ИС BestProfi©
3
функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ҧлттық Банкі мен оның
ведомстволарының қызметшілері;
5) мҥдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген
адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мҥдделері мен олардың лауазымдық ӛкілеттіктері
арасындағы қайшылық, мҧндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мҥдделері олардың
ӛздерінің лауазымдық ӛкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мҥмкін;
6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,
мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік
функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың,
лауазымды адамдардың ӛздерінің лауазымдық (қызметтік) ӛкiлеттiктерін және соған
байланысты мҥмкiндiктерiн жеке ӛзi немесе делдалдар арқылы жеке ӛзіне не ҥшінші
тҧлғаларға мҥлiктiк (мҥліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу
мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы
осы адамдарды параға сатып алу;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға,
қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған қҧқықтық,
әкімшілік және ҧйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес ӛзге де шаралар;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас
жемқорлық қҧқық бҧзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілерінің ӛз ӛкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде
қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық
қҧқық бҧзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және
жою жӛніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қҧқық бҧзушылықтарды анықтау, жолын
кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жӛніндегі қызметі;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жӛніндегі уәкілетті орган – ӛз ӛкілеттіктері
шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын ҥйлестіру жӛніндегі функцияларды
жҥзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бӛлімшелері;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.04.2016 жылғы № 484-V Заңына сәйкес
(22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10
(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2016 жылы № 66 (28794) „Егемен
Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) сыбайлас жемқорлық қҧқық бҧзушылық – бҧл ҥшін заңда әкімшілік немесе
қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар қҧқыққа қайшы,
кінәлі тҥрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
12) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық қҧқық бҧзушылықтарды
жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мҥмкіндігі;
13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілерінің алдын алу шаралары жҥйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас
жемқорлық қҧқық бҧзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу,
анықтау, шектеу және жою жӛніндегі қызметі.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
ИС BestProfi©
4
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тҧлғаларға
қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шартта ӛзгеше кӛзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң
Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды
тҧлғаларға қатысты қолданылады.
2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар ҥшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
кодексінде
, әкімшілік сыбайлас жемқорлық қҧқық
бҧзушылықтар ҥшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының
Әкімшілік қҧқық бҧзушылық туралы
кодексінде
кӛзделген.
3-бап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен
Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік қҧқықтық актілерінен тҧрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда
қамтылғаннан ӛзге де қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары
қолданылады.
4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың қҧқықтарын, бостандықтары мен заңды мҥдделерін қорғау
басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның ӛзара іс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жҥйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем кӛрсететін адамдарды кӛтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық қҧқық бҧзушылықтарды жасағаны ҥшін жазаның
бҧлтартпастығы қағидаттары негізінде жҥзеге асырылады.
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас
жемқорлықты жою болып табылады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа тӛзбестік ахуалын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық қҧқық бҧзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен
себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің ӛзара іс-қимылын нығайту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жӛніндегі халықаралық ынтымақтастықты
дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық қҧқық бҧзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және
тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.