3-сурет
Back Parallel (Параллельді артқа) түрін тип сығуды орнатыңыз. Үшбұрыш астында жаңа
жақ пайда болады. Оны маустың көмегімен белгілеп, өзіңізге қажетті әйнек қалыңдығын
орнатыңыз 4-сурет.
4-сурет
Apply (Қолдану) батырмасын шертіңіз. Енді бізге Pick (Таңдау) құралымен үшбұрышты
белгілеп, келесі командаларды орындаймыз Arrange → Break Extrude Group Apart
(Орналастыру → Топтарды псевдообъем бөлу) топтастыру сығылған участік командалармен,
және ол үш бөлімге бөлінеді. Енді бөліктерді түске бояймыз. Ақшыл жасыл–көк түсін
таңдаңыз. Боялған соң сыртқы белгілерін жойыңыз. Ол үшін тақталар графикасынан No Outline
(Сыртқы белгісіз) құралын таңдаңыз 5-сурет.
5-сурет
Енді қалған сынықтарды толықтырыңыз. (Эффекты → Линза) командаларын орындаңыз.
Сол кезде қалыпты түрге келтіру терезесі ашылады. 6-суретте көрсетілген.
6-сурет
Ашылған терезеден Magnify (Үлкейту) линзасын таңдаңыз, үлкейту коэффициентін 2-ге
тең қылып Apply (Қолдану) батырмасын шертіңіз. Нәтиже келесі суретте көрсетілген.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау және есеп беру.
Әдебиеттер: [1]
Зертханалық жұмыс №15-16.
Тақырыбы: Терезедегі бейне.
Мақсаты: Әйнек терезедегі бейнені құру.
Тапсырма:
Әйнек терезедегі бейнені құруды қарастырамыз. Ол үшін әйел фотосуретін 1-суреті және
аспан 2-суретін қолданамыз.
1-сурет
2-сурет
1-ші терезе рамкілерін саламыз. Rectangle (Төртбұрыш) құралын қолданып төртбұрыш
саламыз. Ол (2- суретімізден) аспан суретінен үлкен болу тиіс. Содан соң оған Contour (Ореал)
нәтижесін қолданамыз, көрсетілген 3-сурет.
3-сурет
Arrange → Break Apart (Орналастыру → Бөлу) бұйрығын орындаймыз. Терезе жақтауы
секілді екі созылған төртбұрыш саламыз 4-сурет.
4-сурет
Arrange → Combine (Орналастыру → Қосу) (Ctrl+L) бұйрықтарын орындап екі ішкі
төртбұрышты қосамыз, одан соң оларға шығынқы төртбұрышты қосамыз. Arrange → Shaping →
Weld (Орналастыру → Формы → Өзгерту → Қосу) командаларын орындаймыз 5-сурет.
5-сурет
Аспан фотосуретін терезенің арғы жағына орналастырамыз 6-сурет.
6-сурет
Object Manager (Диспетчер объектісі) тересінде 3 қабат бар олар: Аспан:аспан фотосуреті
үшін, Түпнұсқа және Терезе жақтауы 7-сурет.
7-сурет
Әйел фотосуретін Терезе жақтауының арғы жағына орналастырамыз. Әйел фотосуретін
үлдкейтеміз және Shape (Түр) құралымен кесеміз. Scale and Mirror ( Өлшемін және бейнесін
өзгерту) қолданамыз. Interactive Transparency (Интерактивті мөлдір) құралын қолданып 8-
суретке ие боламыз.
8-сурет
Bitmaps → Distort → Ripple (Үшнүктелі графика → Исканение → Шымырлану) 9-
суреттегі периметр фильтрі ашылады.
9-сурет
Енді бізге терезе жақтауларын бояу қалды. 10-суреттегі Styles (Стильдер) наборынан
Wood Grain (Ағаш текстурасы) құюды таңдаймыз. Нәтиже.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау және есеп беру.
Әдебиеттер: [1]
Зертханалық жұмыс №18-19
Тақырыбы: Жиек салу.
Мақсаты: Суреттің көркем түп нұсқасына жиек салуды қарастыру.
Тапсырма:
Бұл жобада біз суреттің көркем түп нұсқасына жиек салуды қарастырамыз. Сіз өзіңізге
қолайлы суретті таңдай аласыз. Аққулар 1-фотосуреттерін таңдадым.
1- сурет
Құралдар тақтасынан төртбұрыш таңдап салып, оны қара түске бояймыз. Banner Shapes
(Банеры) құралдар сайманынан Perfect Shapes (Автофигураларын) шертіп көпбұрышты
жұлдызды таңдаймыз.
2-сурет
Таңдаған жұлдызды қара жиек ішіне орнатамыз.
3-сурет
Фотосуретті белгілеп келесі бұйрықтарды орындаймыз Bitmaps Creabive →Frame (Нүктелі
графика→ Фарматтау→ Жиек). Frame диалогтық терезесі ашылады.
4-сурет
Бағытты шертіп Other (Басқа) пунктін таңдаймыз. Өзініз жасаған жиекті
таңдаймыз. Егер Frame (Жиек) басқа жиек болса оны кетіреміз. Нәтиже 5- суретте көрсетілді.
5-сурет
Пайда болған бейнені өз қалауыңызша әрі қарай безендіре аласыз. Оны да қарап көріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау және есеп беру.
Әдебиеттер: [1]
Зертханалық жұмыс №20-21
Тақырыбы: Неондық еркіндік ескерткіші.
Мақсаты: Объектінің жарқырағыш неондық тұрбалардан құралатындығы иллюзиясын құру.
Тапсырма:
Бұл жұмыста біз объектінің жарқырағыш неондық тұрбалардан құралатындығы
иллюзиясын құрамыз. Ол үшін біз 1-суретті таңдаймыз.
1-сурет
CorelDRAW программасында бірнеше растрлық әсер бар. Олардың көмегімен
фотосуретті сызықтардан құралған суретке келтіре аламыз. Бұлардың ең тиімдісі қарандашпен
салынған суретке келтіру. Олардың ішіндегі ең жақсысы Find Edges (Шетін табу) фильтрі.
Автоматты түрде қолданылуы 2-суретте көрсетілген.
2-сурет
Effects → Adjust → Brightness/Contrast/Intensity (Нәтиже → Түсін келтіру →
Жарықтық/Қарама-қарсылық/Күшейте түскенік) командаларын орындаймыз. Менің қалыпты
күйге келтіруім 3-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |