыларды 
бағалауды  өткізу  нәтижесінде  шұғыл  назар  аударуды  қажет  ететін 
денсаулыққа  қауіп  факторларын  анықталады:  мысалы,  гипертония, 
тамақтанудың жеткіліксіздігі, заңсыз препараттарды қолдану немесе тамақты 
ішу тәртібін сақтамау. Мектеп медицинасының барлық қызметкерлеріне осы 
қаупі  факторларының  ерте  белгілерін  анықтауға  және  оқушылармен  емдәм, 
дене  белсенділігі,  психикалық  және  әлеуметтік  денсаулық  мәселелері 
бойынша  оқушылармен  сенім  білдіретін  әңгіме  өткізу  туралы  ұсыныстар 
берілуі тиіс.  Күрделі сырқаттың белгіліері бар немесе денсаулық үшін қауіпті 
дағдылары  бар  оқушыларды  алғашқы  медициналық-санитарлық  жәрдемнің 
дәрігеріне бағыттау қажет.  
Төменде  дәрігердің  тамақтануды  бағалау  кезінде  назар  аударуына 
арналған  тақырыптар  келтіріледі.  Мәліметтерге  сай  мұндай  мінез-құлық 
тағаммен  тұтынылатын  энергиямен  байланысты,  қажет  болса,  оны  мүмкін 
өзгерістерге шоғырландыруға болады (Krebs et al, 2007; Barlow et al, 2007): 
●  Тәтті сусындар мен 100% жемісті шырынды әдеттегі күнделікті тұтыну  
●  Тағам үлесінің өлшемдері  


 
 
62 
 
●  Таңғы асты қабылдау жиілігі  
●  Энергетикалық қоры жоғары өнімдерді әдеттегі күнделікті тұтыну  
●  Көкөністер мен жемістерді әдеттегі тұтыну  
●  Тағам және бірасарларды қабылдау жиілігі. 
 
Төменде  медицина  маманы  дене  белсенділігін  бағалау  барысында 
талқылайтын кейбір тақырыптар келтірілген   (Krebs et al, 2007; Barlow et al, 
2007): 
●  Күнделікті дене белсенділігінде қатысу көлемі (мысалы, оқушы күніне 
≥60  минут  бойы  белсенді  болады  ма,  ойында,  көшеде,  дене  тәрбиесі 
сабағында  өткізген  уақыты  есептеледі  ме,  мектеп  немесе  қауымдастық 
ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуы) 
●  Күніне  теледидар,  бейне-ойын  көру  немесе  компьютердің  алдында 
өткізетін сағат саны (мысалы, күніне > 1-2 сағат, сапалы бағдарламаларды) 
●  Оқушының ұйқтайтын бөлмесінде теледидардың немесе компьютердің 
болуы  
●  Дене шынықтыру сабағына қатысуы  
●  Жүру  немесе  мектепке  велосипедпен  бару,  сатымен  көтерілу,  үйдегі 
жұмыс секілді дене белсенділігі шараларының саны. 
 
5.2.  ДСИ  (дене  салмағының  индексі)  өлшеу  бойынша  мектеп 
бағдарламаларын  енгізу.  Көптеген  мектептерде  оқушылардың  бойы  мен 
салмағын  өлшейді  және  алынған  мәліметтерді  ДСИ  (дене  салмағының 
индексі)  анықтау  үшін  қолданады.  Семіздікке  және  артық  дене  салмағына 
шалдыққан  оқушылардың  пайыздық  үлесі  туралы  мәлімет  ақпарттық-
насихаттық  саясат  бағдарламалары  мен  бағалауды  жоспарлау  үшін  пайдалы 
болады.  Оқушылардың  арасында  дене  белсенділігі  мен  салауатты 
тамақтануды  насихаттау  ұсыныстарына  сай  кейбір  мектептер  ДСИ 
нәтижелерін оқушының отбасының мүшелеріне жібереді. Бұл үрдіс көбінесе 
ДСИ  скринингі  аталады.  ДС  туралы  ақпарат  ата-аналардың  және 
оқушылардың  салмақтың  статусы  туралы  дұрыс  емес  түсінікті  түзетуге 
көмектеседі,  және  отбасын  өмір  салтына  салауатты  өзгеріс  енгізуге, 
медициналық  жәрдем  алуға    ынталандырады.  Дегенмен,  мектептерде  ДСИ 
скринингін өткізу бағдарламасын енгізуді ұсынуға сенімді дәлелдемелер жоқ. 
(Nihiser  et  al,  2007).  Ғылыми  зерттеулерде  ДСИ  мектептегі  скринингінің 
оқушылар  арасындағы  семіздіктің  алдын  алу  және  үлесін  азайтудағы  ролі, 
оқушылардың  және  отбасылардың  артық  салмаққа  қатысты  ДСИ 
скринингінің  білімге,  алатын  орны  мен  мінез-құлығына  әсері    толығымен 
бағаланбаған;  мұндай скринингтің пайда болуы мүмкін қолайсыз салдары да 
зерттелмеген  (мысалы,  оқушылардың  мазақтауы,  немесе  салмақ  азайтуға 
зиянды  ынталандыру)    (Nihiser  et  al,  2007).  Осыған  дейін  сарапшылар  тобы 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау