Информационное письмо



жүктеу 11,34 Mb.
бет61/137
Дата04.01.2022
өлшемі11,34 Mb.
#36222
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   137
МОӘ СИЛЛАБУС М3 курс

Сағат саны: 1

Мақсаты: Математиканы оқытуда модельді пайдалану

Дәрістің мазмұны:

  1. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

  2. Оқушылардың математикалық сөздігін дамыту.

  3. Математиканы оқытуда модельді пайдалану.

  4. Математикаға деген қызығушылығын жетелеу.

Адамзат баласы өзі әр түрлі қиыр жолдармен келіп жеткен ХХІ ғасырды атом энергетикасы ғасыры, жаһандану ғасыры, математикаландыру  ғасыры (және тағы басқа) деген сияқты әр түрлі атауда. Белгілі бір көзқараспен қарағанда мұның ешқайсысын да «олай емес», - деуге болмайды. Бірақ қазіргі ғасыр – ақпараттар тасқыны ғасыры екендігіне де күмән жоқ: сарапшылар барлық кездерде жазылған кітаптарға қарағанда, ақпараттардың 2006 жылы жаһандық ауқымда 3 миллион есе көп шығарылғанын есептеген. Болжам бойынша 2010 жылы ақпараттың бұл көлемі тағы да алты есе ұлғаймақ.

Бұл жағдайға байланысты қазір әлемнің көптеген дамыған  елдеріндегідей біздің елімізде ауқымды  шаралар қолға алынуда. Соның бірі ғана емес бірегейі, ол – бұл күнде ХХ ғасырдың еншісінде қалып бара жатқан белгілі бір уақыт кезеңінде ғана білім алу жағдайынан – бүкіл өмір бойы білім алу жағдайына көшу, яғни адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен  дағдыларды игерулеріне жағдай туғызу.

Сондықтан да қазіргі  таңда білім беру жүйелерінің  алдында тұрған негізгі міндет адамның  бүкіл өмір бойы тұрақты түрде  жаңа білімдерді ала алуларына және соған сәйкес оларды қолдана алу  іскерліктерін игерулеріне, яғни шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына негіз қалау болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асыру орта білім беру жүйесінде оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді тек репродуктивтік қана емес ізденіс жүргізу және зерттеушілік қызметтерін дамыту арқылы игерту мәселелерінің практикада нақты шешімін табумен тығыз байланысты. Зерттеушілік қызмет оқушыларды жаңа білімді игеруге ғана бағыттап қоймай, жаңа ақыл-ой қызметінің қалыптасуына көмектеседі. Ал, бұл оқушылардың арнайы шығармашылық қабілетінің ғана емес, жалпы алғанда теориялық ой-пікірлерінің дамуына да зор ықпал етеді.

Мектептерде математика пәнін оқытудың алдында жалпы  мақсаттармен қатар осы  ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр. Олардың бірі –  математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл оқушылардың математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі дамуына себеп болады.

Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады: ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.

Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған  ойлаусыз жүзеге аспайды, сондықтан  ол қазіргі уақытта мектептегі оқытудың негізгі мақсаттарының бірі болып  табылады.

Балалардың қарапайым  есептеуді үйренуі жайлы алғашқы  ақпараттар Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі.  Мектептегі математикалық білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен септігін тигізді, мұнда б.э.д. 5 ғасырда сауданың және теңізде жүзудің дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия оқытылды.

Уақыт өте келе білім  берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне байланысты бұл оқу  пәнінің мазмұны өзгеруде.

Сонымен қатар, ғылымның үздіксіз дамуы, оның жаңа бөлімдері мен бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап етеді: тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар педогогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.

Математиканың оқу курсы  үнемі математика – дамушы ғылым  мен математика – оқу пәні арасындағы келіспеушіліктерді жеңіп отыруы тиіс. Ғылымның дамуы математикалық білім  берудің мазмұнының үздіксіз жаңаруын, оқу пәнінің ғылыммен ұштастырылуын, мазмұнының қоғамдағы әлеуметтік қажеттіліктерге сай болуын талап етеді. Математиканы оқытудың әдістемесі – бұл математиканы оқытудағы тапсырмалар, мазмұн және әдістер жайлы педогогикалық ғылым. Ол пәннің нәтижелігі мен құндылығын арттыру мақсақсатында математикалық білім беру процесін оқытады және зерттейді. Математиканы оқытудың әдістемесі математиканы қалай беру керек жайлы сұрақты қарастырады.

Математитканы оқыту  әдістемесінің мақсаты мектептегі математиканы оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланысты зерттеу болып табылады. Мұның негізгі компоненттері деп математиканы оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, формалары мен құралдарын түсіну керек.

Математитканы оқыту  әдістемесінің пәні өзінің қиындығымен ерекшеленеді. Математитканы оқыту әдістемесінің пәні математикалық білім беру болып табылады. Ол математиканы игерудегі мақсаттар мен мазмұннан, әдістерден, құралдардан және формалардан тұрады.

Математиканы оқыту  әдістемесі қазіргі кезде үлкен қиыншылықтарды бастан өткізуде. Бұл ең алдымен мектеп қабырғасындағы математика мен математикалық ғылымды бір-бірімен біріктіру қиынға түскендіктен, сонымен қатар ол  философия, математика, логика, психология, биология, кибернетика және өнермен байланыста болатын педогогиканың шекарасы болғандықтан.

Математиканы оқыту  әдістемесінің негізгі қызметтері:



  • Сынып бойынша, сабақ тақырыбы бойынша математиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;

  • Оқу құралының мазмұны мақсаттарға және оқушылардың танымдық қабілеттеріне сәйкес келуін қадағалау;

  • Қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған сабақ берудегі жаңа ұтымды әдістер мен ұйымдастырушылық формаларды құру;

  • Оқытуға қажетті құралдарды қарастыру және мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде оларды қолдануға арналған көрсеткіштер шығару.

Математиканы оқыту  әдістемесінің көмегімен келесі үш сұраққа жауап алуға болады: Математиканы не үшін оқу керек? Нені оқу керек? Математиканы қалай оқыту  керек? 

Бағдарламада қарастырылған  мектептегі математиканың мазмұны  ондағы болып жатқан өзгерістерге қарамастан ұзақ уақыт бойы өзінің негізгі мағынасын жоғалтқан жоқ. Бағдарламаның негізгі мазмұнының мұндай тұрақтылығы мынамен түсіндіріледі: математика өзінің дамуында көптеген жаңалықтарды аша отырып, оның алдында жиналған білімдерді де ескірген және керексіз деп тастамай, сақтап отырады. Бұл бөлімдерге кіргендердің  әрбіреуінде орта мектепте оқытылатын пән ретінде өздерінің даму тарихы бар. Оларды оқыту жайлы сұрақтар арнайы математикадан сабақ беру әдістемесінде көрсетілген.

Оқыту әдісі – дидактикалық құралдар мен тәсілдердің кешені, олардың көмегімен оқыту мен тәрбие берудің мақсаттары жүзеге асады. Оқыту әдісі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған әрекеттерінің байланысқан түрі. Оқыту әдісі деп мұғалім мен оқушылардың белгілі бір дидактикалық мақсатты жүзеге асыруға арналған кезектесіп отыратын әрекет ету тәсілдерін айтады.

Сабақ беру әдісі –  оқушылардың танымдық қабілеттерін басқаруға және бақылауға арналған құралдар мен тәсілдер, ақпарат алмасу жолдары. 

Оқу әдісі – оқу материалын қабылдаудың жолдары, құралдары мен тәсілдер, оқу мен өзін-өзі бақылаудың репродуктивті және продуктивті әдістері.

Математикалық зерттеудің басты әдістеріне жатады: бақылау  және тәжірибе, анализ және синтез, салыстыру, жалпылау және специализация, абстрактілеу және конкретизация.

Математиканы оқытуда  қолданылатын қазіргі замандағы  әдістер: проблемалы (перспективті) әдіс; зертханалық әдіс; бағдарламаланған оқыту әдісі; эвристикалық әдіс; математикалық  модельдерді құру әдісі; аксиоматикалық әдіс және т.б.

Оқытудың ақпараттық дамушы әдістері екі класқа жіктеледі:



  1. Ақпаратты дайын түрінде беру (дәріс, түсіндіру, оқуға арналған кинофильмдер мен видеофильмдерді демонстрациялау және т.б.);

  2. білімді өз бетінше табу (оқулықпен өз бетінше жұмыс, оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмыс, берілгендердің ақпараттық базасымен жұмыс – ақпараттық технологияларды қолдану).

Проблемалық-іздеуші  әдістерге мыналар жатады: Оқу  материалын проблемалы талқылау (эвристикалық әңгімелесу), оқу дискуссиясы, зертханалық  іздеуші жұмыс, кіші топтармен жұмыс істеген кезде ұжымдық ойлау қабілеттерін (ҰОҚ) ұйымдастыру, зерттеуші жұмыс, ұйымдастырушылық-әрекет етуші  ойын.

Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау, мысал  бойынша жаттығуларды орындау, инструкция бойынша зертханалық жұмыс.

Мәдени-репродуктивті  әдістер: шығарма, вариациялық жаттығулар, өндірістік жағдайларды анализдеу, әртүрлі ойындарды ұйымдастыру  және мамандандырылған әрекеттерді  имитациялаудың басқа түрлері.

Мұғалім мен оқушылардың  әрекеттерінің тәсілдері оқыту әдістерінің құраушы бөлігі болып табылады (М.И.Махмутов). Тәсілдер – белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған әрекеттер, қызмет ету түрлері. Оқу жұмысының тәсілдері ойлау әрекетінің тәсілдеріне тәуелді (анализ және синтез, салыстыру және жалпылау, дәлелдеу, абстрактілеу,  конкретизация, қорытынды шығару, көз алдына елестету және еске сақтау тәсілдері).

Оқытудың арнайы әдістері – математиканың өзінде қолданылатын оқуға адаптацияланған танымның негізгі әдістері,нақтыны оқуда  математикаға тән  әдістер (математикалық модельдерді құру, осындай модельдерді құруда қолданылатын абстрагтілеу тәсілдері, аксиоматикалық әдіс).

Мұның нәтижесінде математика курсына бірнеше әдістемелік  көрсеткіштерді ұсынуға болады:

Математиканы оқытуды  жақсарту мақсатында стандартты емес есептерді пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн.

Сабақта үнемі оқушылардың  өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері  мен танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына көмектесетін тапсырмаларды пайдалану  керек.

Арнайы таңдап алынған  жаттығулардың көмегімен оқушыларды берілген тапсырмаларды орындауға үйрету, оларды бақылауға үйрету, аналогияны, индукцияны, салыстыруды қолдану және қорытынды шығару.

Сабақ кезінде жылдам ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық  ребустарды, софизмдерді, күлкілі есептерді пайдаланған дұрыс.

Оқушылардың индивидуалді қасиеттерін есте ұстау, әртүрлі  типті тапсырмаларды қолданып олардың  әрбіреуіндегі танымдық әрекеттерді  дифференциялау.

Оқыту процесі кезінде  мұғалімнің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қоздыруы, жақсартуы және дамытуы оның өз пәнінің мазмұнын бай, терең, қызықты етіп және оқушылардың танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әртүрлі, шығармашылық, продуктивті етіп жасай білуінде.

Әр түрлі салалардағы  кең көлемді жүргізілген зерттеулерге қарамастан «зерттеу әрекеті» ұғымының ортақ қабылданған анықтамасы жоқ. Зерттеу әрекетінің, мысалы, мәліметтер іздестіруге бағытталған әрекет ретіндегі когнитивті анықтамасы бар. Зерттеу әрекетін қарастырудың негізін қалаушылардың бірі Д. Берлайннің физиологиялық бағыттылық тұрғысынан берген анықтамасында ол – беймәлімділіктің туындауынан ынтаны бәсеңдетпеуге бағытталған әрекет. Ал, А.Н. Поддьяков зерттеу әрекетін сырттай қоршаған ортадан жаңа мәліметтер іздестіру мен оларды табуға бағытталған әрекет ретінде анықтады.

А.С. Обухов байқағандай бастапқыда зерттеу әрекетінің уәжі қызығушылық немесе И.П. Павловтың айтуы бойынша, «бұл не?», - деген сұраққа туындайтын рефлекс. Адамға да жануарларға да зерттеу белсенділігі, зерттеу әрекеті, риясыз қызығушылық тән. Зерттеу қызметі зерттеу белсенділігіне және зерттеу әрекетіне негізделеді, бірақ олардан айырмашылығы – мәдени құралдармен ұғынықты, бағытты жүйеленуінде.

Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру  қабілетімен түсіндіріледі.

Оқыту үрдісінде оқушыларға зерттеу іс-әрекетін игертуді –  баланың қоршаған ортасын өз бетінше  танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі  тәсілі деп қарауға болады. Оқушыларды зерттеушілік әрекетке баулудың негізгі  мақсаты – оқушының, адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын, өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол – белгісізді іздеу, яғни жаңа білімді іздеу үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

Жалпы, аталған мәселеге байланысты, оны өзінің зерттеу объектісі  немесе зерттеуінің «өзегі» етіп алмағанымен де, оқушыларда зерттеушілік біліктілік қалыптастыру жайлы белгілі  бір деңгейде тұжырымдар айтқан, ой-пікір білдірген ғалым-әдіскерлер А.Е. Әбілқасымова, Ә.І. Сембаев, Қ.Б. Жарықбаев, Ю.К.Бабанский, И.Я. Лернер, Ж.И. Икрамов, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин,

Г.И. Щукина, В.И. Гусев, В.А. Далингер және т.б. Олардың дидактикалық зерттеулерінде оқушылардың танымдық қызмет субъектісі ретінде қалыптасу үрдісі қарастырылды. Сол сияқты, аталған мәселе, педагогика-психологиялық тұрғыдан алғанда, диссертациялық зерттеу жұмыстарында әр түрлі тұрғыда зерделенген: зерттеушілік қызмет тұрғысынан – М.З. Каплан, М.В. Таранова, Н.А. Меньшикова, Л.В. Шоркина, М.Ө. Мұсабеков, Н.Ғ. Дауымов; танымдық ізденімпаздық тұрғысынан – Р.С. Омарова; математика пәнін оқыту барысында оқушыларды зерттеу іс-әрекетіне баулу қажеттілігі тұрғысынан А.Е.Әбілқасымова, М. Есмұхан, И.Б. Бекбоев, Ә.К. Қағазбаева, А.М. Мүбәраков, Л.Т. Искакова, Е.Ж. Смағұлов, Д. Рахымбек.

Сондай-ақ аталған мәселелерді  зерттеуге арналған А.Г. Сон, М.М. Хасенов, А.С. Акрамова, С.М. Мажиденова, С.Т. Мухамбетжанова, Ж.А. Умбетова,

М.Ө. Мұқашева және т.б. ғалымдар еңбектері.

Бұл зерттеулерде жалпы  білім беретін мектепте математика пәнін оқыту барысында оқушыларды зерттеу қызметіне үйрету мәселесін, жекелеген сыныптар бойынша емес, жалпы тұрғыдан пайымдайды. Ал, бұл  мәселе бойынша сыныптар немесе математиканың  жеке саласы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары онша көп емес (мысалы, Р.И. Кадырбаева, Б.Д. Дыбыспаев,

Т.А. Каражигитова). Оларда оқушылардың оқу-зерттеу қызметін «Алгебра» пәнін оқыту барысында  дамыту мәселесі зерделенбеген.

Теориялық және практикалық тұрғыдан талдау жасау, қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі – оқушыларда зерттеушілік біліктілік қалыптастыру және дамыту қажеттілігі мен оның жалпы білім беретін негізгі мектеп алгебрасын (әсіресе 7-9 сыныптардың) оқыту барысында іске асыру жағдайы арасында қарама-қайшылық өз шешімін әлі таппай отырғанын көрсетті. Осы қарама-қайшылықты шешу біздің зерттеуіміздің негізгі проблемасы ретінде алынып, зерттеу тақырыбын «Негізгі мектеп алгебрасын оқыту барысында деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың зерттеушілік қызметін дамыту әдістемесі», - деп тұжырымдауға негіз болды.

Қазіргі таңда білім  беру үрдісінде оқушыларға білімді  жаттанды түрде игерту емес, шығармашылық түрде меңгерту негізгі көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Яғни, жаңа дәуірдің мұғалімдерінен оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, оқушылардың өз бетімен білім ала алуын дамыту арқылы олардың білімдерінің сапасын арттыру, деңгейін көтеру талап етіледі. Ал, бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы оқушыларды оқу-зерттеу ісіне баулу арқылы оларға білімді зерттеушілік іс-әрекет деңгейінде игерту болып табылады.

Оқушылардың оқу-танымдық, шығармашылық әрекеттерін, яғни олардың  өздігінен білім алудағы танымдық белсенділіктерін дамыту олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырумен, өздігінен білім алуға деген дағдыларын қалыптастырумен, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеумен байланысты.

Соңғы кезде білім алушылардың  танымдық ізденімпаздық  қабілеттерін арттыруға  көп көңіл бөлініп  отыр (Л.В. Занков, А.Е. Әбілқасымова, Н.А.Половикова, Т.И. Шамова, П.И. Пидкасистый және т.б.).

Ізденімпаздықтың қалыптасуының  жоғары деңгейіне – оқушылардың  танымдық есептерді анықтай және тани білуі, яғни ойша математикалық  моделін құра алуы; іс-әрекет етуге  тез бейімделуі; іс-әрекетін жоғары дәрежеде ұйымдастыра алуы мен өзгелердің көмегін, нұсқауын қажетсінбеуі жатқызылады.

Оқушылар тұлғасының психологиялық моделін жасаудағы  зерттеу жұмыстарына талдау жасау, зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра  алатын оқушы дайындауда келесідей  психологиялық-педагогикалық талаптарды ескеру қажеттігін көрсетті:

1.Оқушы зерттеу ісрекетін  жүзеге асыра алуы үшін оның  оқу дайындығының жоғары деңгейде болуы; зерттеушілік және практикалық даярлығының ұштастырылуы;өз білімін  үнемі жетілдіріп отыруына, зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру ұстанымын практикада қолдана білуге ынталы болуы қажет.

2.Оқушыларда келесідей қасиеттер қалыптастырылуы тиіс: байқағыштық; жоғары дәрежедегі  танымдық белсенділік, ізденімпаздық,  зерттеушілік қызметке қызығушылық;  сыншылдық; шығармашылық-ізденуде бағыттылық, жаңашылдық, адамгершілік, сезгіштік, мақсаткерлік, шешімпаздық.

3.«Зерттеуші оқушы» зерттеу логикасын, әдістерді меңгеруі; ұстанымдарды жүйелей  және жалпылай алуы; ғылыми ақпараттарды  қолдана білуі тиіс. Сонымен қатар  ол:

а) игерген білімі мен біліктерін оқу, зерттеу міндеттерін шешуге қолдана алуы; өзінің және замандастарының тәжірибелерін талдай, жалпылай алуы; ғылымның теориялық ақпаратының элементтерін, формалары мен негізгі танымдық әрекеттерді (суреттеу, түсіндіру, қайта өңдеу) білуі; өз бетімен зерттеу мәселесін табуды, әдістерін меңгеруі; тиімді ізденіс тәсілдерін таңдауды, сақтауды және ақпаратты қолдануды білуі; қосымша әдебиеттерді қолдана алуы, кітапхана қорымен жұмыс істей білуі қажет;

б) ғылыми ізденісте өзінің әрекетін жалпы эвристикалық ізденіс ережелерімен сәйкес құра отырып, келесідей мәселелерді жүзеге асыра алуы керек: талдау жасауды (диагноз қоя білуді); бастапқы мәліметтерді нәтижемен салыстыра отырып жобалай, болжай алуды; білімді игеру үрдісін жүзеге асыра алуды; алынған мәліметтерді бағалай білуді; жаңа міндеттерді қоя алуды.

Сонымен, оқушының белсенділігін, ізденімпаздығын және шығармашылық қабілеттерін бағытты дамыту олардың  зерттеушілік қызметін дамытумен тығыз  байланысты.

Жаратылыстану математика сабағында оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыруда проблемалық ахуал туғызу басты мәселе болып табылады.

Проблемалық ахуал туғызудың  дидактикалық негіздерін келесідей  ережелер құрайды: проблемалық сұрақтарды сыныптағы оқушылардың көпшілігінің білмеуі; проблемалық сұрақтарды шешуге оқушылардың ой-саналарында қалыптасқан білім қорын пайдалану; ол жетіспеген жағдайда жаңа теориялық мәліметтерді (ұғымдарды) іздестіру. Проблемалық сұрақтарды шешуге қажетті ахуалдар оқу материалдарындағы теориялық мәселелер мен өмір тәжірибесі (теория мен практика) арасында қайшылықтар болған жағдайда туындайды. Нақтылап айтқанда, проблемалық ахуалдар келесідей жағдайларда туындайды:

а) теориялық негіздеуді керек ететін практикалық есептерді  шешу кезінде; 

ә) есепті шешудің әдісін іздеу кезінде; б) эксперимент жасау кезінде; в) көрнекі құралдарды пайдалануда; г) ғылыми таным әдістерін пайдалану кезінде (ұқсастық, жалпылау және т.б.); ғ) тарихи шолу жасауда; д) лабораториялық және өлшеу жұмыстарын жүргізуде; е) қызықты сюжеттерді пайдалануда; ж) берілген тақырып бойынша есептер құрастыру кезінде.

Мұғалім оқушыларға проблеманы зерттеулер жүргізу негізінде өз бетінше шешулері үшін оларға теориялық  және практикалық тапсырмалар береді. Оқушылар бұрын ғылымда шешімін  тапқан, бірақ оларға таныс емес проблемаларды шешу жолдарын іздестіреді. Бұл жағдайға оқушылардың танымдық іс-әрекеті ғылыми шындықты ашатын ғалымдардың зерттеу іс-әрекеттеріне жақындайды, яғни оқушылардың зерттеу қызметі ғалымдардың ғылыми қызметтері сияқты келесідей кезеңдерге бөлінеді: бақылау, фактілерді жинау және оларды талдау, жазып жинақтау және т.б. Қандай да бір проблеманы шешу үшін оқушыда зерттеушілік білік болуы керек, ал оны қалыптастыру теориялық-практикалық тұрғыдан негізделген арнайы әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асырылатыны сөзсіз.

Сондықтан да, оқушылардың шығармашылық және ізденушілік–зерттеушілік қызметтерін  ұйымдастыру оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақтың ең басты  мақсаты болуы керек. Жаратылыстану  математиканы дәстүрлі оқытуда мұғалімнің оқушыларға ақпаратты дайын күйінде беруі әбден қалыптасқан жүйе. Бірақ бұл жолмен оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкін емес. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың басты құралдарының бірі – арнайы дайындалған тапсырмалар (есептер) топтамалары мен жүйелері болып табылады. Себебі есеп – бұл оқу мен өмірдің, теория мен практиканың байланысын көрсететін, оқушыға оқудың маңызын, қажеттігін түсіндіретін және де ең маңыздысы, оның ойлау қабілетін дамытатын құрал.

Американдық педагог-математик Дж. Пойаның айтуынша математиканы білу деген – есептерді шығара білу, яғни стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару. Ол өзінің «Математические открытия», - деген еңбегінде оқыту үрдісінде оқушыларды өзіндік зерттеуге үйрететін есептерге тән үш сәтті салыстырмалы түрде атап көрсетті:

1.Әдетте оқушы есепті  мұғалімнен немесе оқулықтан  дайын түрде алады әрі мұғалім  есептің қаншалықты оқушыларды  қызықтыратынына мән бермейді. Ал,  зерттеуге баулу мәселесін шешуге байланысты есептерді қарастыруда, математик үшін есептерді таңдап алу аса маңызды болғандықтан (ол өзін қызықтыратын және еңбегіне тұратын, сонымен қатар, оны шығара алатындай есепті табуы немесе ойлап табуы қажет), мұғалім есептерді қоюда, есептерді құруда оқушыларды да оған қатыстыратындай әрекет жасайды.

2.Мектеп оқулықтары  мен есептер жинағының көпшілігіндегі  есептердің бір-бірімен байланысы  аз: олар көбінесе қандай да  бір нақты ережені сипаттау үшін қолданылады және оны қолдану тәжірибесін игеруге ғана мүмкіндік береді. Ал, ондай есептерге қарағанда терең мағыналы есептер олардан жаңа қызықты есептер пайда болатын сұрақтарды туындатады, бұл үрдіс өз жалғасын алдында қойылған есептің тармағы кеңірек мәселелерді қамтығанша жалғасады.

3.Мектеп тәжірибесінде  «ойлап табу» мәселесіне көп  мән берілмейді, ал кез келген  зерттеуде «алдымен ойлап тап,  содан соң дәлелде», - деген талапты  ереже деуге болады. Зерттеу қызметіне  баулитын есептерде маңызды рөлді бақылаулар, болжаулар, индуктивтік ой-қорытулар және т.б. сол сияқты шынайылық бар пікірлер атқарады.

Біз, бірінші пікірдің де (есептерді құруға қатысудың) маңыздылығын жоққа шығармай, екінші және үшінші пікірлердің сабақтастығын зерттеушілік қызметті дамытуға бағытталған есептердің кең мағынадағы сипаттамасы ретінде қарастыруға болады деп есептеймін.

.

1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау