3-апта
№5 дәрістің тақырыбы: Математикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.
Сағат саны: 1
Мақсаты: Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формаларымен таныстыру. Жоспар:
1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.
2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.
4. Математика мұғалімінің негізгі құжаттары.
Математиканы оқыту формасы деп – оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін түсінеміз олар ең әуелі сынып-сабақ, сынып-топ лабораториялық және практикалық сияқты жалпы формалар, басқа формалар ішінен оқытудың проблемалық формасын, оқытудың дифференциалданған формасын, техникалық құрал-жабдықты кеңінен қолдану жағдайларында өтетін оқу формасын бөліп айтуға болады. Оқытудың көрнекі және техникалық құралдары. Математикалық білімді жедел қабылдату мен меңгерту әр алуан көрнекі және техникалық құралдарды тиімді пайдалану арқылы іске асырылады. Көрнекі құралдар оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктері мен консруктивтік қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мәселе, өзара тең екі үшбұрыштан параллелограмм есебін шығаруда сызбаға қарағанда үшбұрыш модельдерінің берері мол. Сонымен бірге көрнекі құралдар оқушылардың кейбір практикалық іскерліктерін шыңдауға ықпал етеді. Егер оқушы қолына эклиметрді (бұрышты өлшегіш) ұстап көрмесе оның вертикаль жазықтықтағы бұрышты өлшеу жөніндегі түсінігі қажетті дәрежеге көтерілмейді. Алайда, көрнекі құралдарды орынсыз пайдалану оқушылардың абстрактілі ойлауын тежеуі мүмкін. Соның нәтижесінде сызба сызғанда, есеп шығарғанда қажет болатын кеңістік жайлы түсініктер тиісті деңгейде дамымай қалуы мүмкін. Сондықтан төменгі класта көрнекілікті басымырақ пайдаланып класс жоғарылаған сайын көрнекілікті азайта түсіп, абстрактілі ойлауға сызбаларды елестетуге машықтандырған жөн.
Математиканы оқыту барысында модельдер мен макеттер, таблицалар диопозитивтер, слайдтар, кодаграммалар және проекциялауға арналған дидактикалық материалдар, диафильмдер, кинофильмдер және кинофрагменттер сияқты көрнекі құралдарды пайдалануға болады.
Мектепте дәстүрлі көрнекі құралдардың бірі таблицалар олар өздерінің дидактикалық функциясы жағынан 1) анықтама таблицалар; 2) жұмыс таблицалар болып бөлінеді.
Анықтама таблицалар оқушылар жұмыс үстінде еске түсіруге тиісті материалдарды класс жұмысы кезінде қажет болатын мағлұматтарды қамтуы мүмкін. Мұндағы маңызды мәселе оқушыларды анықтама таблицалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Соңғы кезде мектеп практикасында диафильмдер, диапозитивтер, кинофильмдер сияқты оқытудың экрандық құрамы берік орын алуда. Бұл құралдарды математика сабақтарында пайдалану, сабақтың пәрменділігін арттыруға уақыт үнемдеуге білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік туғызып отырған тәжірибе көрсетіп отыр. Диафильмдер мен диапозитивтерді, таблица мен кинофильмдерді арасындағы аралық буын деп есептеуге болады. Таблицаға тән қасиеттерді сақтай отырып диафильммен диапозитивтер теорияның даму желісін ұғымдардың өрістеу бағдарламасын және фигура элементтерінің өзара қатынастарын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Диафильмдердің кадрлары жаңа материалды түсіндіргенде, қайталағанда білімді программалар тексергенде сыныпта және үйде оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыруда пайдаланылады, сол сияқты сұрақ-жауапты, проблемалық ахуалдарды ұтымды ұйымдастыруға, оқушылардың зейінін аударуға, диафильмде оқу материалын экранға лезде түсіруге күллі сыныптың оқу материалы мен кадрлар бірдей жұмыс істеуіне кадрларды экранда тоқтатып қойып, жан-жақты таблицалауға мүмкіндік туғызады. Диафильмдер мен диапозитивтерді ұтымды қолданудың маңызды шарты – оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.Сондықтан оларды көрсетуді ойын-сауыққа айналдырмай бір сабақта көрсететін кадрлардың саны 10-15-тен аспауы керек, ұзақтығы 20 минут болуы қажет.
Математиканы оқыту барысында оқу киносы және телехабарлар кеңінен пайдаланылады. Оларды пайдалану әдістемесі барынша әр алуан. Әрбір оқу жылының басында диамографиялық әдебиеттің көмегі мен оқу киносының қорымен танысып, уақытысында сұраныс беріп оқу процесіне ұдайы енгізіп отыру, әр киноның мазмұнын жақсы білетін мұғалім оларды тиімді пайдалана алады. Математика сабақтарында оқу киносы мен телехабарлар мұғалімнің араласуынсыз материалдың бір бөлігін түсіндіреді. Оқу материалына қосымша мағлұматтар береді, экскурсияны алмастырады, тақырыпты қорытынды қайталауға көмектеседі. Соңғы жылдары «геометрия тарихы», «функциялар мен графиктер», «функцияларды зерттеу», «шек және үзіліссіздік», «интегралдың стереометрияда қолданылуы» деген фильмдер оқу ісіне енгізіліп жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |