231
15.
Автосалондағы автомобильдер туралы мәліметтер: автомобильдің моделі,
шыққан жылы, түсі және бағасы. Қызыл түсті Toyoto Camri автомобилінің
бағасы мен шыққан жылын анықтау.
16.
Туристік фирма туралы төмендегідей мәліметтер берілген: фирманың аты,
құрылған жылы, мекен-жайы, телефоны, спецификасы, яғни қай елдерге
баруға болатындығы және жолдама (путевка) құны. Европа елдеріне баруды
ұйымдастыратын барлық туристік фирмалардың мәліметтерін экранға шығару.
17.
«Қазақтелеком» телефон станциясының абоненттері туралы мәліметтер
белгілі: абоненттің аты-жөні, мекен-жайы, телефонды қондырған жылы,
телефон номері. Соңғы 5 жыл ішінде телефон қондырған абоненттердің санын
анықтап, экранға аты-жөнін және мекен-жайын шығару.
18.
Әуежай кассасында төмендегідей мәліметтер белгілі: рейстің номері, баратын
жері, ұшу уақыты, ұшатын күндері (күн сайын, жұп күндері, тақ күндері).
Клавиатурадан енгізілген күні Лондон қаласына ұшатын рейстің номері мен
ұшу уақытын анықтайтын программа құру.
19.
Фирма қызметкерлері туралы мәліметтер белгілі: аты-жөні, туған жылы,
қызметі, оклады, стажы. Зейнетақы қорына (10%), кәсіподақтық төлемге (15%)
және стажына байланысты төленетін қосымша ақыны ескеріп, әрбір
қызметкердің жалақысын есептеу.
2
,
2000
10
2
,
5000
10
,
7000
стаж
егер
стаж
егер
стаж
егер
Doplata
20.
Төмендегі мәліметтерден тұратын Сабақ кестесі айнымалысын сипаттау:
апта күні;
сол күндегі парлар саны;
пардың басталу және аяқталу уақыты;
пән аты;
оқытушының аты-жөні.
“Информатика” пәніне қатысты сабақтар туралы толық информацияны экранға
шығару.Бақылау сұрақтары
1.
С/С++ тілінің қандай қосымша типтерін білесіңдер?
2.
Структура дегеніміз не?
3.
Тегі көрсетілмеген структура қалай аталады?
4.
Структураны қандай түрде сипаттауға болады?
5.
Біріктірудің структурадан айырмашылығы неде?
6.
Жадыны үнемдеу кезінде нені қолданған тиімді? (структураны, әлде
біріктіруді)
232
7.
Біріктіруді сипаттау үшін қандай қызметші сөз қолданылады?
8.
Typedef қызметші сөзі не үшін қолданылады?
Блиц- тест:
1. Атаусыз структура деп …
A) Анықтау барысында тегі көрсетілмеген структураны айтады.
B) Бірдей типті айнымалылардан тұратын структураны атайды.
C) Элементтерінің бірі көрсеткіш болатын структураны атайды.
D) Элементтерінің бірі структура болатын структураны атайды.
E) Дұрыс жауап жоқ.
2. Іштестірілген структура дегеніміз не?
A) Элементтерінің бірі структура болатын структура
B) Элементтерінің бірі көрсеткіш болатын структура
C) Элементтерінің бірі символдық массив болатын структура
D) Тегі көрсетілмеген структура
E) Дұрыс жауап жоқ
Глоссарий:
Структура- (әдістемелік нұсқауды қара)
Структура тегі- (әдістемелік нұсқауды қара)
Структураға көрсеткіш- (әдістемелік нұсқауды қара)
Атаусыз структура- (әдістемелік нұсқауды қара)
Әдебиеттер:
[1-6],[12],[15].
233
Лабораториялық жұмыс №12
Тақырыбы: С/С++ ТІЛІНДЕГІ ФАЙЛДЫҚ ЕНГІЗУ-ШЫҒАРУ
МҮМКІНДІКТЕРІ
Мақсаты: С/С++ тіліндегі файлдан оқу және файлға жазу мүмкіндіктерін
үйрету.
Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДК, С/С++ тілінің IDE ортасы,
лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Лабораториялық жұмыстың мазмұны және орындалу реті:
1. С/С ++ тілінде мәліметтерді файлдан оқу немесе файлға жазу
мүмкіндіктеріне қатысты әдістемелік нұсқау – матриалдарды алдын ала
танысып меңгеру.
2. Ұсынылған мысалды орындау және талқылау.
3. Өзіндік жеке тапсырмалардың оқытушы ұсынған нұсқасын орындау.
4. Лабораториялық жұмыстың есебін (отчет) дайындап тапсыру.
Әдістемелік нұсқау:
С тілінде:
Файлдан оқу және файлға енгізу үшін ең алдымен файл fopen функциясының
көмегімен ашылуы тиіс. Бұл функция операциялық жүйе арқылы орындалатын
әрекеттерді ұйымдастыру жұмысын орындайды және файлмен мәлімет алмасуға
арналған көрсеткішті қайтарады.
Ал, файлға көрсеткіш файл туралы информациялардан тұратын құрылымға
(жазбаға) сілтейді. Мұндағы информация мынадай сұрақтарының жауабынан
тұрады:
буфер адресі,
буфердегі ағымды литердің күйі,
файлдан оқуға немесе жазуға ашық па?,
файлдың соңғы таңбасы кездесті ме?
Мұндай құрылым сипаттамасы кітапханасындағы FILE типінде
беріледі. Қолдану үшін мынадай декларация берілсе жеткілікті:
FILE * fp;
FILE * fopen (char * name, char * m);
Мұндағы: fp – FILE типіндегі көрсеткіш, ал fopen FILE – ге көрсеткішті
қайтарады. Fopen функциясы мына түрде қолданылады:
fp = fopen (name, m);
Мұндғы: name – файлдың атын меншіктейтін жол;
ал, m – файлды қолдану режимі; яғни бұл да жол, қолданушы файлды қалай
қолданатынын білдіреді, төмендегідей мәндердің бірін иелене алады:
" r " – (read) оқу режимі;
" w "- ( write) жазу;
Достарыңызбен бөлісу: |