5 Күтім
Батареяны шығарып алу немесе салу
ЕСКЕРІМ:
Батарея зауытта батарея ұясына орнатылады.
ЕСКЕРІМ:
Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты
Справочное руководство НР ноутбука (HP ноутбугы үшін
анықтамалық нұсқаулықтан) қараңыз.
Батареяны шығарып алу
ЕСКЕРТУ:
Жалғыз қуат көзі болатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуын
болдырмау үшін, жұмысыңызды сақтап, күту күйін қосыңыз немесе
батареяны шығарып алмас бұрын, компьютерді Windows арқылы
өшіріңіз.
1.
Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1)
сырғытыңыз.
2.
Батареяны (2) жоғары қарай бұрып, оны компьютерден (3)
шығарып алыңыз.
38
Бап
5 Күтім
Батареяны салу
▲
Батареядағы ілгектерді батарея ұясының сыртқы бетіндегі
кетіктерге (1) туралаңыз да, батареяны бұру арқылы оны
батарея ұясын салып орналастырыңыз (2).
Батареяны босату ысырмасы (3) батареяны оның орнына
автоматты түрде орналастырады.
Батареяны шығарып алу немесе салу
39
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ:
Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені
болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді
өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде
болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына
сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз.
Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
ЕСКЕРІМ:
Таңдаулы компьютер модельдері екі дискіні қолдай
алады. Компьютерде орнатылған дискілерді көру үшін Пуск (Бастау)
> Компьютер (Компьютер) пəрмендерін таңдаңыз.
Қатты дискіні шығарып алу
1.
Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
3.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз да,
батареяны шығарып алыңыз.
4.
Қатты диск қақпағындағы екі бұранданы (1) бұрап босатыңыз.
40
Бап
5 Күтім
5.
Қатты дискінің қақпағын (2) алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
41
6.
Қатты диск кабелін (1) компьютерден ажыратып, қатты дискіні
(2) оның ұясынан жоғары қарай көтеріңіз.
42
Бап
5 Күтім
7.
Қатты диск кабелін қатты дискіден ажыратыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
43
Қатты дискіні орнату
1.
Қатты диск кабелін қатты дискіге жалғаңыз.
44
Бап
5 Күтім
2.
Қатты дискіні (1) қатты диск ұясына салып, одан кейін қатты диск
кабелін (2) қатты дискіге жалғаңыз.
3.
Қатты диск қақпағындағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге
туралаңыз.
4.
Қақпақты жабыңыз (2).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
45
5.
Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды (3) бұрап қатайтыңыз.
6.
Батареяны орнына салыңыз.
7.
Сыртқы қуат көзіне қосыңыз жəне сыртқы құрылғыларды
жалғаңыз.
8.
Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде екі жад модулі ұясы бар. Жад модулі ұялары
компьютер түбінде қатты диск қақпағының астында орналасқан.
Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулін қосу немесе жад
модулі ұяларының біреуінде бар жад модулін ауыстыру арқылы
жаңартуға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін
азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын,
барлық батареяларды шығарып алыңыз.
46
Бап
5 Күтім
ЕСКЕРТУ:
Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық
бөліктерді зақымдауы мүмкін. Қандай да бір іс ретін бастамастан
бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы бойыңызда
тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ:
Екінші жад модулін қосқанда, қос арна теңшелімін
пайдалану үшін, екі жад модулінің бірдей сыйымдылықта болуын
тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ:
Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені
болдырмау үшін
Жад модулін компьютерден шығармас бұрын компьютерді өшіріңіз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда,
жад модулін шығарып алмаңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына
сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді өшіріңіз.
Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
1.
Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
3.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз да,
батареяны шығарып алыңыз.
4.
Қатты дискінің қақпағын алыңыз.
a. Қатты диск қақпағындағы екі бұранданы (1) бұрап
босатыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
47
Достарыңызбен бөлісу: |