Әдістердің санына, яғни инвестициялық жобалардың ттиімділігін анықтауда, дисконттауға сүйене отырып, мыналарды назарға алады:
– таза келтірілген тиімділік немесе таза дисконтты (NPV) кірісті есептеу әдісі – бұл әдіс бастапқы инвестицияны (IC) шамасын салыстыруға негізделеді, ақша түсімінің жалпы дисконтты сомасы назарда болады, бағдарланатын мерзімде лайықты үрдіс жалғасады.
Бір реттік инвестициялауда таза келтірілген тиімділік мына формула бойынша есептеледі
(3)
мұндағы NPV – таза келтірілген тиімділік;
IC – бастапқы инвестициялар;
– таза ақша түсімдер жыл бойынша;
r – пайыздық жүктеме;
n – жобаның мерзімі.
Егер NPV нөлден жоғары болса, онда жоба қабылданады, егер NPV нөлден төмен болса, онда жобаны ығыстыруға тура келеді. Егер NPV нөлге тең болса, жоба кірісті не шығынды болып саналмайды, алайда бұндай жобалар ылғи да ығыстырыла бермейді, нарықтағы үлесті сақтауға немесе жұмыс орнын арттыруға мүмкіндік береді.
Көп реттік инвестициялау жағдайында таза келтірілген тиімділік мына формула бойынша есептеледі
(4)
Достарыңызбен бөлісу: |