Электротехника негіздеріне кіріспе. Тұрақты ток
Мақсаты: Фармацевтикалық өндіріс технология саласындағы электротехника, электр және магнетизм туралы білімдерін қалыптастыру. Электр тізбектері туралы негізгі түсінік және оның классификациясы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Электр тогының негізгі ұғымдарын зерттеу.
2. Ток күші мен тығыздықты есептеу. Ток көзінің электр қозғаушы күші.
3. Тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңын меңгеру.
Сабақты өткізу формасы: Практикалық сабақ.
Оқыту және оқыту әдістері:
Көрнекі: ЭЕМ-і арқылы Electronics Workbench виртуальды бағдарламасын қолдану.
Интерактивті: Шағын топтарда жұмыс істеу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тұрақты электр тоғы.
Тұрақты токтың тығыздығы.
Тізбек бөлігі үшін және тұйықталған тізбек үшін Ом заңы және оның дифференциальдық түрі.
Ток көздері. Бөгде күштер.
Электр тоғының қуаты және ПӘК-і.
Тақырып бойынша тапсырма:
№
|
Тапсырма
|
1
|
Вольтметр стрелкасының шкала соңына дейінгі ауытқуы 15 В кернеуге жеткенде, ол арқылы өтетеін токтың мәні 7,5 мА болады. Вольтметр 5 В кернеуді көрсеткенде токтың мәні және вольтметрдің кедергісі?
|
2
|
Көлденең қимасының ауданы 10–6 м2 өткізгіштен 1 А ток күші өткенде, 0,1 мм/с жылдамдықпен орын ауыстыратын электрондардың концентрациясы (е = 1,610–19 Кл)?
|
3
|
Кедергісі 1,5 Ом жүктемемен жұмыс жасайтын ішкі кедергісі 0,1 Ом ток көзінің ПӘК-і?
|
4
|
ЭҚК-і 50 В ішкі кедергісі 1,5 Ом ток көзіне кедергісі 7 Ом қыздыру шамы мен резистор тізбектей қосылған. Тізбектегі ток күші 2,7 А болса, резистордың кедергісі?
|
5
|
Кедергісі 17,5 Ом өткізгішке тұйықталған қалта фонары-ның батарейкасы 0,2 А ток өндіреді. Ал кедергісі 0,3 Ом өткізгішке қосқанда, ток күші 1 А болады. Батарейканың ЭҚК-і қандай?
|
6
|
I = 200 мА-ге есептелген милиамперметрдің есептеу шегін 110 В кернеуге дейін жеткізу үшін қосымша кедергі жалғанады.Қосымша кедергінің шамасын анықта (егер 0,4 Ом кедергі жалғанса оның қөрсеткіші 15 есе артатын болса).
|
7
|
240 Кл зарядты электр тізбегінің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшіргенде 16 мин. ішінде 1200 Дж жұмыс жасалады. Тізбектегі ток күшін және кернеуді анықтаңдар?
|
8
|
Ұзындығы 20 м, никелин өткізгішінен 0,5 А ток жүреді, Егер өткізгіштің ұштарына түскен кернеу 30 В болса, осы өткізгіштің көлденең қимасының ауданын табыңдар?
|
9
|
6 В кернеу беретін ток көзінің тізбегіне ұзындығы 25 см және көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 бір бөлік никелин өткізгішін қосты. Тізбекте қандай ток күші орнығады?
|
10
|
Ұзындығы 10 м, никелин өткізгішінен 0,5 А ток жүреді. Егер өткізгіштің ұштарына түскен кернеу 20 В болса, осы өткізгіштің көлденең қимасының ауданын табыңдар?
|
Достарыңызбен бөлісу: |