Инклюзивті білім беру модельдері


Инклюзивті білім беру дегеніміз



жүктеу 29,16 Kb.
бет2/2
Дата19.01.2022
өлшемі29,16 Kb.
#33538
1   2
3 ответы

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу







Толық

Уақытша




Аралас

Толық емес

Инклюзивті білім берудің бірнеше түрлері мен қалыптары бар.



Толық инклюзивті білім беру - қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту. Толық интеграция психофизикалық және тілдік дамуы жасерекшелік деңгейіне сәйкес немесе жақын, және де балалардың қалыпты құрбыларымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын жағдайында іске асырылуы мүмкін.

Тұрақты, бірақ толық емес инклюзивті білім беру - ерекше білімді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларға да пайдалы бола алады. Ол, психофизикалық дамуы жасерекшелік деңгейі қалыптыдан сәл төмен, жүйелі және түзету көмегін қажет ететін, бірақ бірқатар пәндер аймағында қалыпты дамыған құрбыларымен бірге оқи алатын, олармен сыныптан тыс уақыттың көп мөлшерін өткізетін балалар үшін нәтижелі болады.

«Жартылай» инклюзивті білім беру - қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.

Тұрақты, толық емес инклюзивті білім берудің маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен қарым-қатынасын кеңейтумен анықталады. Жартылай интеграция қалыпты және арнайы топтары бар аралас типті мектепке дейінгі мекемелерде, сонымен қатар даму ауытқушылықтары бар балаларға ашылған арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде жүргізіле алады.



Уақытша инклюзивті білім беруде арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына 2 реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.

Уақытша инклюзивті білім берудің мағыналылығы мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты деңгейлі құрбыларымен қарым-қатынасқа түсудің алғашқы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасаумен анықталады.

Сонымен, инклюзивті білім берудің 4 түрлі модельдері анықталады:

1) Аралас түрлі инклюзивті білім беру - даму бұзылысы бар оқушы қалыпты деңгейлі құрбыларымен бір сыныпта оқиды, және де дефектолог–мұғалімнің, логопедтің, психологтың жүйелендірілген көмегін алады.

2) Жартылай, толық емес - даму бұзылыстары бар оқушылар қалыпты деңгейлі құрбыларымен қатар білім беру бағдарламасын меңгере алмайды; бұл жағдайда олар жарты күнді арнайы сыныпта, басқа жыртысын қалыпты сыныпта өткізеді.

3) Уақытша - арнайы сыныптарда оқитын балалар қалыпты сыныптардағы оқушылармен айына 2 реттен кем емес бірге серуендеуде, мерекелерде, жарыстарда, тәрбиелік мәнді іс-шаралар өткізуде кездеседі.



4) Толық түрдегі инклюзивті білім беру даму бұзылыстары бар 1-2 бала балабақшаның қалыпты топтарына немесе сыныптарға қосылады (тілдік бұзылыстары бар балалар, нашар көретіндер немесе кохлеарлы имплантанттары бар балалар); бұл балалар психофизикалық, тілдік даму деңгейлері бойынша жасерекшелік көрсеткіштеріне сай және де қалыпты деңгейлі құрдастарымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын; түзету көмегімен олар оқытылатын орындарында қамтылады.
Орындаған: Қазбекова Н.А.
жүктеу 29,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау