Инженерлік экология
Бақылау сұрақтары: 1) Энергетикалық ресурстар. 2) Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы. Әдебиеттер 1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б. 1.4. Луканин В.Н., Трофименко Ю.В.Промышленно-транспортная экология. - М.:Высшая школа, 2001, - 273 с. 1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с. 1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с. 1.13. Серікбаева А. Өнеркәсіптік экология. Оқу құралы /А.Серикбаева. – Астана: Фолиант, 2015. – 224 бет. 1.14. Рыскиева Г.Ә. Өнеркәсіп экологиясы оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2011. – 262 бет.
1) Атмосфера туралы түсінік, оның құрамы және биосфера мен адам өміріндегі маңызы. 2). Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер. 3). Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары. Жер атмосферасы (грекше: аtmos — бу және sphaira - шар) — Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера дел Жерді онымен бірге айнала жүріп оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5,15-5,9 х 10 тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін қамтамасыз етіп, адамзат тіршілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді. Атмосфераны зерттеуші мамандардың пікірінше, ол Жер бетінен қашықтаған сайын түрлі температурадағы бірнеше аймақтардан тұрады. Атмосфераның құрылысы бірнеше қабат кұрылымнан тұрып, тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосферадан тұрады. 1000 км және одан ары қарай экзосфера болып, онда атмосфералық газдар әлем кеңістігіне таралады. Осы қабатта атмосфера бірте-бірте планета аралық кеңістікке ауысады. Атмосфераның Жер бетіне ең жақын қабаты "тропосфера" деп аталады. Бұл қабаттың орта ендікте теңіз деңгейінен биіктігі — 10-12 км, экваторда — 1-6-18 км, полюстерде - 7-10 км. Осы қабатта жауын-шашын, бұлттар түзіліп, найзағайлар күн күркіреуі жүреді. Тропосфераның жоғарғы жағында 40 км — ге созылатын стратосфера қабаты орналасқан. Онда ылғалдылық біршама төмен, атмосферадағы озонның қөп бөліп осы қабатта жинақталған, озон Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп, атмосфераны қызып кетуден сақтайды. Стратосферадан кейін 50 км биіктікте мезосфера қабаты орналасқан. Мезосферада температура одан әрі қарай төмендеп, 80 км биіктікте — 70°С –қа түседі. Мезосферадан жоғары белгілі шекарасы жоқ термосфера орналасқан, онда 500-600 км биіктікте температура +1600° жетеді. Атмосфераның қабаттарындағы ауа биіктеген сайын сұйылып, қысым төмендейді. Ең соңында Жерден ең алыста 800-1600 км қашықтықта экзосфера орналасқан. Бақылау сұрақтары: 1) Жаратылыстағы атмосфералық ауа құрамы қандай газдардан турады. 2) Тропосфера деп қай қабатты атайды. 3) Тропопауза деп қандай қабатты атайды. 4) Стратосфера деп қандай қабатты атайды. 5) Мезосфера деп қандай қабатты атайды. 6) Ионосфера деп қандай қабатты атайды. 7) Магнитосфера деп қандай қабатты атайды. 8) Ауа ластаушы көздер.
1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б. 1.4. Луканин В.Н., Трофименко Ю.В.Промышленно-транспортная экология. - М.:Высшая школа, 2001, - 273 с. 1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с. 1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с. 1.13. Серікбаева А. Өнеркәсіптік экология. Оқу құралы /А.Серикбаева. – Астана: Фолиант, 2015. – 224 бет. 1.14. Рыскиева Г.Ә. Өнеркәсіп экологиясы оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2011. – 262 бет.
Жоспар:
Шаң мен газды ұстайтын және тазалайтын әдістер. Құрғақ тозаң ұстағыштар. Ылғалды тозаң ұстағыштар. Электр сүзгімен тазарту әдіс. 4) Химиялық тазалау әдісі. Термиялық (күйдіру) әдісі. Адам денсаулығымен қоршаған ортаға химиялық биологиялық немесе физикалық әсерін тигізетін өнеркәсіп кәсіпорындары немесе басқа объктілер үшін санитарлық сақтау белдем» міндетті түрде олардың құрамына кіретін компонентке жатады. Санитарлық ақтау белдемі-атмосфераны ластайтын кәсіпорындард елді мекеннен бөліп тұратын, міндетті түрде ағаш егілген зиянды заттаектер қауіпсіздік деңгейгедейін таралатын және арнайы гигиеналық талаптар орындалатын аумақ. Санитарлық норманы анықтайтын құжаттарға сәйкес барлық өнеркәсіпорындарында олардың қуатына, технологиялық процестерді іске асыру жағдайына қоршаған ортаны ластайтын компоненттердің зияндық класына және тазалау процестерінің нәтижелеріне байланысты санитарлық сақтау белдемі белгіленіп, тұрғын кешеннен қандай алшақтықта орналастыруға болатыны анықталады. Өндірістік кәсіпорындар үшін бес кластық санитарлық сақтау белдемі бар. 1 класты кәсіпорын үшін-2000м, П кластыға-1000м, Ш кластыға-500м, 4 кластыға-300м, 5 кластыға-100м. Тамақ өнеркәсіп кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, ойын-сауық пен мәдени орындар үшін ССБ-50м. ССБ сыртында зиянды заттектердің ауадағы мөлшері шекті рауалы концентрациядан аспауы қажет С Атмосферадағы зиянды заттаектерді ШРК артық шығармайтын технологиялық процестермен жұмыс жүргізетін кәсіпорындарды елді мекендердің ішінде орналастыруға болады. ССБ ішінде өрт депосын, моншаны, кір жуатын үйді, көлік тұрақтарын, қоймаларды, әкішлік қызмет үйін сату нүктелерін және т.с. орналастыруға болады, ал тұрғын үйлерді, бала-бақшаны, мектепті, емдеу сауықтыру мекемелерін, бақты орналастыруға болмайды. Бұл аймақтың территориясы міндетті түрде көгалдандырылады, газға төзімді ағаштар мен бұтақтар түрлері егіледі. Себебі өсімдіктер биосүзгіш ролін атқарып, зиянды қоспаларды радиоактивті бөлшектерді сүзіп шуды сіңіріп алады. Бұл жерде РРР- белгілі бағытта тұратын желдің орта жылдық қайталанулылығы (%), Р- бірқалыпты айналма жел бағытының қайталанулылығы, % ; L-есептелінетін ССБ-нің ұзындығы, м; L-ССБ нормативтік шамасы, ол кәсіпорынының жататын класына байланысты 2000м, 1000м, 500м, 300м, 100м немесе 50м тең. ССБ аумағын технологияны өзгерткенде, тиімділігі жоғары және сенімді тазарту құралдарын пайдаланғанда қысқартуға болады. Ауа шекарасыз, үнемі жылжымалы түрде болатынына байланысты оны қорғау шараларынның аймақтық немесе жергілікті деңгейде ғана мәні бар емес, бұл ғаламдық масштабта қаралатын мәселе болып саналады.
1) Шаң мен газды ұстайтын және тазалайтын әдіс түрлері. 2) Құрғақ тозаң ұстағыштар. 3) Ылғалды тозаң ұстағыштар. 4) Электр сүзгімен тазарту әдіс. 5) Химиялық тазалау әдісі. 6) Термиялық (күйдіру) әдісі.
1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б. 1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с. 1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с. 2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989. 1.13. Серікбаева А. Өнеркәсіптік экология. Оқу құралы /А.Серикбаева. – Астана: Фолиант, 2015. – 224 бет. 1.14. Рыскиева Г.Ә. Өнеркәсіп экологиясы оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2011. – 262 бет.
1) Санитарлық сақтау белдемі. 2) Санитарлық-гигеналық талаптар. 3) Өндірістік кәсіпорындар үшін санитарлық сақтау белдемі. Қоршаған ортаға зиянды заттарын шығару көздері болып табылатын өнеркәсіптер үшін,зиянды кластарға сәйкес санитарлы қорғау зоналары/СЗЗ-қабылданады. Адам деңсаулығы мен қоршаған ортаға химиялық, биологиялық немесе физикалық әсерін тигізетін өнеркәсіп кәсіпорындары немесе басқа объектілер үшін санитарлық сақтау белдемі міндетті түрде олардың құрамына кіретін компонентке жатады. Санитарлық сақтау белдемі – атмосфераны ластайтын кәсіпорындарды елді мекеннен бөліп тұратын, міндетте түрде ағаш егілген, зиянды заттектер қауіпсіздік деңгейге дейін таралатын және арнайы гигиеналық талаптар орындалатын аумақ. Санитарлық норманы анықтайтын құжаттарға сәйкес барлық өнеркәсіп кәсіпорындарына олардың қуатына, технологиялық процесстерді іске асыру жағдайына, қоршаған ортаны ластайтын компоненттерінің зияндық класына және тазалау процестерінің нәтижелеріне байланысты санитарлық сақтау белдемі ССБ белгіленіп, тұрғын кешеннен қандай қашықтықта орналастыруға болатыны анықталады. Өндірістік кәсіпорындар үшін бес кластық санитарлық сақтау белдемі бар. Бақылау сұрақтары: 1) Санитарлық-гигеналық талаптар 1) Санитарлық сақтау белдемі дегеніміз не. 2) Бірінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі. 3) Санитарлық-гигеналық талаптарды ата. 4) Екінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі. 5) Үшінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі. 6) Төртінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі. 7) Бесінші класты кәсіпорын үшін санитарлық сақтау белдемі. Әдебиеттер 1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б. 1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с. 1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с. 2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989. 1.13. Серікбаева А. Өнеркәсіптік экология. Оқу құралы /А.Серикбаева. – Астана: Фолиант, 2015. – 224 бет. 1.14. Рыскиева Г.Ә. Өнеркәсіп экологиясы оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2011. – 262 бет.
1) Су пайдаланушылықты классификациялау. 2) Жер беті және жерасты суларын ластаушы көздер. 3) Суларды тазарту тәсілдері. Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганиземдерді және жылуды еңгізетін көзді ластаушы көз деп алу судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды. Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: физикалық күйіне байланысты-ерімейтін, колоидты, еритін табиғатына қарай-минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық. Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар сонымен, қатар еріген тұздар болады. Бұлардың бар жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады, себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштермен ұсталмайды. Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан т.б жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз, т.б ал жануарлардан пайда ьолған заттарға, мысалы мал ткандары, желім заттар жатады. Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер кездеседі. Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге-бактериялар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б кіреді. Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары құрамында әртүрлі агрохимикаттары бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Әртүрлі мақсатта қолданылған судың 80-85%-тейі ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420км қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000км таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.т\жылына олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен өнімдерін беттік активті заттар ауыр металдардың, тұздардың,радионуклеидтерді, пестициттерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогендерді атауға болады. Жоғарыда қарастырылған улы заттектердің ішінен суперэкотоксикантқа мұнай мен мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1мг\м-ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұндай мөлшерінің шамасы 200-300мг\м жеткенде экологиялық тепе-теңдік бұзылып, балықтың және судағы басқада ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең төменгі шегіне жетеді де, одан ары қарай ортанын кез-келген қолайсыз факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады. 1 т мұнай суға төгілсе, аумағы 2,6 км шамасында судың беткі көлемінде тұтас үлпек түзеді. Қабықшаның қалындығы төгілген мұнай мөлшеріне байланысты келеді. Желдің әсерімен қабыршық судың сыртқы қабатымен салыстырғанда екі еседей артық жылдамдықпен қозғалады. Осыған және тотығуға берік болғандықтан мұнай қалдықтары елеулі қашықтыққа таралу мүмкіншілігі бар. Судағы мұнайдың көлемі 800мг\м жеткен жағдайда фитопланктондардың тіршілік нысаны тегжеліп, түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Мұнай өндейтін, коксхимия және басқа да өндірістердің ақаба суының құрамына кіретін фино қосылыстарын табиғи су қоймаларына түскенде өсімдіктермен тірі организмдер де жүретін маңызды биологиялық процестердің жүруін тегжейді, әсіресе балықтардың өсіп-өнуіне айтарлықтай зиян келтіреді. Біздің республикамызда балық шаруашылығы негізінде өндіріс дамыған аймақтарда орналасқан, олардан шыққан қалдықтардың көп мөлшері, әсіресе ақаба сулары, су қоймаларын, атап айтқанда, Каспий теңізіне, Жайық, Ертіс өзендеріне, Бұқтырма су қоймасына, Балқаш көліне және т.б су объектілеріне тасталып тұрады. Соңғы 10 жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скажиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактармен бояулардың, пестициттердің тамақ өнімдерінің, т.б. құрамына кіретін өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активтік заттар құйылып келеді. Олар су қоймаға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1 мг\л деңгейінде болса-планктон 5 мг\л-ден жоғары болса балықтардың жаңсыздануы байқалады. Пестициттер сияқты бұларды химиялық биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға соғады. Суда ерімейтін кейбір пестициттер мұнай өндейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Осы қосылыстар өсімдіктерде судағы ұсақ жәндіктерде көп мөлшерде жинақталады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді, сөйтіп біртіндеп жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15 млрд. Тоннаға жетіп отыр. Су объектілерінің ішінде ең көп ластанатын көзге өзендерді жатқызуға болады, себебі орта есеппен олардығы ластағыштардың концентрациясы 400 мг\л жетіп отыр. Сонымен қатар, өзендер теңіздер мен иұхиттарды ластайтын ең күшті фактор болып табылады. ЮНЕСКО деректері бойынша жыл сайын өзендердің суымен 325 млн. Тонна темір, 205 млн. Тонна қорғасын, 7 млн. Тонна фосфор теңізге түседі. Кейбір улы заттектер мұхиттарда бірнеше жыл бойы сақталып теңіз фаунасына және адамдардың денсаулығына қауіп туғызады. Ластану мұхиттың бойымен біркелкі тарамайды, ол негізінде жағалау жазықтықта және контенентальды шельф аудандарында жиналады, бұлардың үлесіне барлық мұхит кеңістігінің шамамен 10% тиеді, бірақ онда балықтың 90% ұрық шашып , өсіп-өніп және ауланады. Қышқылды жауын-шашынның немесе ақаба сулар әсерінен ластану нәтижесінде сулы ортаның рН мағынасының өзгеруі, әсіресе төмендеуі алюминий және ауыр металдар қосылыстарын ерігіштігін жоғарлатады, еріген түрге айналған қосылыстар өсімдіктермен организмдерді уландырады. Содан кейін адам организіміне өтіп әр түрлі ауруға шалдықтырады. Бақылау сұрақтары: 1) Судың қолдану саласына байланысты классификациялау. 2) Табиғи және шайынды сулар, өздерінің көрсеткішьеріне байланысты қандай топтарға бөлінеді. 3) Судың сапасына қойылатын талаптар Әдебиеттер 1.2. Оспанова Г.С.Бозшатаева Г.Т. Экология. Алматы: Экономика,2002.-403 б. 1.5.Калыгин В.Г. Промышленная экология.– М.: Изд-во МНЭПУ, 2000. -239 с. 1.6. Инженерная экология /Под ред.В.Т.Медведева.-М.: Гардарики, 2002.-687с. 2.4. Родионов А.И., Клушин В.Н., Торочешников Н.С. Техника защиты окружающей среды.М.:Химия, 1989. 2.5.Наркевич И.П. Классификация промышленных отходов //Хим.пром.1980.-№4.С.51-54. 2.6. Наркевич И.П.,Печковский В.В. Утилизация осадков сточных вод.Л.: Стройиздат, 1989. 4.2.7. Краснобородько И.Г. Деструктивная очистка сточных вод от красителей. Л.:Химия, 1988. жүктеу 2,07 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |
Басты бет рсетілетін қызмет халықаралық қаржы Астана халықаралық қызмет регламенті бекіту туралы туралы ережені орталығы туралы субсидиялау мемлекеттік кеңес туралы ніндегі кеңес орталығын басқару қаржы орталығын қаржы орталығы құрамын бекіту неркәсіптік кешен міндетті құпия болуына ерікті тексерілу мемлекеттік медициналық тексерілу құпия медициналық ерікті анонимді Бастауыш тәлім қатысуға жолдамалар қызметшілері арасындағы академиялық демалыс алушыларға академиялық білім алушыларға ұйымдарында білім туралы хабарландыру конкурс туралы мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік әкімшілік органдардың мемлекеттік мемлекеттік органдардың барлық мемлекеттік арналған барлық орналасуға арналған лауазымына орналасуға әкімшілік лауазымына инфекцияның болуына жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға саласындағы дайындаушы ленген қосылған шегінде бюджетке салығы шегінде есептелген қосылған ұйымдарға есептелген дайындаушы ұйымдарға кешен саласындағы сомасын субсидиялау |