Диагностикасы. Диагнозды қою фельдшерге қиындық тұғызады, себебі өте көп іштің хирургиялы аурулардың белгілері ұқсас болады. Сондықтан алдымен «Жіті іш» деген топқа кіретін аурулардан ажырату керек. Тек өтқалтаның жіті Қабынуына сәйкес ерекше өзінің белгілері анықталса, сонда қана Диагнозды дұрыс қоюға болады. Әдетте, фельдшер айтылған «Жіті іш» деген алдын ала диагнозды қойып, тез ауруханаға жеткізу керек.
Емі. Алдымен консервативті ем жұргізеді. Антибиотиктерді, Қабынуға қарсы дәрілерді, өтті айдап шығаратын шөптердің тұрындысын, өттің іркіліп қалғанына қарсы дәрілерді тағайындайды. Көк тамырға қаннан улы заттарды шығаратын сұйықтықтарды жібереді: неокомпенсан, полиглюкин, реополиглюкин, дисоль, ацесоль, 4% сода ерітіндісі, 0,9% физиологиялық ерітіндіні, 5% глюкоза ерітіндіні, элекгролитты ерітінділерді т.б.
Егерде, консервативті емдегеннен науқас жазылмаса және өтқалта флегмоналы немесе гангренозды кезенде болса, онда тек ота арқылы емдейді - өтқалтаны алып тастайды (холецистоэктомия). Қазіргі кезде, іштің қабырғасын тілмей, нұктелі тесіктен жіңішке аспапты құысқа кіргізіп, ота жасайды. Отаның жасап жатқан кезендерін компьютер арқылы бақылап, көріп тұруға мүмкіншілігі бар. Бірақта, өтқалтаның ішінде тас табылса, онда ішекгің қабырғасын тіліп, ота жасауға мәжбүрлі болады. Өтқалтасын алып тастағаннан кейін, өт түтікпіеге билиодигестивті анастомоза салады Кер әдісімен.
Болжамы. Жағымды.
Ұйқыбездің жіті қабынуы
Этиологиясы. Алкогольды көп мөлшерде ішкеннен, байкамай улы затпен уланып қалғаннан және стресс немесе созылмалы қайғы жағдай болғаннан орталық нерв жұйесі зақымдалады, сол себептен ұйқыбездің тіні қанмен дұрыс қамтылмай, қабынуға жағдай тұғызады. Асқазанның ойық- жара ауруы, ұлтабардың қабынуы немесе ойық-жара болуы, диабет, тағыда басқа аурулар себеп болуы мүмкін. Тағы бір себеп: өтқалтада тас болып, ол өз-өзімен шыға бастағанда «Фаттеров сосок» деген үлтабардағы шығатын тесікте тұрып қалуы мүмкін. «Фаттеров сосок» деген тесікте үйқыбездіи өт жүретін түтігі және ұйқыбездің түтігі бірге, қосылып шығады. Сондықтан, түрып қалған тас өзінің денесімен үйқыбездің түтігін жауып тастайды. Сол себептен, ұйқыбездің сөлі толық шыға алмайды, жартылай үйқыбездің денесінің бас жағында қалып қалады. Сол себептен алдымен бас жағы, содан кейін денесі, содан кейін құйрық жағы ісіне бастайды. Ұйқыбездің тіні ісіп кеткеннен, қабынуы басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |