2. Excel дің басқару құрылғылары
Excel де берілгендермен басқаруы төрт тәсілмен жүзеге асырылады: меню бойынша, пиктограммалар көмегімен, бекітілген пернелер көмегімен және тышқан арқылы. Жүйенің интерфейсінің негізгі элементтеріне қысқыша шолуы:
Басты (немесе оралықты) менюі Excelдің барлық функцияларын жүзеге асырылады. Менюды Alt, немесе F10, немесе тышан арқылы шақыруға болады.
Пиктограммалар (экрандық батырмалар) графикалық формада пайдаланушыға қажет ең маңызды функцияларын бейнеленеді.
Пернелік комбинациялары деректерді өңдеу кейбір құрылғыларға жетілдіруды жасайды. Пенрнелердің әрекеті кестенің ағымды режимнен тәуелді.
Тышқан тетігі деректерді басқару ең оперативті құрылғысы.
3. MS Excel де деректер ұйымдастырылуы
Кітап – Excelдегі деректердің ең үлкен бірлігі және Excel файлының синонимі. Ондай файлдардың аттарының кеңейтілуі XLS.
Жұмыс парағы (немесе жай парағы) пайдаланушының жұмыс алабын ұйымдастырылады. Excel кітабында парақтарының саны 255 дейін болады (кілісім шарты бойынша парақтардың саны үш). Басқа парақтарда орналасқан деректерді (және басқа файлдарда да орналасқан деректерді) бір – бірімен байланыстыруға болады.
Жол. Жол жолдың номермен адрессациялайды, мысалы 25
Баған. Бұл элемент әріппен белгіленеді, мысалы D.
Ұяшық. Кестенің деректердің элементарлы бірлігі болады.ұяшыққа оның адресі бойынша сілтемені жасауға болады, ұяшықтын адресі екі компоненттен тұрады бағанның әріптік нөмері және жолдың сандық нөмері, мысалы D25.
Ұяшықтар блогы (ұяшықтардың тіктөртбұрышты блогы). Кестедегі ұяшықтар блогы қос нүкте арқылы сол жақ жоғары және оң жақ төмен ұяшықтардың адрестерімен белгіленеді, мысалы D4:F20. Кез келген блокқа және кезкелген ұяшыққа да ат беру мүмкін.
4. MS Excel-дегі мәліметтер типтері
Сандық деректер – бұл сандардан және арнайы символдардан + - Е е () % / тұратын деректері.
Мәтіндік деректер – бұл басқа типтегі емес деректер. Бір ұяшыққа 32000 дейін таңбаларды енгізу мүмкін. Мәтіндік деректер сандар да болу мүмкін, егер олардың алдында апостроф таңбасы енгізгелген болса, мысалы ‘4223. Осындай деректер арифметикалық өрнектердің операцияларға қатыспайды.
Уақыт және мерзім. Қатан болсақ Уақыт және мерзім деген типі Excel де жоқ. Уақыт пен мерзімді ұсыну үшін уақыт пен мерзім форматта бейнеленейтін жай сандар қолданылады. Санның бүтін бөлігі күндер, айлар және жылдарға сәйкес келеді, ал бөлшек бөлігі – сағаттарға, минуттар және секундтарға.
Excel дегі негізгі уақыт мерзімі – бір күн. Әр бір күнде 1 ден бастап реттік нөмері бар, 1 ге 1900 жылдың 1 қантар (Excel дегі уақыт пен мерзімдердің бастапқысы) мерзімі сәйкес келеді.
Мысалы, 1998 жылдың 1 қантар мерзімі – 35796 саны түрінде сақталады, өйткені 1900 жылдың 1 қантардан сондай күндер саны өтті.
Мерзімді енгізгенде жылдың соғы екі цифрын енгізуге болады. Онда олар қандай диаппазона жатса солай келесі түрде анықталады:
00-29 – 2000ж бастап 2029ж дейін; 30 - 99 – 1930ж 1999ж дейін.
Уақыт - бұл күн санында болса бөлшек бөлігі. Бір күнде 24 сағат, сондықтан бір сағатқа 1/24 саны сәйкес келеді, 12 сағат 0,5 және т.с.с.
Секундтармен минуталарды енгізгенде қос нүктені пайдалану керек, мысалы ұяшыққа 6: енгізсек, онда ұяшықта 6:00 саны шығады (яғни 6 сағат 0 минут). Уақытты мерзіммен бірге де енгізуге болады, олар арасында бос орын енгізіп тастау керек, мысалы 7.2.98 6:12:40 енгізгенде бұл 7 ақпан 1998ж. 6 сағат 12 минут 40 секундқа сәйкес болады.
Қисындық деректер екі мәнінен АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН біреуді қабылдайды. Олар кейбір жағдайдың бар болуын жоқтығын тексеріледі және кейбір функциялардың аргументтері болады. Көптеген жағдайларда олардың орындарында сәйкесінше 1 мен 0 цифрларын пайдалануға болады;
Массивтер деректердің типі болмайды, бірақ өзімен кезкелген типті константалар немесе Excel дің ұяшықтар жыинтығын ұйымдастырылады. Массивтер үстінде математикалық операцияларды және салыстыру операцияларды жүргізуге болады.
Бақылау сұрақтары:
1MS Excel ортасының интерфейсі
2.Кітап
3.Жұмыс парағы
4.Жол.
5.Баған.
6.Ұяшық.
7.Ұяшықтар блогы
8.Сандық деректер
9.Мәтіндік деректер
8 тарау. Microsoft Access МББЖ
Тақырып 8.1. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.
Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуаладау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.
Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.
Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары.
МБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:
нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;
әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;
ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;
техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді МБ-н құруға мүмкіндік береді.
Тақырып 8.2. Мәліметтер базасын жобалау
Мәліметтер базасының объектілері
Microsoft Access 2003 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі обьектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.
Кестелер. Бұл кез келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады. Біріншіден кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалған өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Олардың кемінде бірнуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Басқа нұсқау берілмесе, Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып, оны кілттік етіп қояды. Қолдан бірнеше өрістерді кілттік етіп қою да қиын емес.
Сұраныс.Бұл обьекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрынан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестеледе қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Жаңадан қолданушылар сұраныстың ролін аса терең түсінбейді, өткені сол операцияларды кестеменде жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай кестелермен жұмыс істегенде кез – келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге қатынау шектелінеді.
Сұраныстың ерекшелігі – олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кесмен жұмыс істегенде біз қатты дискімен жұмыс істейміз, оған кез – келген кезде қатынау көп уақытты алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.
Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе мәліметтер басқару жүйесінде өз шешімін тапқан.
Қалыптар Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, алқалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.
Қалыптардың көмегімен мәліметтеді экранға бейнелеп беруге борлады. Сұраныстың көмегімен де экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу арнаулы безендіру құралдарын қолдану қожет.
Есептер.Өзінің қасиеттерімен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттанына арналған арнаулы безендіру элементтері бар.
Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы обьектілері Microsoft Access 2003 – те ғана жүзеге асырылған Бұл – WEB – бетте орналастырыалатын және қолданушыға сол WEB – беттен берілетін, HTLM кодында жазылатын өте айрықша обьекті. Жеке өзін алсақ бұл обьект мәліметтер базасы болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер базсын жіберілген WEB – бетпен байланыстыратын компоненттерді қамтиды.Осы компоненттерді қолдана отырып WEB – тораптағы қолданушы мәліметтер базасындағы жазбаларды көре алады.
Макрастар мен модульдер.Бұл категориядағы обьектілер осы мәліметтер базасые басқару жүйесімен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау аққылы жаңа функциялады құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар МББЖ – нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады.Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.
Бақылау сұрақтары:
Мәліметтер базасының объектілері
кесте
сұраныс
Қалыптар
Есептер
Беттер.
Макростар мен модульдер
9 тарау. Компьютерлік желілер. Интернет
Тақырып 9.1 Интернет желісінің теоретикалық негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |