Информатиканы оқытудың әдістері және жетілдіру жолдары



жүктеу 66,5 Kb.
Дата11.02.2020
өлшемі66,5 Kb.
#28701
түріСабақ

Информатиканың біздің ортамызда алатын орны

Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жаңа сатыға көтеруде, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді. Ал, бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зерттеуді керек етеді. Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылы Жаңісібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкерлері бағдарламауды дайындайды. 1970 жылы Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютемен жұмыс істейтін мамандарды дайындайды. 1970 жылдардың соңына қарай микро ЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногордский, Ю.А.Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленеді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзіледі. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монохов, А.А.Кузнецов, Я.Э,Гольц, М.П.Лапчик және т.б алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 жылы 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жапай информатика негіздерін оқыту, 1985 жылы жаңа оқу жоспары бойынша педогогикалық институттарда «информатика мұғлімін» даярлау басталады. 1986 жылы «Информатика и оброзование» журналы шығып, 1986 жылы информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 жылы информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көреді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В,Г,Житомирский, В.А.Койманның басқару авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралы дайындады. Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жылы А.П.Ершов, В.Н.Моноховтың «Информатика және есеп техника негіздері» атты оқулығы бойы жүргізілгендігі белгілі. Ал, 1998 жылдан бері сыныптарға арналған информатика оқулықтары мемлекеттік стандартты, типтік бағдарлама жазылып оқу үрдісіне кеңінен еңгіілуде. Енді информатика курсының тақырыпты оқыту әдістемесін қарастырайық. Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты. Пәнеге деген қызығушылықты қалыптастыру, бекіту; информатиканың жалпы мазмұны таныстыру; компьютер сыныбындағы жүргізілетін жұмыс ретімен, ережелерімен танысу т.б. Кіріспе бір рет информатиканың үш құрымдас тізбегі. Ақпарат компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түрлері мысалдарымен түсіндіріледі. Ақпраттық үрдісті түсіндіру үшін де алдымен оларға мысалдар жүргізіліп, келтіріліп, қорытынды да оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта келетін мән ақпаратты тұтыну, қолдану бұл да ақпараттық болып табылады. Кіріспе бөлімі оқушыны компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқу авторларының концепсиясын көруге болады. Мен, ақпарат, алгоритм, компьютер ұғымдары беріледі. Компьютер құрылысын оқыту әдістері. Компьютер құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар жүйелік блок, монитор, пернелік тақта және осылардың қызметі жөнініде айтылады. Перне тақтаның жазу машинасына ұқсастығын айтады, мұндағы негізгі айырмашылық қосылады пернелердің бірі қызметінде деп түсіндіру керек. Алғаш сабақтарда барлық пернелердің қызметін барлығын айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарлама қатысты өзгеріп отыратын перне қызметңі (F1 өйткені олардың қызметі туралы экранның төмен жағында қысқаша мәлімет беріледі). Диск ұяшықты өткенде, оның дискетті дұрыс еңгізу және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн. Үрдіде барлық әрекеттер түрленіп орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы қосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Мәтін қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі. Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеуі үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі операциялықжүйе жіктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін Microsoft фирмасы Disc Operation Sustem MSDOS операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі. Дискідегі каталогтар тізімін шығару

Dir Бағдарламаны көшіру Copy мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу Туре ,бағдарламаны орындауға жүктеу. Дербес компьютердегі операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу ең алдымен Del Rename нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың компьютерге орындайтын іс-әрекетіне сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті. бағдарламаны дисктен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т.с.с. жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда олар мұғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі- мұғалім оқушы компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді. Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені NC – де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен файлдар тізімі, мерзімі, өлшемі және т.б. түгелімен экранда беріледі. Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге «бекітілген» NC-дің MSDOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ нұсқаларды перне тақтадан теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы пернені бассақ, (F1-F10) жеткілікті сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды. Бұл бір жағынан нұсқаларды енгізуде жіберілетін қателерді болдырмайды, әр уақытта үнемделеді. Оның үстіне ақпарат тізімі (каталог, файлдар) экранда алфавиттік ретпен беріледі. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқыту әдістемесі, информатика курсының мақсаты – бағдарламаны пайдалана алатын қолданушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайындау (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, белгілер базасын басқару жүйесімен) жұмысын істеуден басталады. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін, өзара байланысын, оқушылардың дайындығын ескере келіп, оқыту ретін мынадай тізбек бойынша жүргізу керек: графикалық редактор-мәтіндік редактар-есептеу жұмыстары-электрондық кесте-берілгендер базасын басқыру жүйесі. Бұл адамзат тарихының әр түрлі іс-әрекеттерді меңгерумен сәйкес келеді: сурет салу, оқу, есептеу, басқару. Windows операциялық жүйесін оқыту әдістемесі. Windows операциялық жүйесін оқытқанда: бағдарламаны жіктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискілік, дискетпен жұмыс және де осы бағдарламаны орнату, қазақша қаріп енгізу және т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс. Word мәтіндік редакторларын оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторлары – мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған мектепке үйренуге жеңіл, мәтінді жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word- тың мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшемін әр түрлі етіп өзгерту арқылы көкемдеуге болады. Жалпы бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады. Тақырыпқа беген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редактарлар мен және басқа машинасымен салыстарып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшелігіне тоқталу керек. Монитор экрандағы әрбір әріп баспаға дәл сол күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету, сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс устелінде демонстрациялап көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады. Мұғалім оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және грамматикалық қатені табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар қателерді түзету барысында меңгіеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеугк тура келеді. Әрі мәтінді, қатесіз, дұрыс енгізіуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушылардың грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім алдын-ала ішінде әріптері тасталып кеткен мәтін дайындап, бос орындауға дұрыс әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мұғалім компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді. Сондай-ақ компьютерде жұмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нұсқасын жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі, мәтіндік редактордың практикалық қызметін сабақтаса түседі. Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған жағдайда, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін кезден бастап-ақ бірден екі қос саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйренуі үшін «пернелік жаттығу» ойынын берген жөн. Paint-графикалық редакторын оқыту әдістемесі. Paint-графикалық редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint-редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі өте жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал-саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған (құрал-саймандар) А,B,С пернесі түрлі түстер экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламаны қоста істей бер. Paint-графикалық редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларды жазба құралдары сызғыш, циркуль жұмыс істеу дағдыларында қалыптастыру керек. Paint-графикалық редакторы – графикалық бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы бағдарлама. Оқу мақсатында мыналар жатады. Оқушылар компьютерде сурет салуға практикалық тұрғыдан дайындық жұмысын қалыптастыру; компьютер графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру. Қандай да бірсала үшін іс-әрекеттерін алгоритмдеу, сурет салу үшін бұйрықтарын түрлі комбинациясын қолдай білуге үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.

Информатиканы дербес оқыту әдістемесі


Информатика курсына кіріспеден курстың іргелі ұғымдары информция, алгоритм және ЭЕМ талқыланады.

Сабақтың мақсаты: пәнге деген оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, бекіту; информатика пәннің жалпы мазмұнымен таныстыру; ЭЕМ жөніндегі оқушылардың ұғымын кеңейтіп, қалыптастыру; компьютер класындағы жұмыс ретімен және жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.

Курстың іргелі ұғымдарын түсіндіруде нақты анықтама беруге ұмтылдыру қажет, ақпарат ұғымы қарапайым мысалдар арқылы түсіндіріледі.

Сондай-ақ кіріспе сабақта алғаш рет атқарушылармен: адам атқарушыдан бастап, компьютерлік атқарушыға дейін танысады. Оқушылардың зейінін атқарушылардың командалар жүйесінің шектеулі болатынына аудару қажет. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және алгоритм ұғыиын нақтылай түсу үшін қызықты есептерді мысал ретінде алғаш дұрыс, мысалы, «ойлаған санды табу» алгоритмі және т.б.

Атап айтқанда, біріншіден, информатика пәнін беруге үйрету үшін математика, физика мұғалімдерін білім жетілдіру курстарынан өткізу қажет болса, екіншіден, оқу-әдістемелік құралдарының өз ана тілімізде жетіспеуі және т.б. осы аталған қиыншылықтарды болдырмау мен теориялық түрде курсты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында тәжірибелі мұғалімдер «Алгоритмдер» кітапханасы әдісін ұсынды. Бұл әдістің тиімділігі практика жүзінде дәлеледенді және ол курстың негізгі тақырыптарына (алгоритмдік тіл мен бағдарламалау тілдері) сәйкес пайдаланылады.

Бұл әдісті жүргізудің негізгі мақсаты – оқушыларды өз ойын жүйелеуге, салыстыра білуге, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Кітапхананы пайдалану арқылы оқушылардың төмендегі көрсетілген дағдылары дамиды: а) алған білімі еске түсіріледі; ә) теориядан алған білімі практика жүзінде бекітіледі; б)салыстыру қабілеті дамиды; в) қабылдау мүмкіндіктері нығаяды; г) байқау қабілеті артады; е) сипаттап жазу мен жалпылай білу дағдылары қалыптасады.

Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыстар жүргізу жүйелері арқылы жүзеге асады. Осы үрдісте төмендегідей оқу дағдылары қалыптасады: объектілерді талдау; талданған объектілерді түсіндіру; объектілерді дәлелдеу; объектілердің өзіндік белгілерін санап көрсету; әр түрлі типтегі есептерге бағдарламаны құрып, оны оқушылардың өзіндік талдауы. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде информатиканы оқыту әдістерді жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады.

Информатика пәнінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден: оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден: оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден: компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді. Әрине, оқыту әдістерін таңдап қолдану оны өтілетін материялға байланысты сұрыптап алу ең қиын мәселелердің бірі. Сондықтан оқушыларға берілетін білімнің көлемін сұрыптап алу оқыту әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді. Оқыту әдістерін іске асыруда оларды топтастыру мен жіктеу қажетті мәселелердің бірі болып табылады.

М.Н.Скатин, И.Я.Лернер оқушының танымдық іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты оқыту әдістерін 5 түрге бөледі: а) иллюстративтік түсіндіру; ә) репродуктивтік; б) проблемалық; в) дербес ізденіс яғни оқушының қосымша материялдармен жұмысы мен басқа пәндер бойынша жазылған сценарийге байланысты құрған бағдарламалары: г) бақылау, яғни мұғалімнің оқушыларды компьютер арқылы білімдерін тест көмегімен бақылау және оқыту әдісіне байланысты таңдап алынған әдіс-тәсілдері және т.б.

Ю.Б.Бабанский жоғарыдағы аталған әдістерді ескере отырып, төмендегідей топтарға бөлуді ұсынды:

а) оқу-тәрбие үрдісін оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыра алатындай дәрежеде ұйымдастыру әдісі;

ә) оқытуда оқушыларды ынталандыру мен мадақтау әдісі;

б) оқытудың тиімділігін анықтауда оқушылардың өзіндік бақылауы мен бақылау әдісі.

Информатика пәнін басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік сипаттамалық ерекшеліктері төмендегідей:


  1. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығының негізі болып оқушыларды өзіндік дамыту бағытында қалыптастыру;

  2. оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға негіздеп, информатика пәнінің оқыту әдістерін жүйелеу;

  3. Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстырып оқыту арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Ғалымдардың айтқан пікірлері мен информатика пәнінің өзіндік сипаттамалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, пәнді оқытудың тиімділігін арттыруда оқыту әдістерін мынадай топтарға бөлуге болады:

-мәселелік;

-имитациялық модельдеу әдісі (үрдістерді басқару, зерттеу әдісі);

-графикалық операторлар арқылы бағдарламалау тілін үйрету әдісі.

Мәселелік жағдайды компьютерді оқыту үрдісіне пайдалану барысында іске асырудың бірден-бір жолы – бұл оқушының білім алуға деген ынтасын, танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті, өз бетінше ізденуді арттыру болып табылады. Аталған мәселерді жүзеге асырудың тиімді әдістерінің бірі-оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқушының өзіндік жұмыс істеуі - олардың сабақ кезінде бағдарламаны жазуы, оны компьютерде орындауы арқылы іске асырады. Бұл әрекеттерге оқушының қызығушылығын ояту үшін ойын элементтерін пайдаланып, түрлендіру қажет. Мұндай ойын элементтерін пайдаланып, дәстүрлі емес сабақ формаларын: Не? Қайда? Қашан?, «Білім аукционы», «Пресс-конференция», «XIX ғасыр көшбасшысы» және т.б. интелелектуалдық ойындар ұйымдастыру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға болады. Аталған әдістердің элементтерін сабаққа енгізуде оқушының танымдық белсенділігін арттырып, зейінін сабаққа аудартады. Жалпы берілген есептің алгоритімін құрып, оны белгілі бір бағдарламалау тілінде жазып, компьютерде орындау өзіндік бағдарлау, орындау, түзету, бақылау дағдыларын қалыптастырады. Өтілген Паскаль бағдарламалау тілінің операторлары арқылы әр түрлі вариантта бағдарламаны жазу олардың жалықпай орындай беруіне себепші болады. Компьютерге отырмас бұрын, мұғалім оқушыларды алдымен, тақтаға бағдарламалауды жазғызып, қатемен жұмыс жасауға үйретеді. Әр түрлі вариантта жазылған бағдарламалардың ішінен тиімді вариантын таңдап алу әрекеттерін орындатады. Бұндай әрекеттерді оқушыға орындатып отырғандағы мұғалімнің негізгі мақсаты:

біріншіден, оқушының денсаулығын сақтауға назар аудару;

екіншіден, оқушыға бағдарлама құру әдісін үйрету;

үшіншіден, оқушының әрекеттерді таңдай білу қабілетін дамыту.

Жоғарыдағы жүргізілген әдістің нәтижесінде оқушыларда өз қызметін қалай ұйымдастырған тиімді? деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Біреулері компьютерде бағдарламаны бірден орындап, нәтижесін алған дұрыс десе, ал екіншілері тақтада орындап, оны талдаған дұрыс деген пікр айтады. Осындай пікірталас негізінде оқуылар «бағдарламалауды қалай түсінесіңдер?» деген сауалға өздері жауап береді. Сөйтіп, проблеммалық жағдай тудыру оқушылардың белсенділігі мен өзіндік танымдық іс-әрекетінің артуына игі әсерін тигізеді.

Соңғы кезде информатика пәнән оқытуда пайдаланып жүрген әдістердің бірі – имитациялық модельдеу ідісі, Имитациялық модельдеу әдісі деп үрдістердің ағымын компьютердің көмегімен сипаттап іздеу, және зерттеуді айтады.

Бұл әдіс көбінесе, үрдістердің ағымын зерттеуге арналған үйретуші бағдарламаларды құрауға, сондай-ақ «бағдарламалау тілінің командалары» тақырыбын өткен кезде пайдаланылады. Имитациялық модельдеу әдісінің басқа оқыту әдістерінен ерекшелігі мынада:

- оқушылардың өзіндік жұмыс жасауына жағдай туғызуы;

- алгоритмді модельдеу негізінде өтіп жатқан үрдістерді сипаттап, оны басқаруға араласу, «ортаға» ену, сөйтіп, іздеу, зерттеу әрекеттерін жасап алгоритмді оқып-үйренудегі оқушының Робот рөліне еніп, өзі жазған алгоритмді орындап шығуын да – имитациялық модельдеудің тұрпайы түріне жатқызуға болады. Шын мәніндегі имитациялық модельдеу зерттеліп отырған үрдіске оқушының тікелей араласуын, оны басқаруын қамтамасыз етеді.

Имитациялық модельдеу әдісі оқушының ішінара зерттеу жұмысымен шұғылдануына және шығармашылықпен жұмыс жасауына әсер етеді.

Информатика пәнін оқыту барысында бағдарламалап оқыту әдісі ерекше роль атқарады. Бірақ аталған әдістің тиімділігі жөнінде педагог ғалымдардың зерттеу жұмыстарында баяндалған.

Бұл әдіс оқушылардың деңгейлік тапсырмалармен жергілікті желі арқылы жұмыс істегенде толықтай іске асып, өз тиімділігін көрсетеді.

Информатика пәнінің басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерін ескерсек, онда жоғарыдағы белгілі әдістерден басқа « Графика арқылы Паскаль бағдарламалау тілінің командаларын үйрету» әдісінің бар екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Одан әрі оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын өзіндік жұмыстар беруге болады. Мысалы, жұлдызды аспанды сипаттау, ұнаған кинофильмінен үзінді келтіру т.б. тапсырмалар беріп, оны « өз жұмысын қорғау» түрінде бағалауға болады.

Сөйтіп бұл әдісті пайдалану тиімділігі жөнінде біз төмендегідей тұжырым жасай аламыз: оқушы нүкте салудан бастап қозғалатын денелерді салуға дейінгі үрдістерді орындау арқылы оның өзіндік шығармашылық бағыттағы іс-әрекетке деген ынтасын арттыра отырып, танымдық қызығушылғының артуына әсер ететіндігі байқалады.

Бұл формуланы оқыту барысында компьютерді пайдалану арқылы оқыту өзіндік оқытуға айналатындығы жөнінде жүргізілетін тәжірибе жұмыстары дәлелденеді.

Мұғалімнің пайдаланылатын әдістер формулалар берілген әрбір компонетті оқушының өзіндік жұмыс жасауына бағытталуы қажет.


Пайдаланған әдебеттер тізімі:

  1. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы. 1998 ж.

  2. Бочкин А.И. Методика обучения информационному поиску. ИнфО.-2000. N 3.

  3. Бочкин А.И. Методика преподования информатики. Учебное пособие. Минск.: Вышэйшая школа, 1998 г.

  4. Информатикадан Мемлекеттік білім беру стандарты. 7-11 класс. Алматы, 1998 ж.

  5. Каймин В.А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. ИнфО. – 1990. N 6.

  6. Лапчик М.П. Информатиканы оқыту методикасы. Аударған Қ.С. Абдиев. // Алматы, 1994 ж.

  7. Леднев В.С., Кузнецов А.А., Бешенков С.А. Состояние и перспективы курса информатики в общеобразовательной школе. ИнфО. – 1998. N 3.

жүктеу 66,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау