Орнын толықтыралған кезен болғанда жалпы жағдайы қанағатты болады, артериальді қысым төмен: систолалы қысым - 100 мм. рт.ст. пульс жиіленеді 100 соққы бір минутга, көк тамырдағы қысым - 80 мм.рт.ст.
Орны шамалы толықтыратын кезец болғанда жалпы жағдайы орташа, терісі бозара бастайды, систолалы қысымы - 80 мм.рт.ст., пульстың соққысы 120 аспайды, көк тамырдағы қысым 60 мм.рт.ст. аспайды.
Орнын толықтыра алмайтын кезең болғанда жалпы жағдайы напіар, терісі көгеріп, бозарып кетеді, суық тер басады, артерильді қысым 80 мм.рт.ст. темен болады, пульс 120 соққыдан асып кетеді.
Диагностикасы. Фельдшер клиникалы белгілері бойынша диагноз қояды, артериальді қысымды өлшеп, пульсты анықтап, Қанды анализге жібереді. Нәжістің тұрін карайды, науқастың жалпы жағдайын анықтайды.
Емі. Жоғарыда көрсетілгендей, фельдшер тек қанды тоқтататын шараларды орындап, жедел ауруханаға жеткізу керек. Жолда ішке суық муз қою керек. Ауруханада көк тамырға 100 мл. 10% аминокапронды қышқылды, 10% хлорлы кальцийдың ерітіндісін жібереді, бұлшықетке дицинон және викасол егеді. Іштің қай ағзасынан қан ағып жатқанын анықтайды. Сол үшін алдымен эзофагогастроскоппен (ФГС) асқазанды және ұлтабарды, ал ректоскоппен тік ішек арқылы тоқ ішекті қарайды — полипоз немесе «болезнь Крона» деген себепті анықтау үшін. Егерде, ішектен немесе асқазаннан тоқтамай қан аға берсе, жедел ота жасайды. Жалпы жансыздырумен іштің алдынғы қабырғасының ак сызығы пішінімен тіліп, іштің құысын ашады, ревизия жасап, қан ағып тұрғанның көзін тауып, соған ота жасайды. Егерде, өңештен Қан ағып тұрса, онда қан тоқтататын дәрілерге питиутрин Деген дәріні қосады. Питиутринның қасиеті - іштің Күьісындағы ағзалардың жэне ішперденің қан тамырларын Уақытша қысып тастайды, сол себептен қақпалы көк тамырдағы қысым жартылай томендейді - біриеше сағатқа. Сол уақыттын ішінде науқасты жедел ауруханаға жеткізу керек.
Басқа себептер болғанда пнтиутрипды жіберуге болмайды !
Ауруханада жоғалтқан қанның көлемін толтыру үшін шаралар орындалады:
біртопты қан құяды, қаналмастырғышты құяды, плазманы, тағыда басқа керекті сұйықтықтарды көк тамыр арқылы жібереді. Кейде, күніне 2 литр қан құюға мэжбұрлі жағдай болады. Қазіргі кезде эндоскоп арқылы ота жасауды қолға алынды. Іштің қабырғасын тілмей, тек бір нұктелі тесіктен аспапты іштің құысына кіргізіп, қарайтын монитормен көзбен бақылап, қан ағып тұрған ошақты тауып, оған эсер етеді. Әсердің ішінде: сұйықазотты жіберіп қан ағып тұрған ошақты муздатып тастайды. Немесе, лазер сэулесімен қан ағып тұрған ошақты әзірлеп, кұйдіріп, аққан қанды тоқтатады. Одан кейін, сол жерге коллоидтәрізді жабысатын заттегіні қүйып, нығыздап тастайды. Тағыда басқа көп ота жасайтын әдістер бар, оның бәрі жоғары білімді дәрігер-оташыньщ қабілетіне жатады, фельдшерге оларды білуге қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |