Қосымша
Маңғыстау облысында үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында 2014-2016 жж. атқарылған
іс-шаралар
Маңғыстау облысында азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты нығайту үшін жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Өңірімізде 508 үкіметтік емес ұйым ресми тіркелген, олардың 382-сі қазіргі кезде жұмыс атқаруда. Соның ішінде 91 ҮЕҰ белсенді қызмет етеді.
Сонымен қатар, облыста барлық қалалар мен аудандарда ресурстық орталықтар белсенді түрде қызмет атқарады.
Ресурстық орталықтар әр кез тұрғындардың азаматтық бастамашылдығын қолдау және дамытуға арналған шараларды жүзеге асырап, үкіметтік емес ұйымдардың облыстың әлеуметтік - экономикалық даму бағытын анықтау, бюджетті жоспарлау істеріне белсене атсалысады.
Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында «алтын көпір» құрылды деп айтсақ болады. Себебі, мемлекеттік органдер мен ҮЕҰ бірлесіп, Елбасының сындарлы саясатын, әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жоғары дәрежеде жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа күреске бірлесіп белсенді қатысып, қоғамда жемқорлық, парақорлыққа деген төзбеушілік ахуал қалыптастырып, бизнес құрылымдардың, жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауда.
Түрлі консультативті-кеңестік органдары негізінде құрылған диалог алаңдары мемлекеттік органдар мен саяси партиялар, жастар ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес қауымдастығы, кәсіподақтар арасындағы конструктивтік диалогты қалыптастырудың әрекетті құралына айналды. Олардың қатарында барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, ақпараттық саясат бойынша қоғамдық кеңестер болуда.
Сонымен қатар 1 жылда 2 рет облыс әкімі жанындағы ҮЕҰ қарым-қатынас жөніндегі Кеңестің отырысы өтеді.
Облыс әкімі жанындағы ҮЕҰ қарым-қатынас жөніндегі Кеңестің 70 пайызы (%) ҮЕҰ өкілдері және аталған Кеңес төрағасының орынбасары «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ кеңесшісі, әрі «Жастар Жетістіктері» ҚҚ директоры Ж. Махамбетова.
Отырыстарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы, үкіметтік емес ұйымдардың этикасы, келесі жылға жоспарланған лот тақырыптары талқыланып отырылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан ҮЕҰ-ға тұрақты түрде жүйелі қолдау көрсетіліп тұрады. Әр түрлі мерекелік шарларға тұрақты шақырылып, ынталандыру мақсатында облыс әкімінің алғыс хаттары, бағалы сыйлықтар, дәстүрлі «Жыл адамы» байқауында номинациялар беріліп тұрады.
Республикамызда тек Маңғыстау облысында облыс әкімінің қолдауымен «ҮЕҰ саласындағы Менеджмент» MBA бағдарламасы бойынша 26 ҮЕҰ-ң жетекшілері мен мамандары тегін магистратуралық білім алуда.
Мемлекет органдары мен қарым-қатынасты нығайтуда, азаматтық қоғамды дамытуда, этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттауда ҮЕҰ-дың конструктивтік үлестері де байқалуда.
Облыста Қазақстандағы инфляциялық таргеттеуге негізделген және ұлттық валютаның айырбас бағамын еркіндікке жіберуді қарастыратын жаңа ақша-несие саясатының енгізілеуіне орай ҮЕҰ өкілдерінен құралған құрылып, «Сall Center» құрылып, ұйымдастырушылық шаралары жүргізілді және «Маңғыстау облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ және Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «100- нақты қадам» Ұлт Жоспарын жергілікті тұрғындарға түсіндіру мақсатында ҮЕҚ құралған ақпараттық топ құрылып, облыстағы барлық қалалар мен аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді және алдағы уақыттада тұрақты жүргізіліп тұрады.
Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыс аясында облыста тұрақты негізде ҮЕҰ-дың көпсалалық ресурстық орталығы, Медиация, Тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсету т.б. қызметтер атқарылуда. Сондай-ақ, конструктивтік ағымда өз қызметтерін облыстық Азаматтық альянс жүргізуде.
Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген қаражат көлемі, әлеуметтік жобалар саны мен қамтылған тұрғындар саны ұлғайып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық принциптері кеңейтілуде. Облыста 2012 жылмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды қаржыландыру 4 ,5 есеге ұлғайды.
Әлеуметтік жобалардың мақсаты – азаматтық пен қазақстандық патриотизмді, этносаралық толеранттылықты қалыптастыру, Мемлекет басшысы Жолдауларын, бағдарламалық құжаттарды насихаттау және түсіндіру болып табылады.
2014-2016 жылғы әлеуметтік жобалардың негізгі бағыттары «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру, еңбек дауларының алдын алу, халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу және патриотизмді орнықтыру, мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттандыру және түсіндіру, азаматтық қоғамды дамыту, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығын, Қазақ Хандығының 550 жылдығын мерекелеуге, азаматтық қоғамды дамыту, мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара іс-қимыл тәжірибесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, гендерлік саясатты іске асыру, тұрғындардың діни сауатын көтеру, құқықтық көмек көрсету, діни қарым-қатынас саласында консультативтік және тәжірибелік көмек көрсету, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы тұрақтылық, жастар саясаты, репродуктивті денсаулық сақтау, әлеуметтік дерттің алдын-алу , жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту және т.б. болды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын ҮЕҰ-мен жасасқан шарттарда және лот сипаттамалырда жүргізілген жұмыстарды БАҚ-та міндетті жариялау енгізілді.
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар МӘТ жүзеге асуы жөнінде тұрғындарды БАҚ-да, пресс конференция, кездесулер, ғаламтор сайттарына шығару, әлеуметтік желілерде жариялау, презентация және т.б. негізде хабардар етеді. «Қазақстан Ақтау» облыстық телеарнасында ҮЕҰ қызметін насихаттау мақсатында «3-ші сектор» бағдарламасы ашылды.
Осыған сәйкес, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының «Маңғыстау облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау» жобасы аясында БАҚ тұрақты контент-анализ жүргізіліп отырылады.
Облыста ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Аймақтағы үкіметтік емес сектор мен азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы жыл сайын жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында ҮЕҰ жұмысын жетілдіру жəне ҮЕҰ жұмысына қатысты ақпараттың тез жетуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы РЕСУРСНПО тобы ашылып жəне аймақтық ҮЕҰ resurs.npo@gamo.kz, mangistauNGO электрондық таратылымдар арқылы əр түрлі байқауларға хабарландырулар жəне мəліметтер жіберіліп отырды. Сонымен қатар облыстық ҮЕҰ қызметі туралы жəне əдістемелік- ақпараттық қолдау көрсету бағытында Азаматтық альянс өз сайтында www.gamo.kz ақпараттарды орналастырып отырды. Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарына 387 таратылым жіберіліп, 415 консультация берілді. Əр түрлі бағытта берілген консультациялар нəтижесінде «Мы люди-мы вместе», «Ақ шуақ», «Жайдарлы» «Түпқараған жастары» ҮЕҰ ашылды, сонымен қатар 15 тен астам ҮЕҰ басқа да гранттық байқауларға қатысып өз жобаларына қаржы тартуға мүмкіндік алды. «Жобаның бюджетін басқару жəне қаржылық есеп дайындау дағдыларын жетілдіру», «Жобаны басқару жəне бағдарламалық есеп дайындау дағдыларын жетілдіру», «Мемлекеттік қызметтерді ҮЕҰ беру механизмдері мен критерийлері», «Азаматтық қоғам институттарымен қарым қатынас» мәселелері бойынша ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік орган мен бизнестің 657 өкілінің білімі жетілдірілді.
Сонымен қатар «Мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттандыру жəне түсіндіру арқылы шешім қабылдау процесіне жұртшылықты белсенді тарту» жобасы 3 жыл қатарынан іске асырылып келеді. Жоба аясында Мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттандыру науханына «Мемлекеттік қолдау: кім үшін, қайда бару керек?» брошюрасы қазақ жəне орыс тілінде дайындалып 600 данасы және «Болашаққа бастар жол» тақырыбында мемлекеттік бағдарламалар туралы 2000 дана анықтамалық кітапша басып шығарылды. Облыс бойынша «Өңірді дамыту сұрақтары бойынша Аймақтық Кеңестің мүшелерінің қатысуымен 85 кездесу ұйымдастырылып, 5700 тұрғынға мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берілді.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2014-2015 жылдары «Облыс кәсіпорындарының әлеуметтік және еңбек дауларын болдырмау және олардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба барысында тегін құқықтық көмек көрсететін «Құқықтық қабылдау» ашылып, 157 адамға құқықтық көмек көрсетілді. Облыс аймағындағы кәсіпорындарда еңбек дауларының алдын алу мақсатында 5570 адамға тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жобаны іске асыру» жобасын іске асырды. Жоба аясында ҚР мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Маңғыстау облыстық Департаментімен ынтымақтық қарым-қатынас құрылып, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша нұсқаулық дайындалып, 100 данасы басып шығарылды жəне семинарға қатысушы мемлекеттік қызметкерлерге таратылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында 5 семинар өткізіліп, оған барлығы 119 қатысушы (ауыл əкімдері, бөлім басшылары, бас мамандар) қатысты, сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі өзекті мəселелер талқыланып ұсыныстар дайындалды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру өңірлік орталығында мемлекеттік қызметкерлерге «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру» жəне «Мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық мінез құлқының зардаптары» тақырыбы бойынша 16 дəріс беріліп, оған 300 ден астам тыңдаушы қамтылды.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитетін қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықсыз болашақ» жастар форумы жəне «Сыбайлас жемқорлық-жастардың көзімен» атты карикатура байқауына 150 ден астам оқу орындарының жастары мен жас мамандар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик түсіріліп, əлеуметтік желілер жəне «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы арқылы көрсетілді.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі» қоғамдық бірлестігі «Әйелдер көшбасшылығы мектебінің қызметін үйлестіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру үшін халықпен жұмыс істеу» әлеуметтік жобасын 2014-2015 жылдары іске асырды. Жоба аясында әр түрлі деңгейде отбасы құндылықтарын насихаттау, кәсіпкер әйелдердің білімділігін арттыру сияқты шаралар ұйымдастырылып, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауында жеңімпаз атанған Құлсариевтер отбасымен мерекелік кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар, әр түрлі салада жетістіккке жетіп жүрген белсенді әйелдердің қатысумен жыл сайын «Гендерлік бал» кеші ұйымдастырылып тұрды және әрі қарай өз жалғасын табатын болады.
Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі жандардың театр көрулеріне жағдай жасап, сурдо-аударма орнату арқылы «Шексіз театр» акциясын өткізді.
Ішкі істер департаментінің әлеуметтік жобасы аясында «Рай» жедел әлеуметтік көмек орталығы» жеке меншік мекемесі «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңының насихаттау мен жүзеге асыру» жобасы бойынша жұмыстарды 2015 жылдан бастап нақты жұмыстар жүргізуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 8 қарашасында Ақтау қаласының 14 шағын ауданында тұрмыста зардап шеккендерге көмек көрсететін 30 адамға арналған «Үміт үйі» орталығы ашылатын болады. Қазіргі уақытта «Рай» жедел әлеуметтік көмек орталығы» жеке меншік мекемесі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға әртүрлі 87 көмек (құқықтық, писихологиялық, материалдық) көрсетілді.
Әскери-патриоттық клубтарының «ҚАЙСАР» Маңғыстау аймақтық одағы» жастар қоғамдық бірлестігі ІІД-нің тапсырысымен «Адамдарды саудаға салуды алдын алу шараларын жүргізу», « Адамдарды саудаға салудан зардап шеккендерді қоғамға қайтару бойынша шараларды өткізу (Реинтеграция бағдарламасы)» жобаларын жүзеге асырды.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде «Бәйшешек» ҚҚ «Жанұяны жоспарлау және әйелдер мен еркектердің репродуктивтік денсаулылығын қорғау бойынша ақпараттық-оқыту шарасын жүргізу жөнінде қызмет көрсетулер» жобасын, «Ұрпақ next» ҚҚ «Ана мен баланың денсаулығын қорғау бойынша алдын алу шараларын жүргізу» жобасын жүзеге асырып, гендерлік саясат стратегиясы жоспарындағы тармақтар бойынша тұрақты табысты жұмыстар жүргізді.
2015 жылы «Рада Актау» ҚҚ 140 мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге өңіріміздің тарихын, көрікті жерлерін көрсету бойынша 7 туристің маршрут жасақтады.
«Жас Дәурен» ЖММ Мұнайлы ауданының 10 жұмыссыз әйеліне қолөнер бұйымдарын жасауды үйретіп, жасалған бұйымдарды жәрмеңке арқылы сатуды ұйымдастырды. Қазіргі уақатта 2 тұрғын өз жеке кәсіптерін жүргізуде.
«Жігер» мүгедектер спорт клубы» ҚҚ Қарақия ауданы, Құрық елді мекенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған замануи спорттық құралдармен жабдықталған спорт залын ашты.
Сонымен қатар, 2015 жылдың табысты жобаларының бірі ретінде «Қоғамдық келісім» ҚБ этно-мәдени бірлестіктердің «Достық шаңырағының астында» жобасы танылды. Жоба аясында 20 ұлттық мәдени бірлестіктермен жұмыстар атқарылып, әр ұлт өкілдерінің қатысуымен ұлттық мерекелер тойланып отырды. Жоба аясында «Достық керуені» акциясы жүзеге асырылды.
Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының МӘТ аясында «Маңғыстау жыраулары» қоғамдық бірлесітігі 2014 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы танымал талант иесі, Мемлекеттік жастар сыйлығының иегеріАйгүл Қосанова «Маңғыстау жыраулары» қоғамдық бірлестігінің тыңдаушылары мен жергілікті 16 жыршыға шеберлік сыныбын (мастер класс) өткізді. «Маңғыстау жыраулары» қоғамдық бірлестігі тыңдаушыларының бірі Б. Тойғұлыев «Сүгір жыраудың 120 жылдығына» арналған жыршылар сайысында бас жүлдені жеңіп алды. «Жыр-жебе» ақындар мектебі қоғамдық қорының оқушысы 2015 жылы Абай Жолмағанбетов Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында өткен «Жаспын деме, сан ғасыр тарихың бар» атты аймақтық жас ақындар айтысына қатысып сөз саптау шеберлігімен, ұтқыр ойлы шешендігімен, ерекшелініп, жоғары дәрежеде өнер көрсетіп Бас жүлдені иеленді. Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай Талдықорған қаласында өткен «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты Халықаралық ақындар айтысында өнерімен көзге түсіп, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталды.
Пайпақов Болатбек «Студент көктемі – 2015» байқауының аясында өткізілген «Жыр арқауы – жаңарған Қазақстан» атты жас ақындар мүшәйрасында жүлделі 3-орынды, Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Абай атындағы мәдени-демалыс кешені ұйымдастырған Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған қалалық жас ақындар мүшәйрасында 1-орынды иемденді.
Алтынбек Сүйінбекұлы Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған ІХ «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалінің Айтыс номинациясы бойынша І орынды қанжығасына байлады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапысырыс аясында айтыстың белгілі жұлдыздары Балғынбек Имашев пен Айбек Қалиевтың Маңғыстауға арнайы келіп, жас айтыскерлерге шеберлік сабағын өткізді. Жоба барысында Айбек Қалиев «Айтыстағы әдіс-тәсіл түрлері», «Айтыстағы қарсыласты зерттеу» және «Айтыстағы білімділік және тәрбие мәселесі» тақырыптары бойынша тәжірибесімен бөлісті. Ал, Балғынбек Имашев «Айтыстағы әзіл-қалжың», «Көрерменді жаулап алу тәсілі» тақырыптары бойынша дәріс жүргізді.
Маңғыстау облысының дін істері басқармасының 2014- 2016 жылғы мемлекттік әлеуметтік тапсырыс бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру қызметтері бойынша келесі лоттар қарастырылды:
«Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғаларға оңалту және бейімдеу жұмыстарын жүргізетін мамандарға (психологтар, теологтар)оқыту семинарларын, тренингтерін өткізілуін ұйымдастыру»
«Діни экстремизмнің алдын алу конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және оқыту қызметтерін ұйымдастыру және көрсету. «Қауырт желі-114» және Маңғыстау облысы ДІБ «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» КММ көмек көрсету.
Деструктивтік діни ағымдардың ықпалына ұшыраған әйелдер мен олардың отбасы мүшелеріне ақпараттық-консультативті, психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсету
Радикалды идеологиядан зардап шеккен тұлғаларға оңалту және бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру»
Соның ішінде «Деструктивтік діни ағымдардың ықпалына ұшыраған әйелдер мен олардың отбасы мүшелеріне ақпараттық-консультативті, психологиялық және әлеуметтік қызмет көрсету». Бүгінгі таңда деструктивті діни ағымдардар зардап шеккен әйелдердің қоғамымызда көбейіп келе жатырғаны белгілі. Оларға әлеуметтік, психологиялық, теологиялық кеңес беру жұмыстары өңірімізде ақсап тұр. Зардап шеккен әйел азаматтардың арасында «неке», «талақ» мәселелері жиі кездеседі. Аталған себептерге орай деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен әйелдердің 4 тобымен жұмыс жасалуда.
1 топ. Терроризм және экстремизм бабы бойынша сотталғандардың отбасы мүшелері (әйелдері, апалары, қыздары, қарындастарымен т.б.) ақпараттық-түсіндіру, оңалту жұмысын жүргізу;
2 топ. Деструктивті діни ағымнан салдарынан оқу орныннан шеттетілген, «неке», «талақ» процесінде зардап шеккен әйелдерге психологиялық, теологиялық, материалдық, әлеуметтік көмек көрсету
3 топ. Шетелге «жихад» жасау мақсатында кеткен азаматтардың отбасы мүшелеріне (қыз балаларына, туыстарына) ақпараттық-түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
4 топ. Шетелде теологиялық оқу орнында оқып жатырған қыз балаларға теологиялық, психологиялық көмек көрсету;
Маңғыстау облысында 2016 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыста ауылдық ҮЕҰ дамыту, ресурстық орталықтардың жұмысын жүргізу барысында 25 әлеуметтік жобаға қаражат бөлініп қазіргі кезде жұмыстар жүргізілуде.
Соның ішінде, «Бейнеу ауданының ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру», ,«Маңғыстау ауданының ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру», «Түпқараған ауданының ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру», «Мұнайлы ауданының ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру», «Жаңаөзен қаласының ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру», «Аймақтағы үкіметтік емес сектор мен азаматтық бастамаларды дамыту», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық мониторингті жүзеге асыру қағидалары мен тетіктерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар жүргізу» әлеуметтік жобалары аясында келесідей жұмыстар жүргізілуде:
- Ауданның өзекті мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсынымдар дайындау (тоқсан сайынғы негізде)
- Халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізу, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың мәселелерін шешу мақсатында қажетті шаралар қабылдау туралы ауданның жауапты мемлекеттік органдарын ақпараттандыру;
- Тапсырыс берушімен келісу арқылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы шеңберінде қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы, Қазақстанның жетістіктерін таныстыру, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша тұрғындар арасында ақпаратттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Аудан тұрғындарына, сонымен қатар ауданның үкіметтік емес ұйымдарына консультативтік қызметтер көрсету;
- Жергілікті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді және құрылымдық өзара іс-қимыл орнату, сондай-ақ, олардың ұйымдастырған іс-шараларына қатысу;
«Хазірет» ЖҚҚ «Түпқараған ауданының ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасының аясында компания, мемлекеттік органдар денсаулық сақтау, білім, қызметкерлері,ҮЕҰ және жастардың қатысуымен «Каспий достық теңізі» туристік слеті өткізілді.
Сонымен қатар «Хазірет» ЖҚҚ Түпқараған ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп жанындағы лагер ұйымдастырды және 7 жұмыссыз тұрғынға жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып тегін ғимарат беру арқылы шаштараз, тігінші, нан пісіруші болып жұмыс жасауына жағдай жасады.
Қазіргі уақытта бекітілген жоспарларға сәйкес, жергілікті тұрғындармен 74 кездесу, 34 мерекелік іс-шара, ҮЕҰ үшін 13 семинар-тренинг ұйымдастырылды. Жалпа қатысқан адамадар саны 8200 адамды құрады.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысында қазіргі кезде «Жақсылық жаса Маңғыстау жастары» эстафетасы және «Қайырымдылық керуені» жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тарапынан ҰОС ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүжәлісіз отбасыларғы тұрақты түрде көмек көрсетіліп тұрады.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық мониторингті жүзеге асыру қағидалары мен тетіктерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар жүргізу» жобасы аясында ауыл әкімдері үшін қазан айының 25-і күні ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы Б. Қалабаевтың қатысуымен «ҮЕҰ аймақтық даму мен жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуы» семинары болып өтті.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша «Отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру» жобасы жарияланып, «Шаңырақ» ҚҚ ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының қарсаңында шаңырақ көтергендеріне 25 жыл болған отбасылар мен жас отбасылардың арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу бойынша «Үлкен ел- Үлкен отбасы» іс-шарасын ұйымдастырды.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекенттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Ауыл және жұмысшы жастарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында, 4 семинар өткізіліп, қазіргі уақытта облыстағы 20 селода жастармен кездесулер өтуде. Аталған жоба барысында жұмысшы және ауыл жастарының облыстық слеті өтеді.
«Луара» ҚҚ «Өңірдегі дарынды жастарды қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында 100 адамның қатысуымен облыстық делфий ойындарын өткізіліп, жеңімпаздарға республикаға жолдама берілді.
Сонмен қатар, «Отбасы күніне» орай түзету орындарында жазасын өтеушілердің отбасыларының қатысуымен байқау өткізілді.
Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі балдарды қолдау көрсеу мақсатында 50 адамның қатысуымен қайырымдылық шарасы өтті. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Жас тұлпар» жастар премиясы жоспарланды.
«Жас Ұлан» ҚҚ отбасы күніне байланысты «Жастар арасында рухани және отбасылық құндылықтарды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында жаңадан отау құрған жас отбасыларды құттықтау акциясы өтіп, естелік сыйлықтары табысталды. Жоба аясында 4 семинар, өткізілді.
«Эко Маңғыстау» ҮЕМ жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу бойынша 12 оқу орнында лекция өткізіп, жастардың мамандық таңдауына бағыт көрсету мақсатында 8 жұмыс орындарында кездесулер өткізді. 2016 жылыдң 5 қазан күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылы қарсаңында 1 сәуір балаларды қорғау күнінде «Біз адамбыз-біз біргеміз» ҚҚ, мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүжәлісіз отбасылардың балаларына мерекелік кеш өткізді. Ағымдағы жылдың 18 маусымында «Біз адамбыз-біз біргеміз» ҚҚ қайырымдылық кеш ұйымдастырып, жиналған қаражат 4 мүмкіндігі шектеулі балалардың шет елде емделуіне жұмсалды.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен ет сату орнында тоңазытқыш орналастырылып, жағдайы төмен отбасыларға тегін ет таратылатын болды.
«Атадан мирас» ҚҚ мен еріктілер тарапынан 250 жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік пакет таратып, баларға оқуға құрал-саймандарын сыйлады.
Аталған шаралардың жетістіктерін бағалау мақсатында ішкі саясат басқармасының «Аймақтағы үкіметтік емес сектор мен азаматтық бастамаларды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында қараша айының 1-і күні Ақтау қаласы, 14 ш/а., «Хан Шахар» салтанат сарайында үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктерінің салалық көрмелері, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік идеялары мен жобаларының жәрмеңкелері ұйымдастырылған « Ел тәуелсіздігіне 25 жыл: Болашағымыз-Бірлікте!» тақырыбындағы Маңғыстау облыстық Азаматтық форумы өтті.
Форум аясында 18 ҮЕҰ, бизнес әріптестерге облыс әкімі алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлық табыстады.
Достарыңызбен бөлісу: |