Ііі нұсқа 1-билет


ж. Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс



жүктеу 1,54 Mb.
бет25/67
Дата14.04.2023
өлшемі1,54 Mb.
#42164
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сынып

1870ж. Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс
Маңғыстау көтерілісі - 1870 жылы Маңғыстау өңірінде патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталды.
Көтеріліс патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша ережеге” (“Далалық облыстарды басқару жөніндегі Ереже”) сай туындады. Ресей империясы адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 67 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті. Ел арасында толқу басталды. Халық бұқарасын Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмағамбетұлы, Ержан Құлұлы және Ерменбет Құлұлылар басқарды. Оған қоса Маңғыстау приставы полк. Рукин би-шонжарлардың көмегімен салықты екі жылға (1869 — 70) бір-ақ жинамақшы болды. Рукин 1870 жылы 15 наурызда Б.Маяевтың жол көрсетуімен төрт зеңбірегі бар 35 казак, тілмаш Бекметов, 60-тай билер мен старшындар құрамымен адай руларынан салық жинауға аттанды. Рукиннің қарулы жасақпен келуі көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтерілісшілер Рукин отрядымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілерге “Ұсақ” құдығы маңында Бозащы тобы қосылды. Рукин отряды біржола талқандалып, Б.Маяев өлтірілді, Рукин көтерілісшілердің қолына түспес үшін өзін-өзі атып өлтірді.
Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғыстауға реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу территорияларының барлығын орыс әскерлері бөліп алды, олар бүл үшін «зерттеу жүргіземіз» деген сылтау айтты.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.
Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады.
Көтеріліс бүкіл түбекті қамтып, көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. 1870 жылы 5 сәуірде көтерілісшілер Форт-Александровск мен Николаевск станицасына шабуыл жасады. Шабуылшылар теңіз бағдарларын өртеді, саудагерлердің үйлерін, дүние-мүлкін, гарнизон қорлары сақталған Нижнее бекінісін талқандады. Алайда зеңбіректерден жауған оқ көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ уәкіл-әкіміне жүктелді. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, желілік батальонның екі ротасы, Дағыстан полкінің 4 ротасы, 4 зеңбірекпен қаруланған Терек казактарының екі жүздігі жеткізілді. Көтерілісшілер “Ұсақ” құдығында, Үшауыз шығанағында, Александровск фортында жазалаушыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, күшті қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтерілісшілер үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан жазалаушы отрядпен (Н.А. Крыжановский мен гененерал-майор Биязнов бастаған) қақтығыста көп шығынға ұшырап, қайта шегінуге мәжбүр болды. Патша әскерлері Маңғыстауда үш ай болып, көтерілісшілерді қатал жазалап, қудалай бастады. Көтеріліс басшылары И.Тіленбаев, Тәжіұлы, Құлов патша жендеттерінің қудалауынан қауіптеніп, 1870 жылы желтоқсанда өз жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетті. Сөйтіп, жазалаушылар халықты “Уақытша Ережеге” күшпен көндірді.

жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау