мыз, онан жақсы өтсек, операға ай-
налдырамыз. Сен Құрманбек режис-
сер боласың, Қаныбек пенен Күләш
ән айтасыңдар, ал Шара балерина
боласың» деді. Балеринаның не
екенін түсінген жоқпыз. Соныменен
ол кісі айтты, бітті. Қоштасып шықтық.
Опера театрын құру оңай емес еді.
Қалай ұйымдастырмақ деп таңғал-
дық. Театрға жарайды-ау деген ма-
мандардың бәрін жинады. Бір жерде
бір әнші бар екен оны алып келіп
Күләшті айтты: «Мынаны вокалист
жасап, осыны опера әншісі жасай-
сың» деді. Бір балетмейстерге мені
көрсетіп: «мынаны биші, балерина
жасайсың» деді. Бір театрды түгел
оркестрімен сатып алды. Осының
бәрін бір айдың ішінде ұйымдасты-
рған Темкең ағай. Біз ол кісіні Темке
дейтінміз. Темке ағай деп үйреніп
кеттік, Темке ағай деп айтамыз. Қа-
зақтың кәсіби өнерін жандандырған
– осы Темкең ағай. Сөйлеген кісілер
айтып кетті, ол кісі наркоммын, үкімет-
пін демейтін, күнде репитицияға келіп
отырады. Әннің де, бидің де сырын
білетін, оркестрға да бағыт беріп
отыратын. Онысына қайран қалатын
едік. Ол кісінің еңбегін біз еш уақыт-
та ұмытпаймыз, осы өнерде жүрген
үлкендердің бәрі ол кісінің шәкірті.
Сондықтан осы отырған балаларым,
Темке ағамның осындай үлкен қаси-
еттерінен үйреніңдер, үлгі алыңдар.
Одақтық дәрежедегі дербес зейнет-
кер, қоғам және мемлекет қайраткері
Шақпақ Артықбаев:
–1922-24 жылдары мен Ташкент-
те оқып жүргенде Ғани Мұратбаев бір
жерде сөйлесе, комсомол белсен-
ділерімен кеңессе, сол кезде қа-
зақтың үлкен қайраткерлерінің атын
атағанда ылғи да Жүргеновті де атай-
тұғын. Осындай өсіп келе жатқан қай-
ратты, білімді қазақ деп айтатын еді.
Бірақ ол кезде біз оқушымыз. Одан
кейін мына 34 жылдан 37 жылға дей-
ін мен Ақтөбеде партия қызметінде
болдым. Сол кезде Жүргеновті Ырғы-
зда туып-өскен деп айтатын еді. Ол
уақытта оның туған жері Қазалы
екенін білмейтұғынбыз. Сосын Жүр-
геновті көбінесе ауызға алып отыра-
тын, ол кездегі республикамыздың
өте көрнекті бір қайраткері, Ақтөбе
облыстық партия комитетінің бірінші
хатшысы Әбілқайыр Досов еді.
Бір күні өзі келіп, бізді үйіне қонаққа
шақырды. Үйіне бардық, мына Дәмеш
бізді күтіп алды. Сонда біздің бір
таңғалған нәрсеміз мынау Фурма нов
көшесінде, бұрынғы 121-ші үй бо-
латұғын 2-3 бөлме үй, үйлерінің іші
тап-тақыр, ештеңе жоқ, бір ғана
кереу ет, сосын бір кішкентай үстел
болды, үлкен кітапханасы бар екен.
Соған біз таңғалдық. Сонда бұл қа-
лай, өзі министр болғалы, міне, 2-3
жыл болып қалды, анау-мынау алуға
қолынан келмей ме деп таңданғаным
есімде. Өзбекстанда министр болған
себебі, өзбектің тілін жақсы білген,
Тәжікстанда министр болғаны тәжік-
тің тілін жақсы білген. Біздің Жүргенов
ағамыз шығыс тілдерінің көбісін
білетұғын. Осыны да айтып кету ке-
рек. Сосын екінші бір есімде қалған
нәрсе, 37 жылы Орталық партия ко-
митеті бір топ қызметкерді Семей об-
лысына жіберді. Мен Жарма ауданы-
на, Жүргенов Шаманайха ауданына
кетті. Сонымен қатар Жүргенов пе-
нен маған тапсырма болды «Госпо-
раходта» істейтін Чик дейтін адамды
партиядан шығарған. Соны тексеруді
бізге тапсырған. Соны жұмыс біткен-
нен кейін біз тексеріп, жаңағы «госпо-
роходсваға» барып сөйлесіп, оған
әлгі троцкизм деген айып таққан екен.
Ол өлкелік комитетке арыз берген.
Қойшы, сол мәселені осында бюроға
қоятын болды. Әлгі Чик келді. Жүрге-
нов пенен екеуіміз баяндама жаса-
дық. Сондағы айтайын дегенім, оған
қойылған айып өте үлкен болатын.
Бірақ Жүргенов айтты: «Осында тек-
серілмеген нәрселер көп, осы жолда-
стың троцкишіл болғанына мен өзім
сеніңкіремеймін, сондықтан бұл
мәселе қайтадан қаралсын, қайтадан
тексерілсін» деді. Бюро мүшелері
бәрі қолдады. Жалғыз-ақ бір адам
қарсы болды. Ол мына сол кездегі
Ішкі істер наркомы Залин деген. За-
лин айтты: «Бұны ұстау керек, бізге
соған рұқсат беріңдер» деп сөйледі.
Оның айтқанын Чик естіп отырған.
Сонан үзіліс кезінде жаңағы Залиннің
сөйлегенін естіп Чик барғанда өзін-өзі
атып тастаған. Осы мына қонақүйде.
Менің айтайын дегенім сонда мынау,
осыны Жүргенов ести сала Залинға
жабысты: «Барлығы сенің кесірің,
неге сен ол кісінің көзінше мен ұстай-
мын, қамаймын дедің, ол қорыққа-
нынан өзін-өзі атып тастаған. Сен ай-
ыптысың, адам баласының тағдыры-
на осылай қарауға бола ма? Болмай-
ды, бұдан былай қарай осыны
ескеріңдер» деп жаңағы Залинге қат-
ты айтты. Сондағы айтайын дегенім,
Жүргеновтің мінезі – қайсар мінез бо-
латұғын. Мінезі тік болатұғын. Жұрт-
тың бетіне сөзді басып айтатұғын, бір-
ақ айтатұғын. Ал осы пікірі үшін оны
жұрт жақсы көретұғын. Мен біраз қа-
зақтың бұрынғы қайраткерлерін
білемін. Олардың қазір көбісі тірі
емес, ал солардың ішінде айрықша
бөлініп тұратұғын, көп еңбек сіңірген
осы ТемірбекЖүргенов. Қазақстан-
ның халық артисі Қапан Бадыров: –
Мен Темірбек Жүргеновті 1934-35
жылдары ғана көріп, таныстым осы
Алматыда. Наркомпрос болып тұрған
кезінде. Осы Ленин көшесінде Нар-
компрос үйі болатын. Онда театр,
опера, «Қазақконцерт», филармония
барлығы бір-ақ жерде болды. Жаңа
Бек айтты, қатал еді, жұмсақ еді деп.
Жоқ, қатал да емес, жұмсақ та емес.
Ол тәртіпкер еді. Сондай тәртіпті еді.
Әлі есімде декадаға дайындалып жа-
тырмыз, осы күнгі мына ұйғыр теат-
рында дайындық жасап жатырмыз.
Екі оркестр кешігіп қалды. Жүргенов
репитицияда өзі отыр. Құрманбек пе-
нен Борф басқарып жүр. Аналар кіріп
келе жатқанда «Мында кел!» деп
шақырды. «Уходи отсюда, без вас қа-
захский искусство обойдется, уходи
отсюда» деп екі оркестр мүшесін
қуып жіберді. Декадаға бардық. Құр-
манбек «Қыз Жібекте» ме еді? Ә,
«Қыз Жібекте» дауы сын ала алмай
қалғанда Темкең күйіп кеткен. «Не де-
ген сұмдық, біттік қой» деп. Сондағы
Құрманбектің шеберлігін қараңыз,
«Ля» ма, «си» ма ең жоғары нотасын
ала алмай қалғанда Құрманбек
ешқандай мүдірместен, саспастан
«Ха-ха-ха-ха» деп күліп жіберіп, ар
жағын алып кетті ғой. Ертеңіне газет-
ке шыққанда орыстың үлкен профес-
сорлары, үлкен әншілері таңғалып:
«Это не возможное вещи» деді. Со-
дан Құрекең айтып келді: «Ой, риза
болдым, Темкең менен кешірім сұра-
ды» деп. Темірбек Жүргенов ертемен
келіп, «Ей, тұрыңдар, қазақтың
ауылына келдіңдер ме? Тұр, бұл
Мәскеу, барыңдар, музейге ба-
рыңдар, театрға барыңдар» деп
таңертең ерте келіп бізді ұйықтап
жатқанда оятатын. Мынаны қараңыз-
шы. Сосын кешке біз репитицияға
келеміз, жан-жақтан жиналамыз кеш-
ке. Үлкен театрдың артында театр
бар еді. Біз енді әлі жарты сағат бар
ғой деп асықпай келсек, Темкең есік
алдында жүреді: «Әй, сен бүгін ой-
найсың ба? Әй, неге кешіктің? Кір!»
деп өзі бас тап театрға кіретін.
Декада біткеннен кейін, оның күштілі-
гі ғой енді. Сауда министрлігіне ба-
рып, бізге екі айлық ақшамызды бер-
гізді. Шара есіңде ме? Екі айлығы-
мызды бергізіп, бір дүкен ашқызып,
таңертеңнен кешке дейін сол дүкен-
де болдық қой. Сонда Сәкен
Сейфуллин мен отырып әңгімеле-
семіз, мынау кос тюм ұнамайды, екін-
ші костюм әкел дейміз.. Мінекей, со-
ның бәрін істеп жүрген кім? Темірбек
Жүргенов. Бұл не? Бұл– кадрларды
өсіру, кадр тәрбиелеу. Дмитрий Фур-
мановты білесіңдер, соның әйелі
Анна Иличовна институт тың дирек-
торы болатын, соған алып барып:
«Келер жылы мынау келеді, жазып
қой, осында келеді, оқиды, тағы екі-
үш баланы жіберем» деп біздерді
алып баратын. Ақын Қасым Тоғұ-
зақов: – Құрметті бауырлар, қарақта-
рым, бұл әңгімені айта берсе толып
жатыр ғой, бірақ өмірде бір ұмытыл-
майтын кезеңдер болады. 1936
жылы мен Ленинградтың педагогика
институтын бітіріп, Алматыға келген
соң Наркомпроста Темағаңның қара-
мағында болдым. Декада біткен күні
мамырдың 26 күні кешке Кремльге
қонаққа шақырды, банкет болды.
Сталиннің өзі келді, бәрі бірге отыр,
мына отырған Шәкең Сталиндермен
қатар бір үстелде отырды Күләш
бәрі. Содан бір уақытта Елубай түре-
геліп, Күләш пен Шараның қасына
барып бірдеңе-бірдеңе деп тұр еді,
күндікке үндемей отырған. Сталин
орнынан түрегеліп, бір қолында бо-
кал, теріс қарап тұрған Елубайды
иықтан қақты, Елағаң «тұра тұр, тұра
тұр» деді. Содан әлгі кісі қаттырақ
қағып қалды, жалт қарады да Ста-
линді көргенде сасып қалды өзі. Ста-
лин үндемей ғана бокалын көрсетті.
Елағаң көзін ала алмай столды сипа-
лап жүріп бір бокал қолына түсіп еді,
онысы бос бокал екен: «Құй, құй»
деді Күләш пен Шараға. Күләш екенін
білмеймін, Шара екенін әлде, өзі ай-
тар, қолына түскен бокалды толтыра
құйды. Елубай аға Сталинмен соғы-
стырып, көтеріп қойды ғой. Біз күліп
жатырмыз. Мен Темкеңменен Ста-
линнің кабинетіне дейін бірге кірдім.
Банкет үстінде 5 адам ғана сөз сөй-
леді. Сонда микрафон Сталиннің
ғана алдында еді, Темкеңе сөз бер-
генде ол Сталиннің қолын ұстап
тұрып тілек айтты. Менің айтайын
дегенім, қарақ тарым, Темкең деген
кісі қазақтың көркем өнерін көркейт-
кен. Мәскеуге 550 адамды ертіп ба-
рып, 14 орденді алып, Күләшті КСРО
халық артисі етіп, оның үстіне, «Аман-
гелді» фильмін түсіруге Темкең се-
бепкер болып еді. Кинооператор
Ораз Әбішев: – «Айман-Шолпанды»
Семей теат рында 34-ші жылы көр-
гем, сонда бір өзбектің рөлі бар, кіш-
кентай эпизодтық рөл, соны ойнай-
мын деп Манарбек Ержановпен бірге
соған ептеп дайындалып жүретінмін.
Сол концертте Манарбектің шапа-
нын кимек болып жүрсем, оны Ләти-
па Қожықова деген мына қазіргі Сұл-
тан Қожықовтың анасы, Қожықов ақ-
сақалдың әйелі сол кісі біреуге беріп
қойған екен, мен соған ренжідім.
Басқа бір шапан беріп еді алмай та-
стап кетіп қалдым. Соны естіп, мені
Темкең шақырады дегеннен кейін ал-
дына бардым. «Анамен олай сөйле-
суге болмайды, ана кісіден кешірім
сұра» деді.Мен Ләтипа апайдан
кешірім сұрадым. Қазір осыны ойлап
қарасам, сол сағатында маған беріп
жатқан тәрбиесі екен ғой. Дербес
зейнеткер, республикаға еңбегі сіңген
дәрігер,
Т.Жүргеновтің
зайы бы
Дәмеш Ермекова: – Жаңа сарайда
жақсы өткізді, бірталай кісілер қаты-
сты. Темірбекпен бірге қызмет істеген
үлкен-үлкен жазушыларымыз қаты-
сты, Ғабит Мүсірепов, академик Қа-
ратаев, жазушы Әбілда Тәжібаев,
белгілі артис тер қатысып, жылы сөз-
дерін сөйлеп, 40 жыл бойы Темірбек-
тің бейнесін сақтап, маған сол жылы
сөздерімен Темірбекті тірілтіп берген-
дей болды. Ол уақытта бағана ай-
тылғандай қыздар шынына келгенде
аз едік. Қазір мына мөлдіреп отырған
қыздар көбейді Құдайға шүкір. Үлкен
дәрежелі мектепте 5-ақ қыз оқитын-
быз. Бір күні Темірбек «Дәмеш, қо-
сылсақ қайтеді? Уақыт болды ғой»
дегенде, мен келісе қоймадым.
«Оқуымызды бітірейік» дедім. Кейін
бас қостық. 10-ақ жыл бірге өмір
сүрдік. Сол 10 жылдың ішінде маған
бөтен мінезін еш уақытта көрсеткен
емес Темірбек. Сондықтан да шығар
мен 40 жыл бойы сол Темірбекті
жүрегімнің түбіне сақтап келемін.
Екінші айтайын дегенім, мына 1936
жылы бірінші декадада үлкен театр-
дың үлкен сахнасында концерт бол-
ды. «Қыз Жібек» қойылды, «Жал-
быр» қойылды, онан кейін концерт
болды, сол концертте мына Шара
жуан қос бұрымы бар, үстінде сары
жібек желбіршектеген көйлегі. Сол
сахнада бір өзі ғана билеп шықты.
Мәскеу ді таң-тамаша етті. Қол шапа-
лақтап, екі рет пе, үш рет пе шығарды
сонда Шараны. Темірбектің зеректігі-
не таңғаламын. Сонда қалай білесіз?
«Апыр-май, сіз мына емтиханға дай-
ындалғанда кітап оқымайсыз» дей-
мін. «Мен бір-ақ рет оқимын» дейтін
еді. Сол талантына, оқымыстылығы-
на таңғалушы едім. Ол кітапты көп
оқитын,
әсіресе
классиктердің
шығармаларын
жақсы
көретін.
Жиында сонымен бірге академик Бе-
кежан Сүлейменов, қоғам және мем-
лекет қайраткері Шәріп Өтепов, Ха-
лық комиссары Әшімбек Бектасов,
жазушы Айтбай Хангелдин, фоль-
клортанушы Мардан Байділдаевтар
сөз сөйлеп, ел ардақтысы жайлы
пікірлерін ортаға салды.
Тынышбек ДАЙРАБАЙ,
жүргеновтанушы,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі,
ҚР Мәдениет қайраткері,
«Құрмет» орденінің иегері
5
23 тамыз,
2016 жыл
4
23 тамыз,
2016 жыл
№34 (7896)
№34 (7896)
Тарих
Қазақ мәдениеті мен халық
ағарту ісі саласында зор
еңбек сіңірген Алаш ар-
дақтыларының бірі Темір-
бек Жүргенов.
Ол 1922 жылы Орынбор
рабфагін бітіріп, Ташкент-
тегі Орта Азия мемлекет-
тік университетінің заң
факультетінде оқи жүріп,
Қазақ АССР-ның Түркістан
республикасындағы өкілі
болған. Соңғы курста Таш-
кенттегі жаңа ашылған
Қазақ педагогикалық ин-
ститутының директоры
болып тағайындалған.
Кейін жаңа құрылған Тәжік
мемлекетінің Қаржы ха-
лық комиссары (министрі)
болады. Өзбекстанда да
Оқу-ағарту Халық комисса-
ры қызметін атқарады.
Өзінің туған елінде небәрі
төрт-ақ жыл қызмет
істеді. Оқу-ағарту Халық
комиссарлығына қоса,
үкімет жанындағы мәдени-
ет, өнер ісін басқаратын
комитетке төрағалық
етті. Осы аз уақыттың
өзінде өзі басқарған сала-
ларда соңына айшықты із
қалдыра білді.
Халықтың адал перзенті
өткен ғасырдың отыз
жетінші жылдары жалған
жаламен «халық жауы»
атанып, опат болды.
Семей гимназиясының студент-
тері, 1918 ж. Екінші қатарда оң жақтан
төртінші отырған Дәмеш Ермекова.
Т.Жүргеновтің ұйытқы болуымен
Алматыда салынған №28 мектеп ғи-
мараты (қазіргі №26 гимназия)
1978 жылдың қараша, желтоқ-
сан айларында Алматы қаласында
қоғам және мемлекет қайраткері
Темірбек Қараұлы Жүргеновті еске
алуға арналған екі жиын өткені бел-
гілі. Белгілі деуім артықтау болар,
сол жиындар жайлы толыққан-
ды ешнәрсе жазылмай келді.
1978 жылдың 28 қарашасында Қа-
зақстан Компартиясының Орталық
Комитеті жанындағы партия тарихы
институтында Т.Жүргеновтің туға-
нына сексен жыл толуына арналған
салтанатты жиын болып, онда тарих
ғылымының докторы Р.Сүлейменов
баяндама жасап, Социалистік Еңбек
Ерлері Ғ.Мүсірепов, С.Қожамқұло-
втар өз естеліктерін айтқан-ды.
Бұл туралы 29 қараша күні «Соци-
алистік Қазақстан» газетінде 30-40
жолдық ҚазТАГ хабары ғана жария-
ланды. Бір айдан кейін КазМУ-дың
заң факультетінің басшылығы ұй-
ымдастырған Т.Жүргеновтің 80
жыл дығында айтылған естеліктер,
болмаса осынау шараның өткен-
дігі туралы хабар да берілмеген.
Олай болуы мүмкін емес деген ой-
мен аталған басылымның 1978
жылдың қараша, желтоқсан, 1979
жылдың қаңтар айларындағы тігін-
ділерін қарап шықтым. Сол ҚазТАГ
хабарынан басқа ешнәрсе беріл-
мепті. Сондықтан да сол жиындар-
дың материалдарын іздеп жүріп
ақырында таптым-ау. Әсіресе, Каз-
МУ- дегі өткен жиында естелік ай-
тқандардың басым көпшілігі Т.Жүр-
геновпен таныс, бірге қызметтес
болғандар және Жүргенов туралы
жинақтарға енбеген естеліктер.
Отыз сегіз жыл бұрынғы республи-
каға есімі белгілі азаматтардың
есте лік терін магнитті таспадан элек-
тронды жүйеге көшіріп, одан кейін
дауыс ты тыңдай отырып, жазбаша
нұсқасы дайын далды. Бұл естеліктер
біріншіден, қоғам қайраткерлерінің
Т.Жүргенов хақын дағы естеліктері өз
дауыстарымен жазылуы, екіншіден,
олардың әңгімесі бүгінгі ұрпақтарға
жеткізілуімен құнды деп есептеймін.
Бұрындары Т.Жүргеновпен бірге
болған ауылдастары мен туыстары-
ның естеліктерін 1965-1970 жылдары
алғашқы болып газеттерге жазып,
жинақтарға енгізсем, енді, міне, 38
жыл бойы ескерусіз қалған естелік-
терді оқырмандарға ұсынып отыр-
мын. КазМУ-дың заң факультетінің
деканы Қази Үр-
генішбаев кіріспе
сөзбен
ашып,
жүргізіп отырған.
Алғашқы
сөзді
қоғам қайраткері
Жүсіпбек
Ары-
станов
айтады:
– Мен Темірбек
ағамызды …. иә
ағамызды… Ме-
нен ол бес жарым
жас үлкен екен.
Біз қазір оның 80
жасын атап өт-
келі отырмыз. Сол
Темірбек ағамызды бірінші рет 1923
жылы Ташкенде көргенмін. Біз ол
уақытта Мәскеуде оқитын едік. Бір
топ Мәскеуден, Петроградтан комсо-
молдың шақыруымен Ферғана соғы-
сына аттанып бара жаттық. Сонда
Ташкенге келіп тоқтағанымызда Ғани
Мұратбаев қарсы алып: «Жетісу-
дан, Сырдарияның басқа уездерінен
жергілікті жігіттер жиналғанша бір-екі
күн күтесіңдер» деді. Ілияс Қабылов
менің бірге оқыған жолдасым еді.
«Осы бос уақытты пайдаланып, біз
Темірбекке барайық» деді. Темірбек
ол уақытта Қазақстанның Түркістан-
дағы уәкілі болатын. Біз жатқан жер
бұрынғы Кадет корпусы қасындағы
екі қабатты үлкен-кіші үй болатын.
Сөйтсек, Темірбек тұрған үй – Қа-
зақстанның өкілеттігінің нақ қасында
екен, жарты-ақ квартал, сквердің
екінші жағында. Бұрын өзіміз көп ба-
рып жүретін Луначарский атындағы
комсомол клубының қасында екен.
Біз көп отырып сұхбаттасып, әңгіме-
лестік. Соның өзінде жастық уақытта
адамның желігі болады, біз Мәскеуде
оқып жүрген Қазақстанның алғашқы
студенттеріміз деген бойымызда
мақтаныш бар еді. Темірбекпен
сөйлескеннен кейін біз кәдімгідей
жайымызды түсініп, оның білімінің
аса үлкендігін сол уақыттың өзінде
қайсымызға болса да, қай жағынан
болса да ағалыққа жарайтындығына
тәу етіп, тағзым етіп, үлкейіп барып,
кішірейіп қайттық.
1936 жыл. Қазақ әдебиеті мен
өнерінің Мәскеудегі онкүндігінде. Су-
ретте солдан оңға қарай: Темірбек
Жүргенов, Құрманбек Жандарбеков,
Елубай Өмірзақов, Евгений Бруси-
ловский, Ораз Исаев, Күләш Байсей-
ітова, Жамбыл Жабаев.
Мәскеуде, Ташкенде көріп жүрдім.
Бірақ қатар жұмыс істеуге тура келген
жоқ. Мен Темірбекті екі мәрте аса үл-
кен өрлеу үстінде көрдім деп айтуы-
ма болады. Әрбір өрлеу дәуірі өзінің
үлкен толқынының үстіне, аса ірі
қайраткерлерді, тұлғаларды, жетек-
шілерді шығарады. Сол жетекшілер
сол өрлеудің басында жүреді. Темір-
бек ана шетте отыр еді, бір уақытта
үзіліске жақындаған уақытта орнынан
тұрып, ортада отырған Мирзоянға бір
нәрсе деп сыбырлады. Мирзоянның
бір жағында Ораз Исаев, бір жағын-
да Садық Нұрпейісов отырған. Ол
басын шайқап тұрды-дағы оң жағына
бір, сол жағына бір сыбырлады. Олар
да басын изеді. Сосын «Демалысты
жариялаудан бұрын сөз халық ағар-
ту комиссары Жүргеновке беріледі,
ұсыныс жасау үшін» деп жариялады
Мирзоян. Сонда Темірбек: «Бүгін ер-
теменен мен ана салынып жатқан…
Осы Абай теат ры… Сонда болып
ұжымымен келісіп едім, катлаваны
даяр, тасы әкелініп қойылған, әлгі
раствор дегенің жасаулы. Соны өз-
деріне салғызбай, тоқтатып қойдым.
Бұл Қазақстан тарихында опера де-
геннің өзі жаңа нәрсе болса, соның
театрын салудың өзі аса үлкен іс.
Соның ең басында партияның қаулы-
сымен болып жатқан істің, партияның
активтері осында жиналып отырған
крайкомның мүшесі, Үкіметтің, Каз-
ЦИКтің мүшелері өз қолдарымен
салсын деп тоқтаттым. Мен осыны
дұрыс деп ұғамын. Сондықтан мен
сіздердің бәріңізді соған шақыра-
мын. Бірден соған тобымызбен ба-
райық, өз қолымызбен сол театрдың
алғашқы тастарын салайық, мұның
өзі белгі боларлық нәрсе, осы театр
партияның қаулысымен ашылып
отырса, соның іргетасын қалағанда
партияның басшы активтері бол-
сын» деді. Жұрт ду қол шапалақтап
орнынан тұрды. Сонан бәріміз киініп
барып осы Абай театрының қазылып
қойған іргетасына сол Қазақстан
өлкелік комитетінің мүшелері, Каз-
Цик-тің мүшелері өз қолымызбенен
әркім бірнеше тастан тас салдық. Со-
сын сол жерде шағын митинг болды.
Академик
Серғали
Толыбеков:
Темірбек Қараұлы туралы айтатын
әңгіме өте көп. Оның бәрін айтып
тауы су қиын. Ондай адамның өмірі-
нен бірнеше том кітап жазуға болады.
Мен бала күнімнен ауылдағы хабар-
дан білемін. Теміршіні, оның әке-
лерін, ауылдарын. Бұрын біз көшпелі
ел болатынбыз. Бірге көшіп, қатар
көшіп жүретұғынбыз. Қыс қыстауы-
мыз Сырдария, оның тараулары
Қуаңдария, Жаңадария, Қызылқұм
осы жерлер, қыстауы болды. Қырға
қарай көшкенде Ырғыздың жері сол
анау кәдімгі Қарақай, Мамыт деген
жерлері жаз жайлауы болды. Міне,
сол көшіп жүрген бір тайпа үлкен ел-
дің бірқатар руынан боламыз. Сол
көшпелі ауылда, мал өсірген көшпелі
ауылда туған бала – Темірбек.
Алғашқы кездегі оқуы оның Қызылор-
дада, бұрынғы Перовский қаласын-
да болған. Кейінгі кезде Темірбектің
әкесі отырықшы боламын, көшуден
жалықтым деп сол Ырғыз уезінде
жайлауын қыстау етіп, революция-
ның қарсаңында сонда қоныстанған.
Сондықтан Темірбекті біреулер қы-
зылордалық дейді, онысы да дұрыс.
Біреулер ырғыздық, ақтөбелік дейді,
онысы да дұрыс. Ол екі уезге бірдей.
Ал енді Темірбек Қараұлы Жүр генов
жолдас Қазақстанның, кеңес тік Қа-
зақстанның тарихында көп еңбегі
сіңірген қайраткер адам ның бірі. Ол
өзінің соншалықты талант ты, кең
білімді қызметкер болғандығы арқа-
сында бүкіл Орта Азия, Қазақстан,
Мәскеудегі басшы қызметкерлердің
барлығына белгілі болды. Темірбек
Жүргенов, біздің кеңес тарихындағы
Луначарский, Бувонов сияқты нар-
комдардың бейнесіндегі адам еді. Ұй-
ымдастыру таланты өте үлкен, білімі
терең, Кеңес үкіметіне жан-тәнімен
берілген, ерекше артық ұйымдасты-
рушы. Ол Қазақстанға, 33 жылы келді
ғой деймін. Ал сол кейінгі төрт жыл-
дың ішінде істеген ісін ондаған жыл-
дарда істеген іске теңеуге болады.
Сол кездегі Қазақстанның оқу-ағарту
жұмысын қайта құру, оны жөндеу,
үлкен сара жолға салу, оның кадрла-
рын дайын дау, ол кезде сол Оқу ми-
нистрдің қарамағында болды, бүкіл
мынау идео логия мекемелерінің
барлығы. Өнер, радиоға дейін, физ-
культура, спорт бәрі де сол кезде нар-
компростың қарамағында болатұғын.
Сол жұмыстардың барлығына бас-
шылық етіп, әрбір саласында көрнек-
ті үлкен із қалдырған адам – Темірбек
Қараұлы Жүргенов. 1934 жылдың
жазында төртеу-бесеуіміз Наркомға,
Темкеңнің өзіне кірдік. Ол сонда бірін-
ші рет кездесіп сөйлескеніміз. Сонда
ол кісінің айтқаны: «Дұрыс, сендер
жассыңдар, жаңа ғана ғылым жолы-
на қадам басып келе жатырсыңдар.
Әлі білмегендерің, көрмегендерің
өте көп. Сендер нағыз ғылыми адам
болу үшін, мынау жоғарғы дәрежелі
мектептің ең білімді сабақ берушісі
болу үшін сендерге өте көп нәрсе
білу керек. Ал енді Мәскеу, Ленин-
градты көрмегендерің де бар осы
отырғандарыңның ішінде. Көрің-
дер, ал сонымен қатар осы уақытты
жақсы пайдалана біліңдер. Мәскеу,
Ленинградта үлкен ғалымдардың
мамандық бойынша лекцияларын
тыңдауға тырысыңдар. Екіншіден,
қазір қолма-қол осы Алматыдан та-
былмайтұғын құрал – кітаптарды
оқуға тырысыңдар. Ескі кітаптар сата-
тын жерден керекті кітаптарды сатып
алуға тырысыңдар, ғылымның көзі
кітапта, еңбекте, көп еңбек істемесең-
дер, көп оқымасаңдар, көп білмесең-
дер сендерден ештеңе шықпайды »
деп бізге осындай қатты-қатты әңгіме
айтқан. Қазақ КСР-ның Халық артисі,
1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндік-
ке қатысушы Шара Жиенқұлова:
– Осы мынау өте қымбат үй бізге.
Бұрын Верный болғанда гимназия
болса, кейіннен Алматы болғанда ин-
ститут болды. Осы институтта біз де
бір-екі жыл оқып едік. Сол кезде жаңа
қазақтың қызы жоқ деді ғой, бой-
жеткен 12 қыз бар еді. Жігіттер бізге
«Дюжона» деп ат қойған. Үлде мен
бүлдеге бөленген 16 менен 14 жас
аралығындамыз. Бір күні Байсейіто-
втер мен Жандарбековтерді нарком
шақырып жатыр деді. Күләш жүгіріп
келді: «Шәй көйлегің бар ма, біреуін
маған берші, киініп барайық» деді.
Содан бір-бірімізден көйлек сұрап,
туфли сұрап киініп бардық. Сонда
ана губернатордың үйі. Жігерлі жігіт
екен. Бұл Темірбек Жүргенов бола-
тын. «Менің шақырғаным, үкіметтің
қаулысы болды, музыка театрын
ашамыз, онан кейін Мәскеуге бара-
Ұлтының ұлы
бола білген