Май тканьдарынан: а) қатерсіз ісіктер (липома); б) қатерлі ісіктер (липосаркома)
Жүйке тканынан: а) қатерсіз ісіктер (невринома); б) қатерлі ісіктер (қатерлі невринома)
Сіңір қынаптарынан және буын қалташаларынан: а) қатерсіз ісіктер (қатерсіз синовиома); б) қатерлі ісік (қатерлі синовиома)
Еттерден: а) қатерсіз ісік (миома); б) қатерлі ісік (рабдомиосаркома)
Сүйектен: а) қатерсіз ісік: (остеома); б) қатерлі ісік (остеосаркома)
Аралас ісіктер: әртүрлі тканьдардан тұратын, қатерсіз және қатерлі ісіктер.
Өсіп жетілмеген тканьдардан пайда болатын ісіктер қатерлі ісіктер деп аталады. Олар тез өседі, жанындағы тканьдармен шегі білінбейді, олардың арасына еніп кетеді және ісіктің клеткаларының лимфатикалық тамырлары не қан тамырлары бойынша басқа мүшелерге және тканьдарға жайылады.
Науқас қатты жүдейді (кахексия), мүшелердің, тканьдардың қызметі нашарлайды. Қатерлі ісік өсе келе көлемі, үлкейіп іриді. Қатерлі ісікті операция жолымен сылып алып тастағаннан кейінде ол сол орында қайтадан өсіп, пайда болуы мүмкін (рецидив).
Достарыңызбен бөлісу: |