Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі



жүктеу 118,46 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2017
өлшемі118,46 Kb.
#1173


Қазақстан Республикасы 

Ішкі істер министрінің 

2016 жылғы «29» ақпан 

№ 189 бұйрығымен бекітілген  



 

 

 

Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі  

қоғамдық кеңес туралы ереже 

 

1. Жалпы ереже 

 

1.  Осы ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық 



кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 

жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының                   8-бабына 

сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы                         31 

желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік 

ереженің (бұдан әрі – Үлгі ереже) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2015  жылғы  31  желтоқсандағы  №  1191  қаулысымен  бекітілген  Қоғамдық 

тыңдауларды  ұйымдастыру  және  өткізу  тәртібіне  қойылатын  үлгілік 

талаптардың (бұдан әрі – Үлгілік талаптар) негізінде әзірленген. 

2. 

Ішкі  істер органдары  қызметінің  мәселелері  жөніндегі  қоғамдық 



кеңес  (бұдан  әрі  –  Қоғамдық  кеңес)  –  коммерциялық  емес  ұйымдармен, 

азаматтармен  бірлесе  отырып,  Ішкі  істер  министрлігінде  (бұдан  әрі  –  ІІМ, 

министрлік) құрылатын консультативтік-кеңесші, бақылау органы. 

3.  Қоғамдық  кеңес  өз  қызметінде  Конституцияның  нормаларын,  оған 

сәйкес  заңдарды,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің,  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  актілерін,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  

4.  Қоғамдық кеңес Заңда көзделген тәртіпте құрылады, республикалық 

деңгейдегі автономды және дербес қоғамдық кеңес болып табылады. ІІМ-нің 

Қоғамдық кеңесі мен өзге де қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл 

Заңда көзделген тәртіпте жүзеге асырылады. 

5.  Қоғамдық  кеңестің  ұсынымы  Министрлік  басшылығының,  оның 

құрылымдық бөліністерінің  қарауы  үшін  міндетті  болып  табылады,  олар  ол 

бойынша дәлелді жауап береді. 

 

2. Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері 

 

6. 



Қоғамдық  кеңестің  мақсаттары  азаматтық  қоғамның  қоғамдық 

маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру, ішкі істер органдары қызметінің 

тиімділігін арттыру, олардың қылмыстық көріністерге жылдам және барабар 

ден  қою  құқық  бұзушылықтар  профилактикасы  бөлігінде  ішкі  істер 

органдарын 

жетілдіру 

жөніндегі 

Мемлекеттің 

құқықтық 

саясат 


тұжырымдамасының ережесін іске асыру, азаматтық қоғам институттарымен 


және  халықпен  ішкі  істер  органдарының  үйлесімді  өзара  іс-қыймылын 

қалыптастыру болып табылады. 

7.  Қоғамдық кеңестің міндеттері: 

1) 


министрлікте  шешімдер  талқылау  және  қабылдау  кезінде 

азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жұртшылықтың пікірін есепке 

алу; 

2) министрліктің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту; 



3)  қоғамдық  бақылауды  ұйымдастыру  және  ішкі  істер  органдары 

қызметінің айқындығын қамтамасыз ету; 

4)  ішкі  істер  органдарының  және  оның  қызметкерлерінің  әлеуметтік-

құқықтық оң имиджін қалыптастыру; 

5)  ішкі  істер  органдарының  қоғамдық  тәртіпті  сақтау  және  қоғамдық 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі  қызметін  жетілдіру  бойынша 

ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; 

6) құқықтық тәртіп қылмыстың алдын алу және қарсы күрес мәселелері 

бойынша қоғамның құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру болып табылады.

 

3. Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін іріктеу  



тәртібі, оны өткізу мерзімдері 

 

8.  Қоғамдық кеңесті құру үшін министрлік өкілдері қатарынан (жұмыс 

тобы  мүшелерінің  жалпы  санының  үштен  бірінен  артық  емес)  және 

конкурстық  негізде  коммерциялық  емес  ұйымдардан,  азаматтардан  (оның 

мүшелерінің жалпы санының үштен екісінен кем емес) жұмыс тобы құрылады. 

9.  Жұмыс  тобы  құрамының  санын  оның  басшысы  болып  табылатын 

министр анықтайды

10. Министрлік жұмыс тобы мүшелерін сайлау конкурсын өткізу туралы 



хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) 

ведомстволық интернет-ресурстарында орналастырады. 

11. Коммерциялық  емес  ұйымдардың  өкілдері  мен  азаматтар  конкурс 

туралы  хабарландыру  жарияланғаннан  кейін  10  күн  ішінде  министрлікке 

жұмыс тобына кандидатуралар бойынша жазбаша нысанда ұсыныс жолдайды. 

12. Азаматтық  қоғамнан  жұмыс  тобына  кандидаттарға  Заңның                              

10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. 

13. Конкурс  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  министрлік  келіп  түскен 

ұсыныстарды  ескере  отырып,  жұмыс  тобына  кандидаттар  тізімін  әзірлейді 

және екі апталық мерзімде олардың қатысуымен отырыс ұйымдастырады. 

14. Министр  немесе  оның  міндетін  атқарушы  адам  отырысты  ашады 

және  жүргізеді.  Отырыста  кандидатураларды  талқылау  жүргізіледі,  оның 

қорытындысы  бойынша  ашық  дауыс  беру  жүргізіледі.  Отырысқа  келмеген 

кандидаттар  бойынша  дауыс  беру  жүргізілмейді.  Ең  көп  дауыс  жинаған 

кандидаттар, жеңімпаз болып есептеледі. Бірдей дауыс жинаған кандидаттар 

бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі. 

 



15. Жұмыс  тобының  құрамы  ІІМ-нің  бұйрығымен  бекітіледі  және 

ведлмстволық  интернет-ресурста  жарияланады.  Министр  оның  мүшелері 

қатарынан хатшыны сайлайды.  

 

4. Жұмыс тобының уәкілеттігі 

 

16. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 

1) халықты  Қоғамдық  кеңес  мүшелерін  сайлау  конкурсы  туралы 

ақпараттандырады; 

2) Қоғамдық кеңес мүшелері құрамының санын анықтайды; 

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді; 

4) Үлгілік  ереже  негізінде  Қоғамдық  кеңес  туралы  ереженің  жобасын 

әзірлейді. 



 

5. Жұмыс тобы отырыстарын дайындау және өткізу,  

Қоғамдық кеңесті құру тәртібі 

 

17. Жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты, орыны, талқыланатын 

мәселелер  туралы  жұмыс  тобы  мүшелеріне  хатшы  оны  өткізуге  дейін  бес 

жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды. 

18. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісінен 

кем емесі қатысқан кезде құқылы болып табылады.  

19. Жұмыс  тобының  отырысын  Министр  немесе  оның  міндетін 

атқарушы адам жүргізеді

.  

20. Жұмыс тобы отырыстарында шешім ашық дауыс беру жолымен оған 



қатыстып отырған мүшелердің көпшілік дауыс беруімен қабылданады. 

21. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен 

хатшы қол қояды. 

22. Жұмыс  тобы  Қоғамдық  кеңес  мүшелерін  сайлау  конкурсы  туралы 

хабарландыруды 

республикалық 

бұқаралық 

ақпарат 


құралдарында 

жариялайды  және (немесе) министрліктің интернет-ресурстарына конкурсқа 

қатысу үшін Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттар және өзге де 

мәліметтер  жолдау  үшін  оның  атауын,  пошта  мекенжайын,  10  тәуліктен 

аспайтын құжаттарды беру мерзімдерін көрсете отырып, орналастырады.  

23. Қоғамдық  кеңесте  азаматтық  қоғам  уәкілдерінің  саны  оның 

мүшелерінің жалпы санының үштен екісінен кем болмауы тиіс.  

24. ІІМ-нің 

Қоғамдық 

кеңес 


мүшелігіне 

кандидатураларды 

коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін өзі ұсыну жолымен 

ұсынылуы мүмкін. 

25. Қазақстан  Республикасының  он  сегіз  жасқа  толған  азаматы 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.  

26. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың: 

1) соттылығы болмауы; 




2)  сыбайлас  жемқорлық  қылмыстарын  және  (немесе)  сыбайлас 

жемқорлық  құқық  бұзушылықтарын  жасағаны  үшін  заңда  белгіленген 

тәртіпте сотпен кінәлі деп танылмауы

3) 


денсаулық  сақтау  мекемелерінде  психикалық  аурулардан, 

маскүнемдік,  нашақорлық  және  уытқұмарлыққа  тәуелділік  бойынша  есепте 

тұрмауы тиіс. 

27. Конкурсқа қатысу үшін: 

1) Қоғамдық кеңес құрамына кандидатура ұсыну туралы коммерциялық 

емес  ұйымдардың  жазбаша  ұсыныстары  және  (немесе)  азаматтардың 

өтініштері; 

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, оның кәсіби және 

(немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады. 

28. Қажет  болған  жағдайда,  ІІМ-нің  өкілдіктері  қатарынан  жұмыс 

тобының  мүшелері  белгіленген  тәртіпте  Қоғамдық  кеңес  мүшелігіне 

кандидаттардың  Заңның  10-бабының  1-тармағында  көзделген  талаптарға 

сәйкестігі туралы құжаттарды талап етеді.   

29. Заңда көзделген талаптарға сәйкес келмеген кандидаттар конкурсқа 

жіберілмейді. 

30. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар 

конкурсына  қатысу  үшін  келіп  түскен  құжаттарды  талқылайды  және  әрбір 

кандидат бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. 

31. Коммерциялық  емес  ұйым  болып  табылатын  бір  заңды  тұлғадан 

Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайланады.  

32. Республикалық  деңгейдегі  қоғамдық  кеңестерді  құру  кезінде  бір 

адам бір ғана қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлана алады.  

33. Қоғамдық кеңестің құрылған құрамы ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі 

және  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарияланады  және  (немесе) 

ведомстволық интернет-ресурстарда орналастырылады.  

34. Қоғамдық  кеңестің  бірінші  отырысын  жұмыс  тобының  басшысы 

ашады, онда ашық дауыс беру жолымен төраға,  хатшы және Қоғамдық кеңес 

президиумының барлық құрамы сайланады.  Қоғамдық кеңес төрағасы оның 

мүшелерінің – мемлекеттік қызметте тұрмаған белгілі қоғам қайраткерлерінің 

қаратынан сайланады. 

35. 

Төраға,  хатшы,  Қоғамдық  кеңес  президиумының  құрамы  



сайланғаннан  кейін  жұмыс  тобы  мен  оның  төрағасының  өкілеттігі 

тоқтатылады.  

 

6. Қоғамдық кеңестің өкілеттігі 

 

36. Қоғамдық кеңестің өкілеттігіне: 



1)  министрліктің  бюджеттік  бағдарламалар  жобасын,  ішкі  істер 

органдарының 

стартегиялық 

жоспарларының 

немесе 

даму 


бағдарламаларының  жобасын,  қылмыстың  алдын  алу  және  қарсы  күрес 


мәселелері  жөніндегі  мемлекеттік  және  үкіметтік  бағдарламалар  жобасын, 

сондай-ақ ішкі істер органдары қызметін талқылау;

 

 

2) 



министрліктің 

бюджеттік 

бағдарламасының, 

стратегиялық 

жоспарлардың  немесе  ішкі  істер  органдарының  даму  бағдарламаларының, 

қылмыстың  алдын  алу  және  оған  қарсы  күрес,  сондай-ақ  ішкі  істер 

органдарының  қызметі  мәселелері  жөніндегі  мемлекеттік  және  үкіметтік 

бағдарламалар жобаларының орындалуын талқылау; 

3)  ішкі  істер  органдарының  қызмет  бағыттары  бойынша  мақсатты 

индикаторларының  жетістіктері  туралы  министрліктің  құрылымдық 

бөліністерінің есептерін талқылау; 

4) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы министрліктің есебін 

талқылау;  

5)  құқық  қорғау  қызметіне,  сондай-ақ  азаматтардың  құқықтарына, 

бостандықтары  мен  міндеттеріне  қатысты  нормативтік  құқықтық  актілер 

жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;  

6)  оның  қызметкерлерінің  қызметтік  әдеп  нормаларын  сақтауын  қоса 

алғанда,  министрлік  аппараты  қызметінің  ашықтығын  қамтамасыз  ету 

бөлігінде министрлік ұйымдары мен қызметін жетілдіру мәселелері бойынша 

жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау; 

7)  Қазақстан  Республикасы  ішкі  істер  органдарының  қызметі  туралы 

заңнаманы  жетілдіру  бойынша  мемлекеттік  органдарға  ұсыныстар  әзірлеу 

және енгізу; 

8)  Заңда  көзделген  өзге  де  нысандағы  қоғамдық  бақылауды  жүзеге 

асыру;  

9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында 

талқылау және бекіту үшін министрлікке енгізу; 

10) қызмет бағыттары бойынша комиссия құру. 

37. Заңның 5-бабының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген 

өкілеттіктің орындалу қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес министрлікке 

ұсыным енгізеді, ол бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша – он жұмыс күні 

ішінде  министрдің  немесе  оның  міндетін  атқарушының  қолы  қойылған 

дәлелді жауап береді.   

 

7. Қоғамдық кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен 



міндеттері 

 

38. Өз өкілеттілігін іске асыру мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелері:  



1)  Қазақстан  Республикасы  заңнамасында  көзделген  негізінде  және 

тәртіпте министрлікке кіруге

2) ІІМ басшылығының келісімі бойынша министрліктің өзге де жұмыс 

органдарының жұмысына қатысуға; 

3) Заңның 5-бабында көзделген өз өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында 

қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша министрлікке жүгінуге құқылы. 




39. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері: 

1) 


Конституция  нормаларын,  оған  сәйкес  заңдарды,  Қазақстан 

Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  актілерін, 

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауға; 

2)  өз  қызметін  жұртшылықпен  өзара  іс-қимыл  жасаса  отырып,  жүзеге 

асыруға;  

3) Қоғамдық кеңестің қызметі туралы халықты кемінде жылына екі рет 

бұқаралық  ақпарат  құралдары  және  (немесе)  интернет-ресурстары  арқылы 

ақпараттандыруға;  

4)  өз  қызметі  туралы  есепті  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

жариялауға 

және 

(немесе) 



министрліктің 

интернет-ресурстарында 

орналастыруға міндетті. 

 

8. Қоғамдық кеңестің ұйымдастырушылық құрылымы және  

оның президиумының өкілеттіктері 

 

40. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.  



41. Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның 

отырыстары  арасындағы  кезеңде  Қоғамдық  кеңес  президиумы  сайланады. 

Президиумның  құрамына  Қоғамдық  кеңестің  төрағасы  және  хатшысы, 

министр,  комиссия  төрағалары,  Қоғамдық  кеңестің  жекелеген  мүшелері 

кіреді. 

42. Президиумның  құрамына  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің 

депутаттары кіре алады және Қоғамдық кеңестің қызметіне қатыса алады.   

43. Қоғамдық кеңестің президиумы: 

1) Қоғамдық кеңес комиссиясының жұмысын үйлестіреді; 

2) Қоғамдық кеңес отырысын өткізу дайындығын ұйымдастырады; 

3) Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыруды және ақпараттық қолдауды 

қамтамасыз етеді.  



 

9. Қоғамдық кеңес төрағасының және хатшысының өкілеттіктері 

 

44. Қоғамдық кеңес төрағасы: 



1) Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастырады; 

2) отырыстарда төрағалық етеді

3) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды; 

4)  Қоғамдық  кеңес  шешімдерін  іске  асыру  жөніндегі  жұмысты 

үйлестіреді; 

5) кеңесші дауыс құқығымен министрлік отырыстарына қатысады; 

6) өзі болмаған кезде төраға міндеттерін орындау өкілеттігін Қоғамдық 

кеңес президиумының бір мүшесіне береді. 

45. Қоғамдық кеңес хатшысы: 

1) 


Қоғамдық  кеңес  отырыстарын  әзірлеудің  және  өткізудің 

ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді; 




2)  Қоғамдық  кеңестің  іс  жүргізуін  ұйымдастырады  және  жүргізеді, 

сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдерін бақылайды. 



 

10. Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыру 

 

46. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. 



47. Отырыс  Қоғамдық  кеңес  жұмысының  негізгі  нысаны  болып 

табылады.  Қоғамдық  кеңес  отырыстары  оның  мүшелерінің  жалпы  санының 

кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.  

48. Қоғамдық  кеңес  отырыстары  ашық  болып  табылады,  жұмыс 

жоспарына сәйкес жылына кемінде екі рет өткізіледі. 

49. Жұмыс жоспары Қоғамдық кеңес мүшелерінің, ІІМ-нің құрылымдық 

бөліністерінің  ұсыныстары  негізінде  құрылады,  Ішкі  істер  министрімен 

келісіледі және Қоғамдық кеңес төрағасымен бекітіледі. 

50. Қажет  болған  жағдайда  кезектен  тыс  отырыс  өткізіледі.  Қоғамдық 

кеңестің  кезектен  тыс  отырысының  бастамашысы  талқылауға  арналған 

мәселелер тізбесін және олар бойынша шешім жобасын төрағаның қарауына 

енгізеді. 

51. Қоғамыдық  кеңес  шешімі  Қоғамдық  кеңес  төрағасының  шешуші 

дауысымен бірге қарапайым көп дауыс беру жолымен қабылданады. 

 

Қоғамдық кеңес шешіміне төраға қол қояды. 



52. Қоғамдық  кеңес  мүшелері  Кеңестің  күн  тәртібіне  енгізілген 

мәселелерді  талқылау  және  олар  бойынша  шешім  қабылдау  кезінде  тең 

құқыққа ие болады. 

53. Қажет  болған  жағдайда  Қоғамдық  кеңес  отырыстарында  оның 

шешімі 

бойынша 


мемлекеттік 

органдардың, 

бұқаралық 

ақпарат 


құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және өзге де ұйымдардың өкілдері, сондай-

ақ  сарапшылар  мен  өзге  де  мамандар  шақыртылуы  мүмкін.  Отырысқа 

шақыртылғандар  мәселелерді  талқылауға,  ұсыныстар,  ұсынымдар  мен 

ескертулер енгізуге құқығы бар. 

54. Отырыс  өткізудің  өзге  де  мәселелері  Қоғамдық  кеңес  шешімімен 

айқындалады. 

55. Министрліктің  құрылымдық  бөліністері  өз  құзыреті  шегінде 

Қоғамдық кеңес отрыстарына тиісті материалдарды әзірлеуді жүзеге асырады. 



 

11. Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру  

және өткізу тәртібі 

 

56. Қоғамдық  тыңдау  –  Заңның  5-бабы  1-тармағының  1),  5),  6)  және                                      



7)  тармақтарында  көзделген  мәселелерді  көпшілік  алдында  талқылау  үшін 

жиналыс жүргізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі.  

57. Қажет болған кезде қызметтің бағыты бойынша комиссия (бұдан әрі 

–  комиссия)  –  Қоғамдық  кеңесте,  оның  ішінде  олар  қоғамдық  тыңдауды 

әзірлеу  және  жүргізу  жөніндегі  ұйымдастырушылық  әрекеттерді  жүзеге 

асыратын оның мүшелері қатарынан құрылатын  алқалық орган құрылады.  




58. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша 

өткізеді.  Қоғамдық  тыңдауды  өткізу  туралы  шешім  Қоғамдық  кеңес 

отырысының хаттамасына енгізіледі. 

59. Қоғамдық  тыңдауды  министрлікпен  келісілген  мерзімде  Қоғамдық 

кеңес өткізеді.  

60. Қоғамдық тыңдау өткізу туралы шешімде:  

1) қоғамдық тыңдау тақырыбы; 

2) өткізу күні; 

3)  қоғамдық  тыңдауды  дайындауды  және  өткізуді,  сондай-ақ  оның 

қортындысы  бойынша  ұсыныстар  әзірлеуді  жүзеге  асыратын  комиссия 

көрсетіледі. 

61. Қоғамдық  тыңдау  өткізу  туралы  Қоғамдық  кеңес  шешімінің 

негізінде,  министр  немесе  уәкілетті  лауазымды  адам  шешім  қабылданған 

күннен  бастап  бес  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  қоғамдық  тыңдау  өткізуді 

дайындау  жөніндегі  комиссия  қызметін  ұйымдастырушылық  және 

материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асыруға  жауапты 

құрылымдық бөліністі айқындайды.    

62. Комиссия  қоғамдық  тыңдауды  дайындауды  және  өткізуді  мынадай  

тәртіпте жүзеге асырады:  

1)  қоғамдық  тыңдау  тақырыбы  бойынша  талқылауға  шығарылатын 

нақты мәселелер тізбесін айқындайды; 

2) жұмыс жоспарын құрады, комиссия мүшелері арасында міндеттерді 

бөледі,  қоғамдық  тыңдау  өткізуді  дайындау  бойынша  міндеттер  тізбесін 

анықтайды; 

3) белгіленген өткізу күніне дейін отыз күннен кешіктірмей, қоғамдық 

тыңдау  мәселелерінің  тақырыптарын  және  тізбесін  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  және  ведомстволық  интернет-ресурста  жариялауды  жүзеге 

асырады. 

Қоғамдық  тыңдауда  нормативтік  құқықтық  актілер  жобасын  қарау 

кезінде,  оны  өткізуге  дейін  күнтізбелік  он  күннен  кешіктірмей  оның  толық 

мәтіні халыққа таныстыру үшін жарияланады; 

4)  шақырылғандар  тізбесін  айқындайды  және  қоғамдық  тыңдауға 

шығарылатын барлық құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, талқылауға 

шығарылатын мәселелер бойынша өз ұсынымдары мен ұсыныстарын беруді 

өтіне отырып оларға ресми хат жолдайды;  

5)  қоғамдық  тыңдауға  қатысушыларға,  қоғамдық  тыңдау  тақырыбы 

бойынша  ұсынымдар  әзірлеу  үшін  оларға  қажетті  ақпараттар  алуда  көмек 

көрсетеді;   

6)  Үлгі  талаптардың  қосымшасына  сәйкес  нысан  бойынша,  қоғамдық 

тыңдауға  шығарылатын  әр  мәселе  бойынша  ұсынымдар  мен  ұсыныстардан 

тұратын қорытынды хаттама жобасын әзірлеуді ұйымдастырады; 

7)  оны  өткізу  күніне  дейін  он  күннен  кешіктірмей  қоғамдық  тыңдау 

өткізу туралы халыққа хабарлайды. Жарияланатын ақпарат қоғамдық тыңдау 

тақырыбы мен мәселелері, тыңдауды өткізу уақыты және орны, комиссияның 

байланыс ақпараттары туралы мәліметтерді қамтиды



8) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды тіркейді. 

63. Қоғамдық  тыңдауға  қатысушылар,  ол  басталмас  бұрын  сөз  сөйлеу 

үшін  тіркелген  шақырылғандар  мен  азаматтар  сөз  сөйлеуге  құқылы  болып 

табылады.  

Ол басталмас бұрын тіркеуден өткен азаматтар республикалық деңгейде 

өткізілетін қоғамдық тыңдауға қатыса алады.  

64. Қоғамдық  тыңдау  басталмас  бұрын  комиссия  қатысушыларды 

тіркейді.  

65. Қоғамдық  кеңес  төрағасы  (немесе  оны  алмастыратын  адам)  (бұдан 

әрі – төраға) қоғамдық тыңдауды ашады, оны өткізу тақырыбын, күн тәртібін, 

қатысушылардың сөз сөйлеу регламентін оқиды. 

66. Қоғамдық  тыңдау  өткізу  барысында  хаттама  жүргізіледі,  онда 

қоғамдық  тыңдауды  өткізу  күні  және  орны,  қатысушылар  саны,  қоғамдық 

тыңдау төрағасының және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), 

күн тәртібі, сөз сөйлеу мәтіні жазылады. 

67. Қоғамдық 

тыңдауға 

шақырылғандардың 

және 

өзге 


де 

қатысушылардың  сөз  сөйлеу  уақыты  отырыс  өткізу  үшін  бөлінген  уақытқа 

және сөз сөйлеушілердің санына байланысты анықталады. 

68. Шақытырылғандардың  сөз  сөйлеуі  аяқталғаннан  кейін  төраға 

қоғамдық  тыңдауға  қатысушыларға  шақырылғандарға  нақтылау  сұрақтарын 

қою  және  сұрақтарға  жауап  беру  үшін  қосымша  уақыт  құқығын  ұсынады. 

Сұрақтарға жауап уақыты шақырылғандардың негізгі сөз сөйлеу уақытынан 

аспауы қажет.  

69. Шақырылғандар өз ұсынымдарын алып тастауына және/немесе өзге 

де  қоғамдық  тыңдауға  шақырылғандардың  ұсынымдарына  қосылуына 

болады. 

70. Қоғамдық  тыңдаудың  күн  тәртібінің  барлық  мәселелері  бойынша 

шақыртылғандардың  сөз  сөйлеуі  аяқталғаннан  кейін  төраға  тіркеу  кезінде 

анықталған  кезек  тәртібінде,  сөз  сөйлеу  үшін  тіркелген  қоғамдық  тыңдауға 

қатысушыларға сөз сөйлеу үшін сөз береді.  

71. Барлық сөз сөйлеулер аяқталғаннан кейін төраға қоғамдық тыңдауды 

қорытындылайды.  

72. Қоғамдық 

тыңдау  нәтижесі  бойынша  қорытынды  хаттама 

қабылданады, оған қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысы қол қояды. 

Қоғамдық  кеңестің  қатысқан  мүшелерінің  жартысынан  астамы  дауыс  берсе 

ғана қорытынды хаттама қабылданған болып есептеледі. 

73. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасына: 

1) 


ішкі істер органдарының және олардың лауазымды адамдарының 

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат; 

2) 

қоғамдық тыңдау барысында анықталған ішкі істер органдарының 



қызмет  саласында  жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерін  кемсітетін  немесе  шектейтін  ережелерді  жою  жөніндегі 

ұсынымдар; 

3) 


ішкі  істер  органдары  қызметін  реттейтін  нормативтік  құқықтық 

актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар енеді.  




74. Комиссия 

қоғамдық 

тыңдаудың 

қорытынды 

хаттамасы 

қабылданғаннан кейін бес күннен кешіктірмей оны министрліктің интернет-

ресурсына  және  (немесе)  мерзімді  баспа  басылымдарына  жариялауды 

қамтамасыз етеді.  

75. Қоғамдық кеңес төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған 

ұсынымдарды он күндік мерзімде:  

1) министрге; 

2) олардың құзыреті шегінде зерделеу және шара қабылдау үшін өзге де 

мемлекеттік органдарға; 

3) бұқаралық ақпарат құралдарына жолдайды. 

76. Министрлік  Заңның  5-бабының  1-тармағының  5)  және  6) 

тармақшалары бойынша – бір ай ішінде, ал Заңның 5-бабының 1-тармағының 

1)-тармақшасы  бойынша  –  Қоғамдық  кеңестің  ұсынымы  түскен  кезден  он 

жұмыс  күні  ішінде  бірінші  басшының  немесе  оны  алмастыратын  адамның 

қолы қойылған дәлелді жауап береді.   

 

12. Қоғамдық кеңестің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары  



мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық  

актілер жобасын қарау тәртібі 

 

77. Азаматтардың  құқықтарына,  бостандықтары  мен  міндеттеріне 



қатысты нормативтік құқықтық актілердің әзірлеушісі болып табылатын ІІМ-

нің  құрылымдық  бөліністері  (бұдан  әрі  –  ІІМ-нің  құрылымдық  бөліністері), 

оның жобасын талқылау және ұсыным әзірлеу үшін Қоғамдық кеңеске және 

Қоғамдық кеңес мүшелерінің электрондық мекенжайларына жолдайды.   

78. Азаматтардың 

құқықтары 

мен 

бостандықтарын 



реттейтін 

нормативтік құқықтық акті жобасы бойынша ұсыным ұсыну үшін белгіленетін 

мерзім Қоғамдық кеңеске келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем 

болмауы керек. 

79. Ұсынымдар  оны  қабылдағанға  дейін,  сонымен  бірге  осы  жобаны 

мүдделі  мемлекеттік  органдармен  келісу  барысында  нормативтік  құқықтық 

акті жобасына міндетті қосымша болып табылады. 

80. ІІМ-нің  құрылымдық  бөліністері  Қоғамдық  кеңестің  ұсынымымен 

келіскен  кезде  нормативтік  құқықтық  акті  жобасына  тиісті  өзгерістер  мен 

(немесе) толықтырулар енгізеді. 

81. Ұсынымдармен 

келіспеген  жағдайда  ІІМ-нің  құрылымдық 

бөліністері  Қоғамдық  кеңеске  он  жұмыс  күні  ішінде  келіспеу  себептерінің 

негіздемесімен жауап жолдайды. Негіздемесі бар осындай жауаптар оған қол 

қойылғанға  дейін  нормативтік  құқықтық  акті  жобасына  міндетті  қосымша 

болып табылады. 

82. Қажет  болған  жағдайда,  Қоғамдық  кеңес  төрағасының  келісімі 

бойынша азаматтардың құқықтары,  бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 

нормативтік  құқықтық  акті  жобасын  талқылау  және  келісілген  ұсынымды 

әзірлеу үшін кезектен тыс отырыс ұйымдастырылады. 

 



13. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдауды  

ұйымдастыру және өткізу тәртібі 

 

83. Министрлік жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық 



бақылау және Заңның 5-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында 

көзделген мәселелер бойынша ішкі істер органдары қызметінің нәтижелерін 

Қоғамдық кеңес отырысында жария талқылау рәсімі болып табылады.  

84. Жұмыс  нәтижелері  туралы  есепті  тыңдау  Заңның  18-бабының                             

4-тармағына  сәйкес  министрдің  баяндамасын  және  Қоғамдық  кеңес 

төрағасының бірлескен баяндамасын қамтиды. 

85. Жұмыс  нәтижелері  туралы  есепті  тыңдау  барысында  хаттама 

жүргізіледі, онда:  

1) есепті тыңдау күні мен орны; 

2) қатысқандардың саны; 

3) сөз сөйлейтін лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол 

жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе); 

4) күн тәртібі, есептің және сөз сөйлеудің мазмұны жазылады. 

86. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда: 

1)  олардың  құзыретіне  енетін  мәселелер  бойынша  ішкі  істер 

органдарының және олардың лауазымды адамдарының қызметін бағалау; 

2) есепті тыңдау барысында ішкі істер органдары қызметінің процесінде 

жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  кемсіту 

немесе шектеу ережелерін жою жөніндегі ұсынымдар; 

3) ішкі істер органдары қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болуы 

қажет. 

87. Есеп  егер  оған  отырысқа  қатысушылардың  жартысына  көбі  дауыс 



берсе қабылданған болып есептеледі. 

 

14. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы 

 

88. Қоғамдық кеңес халықты: 



1)  оның  азаматтық  қоғаммен  және  ішкі  істер  органдарынмен  өзара  іс-

әрекетінің нәтижелері; 

2) Қоғамдық кеңес құрамы, оның мүшелерінің ротациясы; 

3) отырыстардың күн тәртібі; 

4) қабылданған шешімдер; 

5) өзге де қоғамдық маңызды мәселелер туралы ақпараттандырады. 

89. Ақпарат  бұқаралық  ақпарат  құралыдарында  жарияланады  және 

(немесе) ведомстволық интернет-ресурста орналастырылады.  



 

15. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату 

 

90. Қоғамдық  кеңес  мүшесі  оның  құрамынан  жазбаша  нысанда  арыз 



беру арқылы өз еркімен шыға алады. 


91. Қоғамдық  кеңес  мүшесі  денсаулық  жағдайы  бойынша  немесе 

Заңның  10-бабының  1-тармағында  көзделген  өзге  де  негіздемелер  бойынша 

оның жұмысына қатысуы мүмкін болмаған кезде Қоғамдық кеңес шешімімен 

оны мерзімінен бұрын құрамынан шығару мүмкін болады.   

92. Қоғамдық  кеңес  бұрынғы  мүшенің  қалған  өкілеттік  мерізіміне 

Қоғамдық кеңес құрамына жаңа мүше қосу туралы конкурс нәтижелері немесе 

Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес министрлік шешімі бойынша шешім 

қабылдайды.   



 

__________________________ 



 

 

жүктеу 118,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау