5.Курс саясаты.
Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс.
Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.
Бақылау жұмыстары: Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.
Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң жазалап аудиторядан шығарумен қоса, жалпы курс үшін «F» бағасын қоюмен қамтылады.
Ұялық телефон: Сабақ кезінде ұялық телефондар өшірілуі керек.
Емтихан: Қорытынды емтихан оған босатылған барлық студенттер үшін компьютерлық тест жүйе негізінде жүргізіледі. Емтиханның қорытынды бағасы қорытынды аттестациямен емтиханның орташа проценті арқылы есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |