26.Этил спиртін алудың өнеркәсіптік әдістері. Этанолдың медицинада қолданылуы.
Этил спирті - әдеттегі монатомды алифатты спирт түрі. түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С. Этанол көкшіл жалынмен жанады .
Алынуы.
Бұрын этил спиртін ағашты гидролиздеу арқылы жəне тамақтық шикізаттан алатын, ал қазіргі кезде этил спиртін синтетикалық жолмен: тікелей гидраттау жəне жанама (этиленді күкірт қышқылының қатысуымен гидраттау) сияқты екі əдіспен алады:
Тікелей гидраттау. Тікелей гидраттау – катализатор қатысымен этиленмен судың тура қосылуына негізделген. Катализатор ретінде фосфор қышқылымен оның тұздары, күкірт қышқылы, алюминий оксиді, вольфрам, кейбір органикалық қосылыстар жəне т.б пайдаланылады
Жалпы алғанда қанықпаған көмірсутектерді гидраттағанда бір атомды спирттер түзіледі:
CnH2n + H2O ( CnH 2n+1 OH
В. Марковников ережесі бойныша гидраттау процессінде сутек атомы ең көп гидрогендеген, ал гидроксил ең аз гидрогенденген көміртек атомына қосылады. Сондықтан этиленнен басқа олефиндер екінші ретті немесе үшінші ретті спирттер түзіледі. Этилен гидратацияланғанда бір атомды этил спиртін алуға болады:
CH2 = CH2 + H2O ( CH3-CH2OH + Q .
Этиленді тікелей гидраттау үрдісі 280-300С температурада, 7-8МПа қысымда жəне катализатор ретінде ортофосфор қышқылы сіңірілген алюмосиликаттың қатысуымен жүреді. Этанол шығымына H 2O:С2Н4 моль қатынастары, контакт уақыты, көлемдік жылдамдық əсер етеді. Оптималды параметрлер: H2O:С2Н4 = 0,6:1; газ-бу қоспасының көлемдік жылдамдығы 1800-2500 сағ-1. Бір циклдегі этиленнің конверсиялану дəрежесі 4-5%-дан аспайды. Сондықтан үдеріс циклді технологиялық сызбанұсқамен жүргізеді.
Жанама əдіс.
А. М. Бутлеров ашқан күкірт қышқылы əдісі бойынша: этилен күкірт қышқылына абсорбцияланып күкірт қышқылды эфирдің түзілуі; эфир гидролизденіп спирттің түзілуі; спиртті бөлу жəне оны ректификациялау; күкірт қышқылын концентрлеу сияқты төрт сатыдан тұрады. Күкірт қышқылымен этиленнің əрекеттесуі екі сатыдан тұрады: біріншісі – этиленнің күкірт қышқылында еруі, екіншісі – екі компоненттің гомогенді əрекеттесуі нəтижесінде, алкилсульфат түзілуі:
CH2=CH2+HOSO2OH (( CH3-CH2OSO2OH
C2H5OSO3H + C2H4 (( (C2H5O)2SO2
Этиленді тікелей гидраттау əдісімен этанол алу жанама əдіске қарағанда едəуір үнемді келеді.
Этиленді медицинада қолдану аясы кең: этил спиртін антисептиктерге жатқызуға болады; дезинфекциялаушы және құрғатқыш ретінде; 97% этил спиртінің қасиеттері операциялық аймақты өңдеу үшін немесе хирургтың қолын өңдеуде қолданылады; дәрілік заттарға арналған еріткіш ретінде; өкпені жасанды желдету кезінде; дене қызуы кезінде салқындату үшін (ысқылау үшін); дәрі-дәрмек құралдарының тапшылығы жағдайындағы жалпы анестезия компоненті; метанол және этиленгликоль сияқты кейбір улы спирттермен улануға қарсы дәрі ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |