Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану



жүктеу 84,66 Kb.
бет8/9
Дата23.06.2023
өлшемі84,66 Kb.
#43064
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Баяндама. Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану

Қорытынды

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.


Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесіне сүйеніп, информатика сабақтарында деңгейлік тапсырмалар орындатып жүрмін. Жаңашыл ұстаздың жаңа технологияларын қолдану барысында оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс, сайыс сабақтарын, әр түрлі ойын түрлерін қолданып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулимын.
Осы мақсатта қолданған сабақ берудегі тиімді әдістер нәтижелі болуда көбіне оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратын тапсырмалар орындатамын. Мысалы, қызықты жағдайлар, оқушылардың өз ойларынан, қиялынан туындаған дүниелер, шығармашылық жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар, жарыстар, сайыстар және әр түрлі танымдық ойындар оқушылардың ойлау қабілеті, шапшаңдығы, есте сақтауы, қабылдауы бірдей емес.
Сонымен, қорыта айтқанда, жаңа технологиялар:

  • Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

  • Оқушыны ынталандыруға;

  • Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасына;

  • Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздім.

Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдану төмендегідей нәтиже береді:

  • Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;

  • Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;

  • Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;

  • Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

  • Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Соңында, қорыта айтатын болсақ, АКТ - ның ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда жаңа технология әдіс – тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:

  • Оқушының оқуға деген ынтасы артады;

  • Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;

  • Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

  • Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

жүктеу 84,66 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау