дүниежүзіндегі ірі кендердің бірі екендігін дәлелдеу,осыған байланысты қазіргі Жезқазған
өңірінің өнеркәсібі өркендеген аймаққа айналуы Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.
Сонымен сұрақ мынадай: Қ.И.Сәтбаевтың туған жері? (Баянауыл)
4. Солтүстік Қазақстан облысына байланысты: Қазақстанның Қарағанды, Солтүстік Қазақстан
облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жеріндегі өзен.Жалпы ұзындығы
2450км.Қазақстан жеріндегі ұз 1607км.Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі Нияз тауының батыс
беткейінен басталып Омбы облысындағы Уст-Ишим селосы тұсындағы Ертіс өзеніне құяды.Өзен
алабында Солтүстік Қазақстан,Қостанай облыстарының шағын шаруашылықтарын, өнеркәсіп
орындарын сумен жабдықтайтын ұз 1776 км осы өзенмен аттас су құбыры жұмыс
істейді.Өзенде ақбалық,шортан,алабұға бар Ертіс өзенінің сол жақ саласы.
Сонымен сұрақ мынадай: Бұл өзен қалай аталады? (Есіл )
4- кезең " Жерұйық" Бұл кезеңде дұрыс жауап бермеген топтың 400 ұпайы шегеріледі де дұрыс
жауап берген топқа қосылады.
Асан Қайғы Сәбитұлы ( 14 ғ аяғы мен 15 ғ басы ) қазақ халқының мемлекет қайраткері, ақын ,
жырау,би , философ.Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым ,Қазақ
,Өзбек хандықтары п.б. Қазақ хандығының тарих сахынасына шығуы хандықтар арасындағы
қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді.Осындай кезеңдерде хан мен
қара бұқара арасындағы қарым-қатынасты ушықтырмай, әділет тұрғысынан шеше білген,сыртқы
саясатта халқының өсіп-өркендеуіне ұйытқы болып, қазақ қоғамының үлгісін жасаған.Ол іздеген
"Жерұйық" шұрайлы қоныс қана емес,елін жұртын сыртқы жаулардан қорғайтын жол,жаңа
қоғамның үлгісі,қазақ халқын тарих сахынасында сақтап қалу бағдарламасы . Асан Қайғы осы
тарихи ойларын хандармен, сұлтандармен, билермен әсіресе Жәнібек ханмен арпалысып жүріп,
іске асырмақ болған. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды
халық Асан Қайғы деп атаған
. Сонымен сұрақ мынадай: Асан Қайғы басына орнатылған кесене қай жерде?
Ойынды қорытындылау, жеңген топты анықтау
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ
Қызылорда қаласы №4 С.Сейфуллин
атындағы орта мектебінің дене шынықтыру
пәні мұғалімі Маханова Нұрайхан Бектұрғанқызы
Адамның қымбаттысы - өмір. Бұл өмірге шыр етіп келген әрбір пенденің өмірі біріншіден Алланың,
екіншіден өз қолында. Сондықтан оны «қайран босқа өткен жылдарым – ай» - деп өкінбейтіндей әтіп
өткізу керек. Қай жағдайда болмасын мақсатқа жету үшін денсаулықтың алар орны дара. Яғни
денсаулық мықты болса оған білім мен біліктілікті қоссақ, адам баласы алмайтын қамал болмайды.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, салауатты байлық өмір – ең басты байлық. 1997 жылы
Елбасының « Қазақстан 2030» жолында салауатты өмір салтын ынталандыру, әрқайсысымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға, азаматтардың салауатты өмір салтын насихаттау, теріс әдеттерден
спортқа көшіру – делінген. Осының нәтижесінде дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілген
жұмыстар елімізге деген сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастыруы тиіс. Жас
ұрпақтарымызды дені сау болу. Білімді денсаулығы зор ұрпақ өсіру жан – жақты білім беру
денсаулықты сақтауға үйрету, кез – келген әрбір адам физикалық, рухани әлеуметтік тұрғыдан
денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушылар күнделікті өмірде сабақта болған, үй тапсырмасын орындаған кезеңдерде көптеген қимыл
- әрекеттер, қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің жекелен мүшелерінің қалыптасып жетілуіне
өз әсерін тигізеді. Организм өз шамасы клктін жаттығу мен дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарды
орындағанда ғана өсіп – жетіледі. Себебі дененің қалыптасуы мен адамның жеке басының қасиеттері
бір – бірімен тығыз байланысты. Денені жүйелі түрде шыныұтыру мен денсаулықты нығайту
адамның ой – саласының өсуі мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді,әр уакытта
окушылар бойында сауықтыру, тәрбиелеу, білім беру міндеттері қатар жүрсе организмнің бірқалыпты
дамуына әсер тигізеді. Бұл міндеттердің негізгі көрсеткіші – адамның денсаулығын жақсартып,
қалыптастыру және денені дамыту. Дененің демуы дегеніміз - өмірде адам организмінің қызметі мен
формаларының өзгеріп жетіліп отыруы. Дененің сау болуын қандай адам қаламайды? Денсаулық
дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, қоғам үшін де керек.
Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі , жарқын келешегі
үнемі денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел
дамуының басты арқауы. Денсаулықты сақтаудың бірден – бір дұрыс жолы – зианды жат қылықтарға
үйренбей, салауатты өмір сүру.
Ғасыр дерті дегеніміз – қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен тарап, ушығып тұрған мәселелер.
Адамның рухани өсуімен денесінің өсіп жетілуі балалық шақта қалыптасады. Гимнастикамен, жеңіл
отлетикамен, жүзумен, шаңғымен т.б спорт ойындарымен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын
балалар дені сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерінің
құрдастарына қарағанда сергек саналы болып өсетінін ғылым мен өмір тәжірибесі толық дәлелдеп
отыр. Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі
азаматтар қатарына қосылады. Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетіні ұжымдық
және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретіні, белсенді өмірлік көзқарасты тәрбиелейтіні жоғарғы
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны – өмірде белгілі болған қағидалар. Күштілік,
төзімділік, жылдамдық, икемділік, сергектік, өмірге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрізді
сапалық қасиеттер дене шынықтырумен спорт арқылы орнығып қалыптасады. Ұлттық спорт түрлері
мен ойындар дене тәрбиесінің маңызды құралымен әдісі ретінде адамның бүкіл тіршілік тұрмысында
өзінің маңызын жоғалтпайды, тек олардың маңызы мен өткізілу әдістері өзгеріп отырады. Ойын өсіп
келе жатқан ұрпаққа білім мен тәрбие берудің ертеден қлыптасқан құлралы. Сондықтан ойындар
оқушыларды болашақ өмірдегі еңбек қызметіне даярлап, тәрбиелік міндеттердің кең ауқымын шешу
үшін арнайы ұйымдастырылады. Ойындардың ұйымшылдықты, еңбекқорлықты, тапқырлықты,
алғырлықты дамытудағы, қозғалыс үйлесімділігін жетілдірудегі маңызы аса зор. Бұл қабілет –
қасиеттердің бәрі де ойын арқылы қалыптасады. Ойындар баланың жалпы дене дайындығының жан-
жақты дамуына терең әсер беретін құрал болып табылады. Ойындардың көмегімен жүгіру, секіру,
лақтыру, тасымалдау, ойлау сияқты өмірлік маңызды дағдылардың арқасында жылдамдық, ептілік,
күш, төзімділк, иемділік дене қсиеттері жетілді.
Ойындағы қимыл-қозғалыстар адамға тән іс-әрекеттің жеке түрі болып табылады. Олар адам
қалыптаса бастаған алғашқы кезеңдерден-ақ басталып, кейінгі даму тарихында да бірге келе жатыр.
Бір ұрпақтың келесі ұрпаққа тәрбие үйрету қажеттілігінен де ойындардың пайда болуы жайғасады.
Ойындардың пайда болуы еңбекпен, адамды, табиғатты бағалауға жетелеген белсенді іс-әрекетімен
тікелей байланысты. Алғашқы аңшылық, кейін мал өсіру жер өңдеу шарушылығымен байланысты
өмірлік үрдістер бала ойындарының даму негізін құрайды. Осы аталған ерекшеліктер ойын мен еңбек
арасындағы тығыз байланыспен өзара әсерді көрсетеді. Осыдан жеке адамның, сондай-ақ тұтас
қоғамның дамуын қамтамасыз ететін ойынның әлеуметртік қызметі көрінеді. Ойындардан халық
дәстүрі оның өмірі мен тәжіриебесінің ғасырдық жиынтығын молынан байқаймыз. Әсіресе ұлттық
ойындардан көрінеді. «Бұл елде қандай халық тұратынын білгің келсе, балалардың ойындарына қара»
деген монғол мақалы сөзіміздің дәлелі іспетті. Ұлттық ойындар мен дене жаттығулары мектепте
үнемі кеңінен қолданылады. Олардың көбі ресми бағдарламаға еңген. Сондай-ақ мектептен тыс,
сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарындада кеңінен қолданылады. Ұлттық қозғалыс ойындарының
дене дамуын қалыптастырудағы маңызы өте зор. Халықтың педагогикалық бір құралы бола отырып
ойындар жасөспірім ұрпақтың моральдық, ерік-жігер, адамгершілік қасиеттерін дамыту, қимыл
дағдысы мен білімін, еңбек қабілетін, ұйымдастырушылық және басқа сапаларды да
қалыптастырады.
Ұлттық қозғалыс ойындары дене шынықтыруда даярлық пен қабілетті анықтайтын өзіндік өлшем ған
емес, өсіп келе жатқан ұрпаққа жоғары гуманистік қасиет пен әдепті тәрбиелеу мақсатындағы
халықтық педагогиканың құралы болып табылады. Сондықтан да оқушылармен жұмыс істеуде
ұлттық қозғалыс ойындарының жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бай тәжірибесін қолдану қажет.
Халықтық педагогиканың таусылмас қазынасы бола отырып, ойындар қазіргі жағдайда да күшті
құралға айналып отыр. Себебі мұнда тәрбие жұмысын жүргізудің күнделікті тәжірибесінда қажетті
қағидалар бар. Ойын мәліметтерінен қазіргі заман талабына сай ең бір қажетті ыңғайлы элементтерді
таңдап алу қажет.
Ұлттық қозғалыс ойындары сол халықтың дәстүр-салтымен байланысты. Бірақ дене тәрбиесі
дәстүрі қатып қалған қозғаусыз емес, үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Осыған орай, нақты
жағдаймен қолдану ыңғайына қарай ұлттық ойын түрлері үнемі өзгертіліп отыруы тиіс. Дене
тәрбиесінің жалпы жүйесінде ұлттық ойындарға көп орын бөлінген олардың көмегімен әр түрлі
жастағы балалармен, жасөспірімдердің дене тәрбиесі мен көп міндеттер атқарылады. Оқушылардың
дене дамуын жетілдіру үшін қолданылатын кез келген ұлттық ойын міндетті түрде сауықтыру,
шынықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім беру және тәрбиелеудің ең жоғарғы
міндеттерін атқаруға тиіс. Сондықтан да ойын барысында үйрету әдістеріне аса жоғары талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |