Инструкция по обеспечению безопасной образовательной среды на основе анализа требований к созданию безопасных условий в дошкольных



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет6/18
Дата10.10.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39581
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қауіпсіз білім беру НҰСҚ.

4. Еңбек әрекеті процесінде балалардың мінез-құлық ережелері
Тәрбиеші балалардың еңбек әрекеті үшін қажетті жағдайлар жасайды, оларға 
әртүрлі материалдар мен құралдармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді, 
балалардың еңбек процесінде мінез-құлық ережелерін меңгеруін және орындалуын 
қамтамасыз етеді. Балалар келесі талаптарды білуі және қатаң сақтауы керек: 
- тапсырылған жұмысты тек осы еңбек түрі үшін бӛлінген орындарда ғана 
орындау; 
- жұмысқа кіріспес бұрын, алжапқыш пен басқа да арнайы киім киіп, жеңді 
түріп, қолды жуып, қажет болса, шашты жинау; 
- берілген тапсырмаға сәйкес жұмыс орнын дайындау: қажетті материалдар 
мен құралдарды ұқыпты, ыңғайлы және ретімен орналастыру, олардың жарамды 
жұмыс істейтініне кӛз жеткізу; 
- еңбек процесінде ӛзінің жұмыс орнындағы тәртіптілікті үнемі сақтау, оның 
қоқыстануына жол бермеу; 
- тәрбиеші кӛрсеткен ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып, жабдықтар 
мен құралдарды тек олардың мақсаты бойынша пайдалану. Ӛз бетінше әрекет үшін 
қажетті құралдарды тек тәрбиешінің рұқсатымен алуға болады; 
- мұқият жұмыс жасау, алаңдамай, қолындағы құралдармен жүрмеу және 
басқа балаларға кедергі жасамау; 
- жұмыс барысында инелерді тек ине слғыштарға, шегелерді жәшікке немесе 
қорапқа, қайшыларды - арнайы тұғырға жабық ұшымен салу; 
- жіптерді тек қайшымен, сымды кескішпен кесу, шегені тістеуікпен алу; 
- жұмыс аяқталғаннан кейін жабдық пен мүкәммалдың жай-күйін тексеру, оны 
тазарту, орналастыру және жинау. Жұмыс орнындағы үгінділерді, қоқыстарды 
сыпырғыштың, щетканың және дымқыл шүберектің кӛмегімен ауызбен үрлемей 
немесе қолмен сүртпей ретке келтіру керек. Содан кейін қолды мұқият жуу, жұмыс 
киімдерін жинау, шашты тарау, киімді түзету; 
- егерде аздап жарақат, кӛгеру, жырып кету болған жағдайда дереу тәрбиешіге 
айту. 
Жуынатын және дәретхана бөлмесіндегі қауіпсіздік талаптары 
Жуынатын бӛлмеде және дәретханада бір уақытта 5-6 баладан аспауы тиіс. 
Дәретханада гигиена ережелерін міндетті түрде орындау: қағазды қолдану, 
унитазды сумен шаю, қолды сабынмен жуу, сүлгімен тек жуылған қолды сүрту.
Жүгіруге, секіруге, су шашуға, жинау мүкәммалын ұстауға, ұсақ заттар мен 
ойыншықтарды унитазға тастауға және оларды сол жерден алуға болмайды; сүлгі 
кептіргішке және унитаздар арасындағы қабырғаларға мінуге, батарея торына және 
терезе алдына кӛтерілуге; душты ӛз бетінше пайдалануға болмайды.Балалар үнемі 
тәрбиешінің бақылауында болуы керек. 


12 
Серуендеуді ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздікті талаптары: 
- тәрбиешінің кӛмекшісі балалар серуенге барғанда және серуеннен келе 
жатқанда еріп жүруі тиіс, педагогтер барлық балаларды назарда ұстауы, балаларды 
бақылауы және қажет болған жағдайда кӛмекке келуі тиіс; 
- тәрбиешінің міндеті– температура режимін және ауа-райы мен температура 
жағдайларына сәйкес балалардың киімдерін және баланың бас киімінің болуын 
бақылау; 
- серуендеу алдында алдын-ала учаскені қауіпсіздік үшін тексеру қажет; 
- тәрбиеші аумақты қауіпсіздік үшін тексергеннен кейін ғана учаскеде шӛпте, 
асфальтта, құмда жалаң аяқ жүруге рұқсат етіледі; 
- құмсалғышта құммен ойнауға құмға қайнаған су құю мен құмды күнделікті 
қопсыту жағдайында ғана рұқсат етіледі
- тәрбиеші белгіленген режимді, серуендеу ұзақтығын, балалар әрекетін 
(қимылды, аз қимылды) ауыстыруды сақтауы тиіс; 
- серуендеу, ойын, еңбек әрекеті кезінде балалардың шаршауын, ыстықтауын, 
тоңуын болдырмау үшін серуенді ӛткізу жоспары бойынша балалар әрекетінің 
қимылды, аз қимылды түрлеріне кезекпен ауыстырып отыру қажет; 
- тӛбешіктен сырғанау, мұз жолдарымен сырғу, әткеншек тебу, ӛрмелеу,
биіктен, спорттық жабдықтардан секіру, лақтыру, самокат, шаңғы, велосипед тебу 
және т.б. кезінде тәрбиешінің сақтандыруын, бақылауын қамтамасыз ету; 
- су жиналған шұңқырларының маңында, жолдан ӛтетін бӛліктердің жанында 
серуендеуге рұқсат етілмейді; 
- тәрбиеленушілердің екі тобына бір ойын учаскесінде серуендеуді 
ұйымдастыруға және ӛткізуге жол берілмейді; 
- серуендеу кезінде балаларды тәрбиешінің бақылауынсыз қалдырмау; 
- ауа райы жел және суық болған сумен ойнауға тыйым салынады; 
- тәрбиеші балалардың үй-жайдан бір-бірін итермей шығуын және 
кіреберістен түсуін бақылауды қамтамасыз етеді; 
- балалардың таяныштарға, шарбақтарға, ағаштарға ӛрмелеуіне тыйым 
салынады; 
- тәрбиеші балалардың жеке гигиена талаптарын орындауын бақылауды 
қамтамасыз етеді ( кір заттарды, қарды, сүңгілерді қолына ұстауға, аузына салуға 
тыйым салынады, бір-біріне жерден құм алып лақтырмау ); 
- серуеннен бала ӛз бетінше кетіп қалған жағдайда тәрбиеші бұл туралы 
меңгерушіге, ата-анасына (заңды ӛкілдеріне), полиция бӛлімшесіне дереу хабарлауы 
тиіс.Баланы іздеуді дереу ұйымдастыру, белгілерді атау: сыртқы түрін, жасын, киімін 
сипаттау; 
- жазатайым оқиға кезінде тәрбиеші балаға алғашқы медициналық кӛмек 
кӛрсетуі, ол туралы меңгерушіге, медбикеге, ата-аналарға (заңды ӛкілдерге) дереу 
хабарлауы керек, қажет болған жағдайда дәрігерді шақыруы және баланы ауруханаға 
жеткізуі тиіс. 

жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау