сипатына байланысты маневрлер сұрыптау, орын ауыстыру, топтық және арнайы:
сұрыптау маневрі дегеніміз пойыз құрастыру жоспарына сәйкес вагондарды сұрыптау жолдарына қою;
орын ауыстыру – құрамды немесе вагон топтарын стансаның бір жолынан екінші жолына ауыстырып қою;
топтық - әр түрлі белгілеріне (стансаға, баратын аудандарына, тиеу, түсіру пунктеріне және т. б.) сәйкес вагондарды топтарға жинақтау;
арнайы маневрлер вагондарды салмағын өлшеу, жуу немесе булау кезінде вагондарды орналастыру, оларды сұрыптау паркінде жайлап итеру және т. б.
белгіленуі бойынша – маневрлер ажырату, құрастыру, тіркеу, ағыту, беру, алу және т. б.
Ажырату дегеніміз – вагондарды сұрыптау, тиелген транзитті вагондарды – жинақтау жолына, тиелген жергілікті вагондарды – түсіру жолына, Құрастыру дегеніміз ТПЕ мен құрастыру жоспарының талаптарына сәйкес вагондарды пойыз қылып құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |