катаральды, іріңді-некрозды болуы мүмкін. Лимфаденитке обалық бубонның барлық қасиеттері
тән. Интоксикация көріністері айқын, дене қызуы жоғары деңгейде болады.
Абдоминальды түрі кезінде
интоксикация айқын, температура жоғары
,
құсу, оң жақ мықын
аймағының қатты ауру сезімі, шырыш пен қан қосылған диарея және мезентериалды лимфа
түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Бұл түрі 0,5-1,0% науқастарда
кездесіп ауыр ағымымен сипатталады. Инфекциялық-токсикалық шок (3-4 дәрежесі), бүйректің
жедел жетіспеушілігі, өкпенің, мидың ісінуі, ТШҰ-синдромы (3-4 дәрежесі) дамуынан науқас
өлімге ұшырауы мүмкін. Ауру жиі балаларда (3-13 жас) және әйелдерде (22-48 жас) кездеседі.
Оба пневмониясы
жедел басталып, жоғары қызбамен, қалтыраумен, бастың ауруымен,
миалгиялармен сипаттталады. Кеуде аймағында ауру сезімі қалыптасып, тахикардия дамып, жөтел
пайда болады. Қақырық серозды, іріңді, геморрагиялық болуы мүмкін. Процесс алдынан бір
жақтық, ошақты болуы мүмкін, сосын жедел дамып қақырыққа қан қосылады.
Рентгенологиялық зерттеу арқылы лобарлы қабыну, плевралды экссудат, альвеолярлы
инфильтраттар анықталады
.
ИТШ мен ТШҰ-синдромдарының көріністері пневмония
көріністерден басым болады.
Аурудың ағымында ауырлық дәрежесі бойынша 3 түрін ажырату керек: гипертоксикалық,
нормотоксикалық және гипотоксикалық. Аурудың өкпелік гипертоксикалық түрі 40-50 жастағы ер
адамдарда жиі кездескен
.
Ауру жедел басталып, жағдай күрт нашарлап, инфекциялық-токсикалық
шок (ИТШ), тамыр ішіне шашыраңды қан ұю (ТШҰ)-синдромы, ағзалардың жетіспеушілігі 48-72
сағаттың ішінде өліммен аяқталған. Өлім-жітімділігі 100%-ға жетеді.
Аурудың нормотоксикалық түрінде науқастың жағдай біртіндеп нашарлайды, ошақты
пневмония көріністері басым болады: жөтел, қан қосылған қақырық, ентігу. ИТШ аурудың 4-5
күндері дамиды, пневмонияның ағымымен байланысты болады.
Аурудың гипотоксикалық түрінде ИТШ 3-4 дәрежесі дамымайды, қақырықта қан
анықталмайды, ауру сезімі айқын емес, өкпеде сырылдар анықталады.
Сезімтал антибиотиктерді аурудың алғашқы сағаттарында қолданған жағдайда өлімнің
алдын алуға болады.
Оба менингиті
кезінде ликвор тұнбалы, нейтрофилді-лимфоцитарлы цитозбен, белоктың
жоғары көрсеткішімен сипатталады. Менигоэнцефалиттік түрі кезінде ми заты зақымдалып
ошақтық жүйке симптомдар дамиды - 12 жұп ми жүйкелерінің ядролары зақымданған көріністері
байқалады.
Септикалық
түрі бірнеше екіншілік ошақтармен: өкпе, ми, ішек зақымдалуымен және
гепатолиеналды синдромымен сипатталады.
Аурудың біріншілік-жайылмалы түрінде қоздырғыштың гематогенді диссеминациясы және
біріншілік ошақтардың болмауы тән. ИТШ көріністерімен сипатталып, жергілікті көріністер
анықталмайды. Сепсис, ТШҰ, естің бұзылуы, менингит, ағзалардың жетіспеушілігі дамып, 3-5 күн
аралығында өлімге әкеледі. Ауру өлімнен аман қалса, аурудың екіншілік-ошақтық түрлері
қалыптасады (летальді ақыры 5 күннен кейін дамиды).
Достарыңызбен бөлісу: