ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз
Інжу
|
Шыңғысхан өулетінен шыққан билеушілерге бөлініп берілген жер үлесі.
|
Вакфтық жерлер
|
Дін ірі жер иеленушілер, басыларға, діни мекемелерге, көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлер. Вакфтық жерлерден салық алынбаған.
|
Сойырғал, иқта
|
әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер. Иқта - билеушілердің өздерінің туысқандары мен жақындарына сыйлаған жер үлестері, феодалдық жер сыйлықтары. Мұндай жерлер ірі, орташа және ұсақ болып бөлінген.
|
Шаруалардың мүліктік жерлері
|
отырықшылық аудандардағы жерлер
|
17-билет
Сақ тайпалары туралы жазба деректер (грек, рим, парсы)
Б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет деп атаған. “Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.”
Геродоттың мәліметінше, сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрған. Қатты суық болғанда ағаш үйлер қалың ақ киізбен жабылды. Бұдан басқа шикі кірпіштен салынған үйлері болған. Мал өсіруші көшпелі сақтардың төрт және алты доңғалақты арбаға орнатылған киіз үйлері болды.
Парсы жазбаларында – құдіретті еркектер, иран жазбаларында – жүйрік атты турлар, грек жазбаларында – азиялық скифтер деп аталады.
Грек деректерінде сақтарды “дайлар” деп атау кездеседі. Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, исседондар, аргиппейлер деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстігін, солтүстік және орталық аймақтарын қоныстанған.
Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:
“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.”
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң, парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.
Б.з.б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған.
Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520 ж.ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жау шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог.
Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.
Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А.Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.
Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |