Информационное письмо


Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару



жүктеу 1,13 Mb.
бет27/106
Дата21.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33979
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   106
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.

Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару.  Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.

Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.

Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады.

Ұйқы артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды жарақаттанған адамның мойнына қойыңыз. Саусақтарыңызды кеңірдек пен мойын бұлшық етінің ортасына қойып, тамыр соғысын байқау үшін аздап батырыңқыраңыз.

Қолдан немесе аяқтан қан ағатын (капилярлық немесе тамырлық) болса, зақымданған жерді таза дәкемен қаттырақ байлаңыз (бастырып байлау) немесе лейкопластырьдың көмегімен мақта-дәкеден бірнеше қабат етіп жасалған тампон қойыңыз. Алайда жарақатты өте қатты байлап тастауға да болмайды (қан жүрмей, мүше көгеріп қалуы да мүмкін). Бастырып байлау кішірек артериялардың қанауын тоқтатады.

Артериялық қанау кезінде артерияны қолмен басып тұрады, қан тоқтатушы жгут көмегімен немесе қолды не аяқты бүгу арқылы тоқтатады. Артерияны қолмен немесе жұдырықпен басқан кезде қан бірден шамамен 10-15 минутқа тоқтап қалады, содан соң қол шаршап, қысым әлсірей бастайды. Сондықтан артериядағы қан тоқтай салысымен қан тоқтатушы жгутты пайдаланыңыз. Жгутты жалаңаш денеге байлауға болмайды. Адам терісі қатпарланбай, тегіс болуы керек, жгут байланатын жерді орамалмен немесе дәкемен ораңыз. Жгутты аяқ немесе қолдың астынан алып, үстіне қарай байлаңыз, алғашқы екі байламды қатты етіп, үшіншісін тартпай сәл ғана байлаңыз. Егер қан тоқтамаса, жгутты алып, қайтадан одан да жоғарырақ жерден байлаңыз. Байлауыңыздың қаттылығы қанды тоқтатуға болатындай, бірақ мүлдем қан жүргізбей тастамайтындай болуы керек. Жгутты байлап болған соң жгут салынған уақыт, құтқарушының аты-жөні, лауазымы жазылған қағаз қыстырып қоюды ұмытпаңыз. Жгут әдетте 1,5 — 2 сағатқа ғана, ал суық күндері 0,5 — 1 сағатқа қойылады. Ал әрбір 30 — 60 минут сайын жгутты босатып отыру керек, яғни бірнеше минутқа босатып, сол кезде жгуттың жоғарғы жағынан саусақпен басып отыру керек, жгут тұрған жердегі ізге ақырын ғана массаж жасау керек. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды.

Фабрикалық жгут болмаған жағдайда оны қолда бар нәрсемен (резина түтік, галстук, белдік, белбеу, орамал, бинт және т.б.) алмастыруға болады, тек сым темірді қолданбаңыз.

«Ауыздан ауызға» тәсілімен өкпеге жасанды түрде ауа жіберу:

1) Оң қолыңызбен аурудың иегінен, саусақтарыңыз оның жағын ашатындай астыңғы ернін төмен тартып ұстаңыз;

2) Сол қолыңызбен мұрнын қысып, аурудың басын артқа қарай шалқайта ұстаңыз және осы қалыпта дем жібергенше ұстаңыз;

3) Еріндеріңізді аурудың ерніне қатты басып, оның ішіне қарай қатты дем шығарып, үрлеңіз. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет.

Екінші рет үрлегеніңіз нәтижесіз болса, бірден жүректің тұсына массаж жасауға кірісу керек.

Жүрек тұсына массаж жасау. Жасанды демалдырудың алдында басты артқа шалқайту арқылы жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету керек.

Иықтың астына орама қою (киімдерден оралған);

Саусақты матамен орап алып, аурудың аузын ұйыған қан, сілекей және басқа да заттардан (сынған тіс, тіс протездері) тазартыңыз. Алақаныңызды бас бармағыңыз аурудың иегіне немесе ішіне қарап тұратындай етіп орналастырыңыз;

Салмағыңыз кеудеге түсетіндей етіп орналасыңыз да қолыңызды тік ұстап, жүрек тұсына массаж жасауды бастаңыз; аурудың кеудесін 3-4 см-ге дейін салмағыңызбен басып, көтеріңіз, минутына 80–100 рет жиілікте жасай беріңіз;

Әрбір келесі басуды тек кеуде қуысы орнына келген соң ғана жүзеге асыру қажет.

Жан сақтауға қатысушы адамдар қанша болса да, кеуде қуысын басу мен үрлеудің ең тиімді қатынасы 30х2 болуы тиіс.



2. Кез-келген төтенше жағдайлар кезінде қолда медициналық аптечка болғаны абзал. Ондай төтенше жағдайлардың бес категориясын бөліп ажыратуға болады:

  1. Жарақаттану. Бұған сынулар, шығып кетулер, созылулар, күйік шалу, жырып алу және т.б. жатады.

  2. Климат, апат аймағының географиялық жағдайларымен байланысты туындайтын аурулар. Бұл жылу және күн тию, теңіз ауруы, үсік шалу, суынып кету т.б. жатады.

  3. Өсімдік және жануар тектес улармен улану, жылан, сарышаяндар шағу, улы саңырауқұлақтармен улану, паразиттік-жұқпалы аурулардың туындауы және т.б.

  4. «Өткір» ауруларының кенеттен пайда болуы немесе созылмалы аурулардың күрт асқынып кетуі;

  5. Әртүрлі жүйке-психикалық бұзылулар. Олар адамдар тап болған әртүрлі экстремальды жағдайлардапайда болады.

Осындай жағдайларды ескере отырып, аптечкаларға (қобдишаларға) дәрілік препараттардың екі тобы салынады:

І- топ – жазатайым жағдай, жарақаттар алу кездерінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған препараттар.

ІІ – топ – өткір және созылмалы аурулардың асқынуы кездеріндеқолданылатын препараттар.

Сонымен препараттардың бірінші тобы әмбебап (универсальды) қобдишаны құраса, екінші тобы жеке қобдишаны құрайды.

Әмбебап қобдишаны келесі мақсаттарға қолданады:


  1. Ұсақ жараларды, күйіктерді өңдеу үшін, Жарақат орнын өңдеу жасау үшін антисептикалық препараттар (йод, зеленка, спирт, лейкопластырь, марганцовка) қолданылады.

  2. Іріңді жараларды тазалау мен өңдеу үшін оттегі беретін препараттар (сутегі асқын тотығы, марганцовка, фурацилин,

  3. Ауырсынуды басатын препараттар: анальгин, парацетомол, цитрамон, баралгаин, т.б. Бұл препараттар үш бағытта қолданылады: ауырсынуды басу, қызуды түсіру, қабынуға қарсы.

  4. Уланулар кезінде белсендірілген көмір, асқазанды шаюға арналған марганцовканың ашық-қызыл ерітіндісі.

  5. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын препарат – мүсәтір (нашатыр) спирті.

Жеке аптечка ішінде болады:

  1. Жүрек препараттары: валидол, Морозов тамшылары, валериана,валокордин және т.б.

  2. Қысымды төмендететін препараттар: дибазол, адельфан, папаверин және т.б.

  3. Ішкі мүшелердің бұлшықеттері түйілген кезде қолданылатын нош-па, эуфилин, халлагол және т.б,

  4. Гастрит және жаралық аурулар кезінде қолданылатын препараттар: алмагель, белалгин, викалин, беластезинжәне т.б.

  5. Жеңіл тұмау немесе мұрын бітелу (насморк) кездерінде қолданылатын назол, нафтизин, галозолин, санарин және т.б.

  6. Жөтел кездерінде қолданылатын бронхолитин, бромгексин, пектусин және т.б.

10дәрістің тақырыбы: Медициналық білім негіздері

Терминдер мен анықтамалар:



Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер).

  1. Зақымданған адамдарды тасымалдау құралдары

2. Тасымалдау әдістері

. Зақымданушыға алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, оларды медициналық бекетке немесе бірден емдеу мекемесіне жібереді. Жарақаттанғандарды әр түрлі әдіспен алып жүруге болады. Ол жарақат сипатына, зақымданушының жағдайына, тасымалдау құралының түріне және жарақаттанғандардың санына байланысты. Емдеу мекмесіне жарақаттанғандарды өте қысқа мерзімде, артық ауырсыну түсірмей тез жеткізу керек.Өз бетімен қозғала алатын, бірақ көмекті қажет ететін жарақаттанғандарды жайлы тасымалдағыштарда алып шығады. Жарақаттың сипатына байланысты жарақаттанғандарды тасымалдағыштарға әр түрлі әдіспен жатқызады. Арқасында жарақаты барды бір жақ бүйіріне, ал ішінен жарақат алғанды шалқасынан жатқызып, тізесін бүгіп, оның астына киім немесе көрпеден төсеніш жасайды.
Кеуде құрсағынан жарақат алғанда шалқасынан жатқызып, кеудесі мен басы көтеріліп тұру үшін бас жағына жастық немесе киімін орап қояды.
Омыртқасынан жарақат алғанды қатты тақтайға жатқызады, содан кейін тасымалдағышқа салады.Егер қатты зат болмаса зақымданушыны тасымалдағышқа ішімен жатқызады. Бетінен жарақат алғандарды ішіне жатқызып басын бұрады.Мойын омырқасы сынғанда қлдағы бар сымнан дайындалған шиналар, мақта-матадан дайындалған жаға, Еланский шинасы қолданылады. Біз клиникада құрастырған ауамен толатын камерасы бар құрылғыны пайдаланамыз.Жамбас сынуы бар науқастарды тізелерінің астына жастықша орналастыру арқылы қатты төсеніші бар зембілде тасымалдайды. Тасымалдау барысында зардап шегушінің жамбасын зембілге қосымша бекітуге болады.Жиі қолдан жасалған тасымалдағыштарды қолдануға болады. Тасымалдағышты екі таяқтан жасауға болады, оған пальто, шинель, қап, ақжайма, көрпе, палатка кигізіп оны ұшына байлайды. Алты тасымалдаушылар иығына салып көтереді. Зақымданушыларды жинағыш төсекте, кең тақтайда, есіктер мен баспалдақтарда тасымалдауға болады. Науқасты екі таяқшасына жіп арқылы байлап, орындықта да тасымалдауға болады.
Аяқ-қол сүйектері сынуда қолданылатын шиналарға Дитерихс, Крамер шиналары жатады. Сонымен қатар ауамен толтырылатын – пневмошиналар, вакуумды тасымалдағыштар кең қолданылады.
Қолдың сынулары кезінде тасымалдау иммобилизациялаушы шиналар мен жұмсақылы жүзеге асырылады.
Зақымданғандарды тасымалдағышпен келесідей ережемен тасымалдайды. Санитарлар аяқ жағынан бастап жүруі тиіс, себебі тасымалдағыш қозғалып, науқас қосымша зақым алмас үшін. Сағатына 2-2,5 км жылдамдықта жәй жүру қажет. Зақымданушыны емдеу мекемесіне алғашқы көмек көрсеткеннен кейін тасымалдағышпен жеткізеді.
Егер тасымалдағышты төрт адамнан тұратын звено тасымалдайтын болса, екеуі тасымалдағыштың тұтқасынан, ал екеуі бүйір блоктарынан ұстайды, сосын санитарлар орнын ауыстырады. Көтерілгенде немесе төмен түскенде тасымалдағыш горизонтальді жағдайда болуы керек. Тар және қиын өтетін жерлерден зақымданғандарды, бүйірінен немесе шалқасынан тартып шығаруға болады. Жараланғандарды қолмен «құлып» жасау көмегімен де тасымалдауға болады. Зақымданушыны қолымен бір ғана адам көтеріп жүреді. Зақымданушыны емдеу мекемесіне арнайы тағайындалған көліктерде, арбаларда тасымалдайды. Арнайы көлікте тасымалдағышты жоғары жағына, сосын төменгі жағына бекітеді. Егер қарапайым жүк көлігінде тасымалданса, оның ішіне қалыңдығы 10 см құм немесе топырақ төсейді, оның үстіе сабан, шөп салады. Жұқпалы ауруы бар науқастарды санитарлық немесе арнайы көліктерде тасымалдайды.Жарақаттанғандар мен жұқпалы ауруы бар науқастарды бір көлікте тасымалдауға болмайды. Жұқпалы науқастарды тасымалданғанда аурудан бөлінетін заттарды жинауға арналған ыдыстар, залалсыздандырғыш заттар, сонымен қатар жедел көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер болуы тиіс.
2. Талықсу кезінде сырқатты оның басын енесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет ( жағаны түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамтамасыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа мүсәтір спиртін искетеді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін пайдаланылады.Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофейн кордиамин енгізеді.
Коллапс өмір сүру үшін қауіпті жаағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті бозарады, аяқ қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған ( сүзек, өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) кезде пайда болады. Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы сынап бағанасымен 50-80 -мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету.Толықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректі сыртынан ысқылайды ( жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын ырғақпен қысады) және «ауызға ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдырады.

11 дәрістің тақырыбы: Жаралар

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



  1. Жаралар, олардың жіктелуі

  2. Жара инфекциясының түрлері, алғашқы көмек шаралары

3. Асептика, антисептика

Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады.

Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді.

Қатты жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес, сондай-ақ бұлшықет, жүйке, сіңір, байламі ірі қан тамырлары зақымдалады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне – кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі мүмкін; осындай бойлай салынған жарақат ішкі орындарды зақымдайды.




жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   106




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау