b. Қатты дискінің қақпағын (2) алыңыз.
5.
Жад модулі бөлімінің қақпағын алыңыз.
a. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы 2 бұранданы (1) бұрап
босатыңыз.
48
Бап
5 Күтім
b. Жад модулі бөлімінің қақпағын (2) алыңыз.
6.
Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып
тастаңыз:
a. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын
қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
49
b. Жад модулінің жиектерінен ұстап (2), одан кейін оны
ұясынан сыртқа жайлап тартыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін,
оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге
тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны
электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз.
7.
Жаңа жад модулін енгізу үшін:
ЕСКЕРТУ:
Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны
жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз
жəне жад модулін қисайтпаңыз.
a. Жад модулінің түйіскен жиектерін (1) жад модулі ұясының
құлақшасына туралаңыз.
b. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад
модулімен модульді (2) жад модулінің ұясына орныққанша
басыңыз.
50
Бап
5 Күтім
c. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере
отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын
қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
8.
Жад модулі бөлімінің қақпағын орнына салыңыз.
a. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы ілгектерді (1)
компьютердегі кетіктерге туралаңыз.
b. Қақпақты (2) жабыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
51
c. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы 2 бұранданы (3) бұрап
қатайтыңыз.
9.
Қатты диск қақпағын орнына салыңыз.
a. Қатты диск қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі
кетіктерге туралаңыз.
b. Қақпақты (2) жабыңыз.
52
Бап
5 Күтім
c. Қатты диск қақпағындағы 2 бұранданы (3) бұрап
қатайтыңыз.
10.
Батареяны орнына салыңыз.
11.
Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды
жалғаңыз.
12.
Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
53
Күнделікті күтім
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ:
Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге
суды, тазалауға арналған сұйықтықтарды немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы,
талшықтарды қалдырмайтын матамен жүйелі түрде тазалаңыз.
Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала суланған
антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған
антистатикалық тазалағышты пайдаланыңыз.
TouchPad панелін жəне пернетақтаны тазалау
TouchPad панеліндегі кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына
əкеліп соғуы мүмкін. Көрсеткінің экранда тəртіпсіз жылжуына жол
бермеу үшін TouchPad панелін сулы матамен тазалаңыз жəне
компьютерді пайдаланған кезде қолдарыңызды жүйелі түрде
жуыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Электр тогының соғуы немесе ішкі бөліктерге
зиян келтіру қаупін азайту үшін пернетақтаны тазалауға шаңсорғыш
бөліктерін пайдаланбаңыз. Шаңсорғышпен тазалағаннан кейін
пернетақта бетінде шаң қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне
шаң мен пернелердің астында қалатын басқа да заттарды əрқашан
тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен астында орналасқан
шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
54
Бап
5 Күтім
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде
жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support
торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені
туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
55
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада
жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. НР компаниясы
бағдарламаны орнатқаннан кейін дереу қалпына келтіру дискісін
жасауды ұсынады. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары
қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету
үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасауды жалғастыру
қажет.
Амалдық жүйенің құралдары жəне HP Recovery Manager
бағдарламалық құралы мəліметтеріңізді қорғау жəне компьютер
ақаулығы орын алған жағдайда оларды қалпына келтіру
тапсырмаларын орындауға көмектесуге арналған:
●
Қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау (Recovery Manager
бағдарламасының мүмкіндігі)
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
●
Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
●
Бүкіл жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен немесе
қалпына келтіру дискілерінен)
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру
бөлімі компьютерде болмаса, жеткізіледі. Бұл дискілерді
амалдық жүйені жəне бағдарламалық құралдарды қалпына
келтіру үшін пайдаланыңыз. Қалпына келтіру бөлімінің бар
екенін тексеру үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып,
Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып,
Управление (Басқару) пəрменін таңдаңыз, одан кейін
Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын нұқыңыз.
Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, HP қалпына келтіру
дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
56
Бап
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Достарыңызбен бөлісу: |