52
• Қаныққан майлардың және транс-майлардың мөлшері төмен
стандартталған рецептілерді пайдалану.
• Тұздың мөлшері төмен стандартталған рецептілерді пайдалану.
• Қанттың мөлшері төмен стандартталған рецептілерді пайдалану.
• Пісірілген еттен майын алып тастау.
• Құс етінің қабығын алып тастау немесе қабығынсыз құс етін пайдалану.
• Жылы сорпаның, көженің, бұқтырманың немесе тұздықтың майын
алып тастау.
• Салқындатылған құс еті немесе сорпасынан қатты майды алып тастау.
• Еттің майын алып тастау немесе майсыз етті пайдалану.
• Картопты табада қуырудың орнына суда пісіру, езбе дайындау,
тандырда пісіру.
• Көкөністерді сары майды, маргаринді, сырды немесе сары майлы
тұздықты қоспай дайындау.
• Брокколи, сәбіз немесе көк бұршақ секілді көкөністерді буда пісіру,
қуыруды, грильді немесе тандырда пісіруді қолданумен.
Тағам өнімдері мен сусындар ұнамды және әдемі түрде берілуі тиіс.
Оқушылардың талғамын анықтау үшін тағамдық сынамалар қолданылуы тиіс
(O’Neil et al, 2002; Story et al, 2002; Zive et al, 2002). Оқушылар үшін ұнамды
тағам өнімдерін сатып алуда және ас мәзірін құруда олардың түрі, құрылымы
немесе қоюлығы (ауыздағы сезілуі), дәмі және оңтайлы берілу температурасы
маңызды (National Food Service Management Institute et al, 2009). Тамақпен
бірге түрлі айқын түсті жемістер мен көкөністерді беру олардың тағамдық
құндылығын және ұнамдылығын арттырады. Оқушылар бір үлеске немесе
шағын пластик бөтелкеде немесе шыны бөтелкеде болатын ұнамды
қаптамада, салқын түрде берілетін сүтті көбірек ішеді (Gorski-Berry et al,
1999).
3.3. Мектеп тағамы бағдарламасынан тыс сатылатын тағам
өнімдері мен сусындар. Бәсекеге түсетін өнімдер – мектеп тағамы
бағдарламасынан тыс сатылатын кез келген тағам өнімдері мен сусындар,
олар - оқушылар әдетте, мектепте тұтынатын, қоректік құндылығы төмен,
калориялар көлемі жоғары өнімдердің көздері. Мектеп тағамы - тамақтану
стандарттарына сай болатын өнімдер мен сусындар, мектеп тағамы
бағдарламасынан тыс сатылатын немесе жеткізілетін өнімдер мемлекеттік
стандарттар мен талаптардан едәуір дәрежеде босатылған болады.
Бәсекеге түсетін өнімдерге қатысты төрт негізгі күмәндану түрі бар
(US Department of Agriculture et al, 2001):
1. Көптеген бәсекеге түсетін өнімдер мен сусындардың қоректік
құндылығы төмен, қанты, майы және калориясы көп; бұл өнімдер балалардың
53
емдәміне теріс әсер етеді және артық салмақ қосу қаупін арттырады (Kubik et
al, 2003; Kubik et al, 2005).
2. Бәсекеге түсетін өнімдер мен сусындарды сатудың артуы оқушылардың
мектеп тағамы бағдарламасына қатысуының төмендеуінен болады, бұл
бағдарламаның өміршеңдігіне әсер етеді (US Department of Agriculture et al,
2001).
3. Оқушылар кереғар хабарламалар алады, егер сыныпта оларды
салауатты тағамды таңдауға үйретсе, бірақ, олар алдымен, қоректілігі аз
өнімдерді ұсынатын ортада болса.
54
Нұсқаулық 4. Дене белсенділігі бойынша кешенді
бағдарламаны енгізу
Күнделікті дене шынықтыруға үйрету ұсынылады: бастауыш
сыныптарда - аптасына 150 минут, орта және жоғары сыныптар үшін –
аптасына 225 минут (National Association for Sport and Physical Education et al,
2004; National Association for Sport and Physical Education et al, 2001; Taras et
al, 2004).
Барлық оқушылар дене шынықтыру бойынша барлық қажетті
курстардан өтуі тиіс, қандай да бір алмастыру, бас тарту немесе қатыстырмау
болмауы тиіс (National Association for Sport and Physical Education et al, 2006).
Мектептер оқушыларды дене тәрбиесінің талап етілетін курсынан келесі
жағдайларда босатуға мүмкіндік бермеуі тиіс: басқа курсқа өтуі, мектептің
спорттық немесе басқа іс-шараларына қатысуы,т.б. Бас тарту немесе
қатыстырмау оқушыларды өмір бойы белсенді өмір салтын қолдауға қажетті
қимылдық, қозғалыстық және мінез-құлықтық дағдыларды дайындау үшін
шешуші маңызы бар үйретуге уақытынан айырады; сонымен қатар, бас тарту
немесе қатыстырмау оқушыларды дене шынықтырудың басқа академиялық
пәндерге қарағанда маңызды емес деп ойлауға итермелейді.
Дене шынықтыру сабағына бөлінген аптасына ұсынылатын 225
минутқа қол жеткізу көптеген орта мектептерде белгіленген, сабақ саны аз
кестеге сай қиынға түседі, сабақтар икемді кестесі бар мектептерге қарағанда
ұзағырақ созылуы мүмкін. Сондықтан, белгіленген сабақ кестесі бар
мектептері әр 10 күн сайын дене шынықтыру сабағына 450 минут бөлуі
қажет. Қоры (құрал-жабдық және мұғалімдер) жеткіліксіз мектептер
күнделікті дене шынықтыру сабақтарына уақытты қосуды біртіндеп
арттыруына болады (яғни, дене шынықтыру сабақтарын аптасына 1 немесе 2
күннен, кемінде, аптасына 3 күнге арттыру арқылы).
4.1. Дене шынықтырудың оқу бағдарламасы. Дене шынықтырудың
оқу бағдарламасы оқушылардың жасын ескерумен сәйкес нұсқаулықтарды
құруға негізделеді. Жазбаша оқу бағдарламасы оқу қызметі бойынша
қадаммен саналатын нұсқаулыққа негізделеді, оған келесі тармақтар кіреді:
1) Қимыл машықтарына, дене белсенділігіне, жасқа және даму деңгейіне
сәйкес денелік бағалауға негізделген сабақтар;
2) Негізгі машықтарды жетілдіруге ықпал ететін қимыл, қозғалу және
мінез-құлық машықтарына үйрету әдістері;
3) Оқушыларды үйрету бойынша тиісті бақылауды жоспарлау.
Дене шынықтыру бойынша оқу жоспарынсыз оқушыларды неге үйрету
қажеттігін, үйретілгендігін, қойылған мақсатқа немесе нәтижеге жетуін
құжаттау күрделі болады.
Оқу жоспары дене тәрбиесі саласындағы стандарттарға негізделеді
Достарыңызбен бөлісу: |