Механикалы ішектің өтпеушілігі
Ішектің бітелу өтпеушілігі
Этиологиясы. Ішектің құысы нәжістің тасымен, өттің тасымен, паразиттардыңтүйілігімен, ойық-жараның орнында тұзілген тыртықпен, қатерлі ісікпен бітелуі мүмкін.
Клиникасы. Ең алдымен іште өте қатты толғақ тәрізді бүріп ауыратын сезім туады, кұсу пайда болады, нәжіс жұрмей, улкен дәреті тоқтап қалады.
Егерде, ішектің бітелуі жоғары жағында болса - қайталанатын, тоқтамайтын құсық болады, ал ішектің бітелуі төменде орналасса - құсық болмауы мүмкін немесе болса да, сирек болады. Фонендоскоппен тыңдағанда іштің ішінен шуылдаған, шылқылдаған дыбыс естіледі, кейде тіпті фонендоскопсыз, құлакпен естіледі. Іш кеуіп, ұлғайып кетеді. Тілі құрғак болып, қоңыр түрлі өңезбен қапталып кетеді. Жалпы жағдайы өте нашар болады, жұректің соққысы жиіленеді, артериальді қысым төмендейді. Бітеулі өтпеушіліктің өзінің арнайы белгілері болады:
Кивульдың белгісі - перкуссия ретінде саусақтармен ішті соққанда дыбыс өте биік болып естіледі, қаңылтыр темірді соққандай.
Вальдың белгісі - саусақтармен сипап зерттегенде, баллон тәрізді ауамен үрленген және үлғайған ішектің ілмегі анықталады.
Мондордың белгісі - іштің алдынғы қабырғасы өте қатты болып тұрады, ауамен ұрленген доп сияқты.
Обухов аурухананың белгісі - тік ішектің ампуласы ұлғайып кетеді, нәжіс шығатын тесігі улкейеді. Оны саусаққа резенке қолғап киіп, тік ішекке кіргізіп, зертейді.
Шолулы рентген-сұретке түсіргенде «Клойбердің тостағаны» көрінеді, оның тік бағытты өлшемі көкжиекті өлшемнен улкен болса - онда бітелу жіңішке ішектерде орналасқан болады. Ал, көкжиекті өлшемі тік бағытталған өлшемнен улкен болса—онда бітелу тоқ ішекте орналасқан деп саналады. Рентгенконтрасты затты ішкізіп, бірнеше сағаттан кейін сұретке түсіргенде, бітелу болған жерлерде рентгенконтрасты зат көрінбейді.
Диагностикасы. Фельдшерге қиындау болады, себебі «Жіті іш» деген диагнозға кіретін барлық хирургиялы аурулардың белгілерін ажырату керек болады. Сондықган, іштің өте қатты, толғақ ретінде, бүріп ауырса, анамнезде улкен дәрет бірнеше күн болмаса, қүсық пайда болса - онда «Жіті іш» деп алдын-ала диагнозды қойып жедел ауруханаға жеткізу керек. Жансыздандыратын дәрілерді егугі тиым салынады!
Емі. Тек ота арқылы. Жалпы жансыздандырумен іштің алдындағы ақ сызығының пішінімен тіліп, құысты ашады, ішектерге ревизия жасап, қарайды. Егерде, бітелудің себебі қатерлі ісік болса, онда оған тиіспей, үстінгі және астынғы жағын кесіп, сау ішектен айналып өтетін анастомоз тігеді. Егерде, бітеліп қалған жерде ішектің қабырғасы некрозға ұшыраса, онда сол жерді резекция жасап алып тастайды, ішектің екі үшін бір- біріне тағайындап, анастомоз тігеді. Кейде, ота екі кезең түрінде жасайды: бірінші кезеңде некроздалған ішектің бөлігін резекция ретінде алып тастап, жалған көтенішек шығарады, іштің алдынғы қабырғасына. Бірнеше айдан кейін, қабынған процесстер басылғанын кұтіп алып, екінші кезенде қайтадан ішекті босатып, жалған көтенішектң тіліп алып тастап, ішектіи екі үшін бір-біріне салыстырып, анастомоз салып тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |