ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып оқыту кезіндегі пән саясаты:
- оқу сабақтары «on-line» және «off-line» режимінде өткізіледі;
- «on-line» режиміндегі оқу сабақтары оқу процесінің нақты уақыт режимінде өткізілуін қарастырады: бейнеконференциялар (ZOOM / Microsoft Teams);
- "off-line" режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы асинхронды түрде, яғни dis.kaznmu.kz (Moodle), ішкі байланыс қызметтері, чаттар мен форумдар түріндегі қашықтықтан оқыту платформалары арқылы жүзеге асырылатын оқу іс-қимыл процесін қарастырады;
- консультациялар, семинарлар, студенттердің білімін ауызша бақылау, есептерді қорғау онлайн режимде ZOOM/Microsoft Teams платформалары және басқа платформаларда веб-конференция арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |