Информатика кабинетiне ќойылатын талаптар


Қосымша 1 Директордың оқу процесiн ақпараттандыру бойынша орынбасарының қызметiне қойылатын талаптар



жүктеу 344 Kb.
бет3/7
Дата11.02.2020
өлшемі344 Kb.
#28703
1   2   3   4   5   6   7



Қосымша 1
Директордың оқу процесiн ақпараттандыру бойынша орынбасарының қызметiне қойылатын талаптар
Нормативтiк-ұйымдастырушылық аспектiсi бойынша директордың оқу процесiн ақпараттандыру бойынша орынбасарының мамандығына мын талаптар қойылады:
  • орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының мақсаттары мен мiндеттерiн және оны жүзеге асырудың әдiстерiн;
  • бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi бағыттары мен келешегiн;
  • Қазақстан Республикасының орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасының әдiстемелiк талаптарын және оны ұйымдастыруды мектеп әкiмшiлiгiмен, облыстық (қалалық) мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институтының кабинетiмен және ақпараттандырудың аймақтық орталықтарымен бiрлесе отырып, орындауды;
  • орта мектептер үшiн информатикадан Мемлекеттiк бiлiм беру стандартының талаптарын сақтауды;
  • Мемлекеттiк бiлiм беру стандартының талаптарына сай оқушылардың дайындық деңгейiн қамтамасыз етудi;
  • Информатика пәнiнен мамандыққа баулу курстарының талаптарына сай оқушылардың таңдауы бойынша кәсiптiк қызметтерiн ұйымдастыруды;
  • Материалдық-техникалық базаға сәйкес мектепте бiлiм беру процесiн ақпараттандыруды iске асыруды;
  • өзiнiң мамандығын үздiксiз көтерудi (пән бойынша жаңа әдебиеттердi оқу, аймақтық орталықтар мен облыстық (қалалық) мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институтының кабинеттерi ұйымдастырған курстарда, семинарларға, конференцияларға, көрмелерге және байқауларға);
  • жаңа типтi компьютерлiк техника мен ақпараттық технологияны пайдалана отырып, информатиканы оқытуға талдау жасауды;
  • ақпараттық орталық пен облыстық (қалалық) мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институтының кабинетiмен мектептiң өзара қарым-қатынасын (келiсiм-шарттар жасауға, программалық-әдiстемелiк жинақтарды алуға, оқытуды ұйымдастыруға, техникалық жөндеу жұмыстарын) қамтамасыз етудi;
  • мектеп әкiмшiлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында шаруашылық келiсiм-шарттарын ұйымдастыруды;
  • информатика кабинеттерiн жаңа типтi компьютерлiк техникамен және телекоммуникациялық желiлермен (жергiлiктi байланыс, глобальды, Интернет және т.б.) жабдықтаудағы ерекшелiктерiнiң мәнi мен қызметтерiн;
  • техника қауiпсiздiгiн, еңбектi сақтау және өрттен қорғау ережелерi мен талаптарын орындауды;
  • жаңа типтi компьютерлiк техниканы пайдалана отырып, бiлiм беру процесiнде оқушылардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды;
  • оқыту құралы ретiнде компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн пайдалануды;
  • бiлiм берудi ақпараттандыру жағдайында оқытудың әдiстерi мен түрлерiн, бiлiм беру мазмұнын жаңартуды;
  • бiлiм беру мен оны дамытуда ақпараттық технологияға негiзделген педагогикалық технологияның құрылымын;
  • үйрету программаларын құрудың психологиялық-педагогикалық аспектiлерiн;
  • бiлiм беру мен оны дамытуда ақпараттық технологияға негiзделген педагогикалық технологияның тиiмдiлiгiн зерттеудi: педагогикалық программалық құралдар пакетiнiң талаптарына сай оның тиiмдiлiгiн анықтау белгiлерiн жасақтау, телекоммуникациялық желiлердiң ролiн зерттеу сабақты және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа формаларын зерттеудi;
  • оқушылардың дайындық деңгейiне диагностикалық талдау жасауды;

  • ЭЕМ-ның желiлерiнде, байланыс құралдарында және компьютерлiк телекоммуникациялық жүйелерде жұмыс жасауды;

  • басқа оқу орындарындағы жаңа ақпараттық технологияны енгiзудiң iс-тәжiрибелерiн зерттеудi;

  • баспа беттерiнде аудан, облыс (қала) көлемiндегi мектептердiң iс-тәжiрибесiн тарату;

  • программалық-әдiстемелiк құралдарды техникалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi.


Қосымша 2

Информатика мұғалiмдерiнiң мамандығына қойылатын талаптар


Ақпараттандыру бағдарламасында информатика мұғалiмi басты роль атқарады. Ол арқылы мектепте есептеуiш техникасын меңгеру мен оны енгiзу процестерi жүргiзiледi. Онда:

  1. информатика пәнiн оқушыларға үйрету;

  2. компьютерлiк техниканың аппараттық-программалық құралдарының үзiлiссiз өзгеруiне информатиканың бiлiм мазмұнын бейiмдеп, өткiзу.

Информатика мұғалiмi мiндеттi түрде физика-математика немесе сәйкес техникалық мамандығы бойынша жоғары бiлiмдi болу керек. Ақпараттандыру бағдарламасы мен Мемлекеттiк бiлiм стандарты қойған талаптары мен мiндеттерiне сай педагогикалық әдiстерi мен тәсiлдердi, пәндiк оқытудың әдiстерi жөнiнде жеткiлiктi бiлiммен қарулануы қажет.

Информатика мұғалiмiнiң мамандық дайындығына сәйкес қойылатын талап екi аспектiде қарастырылады:



  • әдiстемелiк;

  • арнаулы бiлiмдермен.

Әдiстемелiк аспектi бойынша мұғалiм мынаны бiлуi керек:

  • педагогикалық және ғылыми-әдiстемелiк мiндеттердi жалпы теориялық пәннiң негiзiнде шешудi;

  • бiлiм берудi ақпараттандырудың психологиялық-педагогикалық негiздерiн;

  • психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттердi өз жұмысына пайдалануды;

  • мектепте информатика пәнiн оқытудың әдiстемесi мен тәрбие жұмыстарын меңгерудi;

  • информатика курсы бойынша оқу-әдiстемелiк жинақтарға (оқу бағдарламасы, оқулықтар, әдiстемелiк нұсқаулар мен құралдар және программалық қамсыздандыру) салыстырмалы сипаттама жасауды;

  • үйрету программаларын оқытудың теориясы мен қағидаларын;

  • оқытуда компьютерлiк техниканы пайдаланып, танымдық қызметiн қалыптастырудың түрлерiн;

  • информатиканың пәндiк ерекшелiгiн ескере отырып, оны оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруда деңгейлiк саралап оқытуды пайдалануды;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын, даралап және ұжымдық жұмыс жасау формаларын бiрлестiре қалыптастыруды;

  • жан-жақты бағытталған жұмыстарды жасауда оқушылардың қабiлетiн айқындауды.

Арнаулы бiлiмдер аспектiсi бойынша мұғалiм мынаны бiлуi керек:
Теориялық информатика саласы бойынша:


  • ақпараттың жалпы теориясы, оны өлшеу әдiстерiн, математикалық ақпараттық модельдердi, математикалық логиканы, ақпараттық жүйелер түсiнiгiн, ақпараттық жүйелер мен технологияны жасақтаудың теориялық элементтерiн;

  • ЭЕМ-ның даму буындарын және құру принциптерiн, элементтiк базаны;

  • алгоритмдер теориясы.

Ақпараттандырудың техникалық және программалық құралдар саласы бойынша:



  • дербес ЭЕМ-ды аппараттық және программалық қамсыздандыруды;

  • дербес ЭЕМ-ды мамандық деңгейде басқаруды, қажеттi программалық қамсыздандыруды орната бiлудi;

  • операциялық жүйе мен ортаны, программалау тiлдерi мен жүйелерiн, сервистiк қабықшаны, қолданушының интерфейс жүйелерiн, есептеу мен ақпараттық ортаны және онда мамандық деңгейде жұмыс жасауды;

  • мәтiндiк, графиктiк және музыкалық редакторларды, мәлiметтер қорны басқару жүйесi мен электрондық кестелерде жұмыс жасауды;

  • ЭЕМ-нiң желiлерiнде, байланыс құралдарында және компьютерлiк телекоммуникациялық жүйелерде жұмыс жасауды;

  • мамандыққа баулу курстары бойынша арнаулы құрал-жабдықтармен (сканер, көшiру аппараты, диктофон, құжаттарды өңдеудi басудан кейiнгi құрал-жабдықтар, арнаулы программалық қамсыздандыру) жұмыс жасауды.

Ақпараттық технология саласы бойынша:




  • мамандық деңгейде программалауды, модельдеудi және кескiндеудi;

  • аппараттық және программалық қамсыздандыруды басқару және диагностикалық программаларды қолдануды;

  • әр түрлi ақпараттық тасымалдаушылар мен жинақтауды пайдалануды;

  • ақпаратты қорғау құралдарын пайдалануды;

  • әр түрлi ақпараттық ресурстарды пайдалануды.

Әлеуметтiк информатика саласы бойынша:




  • қоғамның ақпараттық құрылымын, ақпараттық қоғамның дамуы мен қалыптасу проблемаларын және заңдылықтарын, ақпараттық қауiпсiздiк проблемаларын;

  • ақпараттық қоғамда демократиялық проблемалар мен оларды шешудi;

  • оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеудi.



Қосымша 3
Көз жаттығулары



I-нұсқа

  1. Көздi өте қатты қысып жауып, ақырын асықпай ашу керек. Демалыс қалыпты. Осы жаттығуды 1-6 рет қайталау керек.

  2. Мұрын ұшына қарап және көзқарасты 1-4 рет толық қалыпты дем алғанға дейiн тоқтату керек. Көз ауырғанға дейiн қарауға болмайды. Одан кейiн алысқа көз жiберу керек. 1-6 рет қайталау керек.

  3. Басты қозғалтпай жоғары-тура-төмен, оңға-тура-төмен қарау керек, осы жағдайда аталған әрекеттердi диагональдi жақтарға да жасау керек. Барлық жаттығуды 1-6 рет қайталау керек.


II- нұсқа

  1. Көздi қысып жауып, кең асықпай ашу керек. Осы жаттығуды 1-6 рет қайталау керек.

  2. Көз көруiн жақсарту үшiн мұрынның ұшына қарау керек, 1-4 рет қайталау керек, содан кейiн алысқа көз жiберу керек. Осы екi жағдайда да көзқарасты бiрнеш секундқа тоқтату керек. 1-6 рет жаттығуды қайталау керек.

  3. Басты қозғалтпай, жәймен айналдыра көздi солға-төмен-жоғары-оңға қарау арқылы жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталау керек.

  4. Басты қозғалтпай, көзқарасты жоғары 1-4 рет тоқтату керек, одан кейiн тура алысқа көз жiбреiп 1-6 рет қайталау керек. Осылай солға-төмен-жоғары-оңға қарау арқылы жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталау керек. Сосын оңға-жоғары-солға-төмен қарау арқылы, даигональдi жақтарға да жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталау керек.

III - нұсқа

  1. Көзге салмақ түсiрмей 10-15 рет жыпылықтату керек.

  2. Басты қозғалтпай, тiк еқарау, бiрнеше секнуд көзқарасты тоқтату, одан кейiн солға бiрнеше секунд және тура қарау керек. Көзқарасты бiрнеше секундқа жоғары көтеру, төмен түсiру, көз бұлшық еттерiне күш түсiрмей, тура қарау. Осы жаттығуларды 1-6 рет қайталау.

  3. Оңға қарай, тура солға көзбен айналу қозғалыстарын жасау. Жасалу тездiгi орташа болу керек. 1-4 рет қайталау керек. Көзқарасты тура қарау. 11-6 рет қайталау.


Қосымша 4

Дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы

Дене шынықтыру қозғалыс жылдамдығы мен белсендiлiгiн жоғарлатады, жүйке, жүрек қан-тамыр, дем алу және бұлшық ет жүйелерiнiң қызметiн қалыпқа келтiредi, жалпы шаршағандық пен күйзелiстi ақыл-ойдың жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн көтередi.



  1. Дене шынықтыру жаттығулары.

Жаттығу 4-6 рет қайталанады, екпiн орташа.

Бiр орында тұрып жүру 20-30 секунд.



  1. Бастапқы қалып-тiк тұру;

1-қолдар алға, алақан төменге, 2-қолдар екi жаққа, алақан жоғарыға, 3-аяқтың ұшымен жүру, қолдар жоғарыға, секiру, 4-бастапқы қалып

  1. Бастапқы қалып-аяқтар алшақ, иықтың тұсында.

1-3 артқа иiлу, қолды арқаға ұстау, 3-4- бастапқы қалып.

  1. Бастапқы қалып-аяқтар иықтың тұсында.

1-қолды төбеге қойып, кеуденi оңға түру; 2-кеуденi бастапқы қалыпқа әкелу, қолды екi жаққа жiберiп, басты шалқайтып, алға иiлу; 3-бойды түзету, қолды төбеге қойып, кеуденi солға бұру. 4-бастапқы қалып, бойды түзету, қолды төбеге қойып кеуденi оңға бұру.

  1. Бастапқы қалып-аяқтар алшақ, қолын белде ұстау,

1-4-кеуденi оңға, дөңгелене айналдыру; 5-8-кеуденi солға дөңгелене айналдыру.

  1. Бастапқы қалып-тiк тұру.

1-қолды екi жаққа ұстап, оң аяқпен артқа бұлғау; 2-бастапқы қалып; 5-8-қолды екi жаққа ұстап, сол аяқпен артқа бұлғау.

  1. Бастапқы қалып-аяқтар алшақ, қолмен белдi ұстау;

1-3-басты алға еңкейiп, оңға айналдыру; 4-бастапқы қалып; 5-8-басты артқа еңкейтiп, солға айналдыру.


  1. Дене шынықтыру жаттығулары.

Бiр орында жүру-20-30 секунд. Екпiн орташа.



  1. Бастапқы қалып-тiк тұру, қолды басқа қоямыз.

1-2-аяқтың ұшымен тұрып секiру, шынтақты артқа беру. 3-4-табанымен тұру, жайлап алға еңкейiп, шынтақты алға ұстау;

  1. Бастапқы қалып-тiк тұру.

1- 1 қадам оңға, қолды екi жаққа ұстау, 2-қолды басын алақанмен жоғарыға қарай ұстау, 3-сол аяқты қойып, қолды жоғары көтеру, 4-қолмен екi жаққа және төменге доға жасап қозғау кеуденiң алдыңғы жағын ала кесе-көлденең еркiн қимылдар жасау.


Қосымша 5

Техника қауiпсiздiгiнiң ережелерi
Информатика кабинетiнде қымбат бағалы, күрделi, ұқыпты ұстауды қажет ететiн құрылғы-PENTIUM компьютерлерi орнатылады.

Техникаға ұқыпты көңiл бөлу керек, кабинетке асықпай, итермелемей, компьютер тұрған үстелдерге соқтықпай жаймен кiру қажет, жұмыс үстелiнде ЭЕМ-ның құрамды бөлiктерi-жүйелiк блок, пернетақта, монитор (дисплей) орнатылған.

Жұмыс кезiнде монитордың электр желiлерi өте үлкен кернеумен жұмыс iстейдi. Құрылғыға, электр желiлерi мен мониторға дұрыс көңiл бөлмеу құрылғының күйiп кетуiне, электр тогымен зақымдануға алып келедi.


  1. Қатаң түрде тиым салынады.

  • Бiрiктiрiлген желiлердiң жалғасқан жерлерiн қозғауға;

  • Экранға және монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиiсуге;

  • Мұғалiмнiң рұқсатынсыз құрылғыны қосып өшiруге;

  • Монитор мен пернетақтаның бетiне дискiлер, кiтап, дәптерлер қоюға;

  • Су киiммен, дымқыл қолмен жұмыс iстеуге.

  1. Жұмыс жасап отырған кезде ДК-ден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе дереу құрылғымен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау қажет. Өрт сөндiруге көмек көрсету қажет;

  2. ДК жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары:

  • ДК-дi iске қосу кезiнде оның көзге көрiнiп тұрған бұзылған, зақымданған жерлерi бар-жоғына көз жеткiзу қажет;

  • Монитор экранындағы берiлген ақпараттарды қабылдағанда, пернетақтамен жұмыс iстегенде еңкеймей, кеуденi тiк ұстап, назарыңыз экран ортасында болатындай етiп орналастыру қажет;

  • Мұғалiм тапсырмасы мен түсiнiктемесiн мұқият тыңдап, жұмыстың мақсаты мен нәтижесiн ұғыну керек, қажет болған жағдайда мұғалiмге беру керек;

  • Жұмысты тiркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтыру керек, жұмысты мұғалiмнiң рұқсатымен ғана бастау керек.

  1. ДК-де жұмыс iстеу барысында монитор экраны электромагниттiк сәуле шығару көзi болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзге жайсыз әсер етедi, жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн төмендетiп шаршатады.

ЭЕМ-мен жұмыс iстеу кезiнде одан 60-70см қашықтықта, бiрақ монитор экранынан кем дегенде 50см қашықтықта қисайып, еңкейiп, жатып алмай, дененi тiк ұстап отыру қажет. Тұрақты көзәйнегi бар оқушылар көзәйнекпен жұмыс iстеуi керек.

ДК-де жұмыс iстеу үлкен назар аударып, айқын қимылдар жасап, өзiн-өзi бақылап отыруды қажет етедi.

Әлсiз жарықтандырылған және адам өзiн-өзi нашар сезiнген жағдайда жұмыс iстеуге болмайды.


  1. ДК-де жұмыс iстеу кезiнде қойылатын талаптар.




  • ДК-де жұмыс iстеу ережелерiн қатаң сақтап, мұғалiм тапсырмасын мұқият орындау керек;

  • Құрылғының бүлiнбеуi мен бұзылмауын қадағалау керек. Жұмыс жасап отырған кезде құрылғылардан ерекше дыбыс шықса немесе ол өздiгiнен өшiп қалса, бұл туралы мұғалiмге хабарлау керек;

  • Пернетақта түймешiктерiн қатты соқпай, жәймен басу керек;

  • Егер компьютер iске қосылмай тұрса, пернетақтаға тиiспеу оны қолданбау қажет;

  • Пернетақтада таза қолдарымен жұмыс iстеуi қажет;

  • құрылғының бұзылған жерiн өздiгiмен қалыпқа келтiруге тырыспау керек;

  • Кабинетке бөгде адамдар келсе, жұмыс орнынан тұрмай-ақ қоюға болады.


ДК жұмыс iстеу соңындағы қойылатын талаптар.


  • ДК-дi мұғалiмнiң рұқсатымен өшiру қажет;

  • Жұмысты тiркеу журналына жұмысты аяқтау уақытын толтыру керек;

  • Құрылғыны таза, жұмсақ матамен сүрту қажет;

ДК-де жұмыс iстеу ережелерiн бiлу және ол ережелердi сауатты түрде орындау келеңсiз жағдайлардан сақтандырады, бiлiм мен бiлiк дағдыларын табысты жетiк меңгеруге, мемлекеттiк мүлiк компьютерлiк техника мен құрылғыларды қорғап сақтай бiлуге үйретедi.

ДК-де жұмыс iстеу ережелерiн орындамау тәртiп пен реттiлiктi өрескел бұзу болып табылады.

Қосымша 6
Электр тогымен зақымданған жағдайда көрсетiлетiн алғашқы медициналық көмек.
Электр тогына соғылғанда III-IV дәрежедегi күйiк және естен тануға дейiнгi органикалық және функционалдық өзгерiстер болмаса, оның шамалы ауыртатыны сезiледi.

Электр тогымен зақымданған жағдайда токты тез ажырату қажет, зақымданушыны көмек көрсетушiлерге зиян келмейтiн, оларғы ток таралмайтындай сақтандыру шараларын сақтай отырып, электр желiлерiнен, ток әсерiнен босату керек (зақымданушыны резина қолғаппен немесе қолмен құрғақ матамен орап алып, құрғақ тақтай мен кiлемшеде тұрып токтан ажырату).

Электр тогымен зақымданған жағдайда ең алдымен зақымданушының дем алысы мен жүрек, қан-тамыр жүйесi жұмысына назар аудару қажет. Жүрек соғысы мен дем алысы тоқтап қалған жағдайда дереу жүрекке массаж жасау (төс сүйегiнiң ортасының сол жағына қарай минутына 40-60 рет алақанмен тез-тез басу) және ауызбен ауызға дем алдыру (алдымен зақымданушының аузын жауып, терең көкiрек кере дем алып, зақымданушының аузына демдi марлi немесе таза қол орамалмен жiберу) немесе мұрынмен мұрынға дем жiберу қажет.

Қолдан дем алдыру минутына 16-18 рет жиiлiкпен жүргiзiледi. Сонымен қатар, арнайы жедел жәрдем тобы шақырылады.

Жүрекке массаж жасау мен қолдан дем алдыру зақымданушының дем алысы қалыпқа келгенше, не арнайы көмек көрсетiлгенше жүргiзiледi.

Жүрек соғысы мен тыныс алысы әлсiреген жағдайда таза ауамен тыныстандыру керек, мақтамен мүсәтiр спиртiн иiскетiп, аузына шай қасықпен (немесе 25 тамшы) кордиамин құю, жағын шапалақтау қажет.



Терiге зақым келген жағдайда оны таза таңғышпен таңып, зақымданушыны дәрiгерге көрсету қажет. Күйген терiнi зеленкамен және марганцовканың қызғылт ерiтiндiсiмен сүрту керек.

Информатика кабинетiнде дәрiгер келгенге дейiнгi алғашқы жедел жәрдем көрсету қобдишасы болуы қажет, оның құрамының қандай болуы керектiгi № 7 қосымшада көрсетiлген.

Қосымша 7
Алғашқы дәрiгерлiк көмек қорабындағы қажеттi заттар тiзiмi


Дәргерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң түрi

Қолданылуы

Саны

Жеке таңуға арналған антисептикалық пакеттер

Таңу үшiн

3 дана

Бинттер

Жарақатты таңу үшiн

3 дана

Пакеттегi мақта

Жарақатты сүрту, таңу мақсатында

3 дана

Қан кетудi тоқтату орамы

қан кетудi тоқтату мақсатында

1 дана

Йод ерiтiндiсi

Жарақаттың, жараның, iсiктiң жан-жағына жағку үшiн

1 флакон

Нашатыр спиртi

Естен танып қалған жағдайда мақтаға 2-3 тамшы тамызып, мұрнына иiскету

1 флакон

2-4% бор қышқылының ерiтiндiсi

Көздi шаю үшiн, күйген жағдайда көздi сүрту үшiн

1 флакон

1% спирттiк брилиантты жасыд ерiтiндi

Терiдегi әр түрлi жарақатқа, жараға жағу үшiн

1 флакон

Кардиомин

Орталық нерв жүйесiн, жүрек соғысын, тыныс алуды қалпына келтiру үшiн 25 тамшы (1 шәй қасық)

1 флакон

Резина қолғап




1 пар

Калий магранциялық қышқылы (марганцовка)

Терi сыртының жарақатына жағу үшiн

1 флакон

Жабысқақ пластырь




1 дана

жүктеу 344 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау