Информация



жүктеу 43,77 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі43,77 Kb.
#14762

Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі

Қазақстан-Қытай Шағын комитетінің

екінші отырысын өткізу туралы

ақпарат
2005 жылғы 11 – 15 желтоқсан аралығында Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Шағын комитетін өткізу шеңберінде Қазақстандық делегацияның ҚХР-на сапары орын алды, оның барысында төмендегідей іс-шаралар өткізілді.

12 желтоқсанда Шанхай қаласында заңсыз жолмен алынған ақшаны “жылыстаумен” күресті ұйымдастыру және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-әрекет ету, сондай-ақ аймақтық қаржы орталығын құру мен дамыту мәселелері бойынша семинар өткізілді. Осы семинар барысында Тараптар Қытайдағы және Қазақстандағы ахуалмен танысып, сондай-ақ осындай семинарлар мен консультацияларды өткізу екі елдің құзыретті мемлекеттік органдары арасында өзара түсіністікке және одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіндігімен келісті. Тараптар ақшаны “жылыстаумен” күрес және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-әрекет ету мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты тәртіппен ақпаратты үйлестіру және алмасуды нығайтуға, сондай-ақ екі елдің банк жүйелері арқылы ақшаны жылыстаудың алдын алу жөнінде қажетті шараларды қабылдау мүмкіндігін қарастыруға шешім қабылдады. Бұдан басқа, Қазақстандық тарап Қытай тарапының Шанхай қаласында халықаралық қаржы орталығын құру мен оның жұмыс істеуі жөніндегі тәжірибесі Алматы қаласында аймақтық қаржы орталығын құруға пайдалы болатынын атап өтті.

13 желтоқсанда делегация Қытай қор биржасына және Unionpay қаржы мекемесіне (Қазақстандағы Процессинг орталығына ұқсас) барды.

2005 жылғы 14 желтоқсанда Пекинде Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Шағын комитетінің отырысы болды. Отырысқа ҚР Ұлттық Банкінің және Қытай Халық Банкінің, Қаржылық қадағалау агенттігінің, ҚХР Банктік қадағалау жөніндегі комиссияның, екі Тараптың мүдделі министрліктері мен ведомстволарының және коммерциялық банктерінің өкілдері қатысты. Қытай тарапын Қытай Халық Банкі Төрағасының орынбасары Ху Сяолянь ханым, Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Тәжіяқов мырза басқарды. Отырыс барысында Ху Сяолянь ханым төрағалық етті.

Екі елдің ұлттық валюталарын пайдалана отырып операциялар көлемін көбейту үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында отырыс барысында Қытай Халық Банкі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасындағы шекаралас аудандардағы саудадағы банкаралық есеп айырысу туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге Қытай тарапының өтініші бойынша екі Тараптың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерімен сауда жасау жөніндегі тиісті есеп айырысулар жүзеге асырылатын шекаралас аудандарды нақтылау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты бұдан әрі көрсетілген Келісімге Хаттаманы дайындау және оған қол қою жоспарлануда.

Сондай-ақ Тараптар Қытай Халық Банкі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында шекаралас аудандардағы саудадағы банкаралық есеп айырысу туралы осы Келісімнің талаптарын іске асыру жөнінде шаралар әзірлейтін болады, олар сондай-ақ, өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Шағын комитетінің бірінші отырысы барысында қол жеткен уағдаластықтар шеңберінде, банк қызметін қадағалау саласында ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында банктердің қызметін қадағалау саласында ынтымақтастық туралы ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі және ҚХР Банктік қадағалау жөніндегі комиссия арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Отырыс барысында екі елдің 2005 жылғы экономикалық және қаржылық жағдайы туралы ақпарат алмасу жүзеге асырылды. Қытай мен Қазақстан арасындағы қаржылық ынтымақтастықтың перспективалары туралы мәселе шеңберінде Тараптар екі елдің үздіксіз экономикалық өсуі және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуы жағдайларында қаржы саласындағы ынтымақтастық туралы мәселенің көкейкесті маңызын атап өтті және қаржылық қадағалау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Қазақстандық тарап Шағын комитеттің келесі отырысында резервтерді басқару және монетарлық саясатты жүргізу саласында Қытай мен Қазақстанның орталық банктері арасында тәжірибе алмасу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Тараптар қаржылық тәуекелдерді болдырмау үшін екі елдің қаржы ұйымдары арасында ынтымақтастықты дамытуға, олардың арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеуге ықпал ететіндігіне келісті. Осыған байланысты Тараптар осы мәселе бойынша ақпарат алмасатын болады, сондай-ақ консультациялар мен тағылымдамалар өткізеді.

Сондай-ақ сауданы одан әрі ынталандыру мақсатында екі елдің коммерциялық банктері арасында ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бойынша ақпарат алмасу жүзеге асырылды. Тараптар одан әрі банктік ынтымақтасудың маңыздылығын және қажеттілігін атап өтті.

Бұдан басқа, келіссөздер барысында Қытай Банкі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның өкілдері арасында Банкаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар ҚХР Банктік қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссия және Қаржылық қадағалау агенттігі елдер арасындағы қаржылық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келіссөздер жүргізетіні туралы уағдаласты. Қытай тарапының өтініші бойынша, Қазақстандық тарап Қазақстандағы қытайлық еншілес банктердің қытайлық қызметкерлеріне лицензиялар беру рәсімдерін тездету мүмкіндігін одан әрі қарастыру үшін тиісті ведомстволарға өтініш жасауға ықпал ететін болады.
Сондай-ақ Тараптар жеке тұлғалардың Тараптардың банктері арқылы трансшекаралық ақша аударымдары және жеке тұлғалардан шет елден ақша алу, оның ішінде шот ашпай алу мәселесі бойынша пікір алмасты. Тараптар жеке тұлғалардың екі жақты трансшекаралық төлемдері бойынша көлемдер мен басқа да мәселелер туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыратыны жөнінде уағдаласты.

Тараптардың төлем жүйелерінің, атап айтқанда Қытайдың RGTS-жүйелерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ екі елдің банктері эмиссиялаған төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету мәселесі бойынша Тараптар мына төмендегілер туралы уағдаласты:



- Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Қытай тарапы қытайлық төлем жүйесімен танысу үшін ҚР Ұлттық Банкінің мамандарына тағылымдама ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыратын болады.

- ҚР Ұлттық Банкі төлем жүйелері жөніндегі жыл сайынғы семинарға Қытай Халық Банкінің өкілдерін шақыратын болады.

- екі елдің банктерін қатыстыра отырып, осы банктер эмиссиялаған төлем карточкаларына қызмет көрсету мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Шағын комитеттің келесі кезекті отырысын 2006 жылдың 2-жартысында Қазақстан Республикасында өткізу жоспарланып отыр, отырыстың күн тәртібі, уақыты және өткізілетін орны жұмыс тәртібімен келісіледі және айқындалады.






жүктеу 43,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау