13-сурет. Рекуператор. 14-сурет. Регенератор.
1 – плиталар, 2 – аппарат
1 – камера, 2 – қондырма
корпусы, 3 – түтікше
Регенератор (14-сурет) – қондырмалармен толтырылған периодты түрде жұмыс істейтін камера. Алдымен реакциялық аппараттан шығатын ыстық газдар камера (1) арқылы өтеді. Газдар қондырмамен (2) жанасып, оған жылуды беріп салқындайды, ал қондырма қызады. Содан кейін ыстық реакциялық газдарды жіберу тоқтатылады да, ыстық қондырма арқылы суық газдар жіберіледі. Суық газдар қыздырылады да, қондырма салқындайды. Салқындатылған қондырма арқылы ыстық газдар жіберіліп, үдеріс жалғастырылады. Үздіксіз үдеріс жасау үшін екі регенератор орнатады. Бір камера қондырмалардың қыздырылуына жұмыс істесе, екінші камера арқылы суық газдар жіберіледі де, жылу алмасу жүреді. Белгілі бір аралық уақытта газ ағысы автоматты түрде тоқтатылады. Регенераторлар 700-8000С жəне одан жоғары температурасы бар газдар үшін қолданылады. Төмен температуралық газдарды қолдану үшін қосымша рекуператорлар орнатылады.
Утилизатор-қазандық (15-сурет) – шығарылатын газдардың жылуынан бу алу үшін қолданылады. Ыстық газдар қазандықтың (3) ішіне орнатылған түтікпен (4) қозғалады. Су қазандықтағы түтік аралық кеңістікте штуцер (5) арқылы келеді. Алынған бу ылғал бөлгіш (2) жəне вентиль (1) арқылы шығарылады.
15-cурет. Утилизатор – казандық: 1 – вентиль; 2 – ылғалды бөлгіш;
3 – қазандықтын корпусы; 4 – түтікше; 5 – штуцер
Қазіргі уақытта екіншілік энергетикалық ресурстар болып табылатын шығарылатын газдардың жылуы, газдар немесе сұйықтардың сығылу энергиясы энергетикалық пайдалы əсер коэффициентін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
11)Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестері. Каталитикалық крекинг және риформинг.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінде және онымен байланысты салаларда, жаңадан енгізілген технологиялардың 90% -дан астамы каталитикалық процестер болып табылады. Катализ негізінде он мыңдаған өнеркәсіп өнімдері (бейорганикалық қышқылдар, аммиак, полимерлер синтезі үшін мономерлер, түрлі органикалық қышқылдар, спирттер, альдегидтер және т.б.)өндіріледі. полимерлер дайындау үшін мұнайхимиялық синтез жаңа процестерінің негізі болып табылады.
Мұнай жəне мұнай өнімдерін жоғары температурада химиялық өңдеу əдісі алынатын өнімдердің шығымы мен құрамын өзгертуге мүмкіндік береді. Химиялық өңдеу əдістерінде бастапқы шикізат молекуласының құрылысын өзгертетін екіншілік деструкциялық үдерістер жүреді.
Екіншілік мұнай өңдеу үдерістері:
Достарыңызбен бөлісу: |